О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
химия рус (1)

 
3-сурет. А) а – тура (м/с), б – кері (с/м) БАЗ-дың молекулаға адсорбциясы 
Б) Гидрофильдік жəне лиофильдік қасиеттеріне тəуелді БАЗ молекулаларының 
орналасуы. а – гидрофильдік өзар əрекеттесу, б – лиофильдік өзара əсерлесу, в – 
адсорбциялық қабаттың пайда болуы 
Ребиндердің болжамы бойынша барлық тұрақтандырғыштар-
ды екі топқа бөліп қарастыруға болады: 
бірінші текті тұрақтандырғыштар – БАЗ-дар (эмульга-
торлар) жəне жоғары молекулалық қосылыстар; 
екінші текті тұрақтандырғыштар – ұнтақтар. 
Бірінші жəне екінші текті тұрақтандырғыштар көмегімен тұ-
рақты эмульсиялар алудың механизмінде өзара айтарлықтай айыр-
машылықтар бар. Дегенмен тұрақтандырғышты таңдауда мынадай 


21 
ортақ принципке де сүйенген жөн: бастысы, оның дисперстік 
ортаға ынтықтылығы жоғары болуы қажет, яғни дисперстік ортаға 
жұғып, онда еруге бейімділігі болғаны шарт. Бірінші текті тұрақ-
тандырғыштар – БАЗ-дар мен жоғары молекулалық қосылыстар 
фазалар бөліну бетіне адсорбцияланып, құрылымдық-механикалық 
тұрақтануды қамтамасыз ете алуы керек, яғни тамшылардың 
бетінде механикалық берік сірне тəріздес адсорбциялық қабат 
түзілуі қажет. Екінші текті тұрақтандырғыштар – қатты ұнтақтар 
дисперстік ортаға жұғуы керек. Қатты тұрақтандырғыш бөлшек-
терінің өлшемі эмульсияланушы сұйықтық тамшылары өлшемінен 
əлдеқайда кіші болуы шарт. П.А. Ребиндер ұнтақтарды «қорғаушы 
тұрақтандырғыштар» деп атаған, себебі қатты фаза бөлшектері 
тамшы бетінде қандай да қорғаныс қабатын түзіп, оның басқа там-
шылармен бірігіп кетуіне кедергі жасайды. Бұл – тек бір ғана моно 
қабат болмаса керек, бірнеше қабаттан құралған болуы мүмкін. 
Эмульсиялардың агрегаттық тұрақтылығы. Эмульсияның 
агрегаттық тұрақтылығы – дисперстік фаза тамшыларының өл-
шемдерін уақыт бойынша өзгертпей ұстап тұру, яғни коалесцен-
цияға қарсы тұру қабілеті. Агрегаттық тұрақтылықтың бірнеше 
факторлары бар.
Тұрақтылықтың электростатикалық факторы. Эмульсия там-
шысының айналасында ҚЭҚ түзіледі жəне осының нəтижесінде 
электростатикалық тебілу күшінен тартылыс күші басым болатын 
қашықтыққа дейін бөлшектердің жақындауы қарсы тұратын энер-
гетикалық тосқауыл пайда болады. Тұрақтылықтың бұл факторы 
полиэлектролиттермен жəне коллоидтық БАЗ-бен тұрақтандырыл-
ған эмульсиялар үшін маңызды. 
Тұрақтылықтың адсорбциялы – сольваттық факторы. Эмуль-
гаторлар тамшының бетінде адсорбцияланып, «тамшы-орта» шека-
расында беттік керілуді төмендетеді жəне жүйені тұрақты етеді. 
Бірақ эмульгатор ретінде коллоидтық БАЗ-бен үлкен молекулалық 
қосылыстар қолданса, онда құрылымдық болып табылатын 
адсорбциялы-сольваттық үлдір пайда болады.
Тұрақтылықтың құрылымды-механикалық факторы. Тамшы-
ның бетінде тамшылардың жабысуына қарсы тұратын жəне сер-
пімділік пен тұтқырлығы жоғары эмульгатордың молекулалық 
қабаты түзіледі. Егер эмульгатор ҮМҚ немесе ионогендік емес 
БАЗ болатын болса, бұл фактордың маңызы зор. 


22 
Эмульгатор деп – жоғары механикалық төзімділігі бар бетте 
ориентирленген адсорбциялы қабат түзе алатын беттік-активті 
заттар болып есептеледі, яғни эмульсияны тұрақтандыратын зат-
тар. Оларға ионогенді жəне ионогенді емес сабындар, ақуыздар, 
желатин, каучук жəне т.б. жатады. Пайда болатын эмульсия типі, 
ең алдымен, эмульгатор табиғатына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет