О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


  11.2. Иіс сабындардың косметикалық



Pdf көрінісі
бет65/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
химия рус (1)

 


167 
11.2. Иіс сабындардың косметикалық
əсері жəне əрекет ету механизмі 
Аниондық беткі-белсенді заттарға жататын сабын жуу, көбік 
түзгіштігі жəне дымқылдатушылық əсерді қамтамасыз ете отырып, 
судың беткі керілуін төмендететін қасиетке ие. 
Синтетикалық сыртқы белсенді заттарға (СБЗ) қатысты табиғи 
сабындардың басты кемшілігі олардың кермек суда ерімейтін каль-
ций жəне магний тұздарды құрау қабілетінде, бұл коагуляттардың 
пайда болуына алып келеді жəне көбіктүзгіштік жəне тазалаушы-
лық қасиеттердің төмендеуіне алып келеді. 
Дистилденген суда сабынның кішкене бөлігі еріген кезде оның 
ұзын гидрофобтық тізбекке жəне гидрофильдік радикалына ие 
молекулалары ерітіндіде ретсіз қозғалыстағы еркін иондар түрінде 
болады. Сабын концентрациясының өсуіне байланысты оның 
гидрофобтық тізбектері тамшылардың орталығына қарай жылжи 
бастайды, ал соңғы карбоксильдік гидрофильдік полярлық топтар 
сыртқа қарай бағытталады. Молекулалардың осындай агрегатын 
мицелла деп айтады, ал мицеллалардың үлкен көлемде түзіле 
бастауы сабынның еру қасиетінің шегі болып табылады. 
Молекулалардың агрегаттануы түзілетін концентрация мицел 
түзілуінің критикалық концентрациясы деп аталады (МТКК). 
Концентрация үшін сабын концентрациясының өзгеруіне 
байланысты өзгеретін ерітіндінің əртүрлі физикалық қасиеттерін 
анықтайын тұрақты мəндер тəн. Яғни, мұнда беттік керілу, 
электрөткізгіштік, 
жарық 
шашырауы, 
осмостық 
қысым, 
бояғыштарды адсорбциялау қабілеті жəне жуу қабілеті айтылып 
тұр. Суда ерімейтін заттар, мысалы, майлар мен көмірсутектері 
мицеллалары ішке тартылады жəне осылайша ерігіштікке ие 
болады. Кейіннен сфералық теория «ламинарлық мицелла» 
түсінігімен алмастырылды. Мицелла гидрофобтық ұштары ішке 
бағытталған, ал гидрофильдік бағыттары сыртқа бағытталған 
сабынның қосарланған иондарының параллельдік қатарынан 
тұрады деп болжанады. Осындай жүйеге енгізілген май мицел-
лалардың параллельдік жазықтықтарында орналасқан көмірсутек-
тік бөліктердің қабаттарының арасына енеді. 
Сабынның əрекет ету механизмін сабын мицелласының майлы 
қабатпен қоршалған бөлік ретінде алуға болатын кірдің бөлігімен 


168 
өзара əрекеттесуін қарастырайық. Осындай қабатпен қоршалған 
кір бөлігі гидрофобтық ламинарлық тізбекке қарай қозғалады. 
Мицеллада май қабаты ериді, ондағы кірдің бөлігі босап, ерітіндіге 
өтеді. Алайда сабынның немесе СБЗ концентрациясы жеткіліксіз 
болса, кір бөлігі қайтадан тұрып қалады. Осы үрдісті болдырмау 
үшін ерітіндіге толықтырғыштар енгізеді, мысалы, натрийкарбок-
симетилцеллюлоза. 
Сабын судың беттік керілуін азайтады, сонымен қатар оның 
енушілік жəне дымқылдаушы қабілеті жоғарылайды, сосын ол 
сабын мицеллаларын майлы кірленудің тереңдігіне кіргізеді. 
Сабын мицеллаларының əсерімен кірдің бөліктері босайды жəне 
қайтадан ерітіндіге өтеді. Бұл кезеңде кір бөліктерінің ағын суға 
өту əсеріне қол жетеді. Кальций жəне магний тұздары бар кермек
суды сабын, алдымен, су бетіне көтерілетін жəне тері, шаш бетінде 
ішінара тұрып қалатын ерімейтін тұздар құрайды. Сабын концен-
трациясын тұздарды бейтараптандыруға жеткілікті көлемге көтер-
ген кезде судың «жұмсаруы» жүреді жəне жұғу қабілетін туғызады 
дымқылдауды, кірдің босауын жəне суспенділеуін қамтамасыз ете 
алатын көбіктүзгіш ерітінді, тиімді сабын ерітіндісі түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет