Косметикалық кремдерді сынақтан өткізудің физикалық-
химиялық əдістері
Тұрақтылықтың анықтамасы
Тұрақтылық – косметикалық кремнің сапасын сипаттайтын
негізгі көрсеткіштердің бірі. Кремдерде кепіл берілген сақтау мер-
зімінде жəне де қоршаған орта температурасының өзгеруі кезінде
май немесе су фазасы бөлінбеуі қажет.
Эмульсиялық кремдердің тұрақтылығын анықтаудың əдістерін
ұзақ (сақталу жағдайларындағы сынақтар) жəне
жылдамдатылған
болып бөлінеді. Алғашқылары жаңа өнімнің тұрақтылығын анық-
тауда үлкен мəнге ие.
Косметикалық кремдердің рецептураларын анықтау жəне
өндірісті бақылау үшін жылдамдатылған əдістер қажет. Оларға
эмульсиялық кремдердегі коагуляция
мен коалесценцияны жыл-
дамдатуға негізделген сынақтар жатады, олардың нəтижесінде
термикалық немесе физикалық қысым пайда болады.
Темпера-
тураны жоғарылатқан кезде дисперстік ортаның тұтқырлығы
айтарлықтай төмендейді, жүйенің кинетикалық энергиясының жо-
ғарылауы нəтижесінде бөлшектердің
соқтығысу қарқындылығы
бірден өсе түседі, ол эмульсияның бұзылу процесін тездетеді.
Достарыңызбен бөлісу: