20-есеп Азамат Сарсебаевтың “Барсакелмес” қорығында күзетшi болып iстегенiне 15 жыл болды. Оған қорықтың әкiмшiлiгi осы қорық аумағындағы жерден 0,15 г жердi ұзақ мерзiмдi уақытша өтеулi жер пайдалануға берген. Сарсебаев ақылы негiзде оқитын баласының оқу ақысы 100000 теңге болғанын бiледi. Оны төлеуге басқа қаражат таппаған ол өзiнiң қорық аумағындағы пайдаланып отырған жерiне құқығын “АТФ” банкiнен кредит алу үшiн кепiлге салады. Қорық әкiмшiлiгi өз қызметшiсiнiң бұл әрекетiн заңсыз деп қалалық сотқа талап арызын бередi. Сарсебаев өз әрекетiнде заңсыздықтың белгiсi жоқ, бұл жер пайдалану құқығын сатып алғандықтан, мұнда 15 жыл тұрғандықтан мұндай мәмiле жасауға құқылы екендiгiн айтады.
21-есеп Қытайдан өз атамекенiне оралған Сағиев Талдықорған қаласының маңындағы заря ауылына өз жанұясымен көшiп келедi. Заря ауылының әкiмiнен үйiнiң жанындағы бос жатқан жердi бағбандық жүргiзу үшiн беруiн сұрайды. Ауыл әкiмi бұл жердiң аукционда сатылатындығын айтып сол жерден сатып алуына болатындығын айтады. Сағиев аукционда үйiнiң жанындағы 0,20 га жердi сатып алады. 2 айдан соң Заря ауылының әкiмi бұл жердi қайтарып беруiн талап етедi. Осыдан 9 ай бұрын бұл жерден бас тартқан меншiк иесi келiп, жерiн қайтарып беруiн талап етiп жатыр деген негiз айтады. Сағиев Талдықорған қалалық сотына өзiнiң жердiң меншiк иесi ретiндегi құқығын қорғаудың сұрап, ауыл әкiмiнiң бұл әрекетiне шағымданады.
оралмандарға жер беру тәртiбi
жеке меншiк құқығынан бас тартылған жердiң тағдыры қандай?
8-НҰСҚА
22-есеп Шайбеков өз қажеттiлiктерi үшiн шаруашылық құрылыс тұрғызуды шештi. Қаражаты жеткiлiксiз болғандықтан, ешкiмнен рұқсат алмастан көненiң жиегiнде өсiп тұрған орман қоры жерiне кiрмейтiн бiрқатар ағаштарды кесiп алады.
Ауыл әкiмi Шайбековтың бұл әрекетiнде құқық бұзушылықтың белгiсi бар деп аудандық сотқа талап арызын бередi. Шайбеков келтiрiлген залалдың орнын толтырудан бас тартады. Сараптаманың нәтижесiнде Шайбековтың келтiрген зияны елеулi деп танытады.
Бұл жерде қандай құқық бұзушылық орын алып отыр?
Шайбековке қандай жаза қолдануы тиiс?
23–есеп. Шымкент қаласындағы Төле би аудандық сотында Ахметовтан Абеновке түскен шағым қарастырылды. Мәселе мынада… Ахметов ауыл шаруашылық жүргiзу мақсаты үшiн 25 га жер алды. Бұл учаскенiң ортасында Сайрам су өзенi өтiп тұр. Ахметов өз қаражаты есебiнен сол өзеннен өтiп тұру үшiн көпiр салды. Жаңа салынған көпiрдi көрген көршi жер учаскесiнiң иесi кәсiпкер Абенов өз тасымалдау көлiгiмен сол көпiрден рұқсат сұрамай күнiге өтудi бастайды. Ырза болмаған Ахметов өз арызымен аудандық прокурорына келедi. Оның айтуы бойынша өзеннен өтуi үшiн басқа да көпiр және жақын жолдар бар. Ал Абенов рұқсат сұрамай Ахметовтың жерiнен өте берiп, оның шаруашылығына, меншiгiне зиян келтiрген үшiн айыппұл төлеуін талап етеді. Бiрақ Абеновтың сөзi бойынша, өзеннен өту үшiн басқа жолдар өте алыс орналасқан, ал басқа көпiрлер мүлдем ескi, одан өту қауіпті. Ахметовтың көпiрiн сервитут ретiнде қолданды деп көрсеттi. Ал жақын жолдар бар екенiн бiлмеген, өйткенi жаңадан ғана бұл жерге көшкенiн түсiндiрдi.
Ақыры, iс сотқа жiберiлдi.
Сервитуттың пайда болу негіздеріін атаңыз.
24-есеп. Асанов өзiнiң жұмыс iстейтiн жерiнен қызметтiк жер телiмiн алады. Ол жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егедi. Оның өнiмiн күзде жинауы керек едi, бiрақ жазда оны жұмыстан босатады да, жердi алып алады. Асановтың сотқа шағымы қалай шешiледi?
- Қызметтік жкр телімінің құқықтық жағдайын анықтаңыз.
- Істі шешіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |