4-НҰСҚА
10 – есеп. “Ақсай” ауылының тұрғыны Абдрахманов аудандық жер ресурстарының басқармасына өтiнiшпен келдi, оның iшiнде ол Құдайбергенов жер иеленушiге шара қолдануды сұрайды. Жер учаскенiң шекарасында Құдайбергеновпен отырғызған талдар (қайың ағашы) қатты өсiп, күн сәулесiн өткiзуге кедергi болды. Бұның кесiрiнен көршiнің жер учаскесін,дегі ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң өсуiне тоқтатылуына әсер болды. Аудандық атқарушы органдар оған жер учаскенiң иесi қандай өсiмдiк отырғызу керектгігін өзi бiледi деп түсiндiрген. Ақыры Абдрахманов аудан прокурорына барады.
Абдрахмановтың өтiнiшiне түсiнiктеме берiңiз.
Жер меншік иелерімен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері қандай?
істі шешіңіз
11 есеп “Эртс Казахстан” АҚ ы Солтүстiк Шығыс облысының Манкей ауданында өзiнiң дәрi шығаратын лабораториясын салуға акционерлік қоғамнан 10 га жердi алған. Құрылысты салып болған соң, олар лабораторияға, техника мен технологияны, әртүрлi тұрмыс заттарын сондай-ақ химиялық заттарды көлiкпен әкеле бастайды. Жаман жолдардың кесiрiнен тасымалдау көлiгi аунап, оның цестарнасынан сұйық зат төгiлiп, төгiлген жерде өсiп тұрған кейбiр өсiмдiктер қырылып, жер ластанып, бүлiнiп, уланды.
- істі шешіңіз?
“Эртс Казахстан” АҚ-ды қандай жауаптылыққа тартуға болады?
12-есеп Алмабек деген азамат шаруа қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiне меншiк құқығын табысталу тәртiбiмен алды. Жер құнын бiрден төлеуге мүмкiндiгi болмағандықтан, өтiнiш жазып жазып, төлеу мерзiмiн 6 жылға ұзарту арқылы төлей бастады және жердi жеңiлдiктi бағамен алды. Жер құнын 4 жылдан кейiн төлеп бiтiп, ол жердi сатқысы келдi. Бiрақ аудан әкiмшiлiгi онда мұндай құқық жоқ деп көрсеттi.
- Жеңілдікті бағамен сатылған жер учаскесімен құқықтық мәмле жасаудың тәртібін анықтаңыз
Істі шешіңіз
5-НҰСҚА
13 – есеп. “Строй сервис” құрылыс компаниясы тиiстi рұқсатсыз “Ақсу – Жабағалы” ұлттық паркiнiң территориясында тұрғын үй салып, оны қызметкерлерiнiң дамалысы үшiн пайдалана бастады.
Ұлттық парктiң әкiмшiлiгi қалалық прокуратураға осы компанияны жауапқа тарту жөнiнде шаралар қолдануды өтiнiп жолданады.
- жердi өз бетiмен алу және өз бетiмен құрылыс салудың құқықтық салдары қандай?
осы жағдайда қолданылатын жауапкершiлiк шарасы.
Достарыңызбен бөлісу: |