О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
химия рус (1)

Вазелиндер рецептуралары 
 
Құрамдық заттар, %
Рецептура
Ақ церезин 17
30
12
15
10
Парафин 
5
-
5
5
4
Иіс сулық май 78
70
83
80
76
Петролятум 
-
-
-
-
10
 
Мелдік вазелин дезинфекциялаушы зат ретінде 0,5-2 % мел 
қышқылынан, 98,5-97 % вазелиннен жəне 1 % хош иістендір-
гіштен, ал хош иісті вазелин 99 % вазелин жəне хош иістен-
діргіштен тұрады.
Косметикалық вазелиндерді өндірудің технологиялық процесі 
майлы кремдердің технологиясына ұқсас. 
9.7. Суспензиялық косметикалық кремдер 
Суспензиялық косметикалық препараттардың ерекшелігі бо-
лып дисперстік фаза ретінде су мен майда ерімейтін жəне толық-
тандырғыш деп аталатын қатты заттарды пайдалану табылады. 
Косметикалық заттың мақсатына байланысты толықтырғыш-
тар келесідей аталады: 


139 
– механикалық тазалауды (тері, тіс эмалін жəне т.б.) жүзеге 
асырса, абразивалық;
– қорғаныс қызметін жүзеге асырса, физикалық жарық сүз-
гілері (күннен қорғау препараттары) жəне сорбенттер (тазалаушы 
жəне қорғаныс кремдері). 
Суспензиялар негізінде косметикалық кремдер келесідей 
жіктеледі: 
– мақсаты бойынша: гигиеналық (тазалаушы, қорғаушы), ем-
деу-профилактикалық, декоративтік; 
– пайдалану жеріне байланысты (тері); 
– шығару түрі бойынша (крем тəріздес, гель тəріздес, паста 
тəріздес). 
Суспензиялық кремдердің дисперсиологиялық сипаттамасы-
ның негізінде жүйенің дисперстік ортасының түрі жатыр, олар 
гомогендік (шынайы ерітінділер, коллоидтық ерітінділер) жəне де 
гетерогендік (эмульсиялар) табиғаты жатыр. Шынайы ерітінділер – 
су, май, су – глицериндік; коллоидтық – гель түзушілер негізінде 
(целлюлоза туындылары, альгиндік қышқылдар, кремний қышқы-
лы, карбопол). Эмульсияның дисперстік ортасы ретінде косметика-
лық крем немесе паста тəріздес нысанға ие болады (толықтырушы 
концентрациясына байланысты). 
Гигиеналық мақсаттағы (қорғаныс, ағартушы жəне балаларға 
арналған кремдер, маскалар, скрабтар) суспензия негізіндегі косме-
тикалық кремдер тазалаушы, ағартушы, қорғаныс əсерін қамтама-
сыз етеді. Əрекет етуші заттар болып бейорганикалық табиғат 
қосылыстары түрінде көрсетілген суспензияның дисперстік фазасы 
(толықтырғыштары) табылады: 
– карбонаттар: кальций, магний; 
– силикаттар: каолин, тальк, бентонит, цеолит; 
– металл тотықтары: мырыш, титан жəне т.б. 
Тазалаушы скрабтар жəне маскалардың рецептураларында 
абразивтер ретінде табиғи жəне синтетикалық бөлшектер қолда-
нылады. 
Осы заттарға теріге əсер етудің əртүрлі механизмдері сипатты. 
Кристалдылық пен айтарлықтай төмен дисперстіліктің арқасында 
əрекет етуші заттар келесіні қамтамасыз етеді:
1. Эпидермистің сыртқы қабатының қатты қабыршақтарын 


140 
механикалық шығару, мұнда тазалаушы гельдер, скрабтар, крем-
дер, маскалардың косметикалық əсерін қамтамасыз етеді. 
2. Жоғары салыстырмалы бетке жəне су мен майларда ерімей-
тіндігінің арқасында, осы табиғи заттар тері ерекшеліктерін 
адсорбциялай алады, осылайша, ол теріні артық терден босатады, 
жəне рецептуралардың биологиялық белсенді компоненттерінің 
тездеп сіңуіне ықпал етеді. Соның ішінде табиғи саздар – каолин-
дер, цеолиттер жəне бентониттер май безін адсорбциялайды жəне 
теріні майсыздандырады. Мырыш тотығы тері бөлістерімен 
(цинкаттар) тұздар жасай отырып, теріні тазалайды. 
3. Суспензия толықтырғыштарының физикалық-химиялық 
қасиеттері олардың теріні қоршаған ортаның жағымсыз фактор-
ларынан (ылғал, температура, УФ сəулелену) қорғайтын əсері 
негізінде жатыр. Бұл қасиеттер осы топтың заттарын қорғаныс 
əсері бар косметикалық заттарда қолдануға мүмкіндік береді (қор-
ғанушылық, фото қорғаныс кремдерінде). 
Суспензиялық негіздегі заттардың косметикалық əсері теріге 
əсер етудің екі деңгейін көрсетеді: эпидермалдық (скрабтар, əрлен-
діргіш косметика препараттары, ағартушы жəне фото қорғағыш 
кремдері) жəне трансэпидермалдық маскалар. Алғашқысы су мен 
майларда ерімейтін дисперстік фазаның кристалдық заттарының 
болуымен сипатталады (абразивдер, сорбенттер, физикалық жарық 
сүзгілері). 
Толықтырғыштар, су мен майда ерімейтіндіктеріне жəне дис-
перстіліктің айтарлықтай төмен деңгейіне байланысты (100 нм 
көп), тері бетінің механикалық тітіркенуін тудыруы мүмкін, ол 
терінің табиғи қызметтерінің бұзылуына алып келеді. Абразив-
тердің дисперстілігінің жоғары деңгейі олардың сіңу қабілетінің 
жəне косметикалық препараттардың əсер етуінің трансдермальдық 
деңгейінің жоғарылауына алып келеді. Косметикалық əсердің 
осындай деңгейі өз құрамында ауыр металдар тұздарының негі-
зіндегі толықтырғыштары бар косметикалық заттар үшін рұқсат 
етілмейді. Соңғылары тері липидтерімен өзара əрекеттесу нəтиже-
сінде жоғары реакциялық қабілетке ие бола отырып, ағзаға ауыр 
жағымсыз əсерін тигізуі мүмкін. 
Физикалық-химиялық тұрғыдан алғанда фаза дисперстік бөл-
шектердің деңгейі – суспензиялардың физикалық тұрақтылығын 
қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. 


141 
Стокс заңына сəйкес, жүйенің физикалық тұрақтылығына келесі-
дей қол жеткізуге болады: 
а) бөлшектер көлемін кішірейту, яғни дисперстік фазаның дис-
перстілік дəрежесінің деңгейін жоғарылату; 
б) дисперстік ортаның тұтқырлығын көтеру. 
Дисперстік ортаның тұтқырлығын көтеру қоюлатушы қосым-
шаларды пайдаланудың есебінен қамтамасыз етіледі, оларды таң-
дау дисперстік ортаның табиғатына байланысты. Гидрофильдік 
негіздегі дисперстік орта үшін гидрофильдік табиғатты қоюлат-
қыштарды пайдаланған қонымды, негізінен, гельтүзушілер – цел-
люлоза, альгин, кремний, акриль қышқылдарының туындылары. 
Тұрақтандыру механизмі дисперстік фазаның «коллоидтық қорға-
нысында». Сонымен қатар тұтқырлық жəне сəйкесінше, осы таби-
ғатты жүйелердің физикалық тұрақтылығын су емес еріткіштерді 
енгізу арқылы жоғарылатуға болады – глицерин, пропилен-гли-
коль, полиэтиленоксид, силикондық сұйықтықтар. Осы еріткіштер 
кристалдық заттардың суспензияланудың жоғарылауына септігін 
тигізеді, сəйкесінше олардың тазалаушы жəне қорғағыш қасиет-
терінің жоғарылауына алып келеді. 
Гидрофобтық дисперстік орта жағдайында жүйенің тұтқырлы-
ғын арттыра отырып тұрақтандыру гидрофобтық табиғатты толық-
тырғыштарды енгізу жолымен мүмкін болады, олар жоғары балқу 
температурасына ие – табиғи жəне синтетикалық балауыздар, 
толықтырғыштардың диспергіленуін жоғарылататын гидрофобтық 
компоненттер. 
Эмульсияны дисперстік орта ретінде пайдалану кезінде физи-
калық тұрақтылығын оның құрамына кіретін тұрақтандырғыштар 
мен эумльгаторлар кешені қамтамасыз етеді. БАЗ, өз кезегінде 
қатты бөлшектердің диспергіленуіне көмектеседі. Дисперстік фаза-
ның дисперстілік дəрежесінің оңтайлы деңгейі өндіріс технология-
сын сақтаумен қолға жеткізіледі. 
Суспензиялық косметикалық кремдерге қорғағыш крем жата-
ды – тері күтіміне арналған крем құрамындағы зат, теріні сыртқы 
жəне өндірістік ортаның факторларының жағымсыз əсерінен 
қорғауға арналған.
Оларға күн сəулелері, жел, жоғары жəне төмен 
температура, жоғары жəне төмен ауа ылғалдығы, ластандырғыш-
тар (механикалық, химиялық, биологиялық) жатады. Қорғаныс 
кремдерінің дисперстік ортасы май немесе эмульсиялық болып 


142 
табылады, ал дисперстік фаза бейорганикалық табиғаттың крис-
талдық заттары түрінде көрініс тапқан (мырыш тотығы немесе 
стеараты, титан тотығы). Қорғаныс кремдерінің шектен тыс тара-
луы, əмбебаптылығы жəне косметикалық тиімділігі жоғарыда атал-
ған қосылыстардың жан-жақты əсерімен түсіндіріледі. Мырыш 
тотығы, тері экстерорецепторларын қоршаған ортаның тітіркендір-
гіш əсерінен қорғай отырып, терінің қызаруын, қышуының алдын 
алады; сонымен қатар мырыш тотығы эпидермистің десквамация-
сын бірнеше ретке тездетеді, ол тері түрінің жақсаруына алып ке-
леді. Мырыш тотығының айтарлықтай жоғары көлеміне (10 % жо-
ғары) ие кремдер күннен қорғаушы əсерге ие болады, теріні УФ-
сəулеленудің жағымсыз əсерінен жəне шектен тыс пигменттенудің 
пайда болуынан қорғайды. Теріге қатысты ең жақсы жəне бейтарап 
физикалық жарық сүзгіші болып титан қостотығы табылады – 
TiO
2

Физикалық жарық сүзгілері экран қағидасы бойынша əрекет 
етеді, кең əрекет ету спектріне ие, фотосенсибилизирлеуші əсер 
береді. Кейде олар рецептураларда УФ-сүзгіштермен қатар қолда-
нылады, ол соңғылардың құрамын төмендетіп, олардың теріге сіңу 
қабілеттерін азайтады. 
Құрғақ тері үшін майлы негіздегі мырыш кремдері пайдала-
нылады, ал майлы тері үшін сондай мырыш препараттары, тек 
майсыз негізде пайдаланылады. Кейде майлы тері үшін майлы 
мырыш кремдерін де пайдаланады, дəлірек айтсақ, мырыш пре-
параттарының ерітушілік əсері талап етіледі. 
Суспензиялық кремдерді өндірудің технологиялық процесі 
дисперстік ортаның табиғаты мен физика-химиялық қасиеттерімен 
анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет