Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Қоректенуді білдіретін амал-әрекет етістіктері



бет8/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
алпысбаева акмарал

Қоректенуді білдіретін амал-әрекет етістіктері.

Бұл етістіктердің жалпылауыш семасы ішіп-жеуге байланысты қимылды білдіретін сема. Сондықтан да бұл кіші топтағы амал-әрекетімен байланысты болады. Оларға: іші, жеу, ұрттау, қарпу, жұту, сораптау, жалма, сору, асау етістіктері жатады. Мысалы, Әкесі мен шешесінің қасында үнсіз отрып шай ішті. Өзіңді-өзің зорласаң да ішіп қой. Арасанбайдың және бір өзгешелігі анда-санда арақ ішіп қоятын. Палау жеп, көк шай ішті. –Шоқтан жаңа алдым, ыстық нан, әкетайым, сорпаға турап жей қойшы. Соны әкеліп Лиманың аузына тықпалағандай, зорлағандай жегізді. -Әй, неғып тұрсың мұртыңды шайнап! Лима әдеттен тыс бүгін тамақты қомағайлана ішті, көжені де тауысты, асықпай отырып шай сораптады. Әлденеі күрт-күрт кеміріп, тықыр-тықыр етеді. Арасанбай алдындағысын ұрттады да, дастарқанға қоя салды. Коля ешбір шіміркенбестен құшырлана сімірді. Күтімсіз ұзарып кеткен мұртының бір ұшын тілімен жалап,... Нан ауыз тиіңіздер! Төртеуі жүрек жалғады [17,36].

  1. Жасау, құру етістіктері.

Бұл топтағы амал-әрекет етістіктерінің нәтижесінде белгілі бір жаңа нәрсе жасалатындығын аңғартады. Бұл оның жалпылауыш семасы. Оларға: құру, жасау, жарату, соғу, тұрғызу, өру, өндіру, салу, тігу, қалпына келтіру етістіктері енеді. Мысалы: Арасанбайға арналып алты бөлмелі үй салынып жатыр. Мол салынған. Ақ жаюлы төсек салды. Комиссия да құрылды. Қыз өзінің ұстаздық салты бойынша мысалдап сөйлем құрып, өз ойын өзі өрбітіп кетті. Қазір тағы бір тауық соямын, тағы сорпа жасаймын! Сенің құрметіңе ат шаптырып, той жасаймын!Ауылдың игі жақсыларын жинап той жасады. Басында табиғат жаратқанда, әйелді қорлық үшін жаратқан. –Е, не істейін? -Анау самарқақа қалпынана айығар емес.
Ғалым М.Оразов көрсеткен жасау, құру етістіктерінің ішінде кездеспейтін, бірақ мағыналық топпен мәндес мынадай етістіктер ұшырасады: әзірлеу, дайындау. Мысалы: Маған қалжа әзірлеп жүр!- деп миығынан күлді қыз.
Жұмысы тым ауыр, сонда да Лима бүгіліп отырып, әр сабағына мұқият әзірленеді. Кешқұрым үйге келген соң, өзіне бөлінген бөлмеде тырп етпей отырып келесі күннің сабағына әзірленеді. …Ерінбей-жалықпай дайындалып. Салақатау, әсіресе киімге салақ, сабаққа да көп дайындалмайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет