НұСҚаулар «патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология»


«ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет3/27
Дата20.02.2023
өлшемі0.62 Mb.
#469809
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
KZ стом студ СРСП 14-15

«ЖАЛПЫ ЭТИОЛОГИЯ МЕН ПАТОГЕНЕЗ. РЕАКТИВТІЛІКТІҢ ПАТОЛОГИЯДАҒЫ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНАН МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сабақтың мақсаты:

  • Ситуациялық есептерді шешкенде клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптауды қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

  • Ситуациялық есептерді шешкенде теориялық білімін қолдануды үйрету



Оқыту тәсілдері: Кейс - стади.


1 – тапсырма. Кейс - стади

1. Бір топ туристер қатты нөсер жаңбырдың астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмониямен ауырды.



  1. Аурудың себебі не?

  2. Аурудың жағдайы не?

  3. Этиотропты емдеуді негіздеңіз

2. 14 жасар бала туберкулезді гонитпен (тізе буынының қабынуы) клиникаға түсті. Ауырғанына екі жыл болған. Аурудың басталуы абайсызда құлағанда тізе буынының жарақаттануына байланысты. Жиі суықтап ауырған. Өмір сүру жағдайы орташадан төмен.



  1. Аурудың себебі не?

  2. Аурудың жағдайы не?

  3. Этиотропты емдеуді негіздеңіз

3. Тағамда «С» витаминінің жеткіліксіздігі аурудың себебі ме, әлде жағдайы ма? Жауапты негіздеңіз.


4. Организмнің тағамның аз түсуі аурудың себебі ме, әлде жағдайы ма? Жауапты негіздеңіз.


5. Пол Бер тәжірибесін сараптау


Тәжірибеге екі топ тышқан алынады. Біріншісі ауа толтырылған барокамераға отырғызылып, барометрлік қысым біртіндеп 210 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл кезде жануарда биіктік ауруының белгілері көрініп, тырысу дамиды.
Екінші топ тышқандарын оттегіге толтырылған барокамераға отырғызылады. Бұл камерада барометрлік қысым 200 мм. с.б. дейін төмендетіледі. Бұл тышқандарда биіктік ауруының белгілері байқалмайды.

  1. Не себепті бірінші топ жануарларда биіктік ауруы дамып, екінші топта бұл белгілер байқалмады?

  2. Биіктік ауруының патогенезін негізгі тізбегін көрсетіңіз. Биіктік ауруы патогенезінің кері айналып соғу шеңберін көрсетіңіз

6. Екі егеуқұйрыққа келесі тәжірибе өткізілді: суының температурасы 10 °С аквариумға № 1 егеуқұйрықты отырғызды. 5 минөттен кейін жануарды алып, бақылау егеуқұйрықпен (№2 егеуқұйрық) және 10 минөт бұрын 2,5 мг/кг мөлшерде психостимулятор фенамин еңгізілген егеуқұйрықпен (№3 егеуқұйрық), барокамераға орналастырады. Сосын барокамерадағы барометрлік қысым 180 мм с.б.деңгейге дейін азайтылды. Өмір сүру ұзақтығы (барокамерадағы барометрлік қысымның 180 мм с.б. бойынша төмендеген уақыттан тыныстың толық тоқтауына дейін) №1 егеуқұйрықта 15 минөт, №2 — 7 минөт және №3 егеуқұйрықта — 4 минөтке созылды.



  1. Фенамин мен гипотермия жануардың гипоксияға төзімділігіне әсер ете ме?

  2. Фенамин мен гипотермия жануардың гипоксияға төзімділігіне қалай әсер етті?

  3. Төзімділігін арттыратын басқа мысалдар келтіріңіз

7 есеп. Қыс мезгілінде екі топ жануарлардың (саршұнақтар мен егеуқұйрықтар) сәулеленудің ең жоғары мөлшеріне шалдықты. Егеуқұйрықтың 95%, саршұнақтың 10% өлімге ұшырады.


Егеуқұйрықтар мен саршұнақтардың реактивтілігіне қандай жайттар әсер етті?

8 есеп.


1 жастағы балада, 35 жастағы әйелде және 78 жастағы ер адамда крупозды пневмонияның өту барысы қалай болады? Әртүрлі жас пен жыныс ерекшелігі арасында температураның айқындылығы және қабыну серпілістерінің әртүрлі болуы неге байланысты?

  1. Әр жынысты және әр жастағы қабынулық үрдіс пен температураның өзгерісі неге байланысты?

  2. Реактивтіліктегі жастың маңызын анықтаңыз

9 есеп. Қауырт респираторлық вирустық ауруы бар науқастың қан сары суында интерферон мөлшері жоғарылаған.



  1. Бұл серпілістің организм үшін маңызы қандай және не себепті дамыды?

  2. Науқаста реактивтіліктің қай түрі дамыды?

  3. Науқаста жауаптың қай түрі дамыды?

10 есеп. 35 жастағы пациент П., бағдарламашы (программист) болып 10 жыл жұмыс жасайды, маңдай тістерінің қарайып, бұзылып, эстетикалық түрінің жойылғандығынан стоматологқа келді. Дәргердің қойған аңғарымы: тістердің компьютерлік некрозы.


Сәуленің әсерінен тіс тінінің зақымдану тетіктерін түсіндіріңіз.

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 8-27

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 73-82

  3. Патофизиология// Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2012., том 1, С.73-89, 232-319

  4. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2006.- с.121-139

  5. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 30-87.

  6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 73-89.

  7. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 12-21

  8. Патофизиология.: учебник под ред. А.И. Воложина, Г.В. Порядина.-Т.1. – М.: «Академия», 2007.- с. 31-55, 121-140

Қосымша

  1. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 17-33.

  2. .Зайчик А.Ш. ,Чурилов Л.П.Общая патофизиология. Учебник для медицинских ВУЗов.Том 1, Санкт-Петербург, 2005, С. 29-110

  3. Имамбаева А.А. Патофизиологические основы побочного действия лекарственных средств- Алматы, 2005, с.90

Бақылау:
Ситуациялық есептер бойынша қорытынды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет