3-НҰСҚА
7 – есеп. Өмiр бойы Шығыс Қазақстан облысындағы “Алып” зауытында жұмыс iстеп мүгедектiгiне байланысты зейнеткерлiкке шыққан Балабаева 1988 жылдан берi қызметтiк жер телiмi бойынша 1 га жерi бар тұрғын үйдi пайдаланып келдi. 1996 ж. зейнеткерлiкке шығып, 2001 ж. қайтыс болады. Алайда оның 14 және 16 жасар балалары сол жер пайдалану құқығын жалғастыра бередi. 2001 ж. оларға “Алып” зауытының атынан пайдалану құқығын тоқтату туралы талап келедi. Балалардың асыраушысы балалардың кәмелетке толмағандығына байланысты және Балабаева К. өмiр боы сол зауытта жұмыс iстегеннiң салдарынан мүгедек болғанына және соның салдарынан 8 жылдан соң қайтыс болғанына жүгiнiп талапты қанағаттандырудан бас тартады.
- Істі шешіңіз?
Сот зауыттың талабын қанағаттандыра ма?
Қандай жағдайда қызметтік үй жай балалары үшiн – кәмелетке толғанға дейiн сақталады.
8-есеп. Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары орман қоры жерiнен өнеркәсiптiк кәсiпорындарды орналастыру үшiн жер учаскесiн беру туралы өкiм шығарады. Алматы облыстық прокуроры бұл өкiмге сотта наразылық бiлдiрдi, сот наразылықты қабылдамады.
прокурор қандай әрекеттер жасау керек.
орман қоры жерлерінің құқықтық жағдайы.
iстi шешiңiз
9 - есеп. Таудың етегiнде орналасқан “Денсаулық” санаториясының жерi арқылы, ТОО “Достар” су каналын жүргiзу үшiн сервитут құқығы негiзiнде келiсiм шарт жасайды. 2002 ж. наурызда қардың тез еруi себебiнен санаторийдiң жерiнен өткен каналдан аққан су, асфалüттарды бұзып шығындар әкеледi. Санаторий басшысына шектеулi құқықпен пайдаланушыны сервитутпен байланысты келтiрген барлық шығынды шығынның табиғат апатынан болғандығына негiздеп шығынды өтеуден бас тартады. “Денсаулық” саноториясы сотқа талап арыз бередi.
- Жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығының талаптары мен жағдайларын көрсетiңiз.
Сотқа қандай жағдайларда жүгiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: |