НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет9/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

11-НҰСҚА


31–есеп. Сартаев өзiнiң жерiн мемлекеттен сатып алды. Кейiн мемлекеттiң қажетiне деп, ол жердi мемлекет сатып алғысы келедi. Оған берiлетiн ақша Сартаевтiң мемлекетке берген сомасымен тең деп шешiледi. Бiрақ Сартаев, ол жердi уақытша жалдауға бергендiктен, шығын көтередi. Бiрақ жергiлiктi орган ол шағындар өтелмейдi деп шешедi. Шешiм заңды ма?
- Жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып \сатып\ қоюдың тәртібі қандай? Қандай шығындар өтелуі тиіс?
- Істі шешіңіз


32–есеп. ЖШС “Әсемнiң” қаладағы жер учаскесi мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алынатынын жазбаша мәлiмдей отырып, мемлекеттiк орган 2 ай iшiнде жердi босату керектiгін ескертті. ЖШС “Әсемнiң” құқығы бұзылды ма?

  • Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қоюдың жалпы шарттары қандай?

  • Істі шешіңіз

33-Есеп. 1994 ж. Қарағанды облысының Ағадыр ауданының “Қызыл ту” совхозының ұйым мүшелеріне шартты жер үлестерін бөлу туралы еңбек ұйымының жалпы жиналысының шешімі шығарылды. Шартты үлесті алған жұмысшылардың бірі – Асанов болды. Алайда Асановқа осындай үлеске құқығы жөніндегі куәлік бланклердің болмауына байланысты берілмеген. 1996 ж. шартты жер үлестеріне құқық жөнінде куәліктердің негізінде, жер учаскелерін қайта тіркеуді жүргізгенде Асановты тиісті тізімге енгізбеген.
2003 жылы Асанов өзінің шартты жер үлесіне жеке меншік құқығын ресімдеу мақсатымен Ағадыр ауданының әкіміне жер қорынан заттай жер учаскісін бөлу туралы өтінішпен жолданады. Әкім 1996 жылы жасалған тізімде Асановтың жоқ болуына сүйеніп, өтінішті қабыл алмайды. Асанов аудандық сотқа жолданады.
-“Шартты жер үлесі” дегеніміз не, оның пайда болуы, рәсімдеу және тіркеу тәртібі;



12-НҰСҚА


34-есеп. Шаруа қожалығының мүлкін бөлу барысында әкесі және өзінің отбасымен /жұбайы және екі кішкентай балаларымен/ әке-шешесінен бөлініп, өзінің қожалығын құрғысы келетін баласы арасында дау туады. Баласы мүліктің, сонымен бірге жердің 4 үлесін беруді сұрайды. Әкесі бөлу барысында отбасының тек кәмелетке толған мүшелері ғана есепке алынады деп есептейді. Дауды шешу үшін жергілікті әкімшілікке барады.
-Шаруа қожалығының жер пайдалану құқығы.
-Шаруа /фермер/ қожалығының жер учаскісін және мүлікті бөлу тәртібі.
-Істі шешіңіз.


35-есеп. ТОО “Алаң” мемлекеттiк меншiктегi қалалық жер учаскесiн төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы сатып алады. Төлем сомасының 1/3-i қалған кезде белгiленген мерзiмде төлемдi жасамайды.Сатушы шартты орындаудан бас тартып, учаскенi қайтарып алады. Сатушы қай орган және оның әрекетi дұрыс па?
- Істі шешіңіз


36-есеп. Құрылыс материалдар зауыты Алматы облыстық әкімшілігіне құрылыс тастарын шығаратын карьер құрылысы үшін “Достық” ауылшаруашылық кооперативінің жерін бөліп беру туралы өтінішпен жолданады.
Кооператив, мұндай бөліп беруге қарсылық білдіріп, бұл ауылшарукашылығы үшін қажетті жер алқаптарының үлкен шығынына алып келетінін мәлімдейді, және ауыл шаруашылығы үшін аз зиян келтірумен байланысты, жерді бөліп берудің өз вариантын ұсынды.
Зауыт әкімшілігі кооператив ұсынысымен келіспеді, өйткені оның орындалуы сапасы нашар құрлыс тастарының кен орнын пайдалануға алып келетін еді. Облыстық әкімшілік зауыт пікірімен келіседі.

  • Жерлерді пайдалану және қорғау кезінде күші бар, құқықтық артықшылықтар.

  • Істі шешіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет