НұСҚаулары -нұСҚА есеп. Қостанай облысының әкiмi Ресейлік "мск" фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазiр пайдаланылмай жатқан "



бет6/44
Дата13.08.2023
өлшемі335 Kb.
#476058
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
ЕСЕПТЕР 150 ПР

17 – есеп. Омаров жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру бөлiмiне үй салу үшiн жер учаскесiн бөлiп берудi сұрап барады. Омаровтың жеткiлiктi тұрғын үйi болғанын бiлмеген аудандық әкiмшiлiк учаске бөлу жөнiнде шешiм қабылдайды, содан соң Омаров учаскеге өзi сатып алған құрылыс материалдарын жеткiзiп, уақытша үй орнатып алады. Көп ұзамай, Омаровтың тұрғын үйi бар екенi белгiлi болады да, соған байланысты Омаровқа үй салу үшiн учаске беру туралы шарт жасасуға келiсiм бермейдi, ал оған дейiнгi учаске бөлiп беру туралы шешiмi жойылады. Одан басқа әкiмшiлiк Омаровтың учаскенi құрылыс материалдарынан босатып, уақытша үйдi бұзуын талап етедi. Омаров сотқа әкiмшiлiктi шарт жасауға күштеу жөнiнде талап арыз бередi. Талап арызына негiздеме ретiнде Омаров ересек қызына қалдыруға ниеттi болған басқа тұрғын үйi барын жасырмағанын айтады.
Құрылыс материалдарын сатып алуға, оларды тасымалдауға және уақытша үйдi орнатуға ол материалдық шығындар, егер учаске тартылып алынса, шығындар кез келген жағдайда өтелуi тиiс.

  • Жер учаскесін берудің жалпы талаптары қандай?

  • Істі шешіңіз?

Сот қандай әрекет iстеуi тиiс?


18 – есеп. 1990 жылы қыркүйекте “Жоламан” ауылының жұмысшылары Көксу өзенi арқылы плотинаны жөндеу кезiнде қорғау аумағындағы мұнай құбырын жарып алды. Авария салдарынан ауыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен өзен суы ластанды. 1992 жылы ақпанда Алматы облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы Алматы облысының сотына талап арызын қойды. Онда жердi ластаудан келтiрiлген залалды өтеу бойынша “Жоламан” ауылы мен мұнай газ өңдеу басқармасынан 235942 теңге өндiртiп берудi талап етедi.

  • талап қою мерзiмi қандай?

  • жердi ластанудан қорғау шараларын атаңыз.

7-НҰСҚА


19- есеп. Облыстық әкiмшiлiк шешiмi бойынша Асыловтың иелiгiндегi үй орналасқан жер учаскесi мемлекет қажеттiлiктерi үшiн алынуға тиiс болады. Асылов пен оның жанұясына үйдiң орнына пәтер ұсынылады. Оның үстiне жер учаскесi берiлетiн ұйым Асыловқа үй ақысы мен учаскеде отырғызылатын жемiс-жидектердiң құнын өтеуге келiседi. Асылов әкiмшiiлк шешiмiне қарсылық бiлдiредi, ол учаскесiнiң сатуға жатпайтын бөлгiнде тұрғанын айтады. Оның үстiне, Асыловтың ойынша, егер де учаске ерiксiз алынатын болса, онда оған тура сондай жер учаскесiнде үй тұрғызуға мiндеттi. Әкiмшiлiк бұл жерде бос жер учаскесi жоқ, сондықтан да тура сондай жер учаскесi Асыловқа басқа жерден бөлiнiп берiле алады деп сендiредi. Мердiгерлiк ұйым мен әкімшілік құрылыс материалдарының жоқтығынан әкiмшiлiктiң Асыловқа жаңа үй салып беруге мүмкiндiгi жоқтығын айтады. Тараптар келiсiмге келмегендiктен, Асыловтың үйi энергия және сумен қамтамасыз ету жүйесiнен қиылып тасталынады. Асылов талап арызымен сотқа барады.
- Жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алудың жалпы шарттары қандай?

  • iстi шешiңдер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет