О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Эмульсиялық косметикалық



Pdf көрінісі
бет52/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
химия рус (1)

9.5. Эмульсиялық косметикалық
кремдер технологиясы 
Эмульсиялық кремдер, нормативтік-техникалық құжаттамаға 
сəйкес, температуралық диапазонда ұзақ тұрақтылыққа ие болуы 
тиіс (шетелдік өнімдер – +40-тан бастап -10 °С-ге дейін, отандық – 
+25 бастап +5 °С-ге дейін; ГОСТ-29189-91: – 12 ай, биокремдер, 
сұйық кремдер 6 ай). Осы талаптарды орындау, жоғарыда көрсе-
тілген эмульсияның физикалық, химиялық жəне микробиоло-
гиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін тұрақтандырушы қосым-
шалардың болуымен шартталған жəне де көбінесе өнім техноло-


133 
гиясымен анықталады. Жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін 
факторлардың бірі болып жүйенің оңтайлы дисперстілігі мен го-
могендігі табылады. Осы талаптар эмульгациялау мен гомогени-
зациялау процесі арқылы технологиялық жолмен жүзеге асырылуы 
мүмкін. 
Эмульсиялық кремдердің оңтайлы дисперстік бөлікшелері –
1-2 мкм. Дисперстігі 2-3 мкм асатын кремдер жұмсақтық, май-
далық, ыдырауға икемділігімен сипатталады. Дисперстілігі 1 мкм-
дан айтарлықтай төмен болатын кремдер төмен температураларға 
қатысты жоғары сезімталдыққа ие. 
Эмульгациялау процесі роторлық-статорлық роликтік, кол-
лоидтық диірмен, əртүрлі араластырғыштар мен қыстырғыштары 
бар арнайы құрылғының (реакторлар, гомогенизаторлар) көмегі-
мен жүзеге асады. Көптеген косметикалық эмульсияларды өндіру 
үшін диспергирленген бөлшектерді біркелкі үлестірумен біртекті 
тұрақты эмульсияны алу мақсатында сипатталған араластырғыш 
аппараттардың механикалық əрекеттері ғана жеткілікті. Осы 
мақсатта эмульгациялау үшін гомогенизацияға арналған қосымша 
құралдармен қамтамасыз етілген тұрақты қондырғылар пайдала-
нылады. Роторлық-статорлық қағидалармен əрекет ететін осындай 
гомогенизаторлар эмульгациялаушы реакторға қыстырылады. 
Қажет болса, роторлық-статорлық гомогенизатордың диспергир-
леуші тесігінің ені, сонымен қатар араластырғыштың айналым 
сандары реттелінуі мүмкін, ол гомогенизация процесін мақсатты 
басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Ұсатушы элменеттердің құрылғысына байланысты гомогени-
заторлар коллоидтық диірмендер деп аталады, олар диспергир-
ленген бөлшектерді майдалау қағидасы бойынша; фиркциялықтар 
– соққы; майдалау жəне соққы; кавитация бойынша жұмыс 
жасайды. 
Эмульсиялар мен суспензияларды өндірудегі тиімді құрыл-
ғылар болып ультрадыбыстық диспергирлеу табылады. Қысу жəне 
ыдырату аймақтарында гетерогендік сұйықтықтарды дыбыстау 
кезінде қысым пайда болады. Ультрадыбыстық толқынмен жаса-
лынатын артық қысым тұрақты гидростатикалық қысымға салы-
нады жəне бірнеше атмосфералардың қосындысынан тұруы мүм-
кін. Ыдырату фазасында сұйықтықтың барлық көлемінде, əсіресе 
фазалардың бөліну шекараларында, газ көпіршіктер мен ұсақ 


134 
қатты бөлшектер бар жерлерде қуыстар, кавитациялық көпір-
шіктер пайда болады. Қайтадан қысу кезінде кавитациялық көпір-
шіктер қысымды жүздеген атмосфераларға дейін көтере отырып, 
жарылады. Жоғары қарқынды соққылы толқын туындайды, ол 
қатты бөлшектердің механикалық бұзылуына алып келеді жəне 
фазалардың бөліну бетінен ұсақ тамшыларға айналатын жəне 
қайтадан оған кіретін сұйықтық көлемін бөліп алады. Жүйені 
дыбыстау кезінде бөлшектердің диспергирленуі ғана емес, егер де 
ультрадыбыс шегі асып түссе жəне осыған байланысты дисперстік 
фазаның қорғаныс қабаттарының тұтастығы бұзылса коагуляция 
да жүреді. Тұрақтандырушы заттарды енгізумен ультрадыбыстың 
эмульгирлеуші əсерінің тиімділігі бірден өсе түседі, дисперстілік 
деңгейі де жоғарылайды. Ультрадыбыс қарқындылығы мен алы-
натын эмульсияның арасында белгілі бір тəуелділік бар. Ультра-
дыбыстың төмен қарқындылығы кезінде м/с типті эмульсиясы, 
оның ұлғаюымен с/м эмульсиясы түзіледі.
Ультрадыбыстық толқындарды алу үшін тербеліс ультрады-
быстарын генерирлейтін əртүрлі аппараттар мен құрылғылар 
пайдаланылады. Ультрадыбыс қайнар көздері болып механикалық 
жəне электрмеханикалық сəулелендіргіштер табылуы мүмкін, 
соңғылары электрдинамикалық, магниттік стрикциялық жəне 
электр стрикциялық болып бөлінеді.
Эмульсияның əрбір түрі үшін оңтайлы (тепе-тең) гомогениза-
цияның қарқындылық жəне ұзақтық мəндері бар. Араласу қарқын-
дылығы бар м/с сұйық эмульсиялары үшін дисперстік бөлшектер 
деңгейі өседі, ол жұқа, біркелкі дисперсияның түзілуіне ықпал 
етеді. Алайда мұндай жоғары реологиялық жүктеме жабысқақ-
тыққа жаман əсерін тигізеді, ол эмульсияның дисперстік ортасын 
қоюландыратын полимердің гельдік құрылымын бұзумен шарт-
талған. С/м эмульсиясы үшін, м/с эмульсияларына керісінше, айна-
лымдар саны жоғарылайды, яғни механикалық араластыруды 
интенсифирлеумен жабысқақтықтың өсуі байқалады. 
С/м типті эмульсияның негізіндегі косметикалық кремдер 
үшін жəне де суспензия негізіндегі кремдер үшін пластикалық 
өңдеу деңгейі қолданылады, ол екі жолмен өндіріледі: жанышқыш 
машиналарда өңдеу. Осы кезең кремнің сыртқы көрінісін айтар-
лықтай жақсартады; аталған машиналарда өңдеу артық механи-


135 
калық қосылымдар ұсталып қалады, кремдік қойыртпақ үлкен 
жылжымалыққа ие болады, ол оны жанышқыш машинада əрі 
қарай өңдеуді жеңілдендіре түседі. 
Өндірістің температуралық режимі. Эмульгациялау мен гомо-
генизацияға арналған аппараттардан басқа, косметикалық эмуль-
сияларды өндірудің температуралық режимі бар, ол əртүрлі балқу 
температуралары бар ингредиенттердің біркелкі дисперсиясын 
жасау қажеттілігінен туындаған. 
Дəстүрлі əдіс болып жоғары/жоғары температуралық əрекет-
тесу режимі табылады, онда майлы (А) жəне сулы (Б) фазалары 80-
90 °С-ге дейін ысытқан кезде жеке дайындалады; одан кейін 80 °С 
температурасында А-ны Б-ға немесе Б-ны А-ға қосады. Қоспа 
гомогенизатордың көмегімен орташа алғанда 1-2 мкм дисперстілік 
деңгейіне жеткенге дейін эмульгацияланады. Осыдан соң тікелей 
эмульгациялау процесі аяқталады. Эмульсияның толығымен суы-
тылуға дейінгі гомогенизациясы, ең алдымен, жылу алмасуының 
тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін, консистенциялық құрылым-
дардың (с/м жүйесі үшін) түзілуі үшін қызмет етеді. Эмульсияны 
суыту қоспаны əрдайым араластыру кезінде, 60 минуттан аз емес, 
араластырудың төмен қарқындылығында енгізген жөн. Бұл режим 
эмульсия консистенцияларын түзу үшін оңтайлы болып табылады. 
Анықталған қоюлық келесі 1-2 күннің ішінде өтеді. 
Термолабильдік заттарды енгізу, парфюмдеу 45 °С кезінде, 
фасовка – 30-32 °С температурада жүзеге асырылады. Көп уақыт 
су, май фазаларын ысыту бойынша операцияларға кетеді жəне де 
көбінесе қоюлықты суытуға жұмсалады (уақыттың жалпы шығы-
нының 70 %-ы). Жылу энергиясы барлық алынған энергияның 70 
%-ын құрайды. Осыған байланысты жоғары/төмен температура-
лық əсер мен төмен/төмен температуралық əсер əдістері ұсыныл-
ған, олар уақыт пен энергияны үнемдеуді қамтамасыз етеді. 
Төмен/төмен температуралық əсер ету əдісі май фазасы жо-
ғары температуралық балқу ингредиенттеріне ие емес рецептура-
ларға идеалды түрде сай келеді (мысалы, жай балқитын гидробтық 
заттар, олардың крем құрамында болуы температураны 70-80 °С-ге 
дейін ысыту қажеттілігін тудырады), эмульгациялау процесі 15-
30°С температурасында жүреді. Суық эмульгациялауды м/с типті 
сұйық эмульсияларға қолдануға болады (гидрофильдік космети-
калық сүт үшін). 


136 
Жоғары/төмен температуралық эмульсиялау əдісінде ыстық 
май фазасына суық суды (15-30 °С) қосады, ол өндірістік процестің 
ұзақтығын айтарлықтай қысқартатындығында. Бұл əдістеме с/м 
типті сұйық эмульсиялар үшін қолданылады («майлы» космети-
калық сүт үшін). 
Екі типтің кремдерін жоғары/жоғары температуралық режим 
бойынша «жабысқақтық градациясы» балқу температурасын есеп-
ке ала отырып, дайындауға кеңес беріледі. 
М/с жəне с/м типті эмульсиялар негізіндегі кремдерді өндіру-
дің технологиялық кезеңдері. 
М/с типті эмульсиялық кремдерді өндіру технологиясы келесі 
операцияларды орындауды қарастырады: 
– су фазасын дайындау; 
– май фазасын дайындау; 
– эмульгациялау; 
– суыту; 
– термолабильдік БАЗ қосу; 
– иіс сулау; 
– дайын өнімді қапталау жəне орау. 
С/м типті кремді өндіру процесінің технологиялық опера-
циялары: 
– су фазасын дайындау; 
– май фазасын дайындау; 
– эмульгациялау; 
– суыту; 
– термолабильдік БАЗ қосу; 
– иіс сулау; 
– пластикалық өңдеу; 
– дайын өнімді қаптау жəне орау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет