О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


-сурет. Осмостың классикалық үлгісі



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
химия рус (1)

2-суретОсмостың классикалық үлгісі 
(қант ерітіндісі, су, жартылай өткізгіш қабық) 
Жартылай өткізгіш қабат болмаған жағдайдың өзінде осмос 
қысымы туралы айтылады. Мұндай жағдайда ерітіндінің еріткіш-
тің қосымша көлемін өзіне «сіңіріп» алуын меңзейді. Ерітінді кон-
центрациясы жоғарылаған сайын оның осмос қысымы да арта 
түседі.
Біздің ағзамыздағы жасушалардың қабырғаларының өзі мем-
брана болғандықтан, осмостың физиологиялық процестердегі 
маңызы зор. Тірі табиғатта үнемі жасушаға жəне жасушадан судың 
осмостық қозғалысы жүріп тұрады. Егер жасушаның өз ішіндегі 
қысымға өзі түскен ерітіндінің осмостық қысымы сəйкес келетін 
болса, онда жасуша құрамындағы сұйықтықтың көлемі өзгер-
мейді, бірақ су екі бағытта да тең дəрежеде өтеді. Мұндай ері-
тінді изотоникалық деп аталады.  
Қант ер
iтіндісі 
Қант ер
iтіндісі 
Су 
Су
Жартылай
өткізгіш 
қабаты


Адам қанының осмос қысымы NaCl ерітіндісінің 0,9 %-ына 
тең. Егер қан жасушалары осмос қысымы өз қысымынан төмен ері-
тіндіге түссе, су жасушаға оны ісіндіріп, жарып жіберетіндей дəре-
жеде кіреді. Сондықтан да адамға сұйықтық құйған кезде (мысалы, 
көп қан кеткенде), изотоникалық ерітіндіні пайдалану керек.
Диализ. Осмостың еріткіш затты емес ерітіндіні өткізетін 
жартылай өткізгіш қабық арқылы жүзеге асатынын айтып кеттік. 
Кейбір қабықтар коллоидты бөлшектерді өткізбей, төмен молеку-
лалы ерітілген заттарды да өткізеді. Бұл құбылыс диализ деп атала-
ды. «Жасанды бүйрек» құрылғысының жұмысы диализге негіз-
делген. Яғни, жартылай өткізгіш мембрана арқылы қанға қажетті 
барлық коллоидты заттар мен қан жасушаларын, т.с.с. сақтай 
отырып, қаннан төмен молекулалы қалдық заттарды шығарады.
Тұтқырлық. Сұйықтықтағы тұтқырлық немесе ішкі үйкеліс 
дегеніміз сұйықтық ағысына қарсылық көрсету дегенді білдіреді. 
Əдетте ерітіндінің тұтқырлығы ондағы кедергінің артуымен өсе 
түседі. Əсіресе жоғары молекулалы заттар сұйықтықтың ағу қабі-
летін нашарлатады, яғни оның тұтқырлығын арттырады. 
Сұйықтықтың тұтқырлығы температура артқан сайын төмен-
дейді (алайда құрамында тұтқырлығы температураға байланысты 
болмайтындықтан косметикалық препараттарда жиі қолданылатын 
силикондар кездесетін ерітінділер жатпайды). 
Электрофорез. Сулы ортада эмульсияланған немесе суспензия-
ланған бөлшектердің жəне макромолекулалардың оң не теріс 
заряды болуы мүмкін. Нəтижесінде осындай ортадан электр тогын 
өткізсе, олар не анодқа (анафорез), не катодқа (катофорез) қарай 
қозғалады. Косметологияда электрофорез деп бірнеше құбы-
лысты: ионофорез, катафорез жəне элетроосмосты қолданады. 
Ионофорез кезінде терідегі косметикалық заттардың (ион 
күйіндегі) қозғалуын электр тогы арқылы күшейтеді. Катофорез 
кезінде қозғалатын заттар өздері иондалмаған болса да, сұйық 
ортадан иондарды сіңіріп, токтың əсерінен қозғала бастайды. 
Электроосмоста токтың əсерінен жасушалардың қабырғалары 
косметикалық заттарды жақсы өткізе бастайды. 


11 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет