О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Эмульсиялардың агрегаттық тұрақтылығы



Pdf көрінісі
бет9/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
химия рус (1)

1.5. Эмульсиялардың агрегаттық тұрақтылығы 
Эмульсиялар лиофильдік жəне лиофобтық болуы мүмкін. Лио-
фильдік эмульсиялар термодинамикалық тұрақты болады жəне 
өздігінен сұйықтықтың белгілі бір мөлшердегі тамшыларына дейін 
дисперленеді. Лиофильдік эмульсиялар көп емес. Оларға майлы 
суытқыш сұйықтар жəне кризистік деп аталатын эмульсиялар 
жатады. Ондай эмульсиялар кризистік нүктеге жақын жағдайларда
түзіледі. Кризистік күйде араласпайтын сұйықтық эмульсия түз-
генде олар барлық қасиеттері жағынан ұқсас болады. Кризистік
нүктені анықтайтын параметрлерге қысым, температура, құрам 
жəне т.б. жатады. Кризистік нүктеге жақын жағдайда эмульсия 
түзілу өздігінен жүреді. Көптеген эмульсиялар лиофобтық жүйе-
лерге жатады. Олар термодинамикалық тұрақсыз, өздігінен түзіл-
мейді, ұзақ уақыт өмір сүрмейді жəне тұрақтандыруды керек етеді. 
Эмульсияда агрегаттық тұрақтылығының жойылуы жəне жайылуы 
арқылы болады. Осындай жанасудың ықтималдылығы сұйылтыл-
ған эмульсиялар үшін өте аз болады. Сол себепті лиофобтық сұйы-
лтылған эмульсиялар салыстырмалы түрде агрегаттық тұрақты 
болады. 
Тамшылардың бірігіп кетуінен сақтап тұратын затты тұрақтан-
дырғыш (стабилизатор) дейміз.Эмульсиялану аяқталғаннан кейін 
бұлар фазалар бөліну бетіне орналасып, тамшылардың өзара бірі-
гіп кетуіне кедергі болып тұратын адсорбциялық қабат түзеді. 
Эмульсия тұрақтандырғышы болып беттік керілуді төмен-
дететін жəне фазалардың бірінде еритін заттар ғана емес, сонымен 


20 
қатар ерімейтін қатты эмульгаторлар, үлкен ұсақтаудан өткен ұн-
тақтар да саналады. Қатты эмульгаторлардың əсері азырақ: эмуль-
сияның типін эмульгирленген жүйенің компоненттерінде ұнтақ 
бетінің жұғуымен анықталады. Ішкі орта деп саналған сұйықтықта 
ұнтақ жақсырақ жұғу керек. Сондықтан гидрофильді ұнтақтар 
(бор, темір тотығы, саз) м/с эмульсиясын тұрақтандырады, ол түтін 
– с/м. Егер сазбен бірге минералды майды суда шайқаса, онда ба-
сында екі эмульсия да с/м жəне м/с пайда болады деуге болады
бірақ саз бөлшектері фаза бөліндісі шекарасында əртүрлі эмуль-
сияда əркелкі орналасады. Ал май тамшыларында саз бөліктері 
тура сондай суда орналасқан болса, бөгет туғызады, яғни механи-
калық қатты қабат, ол тамшылардың жабысуын болдырмайды. 
Сонымен, пайда болған екі эмульсияның ішіндегі ең төзімдісі м/с 
болып табылады. Гидрофильді заттармен тура эмульсиялар, ал кері 
эмульсия – гидрофобты заттармен тұрақтанатыны табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет