13-НҰСҚА
37-есеп. 1998 жылы “Атасу” шаруа қожалығы жайылымға 5 жыл мерзімге уақытша ақысыз жер пайдалануға 8 гектар көлемінде жер учаскесін алады. 2003 жылы тамызда шарттың мерзімі бітеді, алайда жер пайдаланушы жер учаскісін пайдалануды жүргізе берді. Бақылаушы органдардың ескетрулеріне шаруа қожалығының басшысы, жер пайдалану құқығын тоқтату туралы ресми хабарландыру алғанға дейін жерді пайдалануға құқығы бар екендігін айтады. Солтүстік–Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әкімі түсіндірме үшін аудандық сотқа жолданады.
Қысқа мерзімді жер пайдалануды жүзеге асыру тәртібі және жағдайлары.
Жер қатынастарын реттеу саласындағы аудандық атқару органдарының уәкілеттілігі.
Істі шешіңіз.
38-есеп. 2001 жылы “Жалғас” шаруа қожалығының басшысы А.Казиевтің қайтыс болуына байланысты Қарағанды облысы Жамбыл ауданының әкімі шаруа қожалығын толық құқық мирасқорлық тәртібімен оның жұбайы, Е.Казиеваға беру туралы шешім қабылдайды. 2003 ж. Е.Казиева шаруа қожалығын – сатпақшы болады, алайда 2001 жылы мұраны алу құқығының тәртібі бұзылғандықтан, мәмілені рәсімдеуден бас тартылды (қабылданбады). Сот аудан әкімінің шешімін жарамсыз деп тапты.
Казиева Е. Қарағанды облыстық сотына жолданады:
- толық құқық мирасқорлық тәртібінде жер учаскісіне құқықтың өту тәртібі қандай ?
- Қарағанды облысы Жамбыл аудандық сотының әрекеті заңды ма ?
- істі шешіңіз.
39-есеп. Аудан әкімшілігінің шешімі негізінде аудан орталығын ұлғайту үшін кооперативтің 21 га жыртылған жері алынды. Кооператив председателі облыстық әкімшіліктің шешімін алғанға дейін көрсетілген жерлерді алуға және салуға қарсылық білдіреді. Бірақ оған аудан әкімшілігі құрлыс жүргізуге кедергі келтірмеуін, ауданды ұлғайту бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп жатқандығы және қажетті құжаттардың болатындағы туралы ескерткен болатын. Аудан орталығы ұлғайту үшін кооператив жерін алу жөнінде үзімді-кесілді шешім аудан әкімшілігінен тек жарты жыл өткеннен соң келеді. Кооператив председателі алдын-ала алынған жерлерден жарты жыл ішінде кооператив 2 рет өнім алу мүмкіндігінің бар екенін есептеді, және колхоз жерлерін алу шын мәнісінде заңсыз деп көрсетті. Ол сотқа жолданады.
- Кооператив шығынның орнын толтыруды талап ете алама, және кімнен?
- мемлекеттік және қоғамдық қажеттер үшін жер пайдаланушылардан және жерге жеке меншік иелерінен жерлерді алу тәртібі.
- Істі шешіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |