О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Иіс сабындар құрамында қолданылатын



Pdf көрінісі
бет67/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
химия рус (1)

 
11.4. Иіс сабындар құрамында қолданылатын 
 шикізаттың сипаттамасы 
Иіс сабынның классикалық негізін (15-25)/(75-85) арақатына-
сымен алынған кокос майы мен сиыр майының алифатиялық қыш-
қылдарының натрий тұздары құрайды. Сабынның май қышқылдық 
құрамы талап етілген сапалық жəне физикалық-химиялық көрсет-
кіштерді, соның ішінде: қаттылық, біркелкілік, ерушілік, ісушілік, 
шығындану жылдамдығы, көбік түзгіштік жəне жуғыштық қасиеті, 
теріге тітіркенуші əрекет ету деңгейі, түс пен хош иістің тұрақ-
тылығын қамтамасыз етуде басты болып табылады. Аталған 
шикізаттарға тең, олардан арзанырақ шикізаттың қайнар көздерін 
белсенді іздеу жалғасуда, алайда жоғары сапалы иіс сабындардың 
негізін əлі күнге дейін кокос жəне сиыр май қышқылдарының оң-
тайлы қосылысы қамтамасыз етеді. Кокостық алифаттық қышқыл-
дарды ақталған пальмо-ядролық жəне синтетикалық қышқылдарға 
ішінара алмастыру рецептурасының көптеген нұсқалары қарас-
тырылды. Сиыр май қышқылдары жануар жəне өсімдік майымен, 
пальмалық, арахистік жəне зəйтүн майлары, шошқа майымен ал-
мастырылады жəне əртүрлі мемлекеттерде құрамына байланысты 
əртүрлі талаптар қойылады. Осы майлардың қосымшалары, əдетте 
10-20 %-дан аспайды. 
Сабын қайнатудың негізгі шикізаты болып жануар жəне өсім-
дік майлары жəне балықтар мен теңіз жануарларының майлары
майалмастырушылар табылады: майлы синтетикалық қышқылдар, 
канифоль, нафтендік қышқылдар, тал майы жəне басқа мұнай 
өнімдері. Сабын қайнатуда қолданылатын майлардың құрамы 


172 
сабын сапасын – оның жуу қабілеті мен тауарлық түрін айтар-
лықтай анықтайды. 
Жануар майлары мен өзге майлар. Жануар майлары – сабын 
қайнатуға арналған ең құнды шикізат. Олар, негізінен, 16-18 кө-
міртегі атомдары бар 40% қаныққан май қышқылдарынан тұрады. 
Олардан жылы суда жақсы еритін, ұсақ ұяшықты, тұрақты көпірік 
шығаратын қатты натрий сабындар алынады. Жануарлық қорыт-
ылған май – иіс сабын өндірісі үшін аса бағалаы шикізат, ең көп 
қолданылатыны – ірі қараның майы. Өзіндік иісі бар қой майы 
сабын жасауда сирек кездеседі. Линол қышқылының салыстыр-
малы түрде үлкен көлеміне ие шошқа майы иіс сабындардың құра-
мына сирек енеді жəне тек шектелген көлемде. Ішінара гидрид-
телген шошқа майы иіс сабын құрамында 30-40 % болуы мүмкін. 
Иіс сабынның түсін жақсарту үшін жануар майы алдын ала 
тазартылады, əдетте оны ақтаушы сазбен өңдейді; иісін жақсарту 
үшін жануар майының кейде алдын ала иісін жояды. 
Өсімдік майлары. Өсімдік майлары (күнбағыс, мақта, соя) 
отандық қатты сабындар өндірісінде кеңінен қолданылады. Кір 
сабынды қайнату үшін 46-50 °С титрлі жəне йодтық саны 55-тен 
көп емес май қолданылады. Иіс сабынды жасау үшін 39-43 °С 
титрлі жəне йодтық саны 65-тен көп емес ашық түсті майлар таң-
далады. 78-80 % май қышқылдары бар иіс сабынды жасау кезінде 
төменірек титрлі жəне сабын титрі 36-37 °С шегіндегі май қолда-
нылады. Майдағы ылғал мен ұшушы заттардың көлемі 0,3 %-дан 
аспауы қажет. 
Қатты кір сабынның құрамына зығыр, кендір жəне тез ашитын 
сабындар түзейтін жоғары қаныққан қышқылдардың үлкен көле-
міне ие басқа майлар кірмейді. Осы себеп бойынша қатты иіс 
сабынның құрамына линолдық жəне одан көп қанықпаған май 
қышқылдарынан тұратын сұйық өсімдік майларын қоспайды. Май-
сана майы кей жағдайларда сабын құрамына оның созымдылығын 
жақсарту үшін 3-5 % көлемінде кіреді. 
Кендір жəне зығыр майы сұйық медициналық сабынды дайын-
дау үшін қолданылады, кендір майынан сабын алған кезде ол 
жасыл реңк береді, сондықтан да оны «жасыл» деп атайды. 
Өсімдік майларының арасында ерекше орынды кокостық жəне 
пальмоядролық майлар алады. Олардан суық суда жақсы еритін 
жəне көп ірі ұяшықты көпірікті түзейтін ерітінді береді. Бұл май-


173 
лар иіс жəне кейбір арнайы, мысалы, теңіз суында жууға арналған 
сабындарды жасауда өте құнды болып табылады. 
Кокос майсыз иіс сабын төмен көбік түзуші қасиеттерге ие. 
Нашар созылмалығына байланысты, ол қиын престеледі жəне 
сондықтан да ала, жарықшақтары бар жəне өзге де кемшіліктерге 
ие болып шығады. Сондықтан да кокос немесе пальмоядролық 
майлар иіс сабын шығарудағы өте құнды шикізат болып табылады. 
Қазіргі уақытта қоспалардан тазартылған С
12

16
майлы синтети-
калық қышқылдармен алмастырады. Боялған иіс сабындар майлар-
ды реактивсіз ыдыратумен алынатын май қышқылдарынан алына-
ды. Ашық түсті иіс сабындардың ең жақсы сорттарын дистилден-
ген май қышқылдарынан немесе бейтарап майлардан алады. 
Май қалдықтары мен ескі майлар өңдеуден кейін сабын 
қайнатуда қолданылады. Сабынның сапасын көтеру үшін бұл 
майларды ыдыратады, ал алынған май қышқылдарын дистилдейді. 
Майалмастырғыштар. Ауаның оттегісімен парафинді көмірсу-
тектерін қышқылдату арқылы алатын синтетикалық май қышқыл-
дары. Сабын қайнату өндірісінде, əдетте, синтетикалық май 
қышқылдарының екі фракциясы қолданылады. 
1) С
10
-
С
16
көміртегі атомдар саны бар фракциялар; 
2) С
17
-
С
20 
көміртегі атомдар саны бар фракциялар. 
Кір сабынның құрамындағы синтетикалық май қышқылдары-
ның оңтайлы көлемі 35-40 % шегінде жататындығы тəжірибе 
арқылы анықталған. 
Осы қышқылдардың сапасын жақсарту – қышқылдар құрамын 
С
10
-нан төмен жəне С
20
-ға
жоғары ету жəне де сабын қайнатушы-
лық фракцияларды дикарбондықтардық, циклопарафиндердің 
жəне басқа да сабынның жуу қабілетін төмендететін немесе оның 
түсі мен иісін нашарлататын қышқылдарды босату оларды иіс 
сабындардың құрамына үлкен көлемде енгізуге мүмкіндік береді. 
С
17

20
фракциялы синтетикалық май қышқылдары қатты 
майларын алмастыруға енгізеді; С
10

16
қышқылдарының фракция-
лары кокос майларын алмастырады; сабынның титріне ықпалы 
бойынша бұл фракция сұйық майларға жақын, олардың құрамында 
тармақталған құрылысты май қышқылдарының болуының 
нəтижесі болып табылады. 
Канифоль жұмсақ немесе крем тəріздес сабындарға енгізіледі. 
Канифольдық сабынның көпіріктенуі үлкен емес, ол кальцийлен-


174 
ген содамен араласқанда жоғарылайды. Канифоль қатты сабындар-
дың ерушілігін жоғарылатады, сондықтан да оны сабынның құра-
мына 12-15%-дан жоғары қоспау ұсынылады. «Канифольдық 
сабынды» пайдалану оның қошқыл түсіне байланысты шектелген 
болуы қажет. Ашық реңкті канифольды кейде төмен сортты иіс 
сабындарға 3-5% көп емес көлемде қосады. Көлемін 5 %-ын жо-
ғарыға көтеру оны жабысқақ жəне қиын пилирленетін етеді. 
Канифольдың еруінің жоғары температурасына байланысты оны 
еріту май немесе май қышқылдарымен араласып жүргізіледі. 
Техникалық нафтендік қышқылдар таза күйінде жақсы жуу 
қабілетке ие сабындар жасайды. Тауарлық нафтендік қышқылдар-
дан жасалған сабындар ондағы сабындалмайтын заттардың көп 
болуына байланысты кішкене жуушылық қабілетке ие болады. 
Сонымен қатар сабынға берілетін қошқыл түсіне жəне оған тəн 
жағымсыз иісіне байланысты, бұл қышқылдар қатты кір сабын-
дарға шектеулі түрде кіреді. Оларды кішкене көлемде техникалық 
мақсаттарға пайдаланады.
Тал майы қошқыл түсі, жағымсыз иісі жəне сабындалмайтын 
заттардың үлкен көлеміне байланысты кір сабынның жоғары 
сорттарына қосуға болмайды. Сабынның басқа сорттарына оларды 
тек шектелген мөлшерде қосуға болады. Дистилденген тал майы 
сабын қайнату үшін жақсы шикізат болып табылады.
Сілтілер. Натрий гидрототығы (NаОН) – сабынның барлық 
түрлерін қайнату үшін қолданылатын күйдіргіш сілтілердің негізгі 
түрі. Осы мақсаттағы каустикалық сода ерітіндісін 35-40% күш-
тілікпен дайындалады. 
Калий гидрототығы (КОН) сұйық, крем тəріздес жəне кейбір 
арнайы сабындарды жасауда пайдаланылады. 
Кальцийленген сода (Na
2
CO
3
) – ыдыраған майлар мен май ал-
мастырушылардан сабын қайнату үшін қолданылатын арзан жəне 
қол жетімді сілті. Оны суда ерітіп, 32-33 % концентрациялы ерітін-
ді жасайды. 
Калий карбонаты (К
2
СО
3
) ыдыраған майлардан сұйық жəне 
арнайы майларды қайнату кезінде қолданылады.
Натрий бикарбонаты (NаНСО
3
) кейбір иіс сабындарды, мы-
салы бас жууға арналған сабынды ұнтақтарды жасауда қосымша 
ретінде қолданылады.
Натрий силикаты 
(Na
2
SiO
3
)
кір сабынның қаттылығын көтеру 


175 
үшін, канифольдың үлкен көлеміне ие сабынның жабысқақтығын 
төмендету үшін жəне сабын бетінде сода кристалдарының пайда 
болуының алдын алу үшін қосылады. Натрий силикаты айтар-
лықтай жуушылық əсерге ие жəне сабын құрамы ретінде жəне 
жуушы заттар ретінде пайдаланылады. Оны иіс сабынға азғантай 
мөлшерде қосу сабынды ашып кетуден сақтайды. Иіс сабынға 
қосылған натрий силикатының ерітіндісі сабынның қышқылдануы 
мен қараюына қарсы кішігірім қорғаушы əсер береді. 
Триэтаноламин – көрінетін сілтілік қасиеттері бар органика-
лық қосылыс, кейбір арнайы сабындарды жасау үшін қолда-
нылады. 
Заттардың негізгі заттардан басқа иіс сабындардың құрамына 
қосымшалар кіреді. Кəсіпорындар шығаратын иіс сабындардың əр 
түрлігі, бір жағынан, əртүрлі майлық құрамымен жəне олардың əр 
түрлі хош иістер, бояғыштары, əрленуі, кесектің салмағына байла-
нысты, басқа жағынан, сабынның жекелеген түрлеріне арнайы 
қосымшалардың болуына байланысты. Иіс сабындарға қосымша-
лардың негізгі түрлері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет