О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Эмульсиялық косметикалық кремдедің рецептурасын



Pdf көрінісі
бет51/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
химия рус (1)

9.4. Эмульсиялық косметикалық кремдедің рецептурасын 
құрудың қағидалары
Əртүрлі нысандағы жəне əртүрлі бағыттағы эмульсиялық 
косметикалық заттардың (ЭКЗ) рецептурасын құрудың негізіне 
эмульсиялық жүйені, құрамдас компоненттердің табиғаты мен 
мөлшерін ақылға сай іріктеу қағидасы қойылған. 
Эмульсиялық косметикалық кремдердің негізгі құрамдас 
бөліктерінің бірі болып майлар мен май тəріздес заттар табылады. 
Жоғарыда аталғандай, липидтер тері қабатының құрамдас бөлігі 
болып табылады жəне физиологиялық маңызға ие. Бұл, алдымен, 
қорғаныс функцияларына жəне де тері беттерінің созылмалылы-
ғын қамтамасыз етумен байланысты. Жасқа байланысты липидтік 
компоненттердің табиғи азаюы май бездерінің функцияларының 
бұзылуы кезінде жүреді, ал қолдан жасалған түрде жуу заттарын 
пайдалану арқылы жүреді, оның алдын алмаса да, орнын толтыру-
ға болады. Осы мақсатта косметикалық заттар құрамдарына əр 
түрлі «майландырушы» қосымшалар енгізіледі, олардың көлемі 
кремнің мақсатына байланысты. Сонымен қатар гидрофобтық ны-
сантүзуші заттардың табиғаты эмульсиялық кремнің косметикалық 
əсерінің деңгейін анықтайды. 
Май фазасын дұрыс таңдауға косметикалық препараттың тек 
тұтынушылық қасиеттері емес, функционалдық қасиеттері де 
тəуелді. Аталғандай, гидрофобтық компонент ретінде табиғи жо-
ғары белсенді майларды қолдану препараттың трансдермалдық 
мақсатын қамтамасыз етеді. Көмірсутектік туындыларды пайда-
лану тері бетінде түзілген беткі эпидермалық əсерді қамтамасыз 
етеді. Бұл табиғи жəне синтетикалық майларға қатысты. 


129 
М/с типті косметикалық эмульсияларда дисперстік ортада, 
сəйкесінше, асып түседі жəне 70-90 % құрайды. Май фазасының 
көлемі 10-30 % шектелген. 
Осындай жүйелер барлық эмульсиялық косметикалық заттар-
дың көпшілігін құрайды, бұл олардың тері қабатының табиғи су-
май майына жоғары субстантивтлігімен, консистенттік қасиеттер-
дің кең диапазонымен шартталған, ол жеңіл жағылуға жəне терінің 
сіңірілуіне себеп болады. М/с типті эмульсиялар теріде май ізін 
қалдырмайды, сумен жеңіл жуылады. 
Бұл фактілер осы эмульсиялық жүйелердің əртүрлі типті теріге 
күтім жасау бойынша кремдерге негіз ретінде жəне де əртүрлі 
мақсаттағы КС-да қолдануға мүмкіндік берді: 
1) гигиеналық; 
2) емдеу-профилактикалық мақсатта: 
– дене терісіне күтім жасау бойынша косметикалық заттар; 
– шашқа күтім жасау бойынша косметикалық заттар; 
3) əсемдеу мақсатындағы косметикалық заттар. 
М/С эмульсиясы негізіндегі теріге күтім жасау бойынша кос-
метикалық кремдер тазалаушы заттар ретінде қолданылады (кос-
метикалық сүт); тері құрылымдарының су-тұз, ақуыз жəне басқа да 
процестерін жақсартатын заттар («қоректендіргіш» кремдер); 
зиянды əсерлерден сақтайтын құралдар (фотоқорғаныс кремдері). 
Аталып өткендей, физикалық-химиялық параметрлеріне бай-
ланысты сұйық жəне қою м/с эмульсиялары болып екіге бөлінеді. 
60-70 % құрамды су дисперстік ортасындағы жүйелер қою 
кремдердің негізіне қойылған. 
М/С типті сұйық эмульсиялар (косметикалық сүт) теріні ма-
кияж қалдықтарынан тазарту жəне жуу үшін арналған. Осындай 
кремдердегі судың мөлшері 90%-ға дейін жетеді. Гидрофильдік 
заттардың үлкен мөлшерін есепке ала отырып, косметикалық сүт 
м/с қалыпты жəне майлы бет терісіне күтім жасауға арналған. 
Дисперстік орта ретінде 70-80 % судан тұратын эмульсиялар 
гидратанттық (ылғалдандырушы) əсерлі кремдердің негізі ретінде 
қолданылады. Осындай бағыт косметикалық заттар, əсіресе бет 
терісіне күтім жасауда кең танымал. Косметологияның осы келе-
шекті бағыты құрғақ, солушы теріге күтім жасау бойынша косме-
тикалық заттарға өсіп келе жатқан сұраныспен шартталған. 


130 
Рецептурада ылғалдандырушы əсері бар заттар ерекше орынға 
ие болады. Олардың теріге əсері ылғалдың енуін жақсарту есебінен 
немесе ылғалды шектен тыс жоғалтуды тоқтататын қорғаныс 
қабатының түзілуі есебінен қол жеткізіледі. М/с эмульсиялық 
жүйелерінде гидратанттық əсер тері құрылымдарына ылғал ен-
діруге əкелетін арнайы заттарды енгізу арқылы қамтамасыз еті-
леді. Ылғалдың енуін гидратанттық кремдермен жақсарту олар-
дың құрамына «табиғи ылғалдану факторларын» енгізумен бай-
ланысты, олар: натрий лактаты, пирролидонкарбон қышқылы, 
аминқышқылдарының, протеиндердің туындылары. Гиалурон 
қышқылы белгілі бір ылғал ұстаушы қабілетке ие, ол – терідегі су 
балансын сақтауға жауапты табиғи мукополи-сахарид. Гиалурон 
қышқылы тері бетінде терінің демалуына кедергі жасамайтын, ыл-
ғалды жоғалтуға жол бермейтін қорғаныс қабатының түзілуіне 
себеп болады. Эмульсиялық жүйелердің ылғалсақтаушы компо-
ненттеріне глицерин жатады. Оның ылғалсақтаушы қабілеті (ыл-
ғалдың 40%-ын сіңіреді) натрийпирролидонкарбонатының гидра-
танттық мүмкіндіктеріне (ылғалдың 60%-ын сіңіреді) қарағанда 
төмен болса да, ол ылғалдандырушы кремдердің құрамында жиі 
қолданылады. Алайда глицерин мөлшері 10%-дан аспауы қажет. 
Одан жоғары көлемде болса, ол құрғамайтын тайғақ қабатты 
құрайды. 
Гидрофильдік жəне гидрофобтық қасиеттері көп БАЗ ақылға 
сай қосылыстары эмульгирлеуші қоспалардың негізінде жатыр, 
олардың гетерогендік жүйелерге қатысты тұрақтандырушы əсері 
бір түрдің БАЗ-дың эмульгирлеуші қабілетінен асып түседі. Бұл, 
алдымен, əртүрлі типті БАЗ қосылыстары БАЗ қоспасының ГЛБ 
қосынды мəнін алуға мүмкіндік береді, ол эмульсияның май фаза-
сындағы ГЛБ мəніне жақын болады, ал ол өз кезегінде адсорбция-
лық қабаттан асып түседі жəне сəйкесінше, эмульсияның тұрақ-
тылығын жоғарылатады. 
М/с тұрақты эмульсиясын алу үшін 30% 1 түрдің жəне 70%
2 түрдің эмульгаторынан тұратын БАЗ қоспасы пайдаланылады. 
Эмульсияның жабысқақтығын жоғарылату қажет болған 
жағдайда май фазасының құрамын 45%-ға дейін ұлғайтады, ол сəй-
кесінше эмульгаторлар концентрациясын жоғарылатуды талап 
етеді, ал ол өз кезегінде 4-10 % құрайды жəне май фазасының көле-
мінің өсуімен жоғарылайды. 


131 
Қою кремдерге қарағанда, сұйық эмульсиялар физикалық 
тұрақтылық тарапынан жоғары сезімталдыққа ие, ол гель 
құрылымдарының консистенциясын құраушы су дисперстік орта-
сының көлемінде жасаумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Су ортасы 
көлемінде диспергирленген май фазасын тұрақтандыратын үштік 
кеңістік тор полиморфтық суда ерігіш қосылыстарды енгізумен 
қамтамасыз етіледі жəне БАЗ тұрақтанады. Сұйық эмульсиялар-
дың жабысқақтығы мен тұрақтылығын жоғарылататын қосымша 
заттар ретінде су емес еріткіштер табылады: глицерин, пропиленг-
ликоль жəне т.б., бұған қоса сəйкесінше 5-10 жəне 1-3 % концен-
трациялы гидроколлоидтар (карбомерлер, сополимерлер, акрилат-
тар жəне т.б.). 
С/м типтегі эмульсиялық жүйелер май компоненттерінің 
жоғары мөлшерде болуымен сипатталады – дисперстік ортада 30-
дан бастап 70 %-ға дейін. 
Липофильдік компоненттердің жоғары мөлшерде болуына 
байланысты, осындай жүйелер келесілерге негіз болып табылады: 
– өте құрғақ, сезімтал теріні күтуге арналған косметикалық 
заттар; 
– қорғаныш əсері бар (су итергіш) косметикалық заттар; 
– құрғақ, майсыздандырылған, сынғыш шаш күтіміне арналған 
косметикалық заттар (қоректендіргіш бальзамдар); 
– əрлендіргіш мақсаттардағы косметикалық заттар (мысалы, 
ерін далаптары). 
С/м эмульсиясы негізіндегі тері күтіміне арналған КЗ көбінесе 
сұйық жəне де қою консистенцияда болады, олар құрғақ жəне 
сезімтал теріге жақсартушы липидтік алмасуды, қоректенуді қам-
тамасыз етеді. Бұлар «түнгі», «қоректендіргіш» кремдер. Бұл крем-
дердің трансдермалдық бағытын май дисперстік ортасы ретінде 
жоғары белсенді табиғи майларды жəне де тері ұлпаларының 
өмірін белсенді ететін, олардың қоректенуін қамтамасыз ететін 
қолданумен шартталған. 
Осы негіздердегі беткі əсерлі кремдерге келесілер жатады: та-
залаушы «косметикалық сүт», қорғаушы (көбінесе су итергіштер), 
балаларға арналған кремдер, фотоқорғаныс кремдері. Осы пре-
параттардың рецептураларындағы көмір-сутектік, силикондық 
туындылар тері бетінде су өткізбейтін қабаттың түзілуіне себеп 
болады, ол сəйкес əсер береді. 


132 
Осы заманғы косметикалық заттар нарығының үрдісі болып 
тазалаушы əсерді жəне белгілі бір биологиялық əсерді өзіне 
қосатын биологиялық белсенді композицияларды жасау табылады. 
Соңғы уақытта «майландырғыштардың» көп болуын есепке 
ала отырып, липофильдік компоненттері көп эмульсиялық крем-
дерді пайдалану азаюда. Бұл тері липидтердің 6-8%-ын ғана сіңдіре 
алуымен байланысты. Қалған гидрофобтық заттардың сіңбеген 
көлемі тері бетінде «майлы» жылтырдың пайда болуына себеп бо-
лады, сіңбеген май теріде көп уақыт болса, май жəне тері бездері-
нің жолдарын бітеп, терінің қоршаған ортамен табиғи жылу жəне 
газ алмасуын бұзады, ол тері беті қызметтерінің қатты бұзылуына 
əкелуі мүмкін. Сондықтан «майлы» кремдерді ұзақ уақыт бойы 
(мысалы, түні бойы) қолдану қажеттілігі туралы сұрақ даулы 
болып табылады. Осыған байланысты, с/м эмульсиялық кремдері 
кең қолданылады, олардағы май компоненттердің 30-45%-ын 
құрайды, ал су құрамы 50%-бен шектелген. С/м эмульсиялары 
сұйық та, қою кремдердің де негізін құрай алады. 
С/м типті эмульсияның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақса-
тында келесі арақатынасты эмульгаторлар жиыны, яғни 2 түрдегі 
эмульгатордың 30%-ы, 1 түрдегі 70%-ы қолданылады. Косметика-
лық заттың қажет консистенттік қасиеттерін қамтамасыз ететін 
қосымша тұрақтандырушы фактор болып баяу балқитын гидро-
фобтық заттарды қолдану табылады, олардың табиғаты орта таби-
ғатына сəйкес келуі қажет (мысалы: өсімдік майларын табиғи 
балауыздармен қоюландырады, минералдық майларды –вазелин-
мен, парафинмен). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет