Обьектінің қалпын өзгертетін етістіктер: төңкеру, аудару, құлату, бүктеу, жазу. Мысалы:Шелектегі қатып қалған судың мұзын балтамен ойып тастап, бетжуғышқа төңкерді [19,38]. Мұны теуіп кеп жіберіп, шалқасынан құлатты, сөйтті де бұған қарап қос алақанын жайып жіберіп, жыланша ысқырып жақындай бастада. Төсекке өзім апарып, атып тұрып, аяқ-қолдарыңды байлап тастаймын. Ақ сүлгіні төрт бүктеп,... Қонақ бөлменің есігін сарт еткізіп қатты жауып, қайта келіп диванға жатып қалды. Стол үстінде төрт бүктелген қағаз жатыр. Ашып еді, әріптері сойдақ-сойдақ Жанәлидің қолын таныды. Маңдайына қиғаш түсетін ұзындау шашын сілтеп қалып, сол бір қимылмен дұшпан шабуылын кері қайырып тастап, сөз кезегін тосып алғандай болды.…Қара қасқа қойдың жайрап қалғанын көрді.…Қапқа салып қыз алып қашу деген тақырыпты ары-бері аударыстырып. Шалқасынан жатуға жалыққандай, сол жанбасына аунап түсіп жатыр. Лима Сәрсенбайды іздеп артына бұрылған.
8. Даралау және бөлшектеу етсітіктері: боршалау, жіліктеу, бөлу, ажырату. Мысалы: Қызылжиде ауылына келгелі Лиманың өмірі бір-бірнен алшақ екі арнаға бөлінгендей. Таңғы дастарқан басына он бес минут уақыт бөлінген. Бір Лиманың өзі екіге бөлініп, енді екі Лима бір-бірімен айтысып кеткен тәрізді. Ол үшін бар дүние жақсы, жаман болып екіне бөлінеді. Сәрсенбайдың жора-жолдастары оның қуанышымен бөліскендей бірінен соң бірі таласа-тармаса Жанәлиді қонаққа шақырысты. –Ал енді, келін қарағым, мына тажалдың ақ-қарасын айырып бер бізге. Әтіркүл деген келіншек кітапханашы екі күннің бірінде Олжабаймен ажырасып, енді көрмегенім Олжабай болсын деп жылап жүргені.
Ғалым М.Оразов өзінің диссертациясында «кес(у)» мағынасындағы етістікті амал-әрекет етістіктерінің ішіндегі кіші топшаның «кесу, тілу, шабу» мағынасындағы етістікті топшаның ішіне енгізген: Кес – (реж,резать), қый- (разрезай), піш-, кесіп-пішіп (выкраивай), күзе- (подрезай гриву, хвост лошади или подровняй усы,борду), тіл- (разрезай на узкие полоски, ломтики), тілімді- (в том же значении, но многократно, в большом количестве), қидала- (нарезай на мелкие сучья), келтерт- (укорачивай). Ал, орыс тіліндегі сөздік «Словарь лексика-семантических групп, С., 1998». Кес(у) (разрезать) мағынасындағы етістіктің мындай ЛСТ-ын ұсынған: Поле действияе-подполе физическое воздействие а обьект ЛСГ глаголв разделение – базовый глагол разделить
Осы сөздікте бөлу мағынасындағы етістіктер мен кесу мағынасындағы етістіктер бір ЛСТ-қа жатады, ал М.Оразов өз диссертациясында бұл етістіктерді іс-қимыл етістіктернің құрамына енгізіп, оларды өз ішінде бірнеше бөліктерге, топтарға және түрлерге бөлу мағынасындағы және кес(у) мағынасындағы амал-әрекет етістіктері [20,39] деп жіктеген. Д.А.Қарағойшиева осы мәліметтерге сүйене отырып кес(у) мағынасындағы еістіктің лексика-семантикалық тобын толықтыра келе,тағы мынадай етістіктерді жатқызады:
Өріс іс-қимыл – кіші өріс кес(у)
Сонымен қатар ғалым кес(у) мағынасындағы етістікке және оның ЛСТ-на жасаған алғашқы ойларын мынадай кесте арқылы береді.
Етістіктер
|
Обьектілі актанат (нені?)
|
Құрал, инструмент (немен?)
|
Бірнеше бөлшекке бөлу
|
Амал-әрекет орны (қайда?)
|
Қалай?
|
Кес(у)
|
Қағаз, мақта, картон, аяқ, мүйіз, ағаш, отын, сырғауыл, метал, шыны, нан
|
Қайшы, ара, алмас, пышақ
|
+
|
Үйде, шеберханада, ауруханада
|
өткір, ұсақтап, майдалап
|
Тура(у)
|
Ет, нан, капуста
|
пышақ
|
+
|
Үйде, асханада, кафеде
|
өткір, ұсақ, майда
|
Қырқ(у)
|
Ағаш, қой шаш
|
Ара, қайшы, қырықтық
|
+
|
Далада, қорада,шаштаразда
|
Түзу, қисық
|
Қи(ю)
|
Сырмақ, ауыс, неке
|
қайшы
|
+
|
+
|
Түзу
|
Күзе(у)
|
Сақал-мұрт, жылқының жалқ-ұйрығы, бұтаңы
|
Ұстара, қайшы
|
+
|
+
|
Тегіс
|
Шаб(у)
|
Шөп, ағаш
|
Шалғы, орақ, қылыш, балта
|
+
|
+
|
+
|
Ор(у)
|
Егін, қурай, күріш, жігері, шөп, бидай
|
Комбайн, орақ
|
+
|
+
|
+
|
Піш(у)
|
Көйлек, енін
|
Қайшы, пышақ
|
+
|
+
|
+
|
Сыл(у)
|
Кеселді, тері
|
пышақ
|
+
|
+
|
+
|
Тіл(у)
|
Тері
|
қанжар
|
+
|
+
|
+
|
Жар(у)
|
Отын
|
балта
|
+
|
далада
|
+
|
Мәселен, Ә.Таразидің тілінде бұндай етсітіктер ұшырасады. Мысалы: Кесіп алсын екеуіміздің құлағымызыды. Артықшылығым шашымыды келе кескенім бе. Өздері пішті, өздері кесті. Ақ сүлгіні төрт бүктеп, шағын дастарқан жасап, оның үстіне таба нан турады. Таң атпай балалармен арпалысып, жақында ғана қырықтырған шаштары дудырап кеткен Шара есік аша беріп мұның жүзіне үрке, шошына қарады.
Ә.Тарази шығармасында, бұл топшалардан өзге етістіктің мынадай лексика-семантикалық топшалары кездеседі: Обьектіні толық қамтымайтын амал-әрекет етістіктеріне қайшы мәндес обьектіні толық қамтитын амал-әрекет етістіктері: құшақтау, жабылу, қаумалау, қаптау. Мысалы: Бірақ бұл ағасын құшақтаған жоқ, екі қолы салбырап, сөлмиіп тұрған қалпын өзгертпеді. Жанәлиді көргенде қуанышын жасыра алмады, екеуі қайта-қайта құшақтасты. Жастық құшақтап, етпетінен жатып қалған [21,40]. Ол кетісімен Лиманы тағы да талай ой қаумалады. …Ақ боз арғымақты тістейді, тебеді, жаралайды, жабылады, араларынан қуып шығады – Топан су, топан су қаптап келеді!- деген үрейлі айқай естілді.
1.Даралау-бөлшектеу етістіктеріне қайшы мәндес қосылу, бірігу етістіктері: қосылу, топтасу, жалғау, тұтасу, бірлесу. Мысалы: …Бүкіл класс қосылып, бір хормен айтып тұрғандай сезді. Жазылып ел қатарына қосылды дегеннің өзінде Лима және де жыл жарымдай не істеп, не қойғанын білмейтін. …Төрт мұғалім кішігірім жұлдыз шоғындай топтасып, мектепке бірге барады. Бұл дегенде бәрі неге тұтасып, бірлесе қалады. Оның бойында жоқ қасиетті өз бойынан жалғаушы едім.
Достарыңызбен бөлісу: |