9.2. Эмульсиялық косметикалық кремдер
Эмульсиялық косметикалық кремдердің сипаттамасы мен
сыныпталуы
Қазіргі уақытта дəл осы эмульсиялық косметикалық кремдер
косметикалық нарықтағы ең кең таралған кремдер болып табы-
лады, бұл косметикалық өнімдердің осы тобының косметикалық
тиімділігі мен пайдалылығын көрсетеді.
Эмульсиялық косметикалық кремдердің (ЭКК) косметикалық
əсерінің ерекшеліктері, алдымен, келесілермен шартталған:
– тері бетінің құрылымдық жəне қызметтік ерекшеліктеріне
негізделген косметикалық заттардың негізі ретінде эмульсияны
қолданудың физиологиялық ақталғандығы, олардың жағымсыз
өзгерістері эмульсиялық косметикалық кремдердің алдын алады
жəне реттейді. Мысалы, «мантия» – м/с түрімен сипатталатын шек-
тен тыс сезімтал, құрғақ тері сумай жүйесі тарапынан өтеуді талап
етеді, ал майлы тері – с/м суы көп жүйенің қолданылуын қажет
етеді, яғни м/с эмульсиясы тері сияқты өмірлік маңызды қызмет
атқарушы органды жəне де ағзаны толығымен қоректендіруді қам-
тамасыз етеді. Су майлы жүйе, табиғаты жəне құрамы бойынша
терінің табиғи құрамдас бөліктеріне жақын болып табылады, ол
тері құрылымында жүріп жатқан процестерге белсенді түрде əсерін
тигізе алады. Судың болуы тері бетінің сулануына, гидратация-
сына үлесін тигізеді, бұл оның сорбциялық қасиеттерін өсіреді.
Бұған «эпидермалық эмульгаторлар» – холестерин жəне оның
113
эфирлері өз əсерін тигізеді. Қоршаған ортамен қатынас жақсарады,
бұл сіңу жəне резорбция үрдістерінің белсенденуіне үлесін қосады.
Эмульсияның жоғары биологиялық қол жетімділігі, сонымен қатар
сыртқа белсенді заттармен (СБЗ) қамтамасыз етіледі – тері бетін
активтік липидтерді солюбилизациялау жолымен майсыздандыра
жəне терінің суды қабылдауын жоғарылатуға септігін тигізетін
табиғи ақуызарды қайта құрай алатын эмульсиялық заттардың
міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Ал майлар, өз кезегінде
табиғи қоректендіруші заттар тері липидтерінің жетіспеушілігі
кезінде оларды алмастыра алады. Майлардың жылу оқшаулан-
дырғыш ретіндегі қасиеттері терінің мацерациясы мен жылуына
септігін тигізеді, бұл қан толуын тудырады, сонымен қатар
заттарды сіңдіру жылдамдығын көтереді;
– эмульсиялық жүйелерге тері құрылымдарындағы биохимия-
лық үрдістерге белсенді ықпал ететін əртүрлі физикалық-химиял-
ық қасиеттері бар заттарды (амин-қышқылдары, минералдық тұз-
дар, көмірсутектері, май қышқылдары, дəрумендер, гормондар
жəне т.б.) қосу мүмкіндігі, бұл тері бетінің құрылымы мен қасиет-
терінің белгілі бір бұзылуларына биоқолжетімділік пен бағыттал-
ған түрде əсер етуге мүмкіндік береді;
– эмульсиялық кремнің құрамына енетін заттардың физика-
химиялық қасиеттеріне тəуелді кремнің белгіленуімен шартталған
қоюлығы мен əсер ету деңгейін жоғарылату мүмкіндігі.
Осылайша, эмульсия əртүрлі нысандағы жəне əрекет ету бағы-
тындағы косметикалық заттарды жасаудың əмбебап негіздері
болып табылады.
Эмульсиялық косметикалық заттар, теріге белсенді əрекет
етуші күрделі жүйе бола отырып, кең жəне əртүрлі құрамға ие. Су
мен малы компоненттерден басқа, тұрақтандырушы қосымшалар –
СБЗ, қоюлатушылар, консерванттар, антиоксиданттардың жəне т.б.
заттардың болуы өздерінің физикалық-химиялық қасиеттерімен
тұрақты жүйенің болуын қамтамасыз етеді. Эмульсиялық жүйеге
қажетті физикалық-химиялық параметрлерді беретін заттардың
тобы «қосымша заттар» деген атқа ие болды. Алайда бұл анықтама
косметикада шартты орын алды, себебі бірқатар қосымша заттар
физиологиялық тұрғыдан белсенді жəне əдетте тек заттардың
жалпы косметикалық жəне фармокологиялық мақсаттарын техно-
114
логиялық мақсаттарда емес, косметикалық орындауға септігін
тигізеді.
Эмульсиялық жүйелер косметикалық өнімнің көпшілік нысан-
дарын құрайды – кремдер, лосьондар, аэрозольдер, бальзамдар,
сəндік косметика жəне т.б. Ең көбі барлық жағынан алғанда
көрсеткіштері (физиологиялық, технологиялық) жоғары жəне ең
кең таралған косметикалық заттар крем түріндегі эмульсиялық
косметикалық заттар болып табылады. Бұл – тері күтімі бойынша
косметикалық заттар бірқатар тұтынушылық талаптарды қанағат-
тандыра алатын дəстүрлі косметикалық өнімдер, соның ішінде:
– тубадан еркін сығылады немесе флаконнан жақсы құйы-
лады;
– оңай жағылады, теріге тез сіңеді;
– тері бетіне бағытталған косметикалық əсерін көрсетеді;
– қажет болған жағдайда тері бетінен оңай алынады.
Осы талаптардың орындалуын созылмалы тұтқыр дисперстік
ортамен косметикалық нысандардың құрылымдық-механикалық
параметрлері қамтамасыз етеді.
Физикалық-химиялық параметрлердің мақсаттарына байла-
нысты (жабысқақтық, қозғалыстың қысымы жəне т.б. реологиялық
сипаттамалары) эмульсиялық кремдерді консистенциялық қасиет-
тері бойынша бөледі: сұйық кремдер; қою кремдер. Сұйық кремдер
сияқты қою кремдер де 1 жəне 2 топты эмульсия түрінде болуы
мүмкін, себебі с/м жəне м/с эмульсияларының консистенциялық
қасиеттері қосымша (эмульсиялаушы, қоюлатушы жəне т.б.) зат-
тардың көмегімен реттелінеді.
Эмульсиялық жүйелердің теріге сіңу қасиетін есепке ала
отырып, тері құрылымына əсері деңгейі бойынша эмульсиялық
кремдерді келесідей сыныптауға болады:
– бетке əсерлі кремдер (эпидермалық);
– трансдермалық əсерлі кремдер.
Бірінші топқа əсері эпидермистің сыртқы қабатымен шектеле-
тін жəне келесілерді қамтамасыз ететін костемикалық заттар (КЗ)
жатады:
– теріні тазартушы;
– теріні ылғалдандыру;
– қолайсыз атмосфералық ықпалдардан, химиялық реагенттер
жəне т.б. қорғайтын.
115
Екінші топ ұлпаларға, ағзаның тіршілік қабілетіне жалпы əсе-
рін тигізетін тері құрылымдарындағы биохимиялық процестерге
қатыса алатын жоғары белсенді биологиялық қоспалардың болуы-
мен сипатталады. Əсерінің бағытталуына байланысты осы топ
кремдерін келесідей сыныптауға болады:
– сулы тұзды алмасуды жетілдіретін;
– липидтік алмасуды жетілдіретін;
– ақуыз алмасуын жетілдіретін жəне т.б.
ЭКЗ тобын «қоректендіруші» кремдер деп атайды. Алайда бұл
бөліну салыстырмалы түрде жасалынған, себебі косметикалық
заттарды жасаудағы осы заманғы беталыс болып тері құрылысына
кешендік əсерін тигізетін жоғары белсенді көпфункционалды
рецептураларды жасау табылады. Үлгі ретінде гидратирлеуші жəне
биокатализаторлаушы қосымшалары бар косметикалық тазалаушы
сүт; биосығындылары бар УК сəулелерінен қорғайтын кремдер;
теріні ылғалдандыратын заттары бар ерін далаптары, тоналды
кремдер, бояулар, шашқа арналған тазалағыштар.
Қолданылу саласы бойынша эмульсиялық кремдерді келесі-
лердің күтіміне арналған деп бөлуге болады:
– тері;
– шаш.
Өз кезегінде, қарқынды косметикалық əсер ету қажеттілігін
анықтайтын жəне сəйкесінше, кремнің құрамы, дерматологиялық,
косметикалық, тұтынушылық сипаттамаларына талаптарды анық-
тайтын (жұмсақ, көз, мойын маңына күтім жасау бойынша «ги-
поаллергиялық» заттар) дене бөліктерінің анатомиялық жəне
физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып (мысалы, мойын,
көз маңындағы тері асты май жасушаларының болмауы; маңдай,
мұрын, бастың шаш бөлігіндегі тері жəне май бездері секрециясы-
ның қарқындылығы) тері күтіміне арналған заттарды келесі
топтарға бөлеміз:
– бет терісіне күтім жасауға арналған косметикалық заттар (КЗ
)(барлық сауда айналымының 60 %);
– көз маңына күтім жасауға арналған КЗ;
– мойынға күтім жасауға арналған КЗ;
– қолға күтім жасауға арналған КЗ;
– аяққа күтім жасауға арналған КЗ.
Бұрын айтылғандай, эмульгатордың түріне, табиғатына жəне
116
дисперстік фазаның санына байланысты эмульсиялар келесідей
бөлінеді: май/су түрінің 1 топтағы эмульсиялары жəне су/май түрі-
нің 2 топтағы эмульсиялары.
Достарыңызбен бөлісу: |