Қырып-жою етістіктері.
Бұл топтағы етістіктер жоғары топтағы етістіктерге мағына жағынан антоним болады. Мысалы, сындыру, қирату, бұзу, құлату, жермен жексен ету, күлн көкке ұшыру, күл талқан ету, жырту. Осы мағынаға жуық шабу, сою, бауыздау, асу, шабақтау, мойнын бұрау, қабырғасын қирату, басын алу, жұлу, мұрнын бұзу, пышақтау, балталау етістіктер іде қолданылады. Мысалы: Сен қыздың мойныңды бұрап алармын!- деп өзін-өзі қайрап та көрген. Ол қыздың мойнын бұрап алайын. Соғыңдар да өтіңдер, мен көндім! Есікті қатты соғып, қыз бөлмесіне батылдана кіріп барды. Мынау нендей мойныңды өз қолыммен бұрап тұрып, басыңды жұлып алам, білдің бе? Өмірі әйеліне қол тигізіп көрмеген Жанәли, бойын кернеген ызадан болар, Шараны сабап тастағысы келді. Мен сенің байыңмын, сондықтан сабаймын. Белгісіз әлдекім кеудесіне қол сұғып, мұның жүрегін жұлып алып кеткендей болған. 6) Сондықтан «Әй, қатын» деуге қақысы бар, айтсын, айқайласын, ұрсын, мен көне берем. Ұрсып та, ұрып та інісін жөнге сала алмаған. Тимесеңіз - өзімді құртамын. Көзімді жоямын, айттым – бітті. -Ой, айналайын, сенің осы мінезің ғой мені құртқан. -Иә, құрттың ғой сен мені!- деді. Тауық сойып, сорпа берді. Қазір тағы бір тауық соямын, тағы сорпа жасаймын. Қазір екеуіңді де жайратамын. Мен ыздиған немең мен үшін шыбын құрлы, бауыздаймын да тастаймын. Үйдегі ыдыс-аяқтарды күлталқан ғып сындырып, сылаңдап тайып тұрды ғой жарықтық! Шараның мына сөздері сол үмітті біржола үзіп тастады. -Әй, қойсаңшы-ай, таптап тастармын, шілмиген байқұс!
Өзгеру етістіктері: бояу, майлау, ақтау, жону, әшекейлеу, өрнектеу, қырлау, тазалау, сабындау, оюлау, бұйралау, туу. өңдеу. Мысалы: Құдды цирктегі сайқымазақ клоун, қастарын да қара бояумен батти бояп, самайына апарып іліп қойған. Қара бояулы өмірдің сол өз жаныңнан қызыл-жасыл бояумен әрлепсің, әсіре қызыл тез тозар деп халық тегін айтпаған. Күніне мың құбылатын. Өзің үй тірлігіне мұқият, ерте тұрып қорадағы малдың астын тазалайды. Сол ендеше ақыры Лиманың тағдырын күрт өзгертіп, осы бір трагедияға жетелеген еді. Мен, егер адам екенім рас болса, өз қатемді түзетіп, мамамның ойынан шыға білуім керек [18,37].
Достарыңызбен бөлісу: |