О соотношении понятий «сознание» и «языковое сознание» Ма­қа­ла­да «са­на», «тіл­дік са­на»


қазақ әдебиеті және фольклортану казахская литература и фольклористика



бет12/14
Дата09.07.2016
өлшемі4.02 Mb.
#186285
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

қазақ әдебиеті және фольклортану
казахская литература и фольклористика

ӘОЖ 82–43:811.512.122.

С.Б.Жұмағұлов

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті



Ғұмар Қараштың көсемсөздері

В статье рассматривается публицистика поэта и общественного деятеля начала ХХ века Гумара Караша. Анализируется проблематика статей, отражающих разные стороны жизни казахского общества.

The publicity of Gumar Karash — a poet and public figure of the beginning of the XXth century is considered in the article. The problematic of the articles reflecting various sides of Kazakh society is analyzed.
Ғ.Қа­раш­тың ұлт мүд­де­сін көз­де­ген жә­не ру­ха­ни ке­мел­де­ну ар­қы­лы ояну мұ­ра­тын діт­те­ген сая­си-әлеу­мет­тік көз­қа­ра­сын та­ну­да қа­зақ, та­тар тіл­де­рін­де жа­рық көр­ген га­зет-жур­нал­дар­да жа­рия­лан­ған ма­қа­ла­ла­ры­ның алар оры­ны ерек­ше бо­лып та­бы­ла­ды. Та­тар­дың «Тәр­жі­ман», «Шо­ра», «Фи­кер», «Уақыт» жә­не қа­зақ­тың «Ай­қап», «Қа­зақ», «Қа­зақ­стан», «Дұ­рыс­тық жо­лы», «Абай» га­зет-жур­нал­да­рын­да өз дәуірі­нің ең өзек­ті де діл­гір мә­се­ле­ле­рін кө­тер­ген ма­қа­ла­ла­рын­да Ғұ­мар әлеу­мет­тік өмір мен қо­ғам­дық да­му­дың сан алу­ан та­қы­рып­та­рын қам­ти­ды. Мә­се­лен, «Әсер» ат­ты тү­рік ті­лін­де жа­зы­лып (қа­зақ­ша­ға ауд. М.Ша­фи­ғов), «Тіл жа­ры­сы» (Орын­бор, 1911) жи­на­ғын­да бе­ріл­ген ма­қа­ла­сы ана ті­лі­нің та­за­лы­ғы, тіл­ді шетел сөз­де­рі­мен орын­сыз шұ­бар­ла­мау мә­се­ле­сі­не бай­ла­ныс­ты «Тәр­жі­ман» га­зе­тін­де жа­рия­лан­ған Қа­зан­лы Ғи­яс әпен­ді­нің пі­кі­рін қол­дап жа­зыл­ған. «Біз­дің ойы­мыз­ша, ана ті­лі­міз ал­ға бас­сын де­сек, ең жақ­сы­сы атақ­ты бас­шы Ри­за, Фа­тих, Мұ­са әпен­ді­лер си­яқ­ты жа­зу­шы­ла­ры­мыз өз сөз­де­рі­не бір де шетел сө­зін кі­ріс­тір­мей сөй­леу­ге әдет­тен­сін. Ше­шен­дік сөз­дер­ді шетел сөз­де­рі­мен шұ­бар­ла­ма­сын. Өй­тпейін­ше, ха­лық­қа біз сө­зі­міз­ді же­ңіл тү­сін­дір­дік деп ай­та ал­май­мыз»1, — дей­ді Ғұ­мар Қа­раш. Ал, «Шо­ра» жур­на­лын­да жа­рия­лан­ған ма­қа­ла­ла­ры­на мұ­сыл­ман ді­ні­нің ру­ха­ни өр­леу­де­гі ма­ңы­зы, иман­ды­лық пен ар-ож­дан та­за­лы­ғы ар­қау бол­ған.

«Ар-ож­дан — се­нім­нің өл­ше­мі» ма­қа­ла­сын­да (тү­рікшеден ауд. М.Ша­фи­ғов): «Адам­зат ба­ла­сы бойын­да­ғы ең қа­жет­ті се­зім — ар-ож­да­ны. Ар-ож­дан­ның не­гіз­гі мақ­са­ты — ақ­тық пен на­қақ­ты анық айы­ру, бір нәр­се­ні өті­рік мақ­та­мау, не оны жал­ған жа­ман­да­мау...

Де­мек, әр­бір жағ­дай­да да ар-ож­дан би­ік тұ­руы ке­рек. Сон­да ға­на оның қа­сие­ті жо­ға­ры бол­мақ»1, — деп ар-ож­дан қа­сие­тін би­ік қоя­ды. Ақын­ның мұн­да­ғы ой-тол­ға­мы Хаз­рет пай­ғам­бар ға­лай­һыс­са­лам­ның ар, ұят­қа бай­ла­ныс­ты бұйыр­ған Ха­дис­те­рін­де­гі адам­гер­ші­лік қа­ғи­да­ла­ры­мен ұш­та­сып жа­тыр деу­ге бо­ла­ды. Ха­ли­фа Ал­тай атап өт­ке­нін­дей, «Ис­лам ді­нін­де де әдеп­ті­лік­тің, ұят­ты­лық­тың елеу­лі ор­ны бар. Сон­дық­тан мұ­сыл­ман адам­дар­дың ар, ұят­қа ие бо­луы шарт. «Ұят тұр­ған жер­де иман тұ­ра­ды» де­ген ма­қал тек­ке ай­тыл­ма­ған. Ар, ұят тұр­ған жер­де әдеп те тұ­ра­ды. Адам­нан ұят кет­се, ар­сыз бо­ла­ды. Ар­сыз адам әр нәр­се­ге ұры­на­ды. Кө­рін­ген­ге тіл ти­гі­зе­ді, ұят­сыз адам өзін­де ар-ұят бол­ма­ған­дық­тан, бас­қа­ның на­мы­сын қор­лау­дан тар­тын­бай­ды. Оның үшін хаз­рет пай­ғам­ба­ры­мыз ға­лай­һыс­са­лам ұят­қа бай­ла­ныс­ты көп­те­ген Ха­дис бұйыр­ған»2.

Ғұ­мар «Дін Ис­лам­ның жақ­сы­лық­та­ры жай­лы Яхут пай­ғам­бар­ла­ры­ның көз­қа­рас­та­ры» ма­қа­ла­сын­да (та­тар­ша­дан ауд. М.Ша­фи­ғов): «Ша­ри­ғат пен дін­ге бай­ла­ныс­ты көп­те­ген ең­бек­тер­де ис­лам ді­ні­нің не­гі­зі Құ­ран Кә­рим мен Ха­дис екен­ді­гі аян. Ис­лам ді­ні­нің бұл не­гіз­де­рі ғы­лым ре­тін­де мойын­дал­ған. Шын­ды­ғын­да, ис­лам ді­ні бұл дү­ние ту­ра­лы да, ол дү­ние ту­ра­лы да жи­нақ­тап, ба­сын қос­қан дін. Осы­лай деп тү­сін­ге­ні­міз дұ­рыс. Сол се­беп­тен ис­лам ді­ні­нің тек ахи­рет үшін ға­на емес, бұл дү­ние үшін де ма­ңы­зы бар»1 де­ген ке­ле­лі тол­ға­ны­сы­мен дін­нің қо­ғам­дық іл­гер­леу­де­гі мә­нін ұғын­ды­ра­ды. Мұ­ның өзі дін мен ғы­лым­ды қа­тар ұс­тау ба­ры­сын­да ке­мел адам, ке­мел қо­ғам ор­на­ту­ды көз­де­ген ақын­ның ел мұ­ра­ты­мен ас­та­сып жат­қан жә­дит­шіл­дік, ми­ләт­ші­лік ұс­та­ны­мын көр­се­те­ді. Ға­лым Тұр­сын Жұр­тбай­дың «Ис­ла­ми­ят пен түр­кі та­ри­хын­да­ғы жә­дид­ші­лер­дің за­ман сах­на­сы­на шы­ғуы кез­дей­соқ құ­бы­лыс емес. Дін та­ри­хы — та­ным та­ри­хы. Ал та­ным­да то­қы­рау бол­мау­ға ти­іс­ті. Ол да адам­зат­тың да­му са­ты­сы­мен қо­са жа­ңа бас­пал­дақ­қа кө­те­рі­ліп, қо­ғам­ның іш­кі заң­ды­лы­ғы­на бай­ла­ныс­ты ба­ғыт-бағ­да­рын анық­тап, уағы­зын со­ған орай жүр­гі­зуі па­рыз»3 де­ген пі­кі­рі түр­кі әле­мін­де­гі осын­дай ке­мел іс­те Ғұ­мар Қа­раш­тың да би­ік тұ­ғы­ры бар деу­ге не­гіз бо­ла­ды.

«Шо­ра» жур­на­лын­да Ғұ­мар­дың со­ны­мен қа­тар «Әйел­дер ха­қын­да» (тү­рік­ше­ден ауд. М.Ша­фи­ғов), «Қа­зақ­тар ха­қын­да» (тү­рік­ше­ден ауд. М.Ша­фи­ғов) ма­қа­ла­ла­ры да жа­рия­лан­ған. Мы­са­лы, «Әйел­дер ха­қын­да» ма­қа­ла­сын­да Ре­сей мұ­сыл­ман­да­ры әйел­де­рі­нің не­ке мә­се­ле­сі қа­рас­ты­ры­ла­ды. Ақын ер­лі-зайып­ты­лар­ды сый­лас­тық­қа, жа­ра­сым­ды от­ба­сы бо­лу­ға ша­қы­ра­ды. Өз пі­кі­рін Құ­ран Кә­рим­де­гі Рум сү­ре­сі не­гі­зін­де та­ра­тып, «Құ­ран Кә­рим­нің Рум сү­ре­сін­де үй-іші, семья ту­ра­лы анық ай­тыл­ған. Он­да: «Не­ке­лі семья кі­шігі­рім қо­ғам, он­да­ғы ер, әйел, ба­ла-ша­ға, үй-іші мү­ше­ле­рі­нің қа­лып­тас­қан әдет-дәс­тү­рі бо­ла­ды. Бә­рі де со­ған ба­ғы­на­ды» де­лі­не­ді. Ба­ха­ра, ни­са сү­ре­ле­рін­де семья, не­ке ха­қын­да то­лық ай­тыл­ған.

Қа­зір­гі уақыт­та ауқат­ты адам­дар көп әйел ала­ды. Ег­дер­ген ша­ғын­да ха­лі кел­мей, бір-бі­рін бас­қа­ра ал­май­ды. Сөй­тіп, ба­ла-ша­ға иесіз қа­ла­ды. Құ­ран­да ру­ха­ни һәм ма­те­ри­ал­дық жа­ғы­нан мүм­кін­ді­гі бол­ған­да ға­на көп әйел алу­ға бо­ла­ды дей­ді. Әй­тпе­се, ба­ла-ша­ға мен әйел­дер­дің оба­лы­на қа­ла­ды. Семья ер адам­ға ба­ғы­нуы ке­рек. Ал, ер адам — семья ба­сы үй-ішін асы­рап, жел­ді­ру­ге, ру­ха­ни, ма­те­ри­ал­дық жа­ғы­нан қам­та­ма­сыз ету­ге мін­дет­ті»1, — деп от­ба­сы­ның бе­ре­ке-бір­лі­гі­не жә­не көп әйел алу мә­се­ле­сі­не қа­тыс­ты па­ра­сат пайы­мы­на же­те­лей­тін ой біл­ді­ре­ді.

«Өті­ніш» («Не­ке ту­ра­лы») ма­қа­ла­сын­да (тү­рік­ше, та­тар­ша­дан ауд. М.Ша­фи­ғов) әйел­дер­дің от­ба­сы мен қо­ғам­да­ғы оры­нын, әлеу­мет­тік тең­ді­гін өт­кір кө­те­ріп, «шын мә­нін­де әйел­дер құ­қын қор­ғай­тын әділ қа­зы­лар жоқ. Сол се­беп­тен он — он бес, тіп­ті жи­ыр­ма жыл бір­ге тұр­ған жұ­бай­лар­дың ай­ры­лы­суы осы жай­лар­дың жол­ға қойыл­мауынан. Сол үшін осын­дай адам­дар­дың көз жа­сын ес­ке­ре­тін әділ ша­ра ке­рек. Мі­не, осы мә­се­ле тө­ңі­ре­гін­де бас­па бе­тін­де сөз қоз­ғау қа­жет деп бі­лі­мін»1, — деп адам­гер­ші­лік із­гі қа­си­ет­тер­ге ша­қы­ра­ды, әйел құ­қын қор­ғау­ды заң не­гі­зін­де ше­шу ту­ра­лы жа­ңа­шыл ұсы­ныс жа­сай­ды.

«Қа­зақ­тар ха­қын­да» (тү­рік­ше­ден ауд. М.Ша­фи­ғов) ма­қа­ла­сын­да «Қа­зақ­тар құ­рып ке­те ме?» де­ген мә­се­ле­ге орай түр­лі пі­кір қай­шы­лы­ғы­на бай­ла­ныс­ты ту­ын­да­ған жай­тке өз көз­қа­ра­сын біл­ді­ре­ді. Атал­ған мә­се­ле­ге қа­тыс­ты та­ра­зы ба­сын тең ұс­тап ой біл­ді­ру­ді орын­ды ес­кер­те­ді. «Бір ұлт­тың тағ­ды­ры жө­нін­де әң­гі­ме бол­ған­да, сол ұлт­тың ру­ха­ни әдет-ғұ­рып­та­ры жа­ғын да қам­ти жа­зу ке­рек. Со­нан кейін ба­рып сол ұлт ту­ра­лы байып­тау ай­тса бо­лар (мә­се­лен, қа­зақ ту­ра­лы Ғаб­дул-ға­зиз Мұ­са, Мір­жа­қып Ду­ла­тов­тар си­яқ­ты).

Егер бір ұлт­ты оның ті­лі мен әде­бие­ті­мен бір­ге жер­ге кө­міп, оның аруа­ғы­на Ясин Ша­риф­ті оқи­тын бол­са, «сау бол, ұлт», «сау бол, тіл», «сау бол, әде­би­ет» дей­сің де ке­те бе­ре­сің. Ме­нің­ше, «Қа­зақ­тар құ­рып ке­те ме, жойы­ла ма?» де­ген ма­ғы­на­сыз сұ­рақ­ты қою­шы­лар осы­ны көк­сеп отыр. Олар зар­лау­дан бас­қа­ны біл­мей­ді. Бұл сұ­рақ­тың мақ­са­ты қа­зақ­тар жо­ға­ла­ды деу ар­қы­лы оның бас­қа өмір­шең­дік жа­ғы­на көз жі­бе­ре ал­май­ды, мән бе­ре ал­май­ды»1 деп ұлт тағ­ды­ры­на, оның бо­ла­ша­ғы­на де­ген ни­ги­лис­тік бір­жақ­ты көз­қа­рас­ты те­ріс­тей­ді. Отар­шыл­дық қы­сым­да­ғы қа­зақ тағ­ды­ры­на «Тәр­жі­ман» га­зе­тін­де жа­на­шыр­лық пі­кір ай­тқан Гас­прин­ский­дің «Қа­зақ­тар бү­гін­нен бас­тап тез ара­да аға­ру, мә­де­ни­ет жо­лы­на кі­ру­ге асық­па­са, көш­пе­лі бә­дәуилік­ті тас­тап, оты­рық­шы­лық­қа ай­нал­ма­са, құ­нар­лы жер­ле­рі­нен ай­ры­ла­ды. Сөй­тіп, олар­дың бо­ла­шақ­та құ­рып ке­ту қау­іпі бар» де­ген байып­тауын Ғұ­мар қос­тай бер­мей­ді. Оған «бұл сөз­дің де шын мә­ні ұл­тқа үрей ту­ғы­зу. Ал, шын мә­нін­де дү­ние­де қа­зақ­тан да тө­мен ұлт­тар бар, олар өмір сү­ріп жа­тыр, олар­дың құ­рып ке­ту қауі­пі жоқ»1 де­ген сын­шыл­дық көз­қа­ра­сын біл­дір­ген­де қа­лам қай­рат­кер­ле­рін құр сөз­бен ға­на емес, нақ­ты іс­пен ұлт­ты құр­дым­нан алып шы­ғар жұ­мыс­қа кө­шуі қа­жет­ті­гін ес­кер­те­ді. Жә­не де сол тұс­та қа­зақ мек­теп­те­рін­де­гі бі­лім бе­ру мен оқы­ту­ды ана ті­лін­де, әл­де та­тар ті­лін­де жүр­гі­зе­міз бе де­ген дау­лы мә­се­ле­ге қа­тыс­ты да өзі­нің прин­цип­ті ұс­та­ны­мын біл­ді­ре­ді. Бі­рін­ші­ден, бұл іс­пен ұлт ті­лі ма­ман­да­ры шын­дап ай­на­лыс­қа­ны жөн де­се, екін­ші­ден, бас­тауыш бі­лім­ді әр ұлт өзі­нің ана ті­лін­де алуы ке­рек деп түйе­ді.

«Ай­қап» жур­на­лын­да­ғы ма­қа­ла­ла­ры, со­ның ішін­де «Тіл — әде­би­ет» (1912) ма­қа­ла­сы, Ғұ­мар­дың мил­ләт­шіл­дік ұс­та­ны­мын та­ны­ту­мен қа­тар, ұлт­тың ұлт бо­лып қа­луы үшін ана ті­лі­нің, әде­бие­ті­нің ма­ңы­зын те­рең тал­дауымен жә­не осы іс­тер­де ат­қа­ры­лар, қол­ға алы­нуы ти­іс­ті мә­се­ле­лер­ді нақ­ты қа­рас­ты­руы­мен құн­ды.

ХХ ға­сыр ба­сын­да­ғы ұлт ру­ха­ния­тын­да тіл мә­се­ле­сі өт­кір қойы­лып, қан­дай да бол­ма­сын ха­лық­тың жа­сам­паз­ды­ғы­ның бас­ты өл­ше­мі деп қа­рал­ды. Қа­зақ зия­лы­ла­ры отар­лан­ған елі­нің ер­тең­гі тағ­ды­рын азат­тық-бос­тан­дық ұғым­да­ры­мен бай­ла­ныс­тыр­ған­да тіл мен әде­би­ет­тің ұлт­тық бол­мыс­ты сақ­тау­да­ғы жә­не өз­ге­лер­мен те­ңе­лу­де­гі ма­ңы­зын ай­рық­ша се­зін­ді. Сон­дық­тан да осы мә­се­ле­де ұлт зия­лы­ла­ры қа­та­рын­да ал­ғаш қо­ғам­дық пі­кір­ді оятып, әлеу­мет са­на­сы­на тіл құ­ді­ре­ті­нің ма­ңы­зын сі­ңі­ру­де Ғұ­мар ерек­ше ыж­да­хат та­ныт­ты.

«Бір кеу­де — пен­де­нің дү­ние­де жа­сауы, бар бо­лып тұ­руы үшін жан — рух ке­рек. Бір ха­лық, бір ел­дің де дү­ние­де бір мил­ләт, ел бо­лып жа­сауы, тір­лік етуі үшін тіл ке­рек, әде­би­ет ке­рек. Жан­сыз кеу­де дү­ние­де жа­сай ал­мас, ші­ріп, то­пы­рақ­қа ай­на­лып жоқ бо­лар! Ті­лі, әде­бие­ті бол­ма­ған мил­ләт­тің де тап сол жан­сыз кеу­де­ден айыр­ма­сы бол­мас, өзі­не айы­рым әде­бие­ті бол­ма­ған мил­ләт­тер де дү­ние­де жа­сай ал­мас»4 деп ұлт пен ұлт­тық рух жа­сам­паз­ды­ғын тіл­ді сақ­тау тұр­ғы­сы­нан тү­сін­ді­ре­ді. Ал, өзі­нің ана ті­лін ұмы­тып, өз­ге тіл­ге құл бол­ған ел­дің бо­ла­ша­ғы қа­раң жә­не де бас­қа ха­лық­қа сі­ңі­сіп ұлт­тық си­па­ты­нан айы­ры­ла­ты­нын, тіп­тен жоқ бо­лып ке­те­ті­нін те­рең­нен зер­де­лей­ді.

Әсі­ре­се, ұлт­тық тә­лім-тәр­бие­де жас ұр­пақ­ты ана ті­лін ар­дақ­тау­ға, өз ті­лі­нің қа­сие­тін бойы­на сі­ңі­ріп өсу­ге жә­не тіл бас­ты қа­си­ет бо­лып та­бы­ла­ты­нын ата-ана­ның қа­шан да ес­ке­руі­не ой са­ла­ды. «Ба­ла­ла­ры­на жас­тан өз ті­лін жақ­сы үй­рет­пе­ген, олар­дың кө­ңіл­де­рі­не құ­ры өгей ана си­яқ­ты тәр­бие ет­кен мил­ләт те ке­ле­шек­те ба­ла­ла­ры­нан өзі­нің қыл­ған жақ­сы­лы­ғы, бер­ген тәр­бие­сі дә­ре­же­сін­де ға­на ха­қы алар, жақ­сы­лық­ты кө­рер. Ба­ла­ла­ры да оған өгей ана­ға қа­ра­ған көз­бен қа­рар. Мил­ләт пен ба­ла­ла­ры ара­сын­да­ғы бұл ала­көз­дік, ша­фе­ғат­сыз­дық мил­ләт­тің... ақы­рын­да бі­туі­не се­беп бо­лар» деп ұғын­ды­ра­ды. Бұл рет­те жә­дит­шіл­дік­тің не­гі­зін қа­ла­ған та­тар хал­қы­ның пер­зен­ті Мар­жа­ни­дің «Өзі­нің ді­нін, ті­лін, елін біл­ген­дер ға­на орыс­ша оқы­са, ол жақ­сы. Оны біл­мей орыс­ша оқы­са, онан қайыр кү­ту қи­ын»3 де­ген ұлт­тық са­на­ға қоз­ғау са­лар пі­кі­рі­мен үн­дес өріл­ген Ғұ­мар мақ­са­ты да ту­ған хал­қын сон­дай қа­сі­рет­тен сақ­тан­ды­ру бо­лып та­бы­ла­ды.

Ақын отар­шыл ел­дер сая­са­ты­ның бас­ты мақ­сат­та­ры­ның бі­рі — өзі­не бо­дан ха­лық­ты ті­лі­нен, әде­бие­ті­нен айы­ру еке­нін «...Бұл за­ман­да бір мил­ләт өзі­нен күш­сіз бол­ған екін­ші мил­ләт­тің мил­ләт­ті­гін ті­лі­не, оған ке­тік жа­сайын де­се ең ал­ды­мен ол бей­ша­ра мил­ләт­тің ті­лі­не, әде­бие­ті­не бал­та ша­ба­ды» де­ген тол­ға­ны­сы­мен тү­сін­ді­ріп, тіл мен әде­би­ет­ті сақ­тау жо­лын­да ру­хы мық­ты ұлт «тіл уа әде­бие­тін жо­ғал­тпас үшін жа­нын да пи­да етер» деп зер­де­ле­ді.

Тіл — әде­би­ет — ға­лам­да­ғы бар­лық ғы­лым — бі­лім­нің, дін мен мә­де­ни­ет­тің асыл қа­зы­на­сы, адам­зат да­муы­ның те­ті­гі еке­нін са­ра­лай ке­ліп, қа­зақ хал­қы­ның да ана ті­лін, әде­бие­тін сақ­тауы бар­ша­ның бо­ры­шы жә­не мін­де­ті деп түйе­ді.

Ғұ­мар түр­кі тіл­дес ел­дер­дің ішін­де­гі қа­зақ ті­лі­нің ерек­ше­лі­гін «ес­кі һәм сөз­дік­ке бай, ес­кі бол­ған­ды­ғы үшін де бек саф, на­ғыз тіл екен­ді­гі жұр­тқа мағ­лұм» дей ке­ле, ен­ді­гі ке­зек­те әде­би ті­лі­міз­ді да­мы­ту мә­се­ле­сі­не қа­тыс­ты «әде­би жа­ғы­нан қа­ра­ған­да ті­лі­міз­дің олар­дың тіл­де­рі­нен арт­та екен­ді­гін­де ің­кәр ай­тып бол­май­ды» де­ген сын­дар­лы пі­кір ай­та­ды.

Ақын «Ай­қап» жур­на­лын­да­ғы ма­қа­ла­ла­рын­да («Ах­мет Жан­та­лин­ге жауап» «Әри­не, кү­нел­ту ту­ра­сын­да») құ­нар­лы жер­ге ие бо­лып қа­лу үшін оты­рық­шы бо­лу, қа­ла са­лып мә­де­ни­ет кө­ші­не ілі­гу си­яқ­ты іл­гер­шіл ба­ғыт­ты қол­да­ды. Мы­са­лы, «Ах­мет Жан­та­лин­ге жауап» ма­қа­ла­сын­да: «... Көш­пе­лі ха­лін­де жү­ріп қа­зақ жұр­ты еш­бір уақыт­та, өнер­лі, бі­лім­ді ел бол­май­ды, бі­лім­сіз ел тең­дік тап­пай­ды. Өз хал­қын өзі сақ­тай ал­май­ды — оған ит­те жау, құс­та жау, оның ен­ші­сі­не ду­шар өза­ра бө­лін­ген­дік, бә­се­ке, ара­лас отыр­ған бі­лім­ді жұр­тқа құл бо­лу — жұ­ты­лу, ақы­ры ді­ні, кү­ні­нен бір­дей айы­ры­лып, сым­пи­ып, құ­ру, жоқ бо­лу­дан бас­қа нәр­се ти­мей­ді» деп өз мақ­са­тын ай­қын жет­кі­зіп, ұлт ре­тін­де жойы­лып кет­пеу­ден сақ­тан­дыр­ды.

ХХ ға­сыр ба­сын­да­ғы ұлт зия­лы­ла­ры­на ха­лық ал­дын­да өтел­ме­ген па­ры­зын ерек­ше се­зі­ну, жұрт жұ­мы­сын жұ­мы­ла ат­қа­ру жә­не ел­дік үшін жан-тә­ні­мен қыз­мет ету қа­си­ет­те­рі тән. Осы жа­ғы­нан ал­ған­да қа­зақ бас­па­сө­зі та­ри­хын­да ай­рық­ша із қал­дыр­ған «Қа­зақ­стан» (1911–1913) га­зе­тін шы­ға­ру ісін­де Ғұ­мар Қа­раш Ш.Бө­ке­ев, Б.Қа­ра­та­ев, Е.Бұй­рин, Ғ.Мұ­са­ға­ли­ев, А.Мә­ме­тов сын­ды ұлт зия­лы­ла­ры қа­та­рын­да қа­жыр­лы қыз­мет ат­қар­ды. Он­да кө­те­ріл­ген мә­де­ни, сая­си мә­се­ле­лер қа­зақ­тың ір­ге­лі ел бо­лу­ын көз­де­ді. Бұл рет­те Ғұ­мар­дың «Га­зет де­ген не зат», «Тір­ші­лік та­ла­сы», «Бұ қай за­ман?», «Ха­лық­қа та­ғы бір мәс­ли­хат», «Әр­кім өз жү­рі­сі­нен құл бо­ла­ды», «Бұ­лай мәс­ли­хат», «Қа­лай ор­на­ла­су ке­рек», «Ха­лық­ты ояту үшін не ке­рек?», «Жас­тар­ға», «Тән­сіз жан жоқ» ма­қа­ла­ла­ры «Қа­зақ­стан» ба­сы­лым­ның бас­ты ба­ғы­тын ай­қын­дай­ды.

Ақын ба­сы­лым­ның ал­ғаш­қы са­нын­да бе­ріл­ген «Га­зет де­ген не зат» ма­қа­ла­сын­да «Біз­ді бір ни­ет, бір ті­лек­ке жия­тұ­ғын зат га­зит, со се­беп­ті га­зит біз­дің бас­шы­мыз, га­зит біз­дің дә­ріс­тер ал­дын­да көр­ге­ні­міз. Дұс­пан­дар­ға қар­сы құ­ра­лы­мыз. Га­зит біз­дің біл­ме­ге­ні­міз­ді көр­се­те­тін ұс­та­зы­мыз. Га­зит біз­дің қа­раң­ғы­да жа­рық бе­ріп, тұ­ру жол­ға са­ла­тын шам шы­ра­ғы­мыз! Біз­дің қа­зақ ба­ла­ла­ры­на бұ­ның қа­ді­рін бі­ліп, ор­та­мыз­да жан­ған бір шам­ның сөн­беуіне ті­лек­ші бо­лу, аз ақ­ша­ны аямай жа­зы­лып, алып оқу па­рыз»5, — деп жаз­ды. Сол ар­қы­лы га­зет­тің ми­рас етіп ұс­та­нар шам­шы­рақ еке­нін байып­тап, әлеу­мет па­ры­зын да ек­ше­ді.

«Тір­ші­лік та­ла­сы» ма­қа­ла­сын­да то­лас­сыз тір­ші­лік ағы­сын­да­ғы қа­зақ­тың бей­қам­ды­ғы­на тоқ­та­ла оты­рып, Ғұ­мар за­ма­на ағы­мы­на сай өз­ге­ру қа­жет­ті­гін, қам­сыз ел­дің ен­ді­гі кү­ні қа­раң, бо­ла­ша­ғы бұл­дыр еке­нін ес­кер­те­ді. Жер бе­тін­де­гі бар­ша тір­ші­лік иеле­рі­нің бі­рін-бі­рі жеп, бі­рін-бі­рі та­ла­ған ар­сыз тір­ші­лі­гі­не үңі­ле ке­ле, қа­зақ­тың сон­дай мүш­кіл ха­лі­не әлеу­мет кө­зін жет­кі­зу­ді мақ­сат ете­ді.

«Тір­ші­лік та­ла­сы де­ген сөз сон­дай бір та­лас, же­ңіл­ген­ге ра­хым ету жоқ: же­ңіл­ген­нің кү­ні қа­раң. Адам ба­ла­ла­ры­ның ара­сын­да­ғы тір­ші­лік та­ла­сы мен хайу­ан­дар ара­сын­да­ғы та­лас­тың қат­ты­лық, ра­қым­сыз­дық жа­ғы­нан айыр­ма­ла­ры жоқ. Бір айыр­ма­сы сол: хайу­ан­дар тіс-тыр­на­ғын жұм­са­ған­да, адам ба­ла­ла­ры бір-бі­рі­не кө­бі­рек ақыл қа­ру­ын жұм­сай­ды»1, — деп адам ба­ла­сы­ның ақыл-ойы ен­ді­гі кез­де із­гі­лік­ке емес, қайы­рым­сыз­дық­қа бет алуы­нан үрей­лен­ген ақын қа­зақ тір­ші­лі­гі­нің мақ­са­ты — на­дан­дық­тан ары­лу жә­не аға­ру ар­қы­лы те­ңе­лу де­ген ұран кө­те­ре­ді.

«Ғы­лым, өнер иесі адам­дар, яки ха­лық­тар тір­ші­лік та­ла­сын­да үс­тем бо­лып, на­дан, өнер­сіз қал­ған­дар әр­түр­лі кем­ші­лік­те ғұ­мыр ке­ші­ру­мен жар­лы­лық, су құйыл­ма­ған те­рек­тей бо­лып қу­рап, ақы­рын­да дү­ние жү­зін­де өзі тү­гіл ата­ғы да қал­май­ды»1 де­ген тол­ға­ны­сын­да да қай­рат­кер­дің ха­лық қа­мын же­ген ке­мел ой­ла­ры жа­тыр. Бұл жер­де Ғұ­мар ха­лық­тың же­рі­нен айы­ры­луы, ке­дей­ле­нуі, азып-то­зуы си­яқ­ты әлеу­мет­тік өмір­дің шын­ды­ғын жан-жақ­ты тал­дай ке­ле, мұ­ның бә­рі на­дан­дық­тан ту­ын­дап отыр­ған қа­сі­рет дей­ді. Сол се­беп­ті ақын қо­ғам ін­де­ті­не ем із­де­ген­де бұ­рын­ғы құр­дым­ға ке­ті­рер ке­рі­тар­тпа өмір үр­ді­сі­нен ары­лып, ояну қа­жет­ті­гін «егер ұй­қы­мыз­дан бас кө­тер­мей бұ­рын­ғы­ша жа­та бер­сек, шек­сіз тез за­ман­нан дү­ние­жү­зі­нен көш­пек­піз. Сол се­беп­ті, дү­ние­жү­зін­де қал­ғы­мыз кел­се, адам ба­ла­сын ғәй­ри жан иесі­нен бір адам­ды бір адам­нан ар­тық ет­кен ғы­лым, өнер үй­ре­ніп, өзі­міз­ден іл­ге­рі кет­кен ха­лық­тар­мен қа­тар­ла­су­ға та­лап ету ти­іс»1 деп тұ­жы­рым­дай­ды.

Қан­дас­та­ры­ның са­на­да­ғы то­ма­ға тұйық­тық­тан, жал­қау­лық­тың өз же­рін­де қор­лық өмір, құл­дық күй ке­шіп отыр­ға­нын «Ата-ба­ба­дан ке­ле жат­қан жал­қау­лық­ты тас­тап, тәуекел ер­дің жол­да­сы деп ғы­лым, өнер­дің жо­лы­на тү­сіп, бү­тін жұрт үлес алып жат­қан дү­ние­ден біз­ге де үле­сі­міз­ден алу ке­рек. Ұй­қы­мыз­ды аш­пай, қа­рап жат­қан­нан тап­қан жүл­де­міз көз ал­ды­мыз­да: Еділ бар­сақ та, Жайық бар­сақ та жер үй­де кү­тір ба­ғып отыр­ған қа­зақ ба­ла­сын кө­ре­сің, қа­зақ ішін­де мұн­дай қор­лық­та жүр­ген шет жұрт­ты көр­мей­сің. Жо­ға­ры­да ай­тыл­ған тір­ші­лік та­ла­сы­ның ғы­лым-өнер­ден құр қал­ған­дар­ға көр­се­те­тұ­ғы­ны осы»1 деп нақ­ты өмір шын­ды­ғын күйі­не жа­за­ды. Мұн­дай мү­сә­пір күй­ден, мүш­кіл хал­ден ары­лу үшін, бі­рін­ші­ден, жас­тар­ға өз­ге оз­ған ел­дің ба­ла­ла­ры­нан кем бол­мас­тай ғы­лым-өнер үй­ре­ту қа­жет, екін­ші­ден, адас­қан ха­лық­қа дұ­рыс ба­ғыт-бағ­дар бе­рер бас­шы­лар­дың өзі үл­гі-өне­ге бо­ла­тын­дай ада­ми кейіп­те бо­лу­ла­ры шарт. Тек сон­да ға­на қай­ран­ға кет­кен ел­дің тұр­мы­сы дұ­рыс­та­лып, да­му ба­ғы­ты нақ­ты бол­мақ.

Озық ой­лы те­рең бі­лі­мін ел игі­лі­гі­не жа­ра­ту­ды ға­на мұ­ра­ты деп біл­ген Ғұ­мар ха­лық­тың ір­ге­лі ел бо­луы­на қа­жет­ті ал­ғы шарт­тар­ды қай ма­қа­ла­сын­да бол­ма­сын өзек­ті та­қы­рып етіп ал­ды. «Бұ қай за­ман?» ат­ты ма­қа­ла­сын­да да ғы­лым-бі­лім­нің ма­ңы­зы бас­ты та­қы­рып же­лі­сін құ­рай­ды. «Же­ті жұрт­тың ті­лін біл, же­ті түр­лі өнер біл» деп біл­ген Алаш пер­зент­те­рі­не әлем­нің озық бі­лі­мі­мен қа­ру­ла­нып, тір­ші­лік та­ла­сын­да ша­маң кел­ген­ше хал­қы­ңа пай­да кел­тір дей­ді. Осы жол­да­ғы ке­рі­тар­тпа­лық­ты, ді­ни та­ным­да­ғы та­яз­дық­ты орын­ды ес­кер­те­ді. Қа­ғи­да­ға ай­нал­ған қа­саң қа­те­лік­тер­ден шын­дап арыл­майын­ша кү­нің қа­раң, тағ­ды­рың бұл­дыр деп түйе­ді. Бұ­ған «Біз­де та­ғы да бір қа­те пі­кір бар: орыс­ша деп ғы­лым­ды жек кө­ре­ді. Бұл да қа­те бол­сын. Не­ге де­се­ңіз? — Ғы­лым­ды орыс­ті­кі, мұ­сыл­ман­ді­кі деп айы­ру­ға жол-ақ тек дін ғы­лы­мын оқы­ған­да ға­на. Әм­ме оқу, яғ­ни: қи­сап, жа­ғы­ра­пия, ха­ки­ми­ят (пра­во), эн­да­са (ин­же­нер­лік), тауарих (та­рих), тэ­биб (дә­рі­гер­лік), хе­мия (хи­мия), зи­ра­ғат (ауыл ша­руа­шы­лы­ғы), ти­жа­рат (сау­да) се­кіл­ді пән­дер­де еш те орыс­тық, мұ­сыл­ман­дық, яки ба­ян етіл­ген қа­ғи­да­лар­дың ма­ғы­на­сын бі­ліп, қол­да­нып, адам ба­ла­ла­ры­на түр­лі жақ­тан пай­да кел­ті­ру бо­ла­ды» де­ген пі­кі­рін мы­сал­ға кел­ті­ру­ге бо­ла­ды.

Адам­зат игі­лі­гі­не өз жұр­ты­ның да ор­тақ бо­лу­ын «Бұ­лар­ды ға­раб­ша оқып біл, фар­сы­ша оқып біл, тү­рік­ше оқып біл, ия бол­ма­са фран­цуз­ша, не­міс­ше, орыс­ша оқып біл — бә­рі­бір тек ма­ғы­на­сын жақ­сы біл де ха­лық­қа пай­да кел­тір» деп нақ­ты бағ­дар жо­лы­на нұс­қай­ды, ке­ле­лі ке­ңес бе­ре­ді.

«Ха­лық­ты ояту үшін не ке­рек?» деп өзек­ті та­қы­рып­та­ры­мен ты­ғы­рық­тан шы­ғар жол нұс­қа­ған Ғұ­мар «Қа­зақ» га­зе­ті­нің де қол­дау­шы­сы жә­не мұ­рат­та­сы бол­ды. Осы га­зет­тің жа­рық кө­руі­нің Алаш жұр­ты үшін ма­ңы­зын «Сүйін­ші» өле­ңі­мен әдіп­те­ген ақын ел өмі­рі­нің сая­си-әлеу­мет­тік мә­се­ле­ле­рі­не Алаш зия­лы қауымы қа­та­рын­да үне­мі ат са­лы­сып отыр­ды. Со­ның ішін­де жер, муф­ти­лік, дін, оқу мә­се­ле­сі­не ар­нал­ған ма­қа­ла­ла­ры­мен қа­зақ жо­ғын тү­ген­деу­де ха­лық са­на­сы­на қоз­ғау сал­ды.

«Заң мә­се­ле­сі» (Шар­ғи мә­се­ле) ма­қа­ла­сын­да орыс ті­лін­де оқи­тын оқу­шы­лар­ға қа­ра­жат қа­лай жи­на­ла­ты­ны ба­ян­да­лып, Ха­ми­дол­ла Нау­бе­тов­тың осы мә­се­ле­ге бай­ла­ныс­ты біл­дір­ген тү­сін­беу­ші­лі­гін та­ра­та жа­зып, ша­ри­ғат за­ңын бұр­ма­ла­май, құр­бан­дық ша­лу­ға орын­сыз шы­ғын­дан­бай ұлт игі­лі жә­не ел ер­те­ңі иман­ды жас­тар­ды оқы­ту­ға қар­жы­лай кө­мек­тен аян­бау ке­рек­ті­гін ис­лам ді­ні құн­ды­лық­та­ры не­гі­зін­де дә­лел­дей­ді. «... Ал­ла­ға ша­лын­ған мал­дың еті, қа­ны жет­пей­ді, бәл­ки ақ ни­ет, адал жү­рек же­те­ді, яғ­ни мал­ды ша­лып қа­нын ағы­зу яки та­бақ­тан етін тар­ту мақ­сұд емес, бәл­ки адам ма­лын-мүл­кін қи­ын жақ­сы күн­дер­де ал­ла жо­лы­на шы­ға­руы мақ­сұд де­ген. Бір­дің емес, көп­тің, жал­пы жұрт­тың, ұлт­тың пай­да­сы­на жа­ра­ған орын­ды. Ал­ла­ның өзі һеш нәр­се­ге мұқ­таж емес. Ен­ді осы за­ман ха­лін, ұл­ты­мыз­дың жайын ой­лап қа­ра­сақ, әл­гі аят­тың көр­сет­кен жо­лы­мен жүр­сек, сол құр­мет­ті із­гі үш күн­де нен­дей орын ти­іс­ті, ұл­ты­мыз­ға пай­да­лы бо­лып, сол ор­ны­мыз­ға ма­лы­мыз­ды сарф ету жа­рай­ды, на­ғыз сауап­ты құр­бан бо­лып мой­ны­мыз­дан тү­се­ді»1. Мұ­сыл­ман ді­ні­нің иман­ды­лық пен ғы­лым — бі­лім иге­ру­де­гі пәр­мен­ді кү­шін «Осы күн­де пай­ғам­ба­ры­мыз ті­рі­ліп, қай­та­дан ара­мыз­ға ке­ліп ха­лы­мыз­ды көр­се, ең әуелі бас­тап өз құр­бан­ды­ғын са­тып біз­дің ғы­лым­ды — өнер­лі бо­луы­мыз, бас­қа ел­дер­ге қа­тар­ла­суы­мыз жо­лы­на жұм­сар еді. Ға­лым­дар пай­ғам­бар­лар­дың жо­лын қуу­шы­лар де­ген сөз бар. Тек айт, жұ­ма­да мін­бе­ге шы­ғып тың­дау­шы­лар тү­сін­бей­тін бір тіл­ме­нен хат­ бе оқу­дан пай­ғам­бар­ға іл­ти­пат та­был­май­ды. Бәл­ки, осын­дай орын­дар­ды ха­лық­қа тү­сін­ді­ріп іл­ге­рі ба­суы­на се­беп­ші бо­лу — әне сол пай­ғам­бар­ға қа­рыз­дық бо­ла­ды»1 деп ұғын­ды­ра­ды. Қайы­рым­ды­лық қо­ғам­дар ашып со­лар ар­қы­лы зе­кет, құр­бан­дық­та­ры­мыз­дың қар­жы­сы­на ме­ктеп-мед­ре­се ашу, мұқ­таж шә­кірт­тер­ді оқы­ту, бі­лік­ті мұ­ға­лім­дер ал­ды­ру, пай­да­лы кі­тап­тар бас­ты­рып та­ра­ту бі­рін­ші па­рыз еке­нін те­рең ек­шей­ді. Мұн­дай тың пі­кір сол тұс­та­ғы оян­ған ұлт­тық са­на­ның Ғұ­мар дү­ние­та­ны­мын­да қан­ша­лық­ты би­ік­ке кө­те­ріл­ге­нін жа­ңа бір қы­ры­нан ай­ғақ­тай­ды деу­ге бо­ла­ды.

«Вар­ша­ва­да қа­зақ сту­дент­тер» ма­қа­ла­сын­да Поль­ша­да бі­лім алып жүр­ген қа­зақ жас­та­ры ту­ра­лы оқыр­ман­дар­ды ха­бар­дар ете­ді. Ав­тор Се­мей об­лы­сы­нан Әшір­бек Ша­лым­бе­ков, Әбіл­мә­жін Кү­ші­ков, Же­ті­су об­лы­сы­нан Қыр­ғы­зи Сұл­та­нов өз күш­те­рі­мен бі­лім алып жүр­ге­ні, ал Тор­ғай об­лы­сы­нан Ах­мет Тұн­ған­шин сти­пен­дия ала­ты­нын ай­тқан­да ел­ден жы­рақ­та жүр­ген қыр пер­зент­те­рі­нің бі­лім алу­да­ғы игі­лік­ті қа­дам­да­ры­ның өз­ге­лер­ге өне­ге­лі де ғиб­рат­ты бо­лар жа­ғын ес­кер­ге­нін бай­қай­мыз.

Га­зет­те ба­сыл­ған «Екі бауыр­ға» (1916) өле­ңін­де та­тар мен қа­зақ­тың дос­тық қа­рым-қа­ты­на­сын жыр­ла­ған ақын ту­ыс­қан ха­лық­тар­дың ара­сын­да тү­сін­бес­тік­тен ту­ын­да­ған ке­лең­сіз­дік­тен ары­лып, қай іс­те бол­ма­сын ор­тақ мақ­сат­та бір­лік­те бо­лу­ын көз­дей­ді.

Ата ай­тқан жат­тық емес «қа­зақ, та­тар»,

Ба­ла­сы бар ана­ның өс­кен қа­тар.

Бі­рік­се жө­ней ба­ра ай­қын жол­да,

Жа­рық таң ал­да­ры­нан жай­нап атар.

Бір жү­ріп, қол ұс­та­сып, са­пар шек­се,

Бауыр­лас жа­қын­дық­тың дә­мін та­тар.

Жа­қын­ды жат­тай кө­ріп шет­ке қақ­са,

«Үйім­ді» ті­лек ет­кен жан­ға ба­тар1.

Мұн­да гу­ма­нист Ғұ­мар­дың мұ­рат-мақ­са­ты бір бауыр­лас ел­дер­ді та­ту­лық пен тұ­тас­тық­қа ша­қыр­ған па­ра­сат пайы­мы, аза­мат­тық кел­бе­ті та­ны­ла­ды.

1914 ж. осы га­зет­те бас­қар­ма аты­нан бе­ріл­ген «Орен­бург, 9 ян­варь» ат­ты ма­қа­ла­да­ғы: «Қа­зақ» га­зе­та­сы көз­де­ген мақ­сұ­ды­на же­ту үшін шық­қан­нан бе­рі күш-қуа­тын жұм­са­ды һәм жұм­са­мақ­шы. Бір жыл­дың ішін­де «Қа­зақ­та» қа­ла­мы­мен қыз­мет ет­кен һәм мұ­нан бы­лай да пай­да­лы қыз­мет­те­рі үміт еті­ліп алаш­қа аты бі­лін­ген бі­лім­ді аза­мат­тар: Ах­мет Бай­тұр­сы­нов, Әли­хан Бө­кей­ха­нов, Мір­жа­қып Ду­ла­тов, док­тор Әбу­бә­кір Ал­дия­ров, док­тор Ар­ғын­ға­зы Пош­та­ев, док­тор Ха­лел Дос­мұ­ха­ме­тов, док­тор Ду­лат­ша Кү­себ­ға­ли­ев, док­тор Бен­ке­вич, при­сяж­ный по­ве­рен­ный Райым­жан Мәр­се­ков, ин­же­нер Мұ­ха­мед­жан Ты­ныш­ба­ев, қа­зақ­шыл Ха­сан­ға­ли, сту­дент Есен­ға­ли Қа­са­бо­ла­тов, ше­жі­ре Шә­кә­рім Құ­дай­бер­дин, Ғаб­дул­ға­зиз Мо­сы, Ғұ­мар Қа­ра­шев, Жұ­ма­ға­ли Ті­леу­лин, һәм бас­қа­лар»6 де­ген іл­ти­пат өсер ел аза­мат­та­ры­ның ор­тақ іс­те­гі жұ­мы­ла ат­қар­ған бе­ре­ке-бір­лі­гін де көр­се­те­ді.

Ғұ­мар Қа­раш ұлт бас­па­сө­зі­нің қо­ғам­дық қоз­ғау­шы күш ре­тін­де­гі әлеу­мет­тік ма­ңы­зын ерек­ше ба­ға­лай оты­рып, оның қан­дай да бол­ма­сын түйін­ді мә­се­ле­ле­рі­не қа­тыс­ты сер­гек үн қа­тып отыр­ды. Ұлт игі­лі­гі үшін ат­қа­ры­лар ма­ңыз­ды іс­тер­дің ұран­шы­сы, ұйыт­қы­сы бо­лу­ды аза­мат­тық па­ры­зы деп біл­ді. Мы­са­лы, 1919 ж. Ор­да­да жа­рық көр­ген қа­зақ­тың тұң­ғыш ғы­лы­ми-пе­да­го­ги­ка­лық «Мұ­ға­лім» жур­на­лын шы­ға­ру­шы­лар ал­қа­сын бас­қар­ды. Ал, осы жы­лы «Дұ­рыс­тық жо­лы» га­зе­ті­нің жан­да­нуы­на үлес қос­ты, өзек­ті та­қы­рып­тар­ды қам­ты­ған «Екеуі екі бас­қа», «Ұлт һәм ту­ған тіл» ат­ты ма­қа­ла­ла­ры­мен кө­рін­ді.

«Екеуі екі бас­қа» ма­қа­ла­сы Ғұ­мар­дың сая­си-әлеу­мет­тік та­қы­рып­та­ғы ой өрі­сі­нің кең­ді­гін, аза­мат­тық бол­мыс-бі­ті­мі­нің ел мүд­де­сі­мен қа­шан­да то­ғы­сып жат­қа­нын әрі өз ұс­та­ны­мы­нан тан­ба­ған көз­қа­ра­сын та­ны­та­ды.

Ақын төң­ке­ріс­тен кейін­гі ала­са­пы­ран ке­зең қай­шы­лы­ғы­на көз жү­гір­тіп, сая­си би­лік жо­лын­да­ғы түр­лі топ­тар ара­сын­да­ғы қан­ды те­ке­ті­рес­тер­де адас­қан қа­зақ­тың әлеу­мет­тік өмір шын­ды­ғын қа­рас­ты­ра­ды. Қа­ра­пайым ха­лық­қа төң­ке­ріс мақ­са­тын, одан өріс­те­ген қым қи­ғаш та­лас-тар­тыс­тар­ды тү­сін­ді­ру­ді мақ­сат ете­ді. Әсі­ре­се, қа­зақ да­ла­сы­на ыла­ңын сал­ған та­лай бас­сыз­дық­тың, жү­ген­сіз­дік­тің та­мы­рын дөп ба­са көр­се­те­ді.

«Ақ мал­та­сын езіп ішіп, алаң­сыз отыр­ған біз­дің қа­зақ жұр­тын ре­во­лю­ция тас­қы­ны ке­ліп, бас­қа еш нәр­се­ге әзір­лен­бе­ген, қар­таң та­рих­тың қа­лай аяқ са­ла­ты­нын бол­жа­ма­ған сор­лы қа­лай ете­рін, қай­да ке­те­рін біл­мей сас­қа­лақ­тап қа­лу­лы. Сая­си топ­тар­дың кү­ре­сі граж­дан со­ғы­сы­на ай­нал­ған­да, кө­бі қо­сақ ара­сын­да бос ке­тіп, құр да­ла­ға құр­бан бо­лу­лы.

Ес­кі пат­ша­лық ре­жим­нен біз­ге жи­ір­ке­ніш ми­рас бо­лып қал­ған бұ­зық­тар, бел­гі­лі кейіп­сіз пы­сық­тар ат­қа мі­ніп қал­ған әдет­те­рі бойын­ша: «Құ­дай жа­ңа бер­ді, ша­лу жоқ, қа­ғу жоқ, мо­мын­ның не бә­рі ме­ні­кі!» де­ген ба­ғыт­қа тү­су­лі»1 де­ген тол­ға­ны­сы­ның ас­та­ры мол. Сол ар­қы­лы иман­сыз сая­сат­тан зар­дап шек­кен ел­дің ен­ді­гі ты­ғы­рық­тан шы­ғар жо­лын тең­дік жә­не бос­тан­дық ұра­нын кө­тер­ген боль­ше­вик­тер­мен бай­ла­ныс­ты­ра­ды. Олар­дың ұлт­тық жә­не әлеу­мет­тік тең­дік ор­на­ту­да­ғы ба­ғы­ты­на се­нім ар­та­ды.

«Қы­зыл ту ер­лер қол­ға ал­ған жо­лы» (1919) өле­ңі де ақын­ның хал­қы­ның тең­дік­ке же­ту­де­гі үмі­ті­не, се­ні­мі­не құ­рал­ған.

Қы­зыл ту ер­лер қол­ға ал­ған жо­лы.

Со­ны­дан жа­рып ті­ке сал­ған жо­лы,

Жер бі­тіп, су ақ­қа­лы адам ұлы,

Же­те ал­май қа­рап кө­зі тал­ған жо­лы.

Төр-тал­қан, есік қи­рап мұ­ның үшін,

Қым­бат­ты құр­бан та­лай шал­ған жо­лы.

Екі иіні көк­ке же­тіп қал­ған жо­лы.

Жел­пі­ніп бей­нет­қор­лар ерік алып,

Шам-шы­рақ бас­та­ры­на жан­ған жо­лы.

Ба­сын­да біз­дің қа­зақ үр­пи­се де,

Осы күн аны­ғы­на қан­ған жо­лы.

«Қы­зыл ту ер­лер қол­ға ал­ған жо­лы»

Алай­да жа­ңа би­лік­ке се­нім ар­тқан гу­ма­нист ақын үмі­ті ақ­тал­ма­ды. Ке­ңес­тер ұс­тан­ған сая­сат «Жұр­тым са­ған не бол­ды?», «Не­ден қор­қам?» (1918) өлең­де­рін­де жыр­лан­ған­дай бо­лып шық­ты. Қо­ғам қай­рат­ке­рі С.Са­дуа­қа­сов те­рең біл­гір­лік­пен анық­та­ған­дай, ке­ңес­тік то­та­ли­тар­лық жүйе «қы­зыл ко­ло­ни­за­тор­лық­пен» сая­си зо­ба­лаң тол­қын­да­рын жүр­гі­зу ар­қы­лы орыс­тан­ды­ру жә­не ұл­тсыз­дан­ды­ру сая­са­тын ас­қан қа­тал­дық­пен жү­зе­ге асыр­ды.

«Ұлт һәм ту­ған тіл» (пат­ша­лық һәм бос­тан­дық за­ма­нын­да) (1919) ма­қа­ла­сын­да пат­ша­лық Ре­сей им­пе­рия­сы­ның өзі­не ба­ғы­ныш­ты ел­дер­ге бай­ла­ныс­ты ұс­тан­ған ұлт сая­са­тын­да­ғы орыс­тан­ды­ру­ға қа­тыс­ты жүр­гіз­ген со­дыр­лы­ғын «Ол һәр­дайым­да ұлт­тар­ды бір-бі­рі­не ай­дап алып, өшік­ті­ріп, ара­ла­рын­да қан­ды со­ғыс­тар ашып, әл­сі­зін күш­ті­сі­не та­ла­ту­мен бол­ды. Бұл ұлт­тар­дың ме­ке­нін ауда­рып аяғы­нан тоз­ды­рып жі­бе­ре­ді, ес­кі үкі­мет­тің мұ­нан бас­қа да шет ұлт­тар­дың бі­лім, өне­рін сен­ді­ріп, өз­де­рі­не қас бол­ған ғұр­пы-ға­дет­те­рін қал­ды­рып, дін­де­рін жойып, бү­тін­дей орыс­қа ай­нал­ды­ру сы­қыл­ды ең на­шар ға­мал­да­ры да бол­ды»1 деп ашық айып­та­ды. Осын­дай та­лай қия­нат­ты ба­сы­нан өт­кер­ген ха­лық­тар­дың жер бе­ті­нен із-түс­сіз жойы­лып кет­ке­ні­нен дә­лел­дей ай­тқан­да әр ұлт­тың өзі­нің бас­ты бай­лы­ғы ана ті­лін сақ­тауы қа­жет де­ген мәң­гі­лік мә­се­ле­ні өт­кір кө­тер­ді. Сон­дық­тан да тек ана ті­лін да­мы­ту ар­қы­лы ға­на бі­лім-өнер­ді шы­найы иге­ру, әде­би­ет­ті өр­кен­де­ту же­міс­ті бо­ла­ты­нын «Жал­пы өнер-бі­лім­нің іші­не ана ті­лі бо­луы да кі­ре­ді һәм мұ­ның, ке­рі­сін­ше, ана ті­лі бо­лу­дан ұлт­тың бі­лім-өне­рі та­бы­ла­ды. Ана ті­лін біл­мей тұ­рып, еш­бір бі­лім-өнер­ді та­ра­ту­ға мүм­кін емес.

Ең әуелі ана ті­лі қа­жет. Егер ана ті­лін біл­ме­сең, он­да сен ол ұлт­тың ба­ла­сы емес­сің. Ана ті­лін біл­мей тұ­рып, ұлт бі­лі­мін ала ал­май­сың.Ұлт бі­лі­мі бол­ма­са, он­да әде­би­ет­тің бол­май­тын­ды­ғы өзі-ақ бел­гі­лі. Әде­бие­ті жоқ ұлт­тың бі­лі­мі де, өне­рі де өр­ші­мей­ді.

Тіл сақ­тау­ға мүм­кін бол­ған­да, тіл сақ­та­лу­ға ти­іс. Біз ті­лі­міз­ді қан­ша сақ­та­сақ, ұл­ты­мыз­ды да сон­ша сақ­та­ған бо­ла­мыз»1 деп жет­кі­зе­ді. Өз ке­зе­гін­де Ах­мет Бай­тұр­сы­нов «Қа­лам қай­рат­кер­ле­рі­нің жайы­нан» (1922) ма­қа­ла­сын­да «Қа­зақ жем бо­лу­дан дек­рет қуа­ты­мен құ­тыл­май­ды, мә­де­ни­ет қуа­ты­мен құ­ты­ла­ды» дей ке­ліп, Ғұ­мар байып­та­ған ар­на­ны «Оқу ісі са­бақ­тас әде­би­ет­пен: оқу әде­би­ет­ті кү­шей­те­ді, әде­би­ет оқу­ды кү­шей­те­ді. Қа­лам қай­рат­кер­ле­рі­нің жұ­мы­сы — әде­би­ет, әде­би­ет­сіз оқу қу­ат­та­ну жоқ, оқу­сыз мә­де­ни­ет қу­ат­та­ну жоқ, мә­де­ни­ет қу­ат­тан­бай қа­зақ­қа қор­лық­тан, зор­лық­тан құ­ты­лу жоқ» деп те­рең­де­те ек­шей­ді. Бұл жер­де қос арыс­тың мұ­рат­тас­ты­ғы, мақ­сат бір­лі­гі ту­ған хал­қы­ның ті­лін, ғы­лым-бі­лі­мін да­мы­ту, сол ар­қы­лы алып ел­дер­дің қор­лы­ғы­нан құ­ты­лу мә­се­ле­сін­де ай­қын та­ны­ла­ды.

Ғұ­мар Қа­раш: «Егер ұлт­тың еш­бір бі­лім-өне­рі бол­ма­са, оның кә­сіп-ха­ре­ке­ті де на­шар бо­ла­ды. Мұ­ның со­ңын­да ол күш­ті ұлт­тың қол­ты­ғы­на тү­се­ді, һәм со­лай­ша бі­раз уақыт өт­кен соң ол ұлт бү­тін­дей жоқ бо­лып ке­те­ді. Осы ай­тыл­ған­дар­дың бә­рі де бі­лім-өне­рі бол­ма­ған ұлт­тың ұлт емес екен­ді­гі­не дә­лел»1, — деп жа­за­ды. Сон­дық­тан ұл­тшыл­дық­тың на­ғыз бел­гі­сі тіл еке­нін ны­ғыр­лай тү­сіп, «Тіл еш­бір уақыт­та өз­ге нәр­се­лер­ге бас имес­ке ти­іс. Біз оны бе­гі­рек те сүю­ге һәм түр­лі жұқ­па­лы шет тіл­дер­ден сақ­тау­ға бо­рыш­ты­мыз. Тіл — ай­на, оның іші­не бү­тін ха­лық­тың тұр­мы­сы тү­сіп тұ­ра­ды»1, — деп ана ті­лін сүю­ді ама­нат ет­ті.

Қо­ры­та ай­тқан­да, ұлт­тық жә­не Ре­сей тү­рік­те­рі ба­сы­лым­да­ры­ның жа­рық кө­ру ісі­не жә­не әлеу­мет­тік ма­ңы­зын есе­леу­ге, қо­ғам­да­ғы ық­па­лын арт­ты­ру­ға ерек­ше үлес қос­қан Ғұ­мар Қа­раш­тың кө­сем­сөз­де­рін­де қам­тыл­ған діл­гір та­қы­рып­та­ғы өзек­ті қо­ғам­дық-сая­си идея­ла­ры мен ұлт­тық жә­не жал­пы­адам­зат­тық құн­ды­лық­тар­ды те­рең қа­рас­тыр­ған гу­ма­нис­тік ой-пі­кі­рін та­ну­да, сол жол­да­ғы мұ­рат-мақ­са­тын ай­қын­дау­да үл­кен мән­ге ие құн­ды мұ­ра бо­лып та­бы­ла­ды. Олар хал­қы­мыз­дың төл ту­ма ру­ха­ния­ты­ның ұлт­тық бол­мыс-бі­ті­мін сақ­тай оты­рып, адам­зат өр­ке­ние­тін­де­гі би­ік тұ­ғы­рын ай­қын­дау­да, ұр­пақ тә­лім-тәр­бие­сін отан­шыл­дық рух­та ұш­тау­да, иман­ды­лық жә­не адам­гер­ші­лік қа­сие­тін есе­леу­де, ғы­лым-бі­лі­мі өр­кен­де­ген әрі өз тіз­гі­ні өзін­де жә­не өз­ге­лер­ге де үл­гі-өне­ге бо­лар­лық ке­мел мем­ле­кет құ­ру­да қа­шан­да адас­тыр­мас ба­ғыт-бағ­дар бе­ре­тін ру­ха­ни жә­ді­гер­лер бо­лып қа­ла бер­мек. Әсі­ре­се қа­зір­гі жа­һан­да­ну си­яқ­ты күр­де­лі ке­зең­де әлем­дік алып ел­дер­ге жұ­та­лып кет­пей, са­ра жол ұс­та­ну­да та­ғы­лым­дық мән­ге ерек­ше ие деу­ге бо­ла­ды.

Өт­кен ға­сыр­дың ба­сын­да қа­зақ­тың оянуы­на, іл­гер­леуіне, бо­дан­дық­тан ары­лып азат­тық жо­лы­мен өр­кен­деуіне, оз­ған ел­дер­мен те­ңе­луі­не, қо­ғам­дық да­му­ға ке­дер­гі жа­сай­тын түр­лі ке­сір-ке­са­пат­тан ары­лу­ға қа­тыс­ты кө­тер­ген тол­ға­ныс­та­ры Ғұ­мар­дың ұлт­тық кө­сем­сөз­дің кә­сі­би хас ше­бе­рі бол­ға­нын да көр­се­те­ді. Со­ның ба­ры­сын­да «Өмір­дің мә­ні, тір­ші­лік­тің мұ­ра­ды жө­нін­де өзін­ше ой түйе­ді»7. Оның кө­сем­сөз­де­рін­де қам­тыл­ған өзек­ті де ке­ле­лі та­қы­рып­тар бір ға­на қа­зақ­тың емес, Ре­сей им­пе­рия­сы құ­ра­мын­да­ғы тұ­тас түр­кі тіл­дес ту­ыс­қан ха­лық­тар­дың да мұң-мұқ­та­жын, мақ­сат-мұ­ра­тын кө­те­руі­мен де на­зар аудар­та­ды. Мұ­ның өзі оның «дін­де, тіл­де, іс­те бір­лік» деп жә­дит­шіл­дік ту­ын ас­қақ­тат­қан Гас­прин­ский, Мар­жа­ни сын­ды та­тар зия­лы­ла­ры қа­та­рын­да осы іс­ке ерек­ше үлес қос­қа­нын да та­ны­та­ды.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі



  1. Ғұ­мар Қа­раш. За­ма­на. — Ал­ма­ты: Ғы­лым, 1994. — 209–210-б.

  2. Ха­ли­фа Ал­тай Ға­қы­пұ­лы. Таң­дау­лы Ха­дис­тер аудар­ма­сы. — Ал­ма­ты: Бе­рен ШК, 1993. — 24-б.

  3. Жұр­тбай Т. Мар­жа­ни мен Абай­дың то­ғы­сар тұ­сы // Абай. — 1996. — № 3. — 22-б.

  4. Ай­қап / Құ­раст. Ү.Сұб­хан­бер­ди­на, С.Дәуітов. — Ал­ма­ты: Қа­зақ эн­цик­л., 1995. — 115-б.

  5. Жа­лын. — 1989. — № 2. — 36-б.

  6. «Қа­зақ» га­зе­ті. — Ал­ма­ты: Қа­зақ эн­цикл. бас ре­д., 1998. — 560 б.

  7. Тә­жі­мұ­ра­тов М. Сө­зі түп­сіз қа­раң­ғы­ға көз бол­ған // Абай. — 1996. — № 3. — 38-б.

ӘОЖ 82.0


Ж.Ж.Жарылғапов

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет