НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет8/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

9-НҰСҚА


25-есеп. Тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзушi ТОО “Жасыл” өзiнiң жерiнiң жанынан 10 га жердi мемлекеттен сатып алу туралы өтiнiш жазады. Өтiнiштi мемлекеттiк органдар ұзақ қарайды, ал жерде дақыл егуге байланысты жұмыстардың күттiрмеуi себебiнен жердi ол пайдалана бастайды. Оған қарсы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалады. Нелiктен, қай орган бұл iстi қарайды?
- Жер учаскесін тауарлы ауыл шаруашылық жүргізу үшін берудің жалпы тәртібін анықтаңыз.
- Істі шешіңіз
26-есеп. 1994 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының “Керемет” ЖШС-ң жалпы жиналысында ЖШС жұмысшыларына шартты жер үлестерін бөлу туралы еңбек ұжымының жалпы жиналысының шешімі шығарылған болатын. Шарты жер үлесін алған жұмысшылардың бірі - Алимов болды. Алайда осындай үлеске құқығы туралы куәлікті Алимов жоғалтып алады, қайталап куәлік берілмейді, Алимовқа “бұлай тиісті емес” деп түсіндіреді.
1999 жылы, өзінің шартты жер үлесіне жеке меншік құқығын ресімдеу мақсатымен, Алимов Шет ауданының Әкіміне жер қорынан заттай жер учаскісін беру туралы өтінішпен барады. Әкім Алимовтың шартты жер үлесіне құқығы туралы куәлігінің жоқ болуына сүйеніп, өтінішті қабылдамайды. Сол жылы Алимов контракт (шарт) бойынша Ресейге 3 жылға жұмыс істеуге кетеді. 2003 жылы келіп, Алимов аудандық сотқа барады, алайда сот 3 жылдық талаптың ескеру мерзімін өткізіп алуына байланысты талапты қанағаттандырудан бас тартады.

  • тиісті санаттағы даулардың соттылығы.

  • Істі шешіңіз.



27-есеп Сарсенов қаладағы жер үйiнiң жартысын Амановқа жалға бередi. Аманов жердi пайдаланып, оған дақыл егейiн десе, үй иесi оған тек үйдi жалға бергендiгiн, жердi пайдалануға рұқсат бермейтiндiгiн айтады. Аманов сотқа шағымдана алады ма?
- Істі шешіңіз


10-НҰСҚА


28–есеп. Ауыл шаруашылығы ұйымының қызметкерi Карипбаев өзiнiң жер үлесiн бөтен тұлғаға сатады. Басқа қатысушылары сотқа бұл шартты заңсыз деп тануы туралы арыз жазады. Сот iстi қалай шешуi керек?
- Ортақ үлесртік меншіктегі жер учаскесінің құқықтық жағдайын анықтаңыз.
- Істі шешіңіз


29-есеп. Ақтөбе облысының мұнай газ басқармасы “Еңлік” кооперативінің жайылма жерлеріне мұнай өнімдерін төгеді. Өндіріс қалдықтарымен, жаңғыш – майлайтын материалдармен, химиялық ертінділерімен, ағынды сулармен ластанғандықтан, тек егістіктері ғана жойылмай, сонымен бірге кооперативтің 73 га ауылшаруашылық алқаптары жарамсыз күйге келтірілді. Облыстық сотқа жолданып, кооператив өз пайдасына “Кенкиянефть” мұнайгаз басқармасының өнімнің жойылуына және жерлердің окультуривациясы бойынша пайдаланылмаған шығындардың орның толтыруға 1810800 тенге өндіріп беруді сұрайды. Жауапкер талапты ішінара, яғни 510,5 мың тенге сома мөлшерінде ғана мойындап, және ол совхоздың нақтылы зияның / пайдаланылмаған шығынның құның/ төлеуі керек екендігіне нұсқады, өткізіп алған пайданың /алынбаған өнімнің құңын/ жауапкер төлеуге қарсы болады.

  • жерге материалдық зиянды өтеудің тәртібі және жағдайлары.

  • Аталған жер құқық бұзушылығымен кооперативке келтірілген материалдық зардап қандай мөлшерде өтелуі тиіс ?

Істі шешіңіз.
30-есеп. Сакенованың жерiнен оның көршiсi жүрiп өту үшiн сервитут белгiлеуi туралы шарт жасасады. Сакенова көтерген ауыртпалыққа сәйкес оған ақы төлеуге келiседi. Сакенова жерiн сатып кеткен соң, көршiсi сол ақыны төлеуден бас тартады, себебi ол ақыны төлеу туралы жаңа иегермен емес, Сакеновамен келiстi.
- Сервитуттың пайда болу шарттарықандац? Сервитуты қамтамасыз ету міндеті дегеніміз не?

  • Iс қалай шешiледi.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет