О соотношении понятий «сознание» и «языковое сознание» Ма­қа­ла­да «са­на», «тіл­дік са­на»


Д.ИСАБЕКОВТІҢ «СҮЙЕКШІ» ПОВЕСІНДЕГІ ЭКЗИСТЕНЦИАЛИСТІК ТАНЫМ



бет13/14
Дата09.07.2016
өлшемі4.02 Mb.
#186285
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Д.ИСАБЕКОВТІҢ «СҮЙЕКШІ» ПОВЕСІНДЕГІ ЭКЗИСТЕНЦИАЛИСТІК ТАНЫМ

Ставится проблема экзистенциализма в казахской литературе на материале повести Дулата Исабекова «Сүйекші». Экзистенциализм рассматривается как форма познания, воплощенная в авторской позиции.

This article devotes to the problems of existentialism in Kazakh literature on the base of Dulat Isabekov’s novel «Suiekshi». The existentialism is considered as a form of knowledge embodied in the author’s poetry.
70-жыл­да­ры жа­ңа си­пат­ты шы­ғар­ма­лар­дың дү­ние­ге ке­луі­нің бір үл­кен се­бе­бі — қо­ғам мен оның субъ­ек­ті­сі — же­ке адам­ның ара­сын­да­ғы қа­ты­нас­тар те­ре­ңі­рек тал­дан­ды. Жал­пы, қо­ғам деп ата­ла­тын ка­те­го­рия­ның өзін алып қа­ра­сақ, ерік­сіз түр­де адам деп ата­ла­тын фак­тор­ға ті­ре­ле­міз. Өй­тке­ні қо­ғам­ды ту­ды­ру­шы, жа­сақ­тау­шы адам. Қо­ғам­ның не­гіз­гі заң­ды­лық­та­ры, қа­рым-қа­ты­нас­тық жүйе­сі, тәр­ті­бі, да­му те­тік­те­рі, идео­ло­гия­сы адам­ның ақы­лы мен ойы, іс-әре­ке­ті­не тәуел­ді бо­ла­ты­ны өзі­нен-өзі бел­гі­лі. Қо­ғам — адам­дар­дың өмір сү­ру сал­ты. Сол се­беп­тен де қо­ғам мен адам проб­ле­ма­сы­на үңі­луі­міз­дің нә­ти­же­сін­де адам­ның көп­ші­лік қы­ры мен же­ке­лік бол­мы­сын бір-бі­рі­мен са­бақ­тас­ты­ра оты­рып қа­рауымыз­ға мүм­кін­дік туа­ды.

Өмір өз­ге­ріс­те­рі­нің шы­найы бей­не­сін жа­сау қа­жет­ті­лі­гін се­зін­ген осы ке­зең жа­зу­шы­ла­ры­ның адам жә­не қо­ғам проб­ле­ма­сы­на кел­ген­де бі­раз уақыт бе­лең алып кел­ген сы­ңа­ре­зу, тап­шыл­дық қа­саң прин­цип­тер­ден ір­ге­сін ал­шақ­та­та бас­тауы — қа­лам­гер­лер­дің өмір ма­те­ри­ал­да­рын сан-қыр­лы әлеу­мет­тік-ру­ха­ни си­па­ты ерек­ше­лік­те­рі­не орай әр алу­ан по­зи­ция­дан зерт­теу­ге кө­ңіл қой­ған­дық­та­ры­нан кө­ру­ге бо­ла­ды. Қо­ғам құ­бы­лыс­та­ры жө­нін­де­гі та­рам-та­рам тол­ға­ныс-зерт­теу­лер­дің идея­лық-эс­те­ти­ка­лық ше­шім­де­рі­нен де бір са­рын­дық бай­қал­май­ды. Бұл өз­ге­ріс әде­би қа­һар­ман­дар­дың бойын­да бар.

Қо­ғам мен адам, я бол­ма­са ке­ңіс­тік пен кейіп­кер проб­ле­ма­сы қа­шан да қа­лам­гер­дің да­рын мен па­ра­сат-бі­лі­гін сал­мақ­тай­тын әде­би­ет­тің ру­ха­ни өзе­гі. Кейіп­кер­сіз көр­кем шы­ғар­ма­ның, ке­ңіс­тік­сіз кейіп­кер­дің кө­рі­нуі мүм­кін бол­ма­ған­дық­тан, осы екеуінің ара­сын­да­ғы жан­ды бай­ла­ныс­тар­дың өз­гер­ме­лі күйін су­рет­кер­лік құ­ді­рет­пен бе­ре бі­лу жа­зу­шы көр­кем ту­ын­ды­сы­ның са­па­лық өл­шеуіші бо­ла ала­ды.

Соң­ғы жыл­дар­да ке­ңіс­тік пен кейіп­кер қа­ты­на­сын көр­кем зер­де­леу нә­ти­же­сін­де өніп шы­ғып, әде­би тен­ден­ция­лар­дың бі­рі ре­тін­де кө­рі­ніс бер­ген қа­зақ про­за­сын­да­ғы эк­зис­тен­цио­нал­ды ой ағы­мы бү­гін­гі кү­ні ай­рық­ша на­зар ауда­ру­ға сұ­ра­нып тұр­ған мә­се­ле­лер­дің іші­не ене­ді. ХХ ға­сыр­да пай­да бол­ған, өз идея­лық бас­тауын Гус­серль, Кьер­ке­гор ең­бек­те­рі­нен ала­тын әлем­дік ой ағы­мын­да­ғы бұл ба­ғыт­ты Мар­сель, Яс­перс, Бер­дя­ев, Шес­тов, Бу­бер, Сартр, Ка­мю, Бо­ву­ар, Хай­дег­гер си­яқ­ты фи­ло­соф­тар­дың қол­да­ға­ны мә­лім. Ке­зін­де «өмір сү­ру фи­ло­со­фия­сы» деп атал­ған мұн­дай ба­ғыт­ты тек бур­жуа­зи­ялық идео­ло­гия­ның, бур­жуа­зи­ялық фи­ло­со­фия­ның тол­ғам­да­ры­ның нә­ти­же­сін­де дү­ние­ге кел­ген те­ріс көз­қа­рас­тар ба­ғы­ты де­ген тү­сі­нік­тер­дің ба­сым бол­ға­ны да шын­дық. Мә­се­лен, «Эк­зис­тен­циа­лизм­нің фи­ло­со­фия мен әде­би­ет­те­гі кө­рі­ні­сі» де­ген ең­бек жаз­ған по­ляк ға­лы­мы Ежи Кос­сак: «Фи­ло­со­фия­лық кон­цеп­ция ре­тін­де­гі қа­зір­гі эк­зис­тен­циа­лиз­мнің әлеу­мет­тік жә­не та­ри­хи не­гіз­де­рін, оны ерек­ше­лей­тін идея­лар мен са­рын­дар­ды ай­тқан­да біз фи­ло­со­фия­ның та­ри­хын­да­ғы кең ауқым­да­ғы пес­си­мис­тік жә­не ни­ги­лис­тік ағым­дар­мен ке­зі­ге­міз. Бұл адам ақыл-ойы­ның қа­лып­тас­қан шын­дық­қа бас кө­те­ру та­ри­хы­ның құ­рам­дас бө­лі­гі»1, — дей­ді. Бі­рақ оның «шын­ды­ғын­да, шы­найы адам үшін кү­рес эк­зис­тен­циа­лиз­мнің түр­лі өкіл­де­рін бі­рік­ті­ре­ді»1 сын­ды ой біл­ді­руі бұл ба­ғыт­ты ұс­тан­ған ой­шыл­дар­дың адам­та­ну­да­ғы рө­лін мойын­да­ға­ны еді. Жә­не де олар­дың ең­бек­те­рі­не қа­тыс­ты құн­ды ғы­лы­ми тұ­жы­рым­дар да ай­тқан.

Бір сөз­бен ай­тқан­да, эк­зис­тен­циа­лис­тер кон­цеп­ция­сы әлем жә­не жал­ғыз­дық ұғы­мы­нан өр­би­ді. Алай­да олар­дың тұ­жы­рым­да­рын­да адам­ның ор­та­мен, бас­қа адам­дар­мен бай­ла­ны­сы тіп­ті қа­рас­ты­рыл­май­ды деу қи­сын­сыз. Әлем­дік фи­ло­со­фия­да­ғы бұл ба­ғыт­тың ірі өкіл­де­рі — М.Хай­дег­гер, К.Яс­перс, Ж.П.Сартрлер­ді ор­тақ­тас­ты­рып тұ­ра­тын бас­ты бел­гі — адам бол­мы­сы­на «Мен» жә­не «Бас­қа­лар» ұғы­мдары тұр­ғы­сы­нан ке­луі. Олар үшін қо­ғам­дық қа­ты­нас­тар си­яқ­ты қоз­ға­лыс түр­ле­рі абстрак­ция, не­гіз­гі шын­дық — субъ­ек­тив­ті­лік.

Осын­дай­лық ой-тұ­жы­рым­дар­дың не­гіз­гі құ­яр ар­на­ла­ры­ның бі­рі — адам өзі­нің әлем­дік жал­ғыз­ды­ғын түй­сі­ну ар­қы­лы қо­ғам­нан, сон­да­ғы қа­лып­тас­қан қа­ты­нас­тар мен нор­ма­лар­дан жат­сы­нуы. Эк­зис­тен­циа­лис­тік та­ным мен олар­дың ұс­тан­ған кон­цеп­ция­ла­рын, тео­ри­ялық қыр­ла­рын қа­рас­тыр­ған ең­бек­тер­дің тү­ге­лі дер­лік ке­ліс­кен тоқ­там бар. Ол — эк­зис­тен­циа­лиз­мнің мә­де­ни құл­ды­рау, ру­ха­ни дағ­да­рыс ке­зін­де күш ала­ты­ны. Эк­зис­тен­циа­лис­тік ой-пі­кір­дің ХХ ға­сыр­да бой кө­те­руі­не бі­рін­ші дү­ние­жү­зі­лік со­ғыс­тың әсе­рі жә­не адам­зат ба­ла­сы­ның бір-бі­рі­не жой­қын май­дан аш­қан екін­ші дү­ние­жү­зі­лік со­ғыс­тың уақы­тын­да әсе­рі кү­шей­ге­ні осы­дан бол­са ке­рек. Өй­тке­ні «Вы­ра­жая нас­трое­ние пас­сив­нос­ти, не­ве­рия и от­чая­ния, они сви­де­тель­ству­ют и о дра­ма­ти­чес­ком пу­ти лю­дей, из­увери­вших­ся в ис­то­рии и прог­рес­се и ищу­ших ре­ше­ния вне это­го ми­ра, лю­ди об­ра­ща­ют­ся к мыс­ли о тра­гич­нос­ти все­об­щей судь­бы»1. Яғ­ни, эк­зис­тен­циа­лис­тік ой ағы­мы қо­ғам­дық құ­ры­лыс­та­ғы жә­не әлем­дік дең­гей­де­гі қай­шы­лық­тар те­рең­де­ген­де, са­на­да­ғы қақ­ты­ғыс­тар ке­зе­ңін­де адам өзі­нің фә­ни­де­гі жал­ғыз­ды­ғын ба­рын­ша тү­сі­не­ді де­ген пі­кір­ді ұс­та­на­ды.

Екін­ші дү­ние­жү­зі­лік со­ғыс­тың зар­дап­та­ры мен қа­сі­рет­те­рі Фран­ция­да эк­зис­тен­циа­лиз­мнің жас­тар ара­сы­нан бұ­рын-соң­ды бол­ма­ған қол­дауына ие бол­ды. Әлем­дік дағ­да­рыс жа­ңа дү­ние­та­ным­ның қа­лып­та­суы­на, оған дейін­гі өмір сү­ріп кел­ген қа­лып­ты көз­қа­рас­тар­дан бас тар­ту­ға дейін әкел­ді. Осы ке­зең­де Г.Мар­сель­дің, Ж.П.Сартрдың қор­ша­ған әлем­ді қа­ты­гез, тра­ге­дия мен қа­ра­ма-қай­шы­лық­қа то­лы екен­ді­гі жай­лы пі­кір­ле­рі ал­дың­ғы қа­тар­ға шық­ты. Мұн­дай­лық ой тек қа­на фран­цуз ой­шыл­да­рын­да ға­на емес, жал­пы эк­зис­тен­циа­лиз­мнің тео­ри­ялық ба­зи­сі ре­тін­де та­ныл­ды. Хай­дег­гер­дің «Че­ло­век есть и он есть че­ло­век, пос­коль­ку он эк­зис­ти­ру­ет. Он выс­ту­па­ет в от­кры­тость бы­тия, ка­кою яв­ля­ет­ся са­мо бы­тие, ко­то­рое в ка­че­стве брос­ка бро­си­ла су­ще­го че­ло­ве­ка в «за­бо­ту». Бро­шен­ный та­ким об­ра­зом че­ло­век сто­ит «в» от­кры­тос­ти бы­тия. «Мир» есть прос­вет бы­тия, в ко­то­рый че­ло­век всту­па­ет сво­им бро­шен­ным су­ще­ством»2 де­ген ойы Ж.П.Сартрдың «Дү­ние — бос» идея­сы­мен та­мыр­ла­сып жа­тыр. Эк­зис­тен­циа­лис­тер осы ты­ғы­рық­тан шы­ғу­дың жо­лын адам­ның же­ке бол­мы­сы, оның «Ме­ні» ар­қы­лы ше­шу­ге ты­рыс­ты. Мұн­дай із­де­ніс­тер бұл ба­ғыт­тың та­за пес­си­мис­тік жә­не ни­ги­лис­тік ар­на­да қа­лып қой­ма­ған­ды­ғын көр­се­те­ді. Олар үшін шын­дық­тың ең үл­ке­ні же­ке адам­ның өмір сү­ру ба­ры­сын­да нақ­ты «се­зі­ле­тін», «та­ны­ла­тын» шын­дық. Зерт­теу­ші Т.А.Са­ха­ро­ва­ның сө­зі­мен ай­тсақ, «У че­ло­ве­ка, — за­яв­ля­ют эк­зис­тен­циа­лис­ты, — сущ­ность под­чи­не­на су­ще­ство­ва­нию: имен­но су­ще­ство­ва­ние яв­ля­ет­ся для не­го под­лин­ной и пер­вич­ной реа­льностью. Че­ло­век не де­тер­ми­ни­ро­ван сво­ей сущ­ностью, она лишь воз­мож­ность и ста­но­вит­ся дей­стви­тель­ностью толь­ко в про­цес­се су­ще­ство­ва­ния. Че­ло­век „бро­шен в мир” без сущ­нос­ти. Он сам ее соз­да­ет в про­цес­се свое­го су­ще­ство­ва­ния»3.

Кейін­гі жыл­дар­да­ғы қа­зақ про­за­сы да адам ру­ха­ни­лы­ғы мә­се­ле­сі­не түр­лі фи­ло­со­фия­лық көз­қа­рас­тар тұр­ғы­сы­нан ке­лу­ге ты­рыс­ты. Ұлт­тық әде­би сын көр­нек­ті жа­зу­шы Д.Иса­бе­ков­тің «Сүйек­ші» по­ве­сі­нің фи­ло­со­фия­лық қат­па­ры мол шы­ғар­ма еке­нін ай­тып ке­ле­ді. Бі­рақ осы фи­ло­со­фия­лық тол­ға­ныс нен­дей қа­жет­ті­лік­тер­ден ту­ды, шы­ғар­ма­ға осын­дай жан­рлық анық­тауыш қо­сақ­та­ған­да көр­кем ту­ын­ды сю­же­тін­де­гі ме­кен мен мез­гіл­дің тия­нақ­сыз­ды­ғы­на ға­на сүйе­нуі­міз ке­рек пе? Қа­лып­ты құ­ры­лым­дар­дың шең­бе­рі­не сыя бер­мей­тін ой ағы­мы­ның ру­ха­ни көз­де­рі қай­да жа­тыр? де­ген сауал­дар ас­та­ры қо­па­ры­лып тек­се­рі­ле де бер­мей­ді. Де­ген­мен, қа­лам­гер­лер твор­че­ство­сын­да­ғы не­гіз­гі кон­цеп­ту­ал­дық ой­дың бе­тін ашу­ға ты­рыс­қан си­рек бол­са да жа­зу­шы­ның ой қат­пар­ла­ры­на ден­дей ал­ған сын да жоқ емес4. Со­ны­мен бір­ге «Сүйек­ші­де­гі» Тұң­ғыш­тың тра­ге­дия­лық бол­мы­сын «әлеу­мет­тік тең­сіз­дік» ауқы­мын­да қа­рас­ты­ру жауыр бол­ған жат­тан­ды пі­кір­лер­ді қай­та­ла­ған­дық бо­лып шы­ға­ды.

«Сүйек­ші» сын­ды по­вес­ке үңі­ле оты­рып, Д.Иса­бе­ков твор­че­ство­сы­на әлем­дік әде­би-фи­ло­со­фия­лық ағым — эк­зис­тен­циа­лиз­мнің әсе­рі бол­ған­ды­ғын ай­та ала­мыз. Мұн­дай­лық өз­ге­ше ны­шан Ду­лат­тың бас­қа да шы­ғар­ма­ла­рын­да аң­ға­ры­ла­ды деу­ге не­гіз бар. Сын­шы Ә.Бө­пе­жа­но­ва қа­лам­гер шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­на шо­лу жа­сай ке­ліп: «Ал жа­зу­шы твор­че­ство­сы­нан са­рын із­де­сек, шы­ғыс поэ­ма­ла­ры­нан да, тіп­ті Тол­стой­дың көп­ке мә­лім «қор­лық жа­са­ған­ға зор­лық жа­са­ма» прин­ци­пі­нен де емес, ке­зін­де біз­де ағаш ат­тың ба­сы­на ілін­ген, ба­тыс фи­ло­со­фия­сы­ның, сон­дай-ақ әде­бие­ті­нің де қу­ат­ты ағы­мы — эк­зис­тен­циа­лиз­ммен үн­дес­тік­тер­ді зер­де­лер едік»5, — де­ген бір­ша­ма ба­тыл пі­кір ай­тқан бо­ла­тын. Осы түйін­ді ой­лар жан-жақ­ты дә­лел­де­ну­ін кү­тіп қал­ға­ны да рас.

Ғұ­мы­ры бір по­вес­ке жүк бо­ла­тын ор­та­лық кейіп­кер — Тұң­ғыш бұл күн­де жан-дү­ние­сі аяусыз то­нал­ған, сүл­де­рін ға­на сүй­ре­тіп жүр­ген, бас­қа­лар­ға бей­мағ­лұм қау­қи­ған тір­ші­лік иесі. «Бұл жа­рық дү­ние­де аз жа­са­ды ма, көп жа­са­ды ма, ра­хат көр­ді ме, бей­нет көр­ді ме, ба­ғы ашыл­ған ба, со­ры қай­на­ған ба, бұл жа­ғын да ой­лап тол­ға­май­тын се­кіл­ді. Мы­нау қан ба­зар­дай құ­жы­на­ған адам­дар тір­ші­лі­гін­де дәу­лет бар, ман­сап бар, та­лас бар, тар­тыс бар, қай­ғы бар, сүйі­ніш бар-ау де­ген се­зім оның миы­на әс­те орал­ған емес. Ол еш­те­ңе­ге қы­зық­пай­ды, еш­те­ңе­ге жан­та­ла­сып ұм­тыл­май­ды, еш уақыт опын­бай­ды»6.

Тұң­ғыш­тың осы си­па­ты ру­ха­ни­лық­тан жұр­нақ қал­ма­ған, се­зім­дік қа­си­ет­те­рі өліп кет­кен Үн­де­мес­ке ай­нал­ған ша­ғы­на дейін­гі ара­лық­та же­ке адам­ның үл­кен тағ­ды­ры жа­тыр. Тұң­ғыш — Ама­нат — Кең­ке­лес — Диуана — Үн­де­мес ат­та­ры­ның әр­қай­сы­сы оған тағ­дыр­дың теп­кі­сі сал­ған таң­ба­лар. Тұң­ғыш­тың адам­дық бол­мы­сы­нан бір­жо­ла­та ай­ры­лу про­це­сі­нің ке­зең­де­рі оған қойыл­ған осы бір ат­тар­мен бай­ла­ныс­ты. Зор­лық­тың ал­ғаш­қы ащы дә­мін ол әке­сі­нің кез­дей­соқ өлі­мі­нен кейін, жа­ла құр­ба­ны­на ай­на­лып, Дос­кей ауылы­на ама­нат­қа тап­сы­рыл­ған ша­ғы­нан та­та бас­тай­ды. «Мейі­рім­сіз тағ­дыр түк тап­па­ған­дай бей­кү­нә, дәр­мен­сіз ба­ла­ны осы­лай­ша ту­май жа­тып тәл­кек­ке ай­нал­дыр­ды»6.

Осы мейі­рім­сіз, қа­ты­гез тағ­дыр­дан Тұң­ғыш­қа ен­ді көз ашу жоқ. Де­ген­мен, Ама­нат ша­ғын­да оның бойын­да­ғы адам­ға тән се­зім­дер әлі де өше қой­ма­ған. Ол ана­сын са­ғы­на­ды, ана­ға де­ген ма­хаб­бат ба­ла­ға тән қы­лық­та­ры­мен кө­рі­ніп жа­та­ды. Ал, тағ­дыр­дың та­ғы бір қа­тал соқ­қы­сы — аяулы ана­ның өлі­мі оны Кең­ке­лес­ке ай­нал­дыр­ды. «Кең­ке­лес үшін мы­на дү­ние­де құ­дық қа­зып, мал ба­ғу, сә­ті түс­се, тоя та­мақ ішіп, ұй­қы­сы қа­нып ояну­дан бас­қа мақ­сат та, қы­зық та жоқ. Өз­ге­лер си­яқ­ты ол күл­мей­ді, күл­дір­мей­ді, қы­мыз ішіп, қы­за­ра бөр­тіп жүр­гі­сі де, боз­ба­ла боп қыз­ға қы­рын­да­ғы­сы да кел­мей­ді. Оған ен­ді бә­рі­бір»6.

Тұң­ғыш бар­ған сайын өзі­нің адам­дық ті­ре­гі­нен алыс­тап ба­ра жа­тыр. Д.Иса­бе­ков­тің кейіп­ке­рін­де нақ­ты бел­сен­ді іс-әре­кет жоқ. Қа­һар­ман­ға үс­тем­дік жа­сай­тын нақ­ты­лы жағ­дай, жағ­дай бол­ған­да тра­ге­дия­лық жағ­дай, әді­лет­сіз өмір­дің объ­ек­тив­ті бей­не­сі. Тұң­ғыш адам төз­гі­сіз қия­мет­тер мен өмір­дің мы­нау қас­көй ба­ян­сыз­ды­ғы­на мойын­сұн­ған адам. Ол осы қия­нат­тың не­гіз­гі се­беп­те­рін, төр­кі­нін із­деу­ге де, оған жан-тә­ні­мен қар­сы тұ­ру­ға да бейіл­сіз. По­вес­те оның се­зім­дік ахуа­лы, іш­кі пор­тре­ті, тол­қы­ған жан әле­мі де мар­дым­сыз күй­де кө­рі­не­ді. Тұң­ғыш көз аш­пай ке­ле жат­қан ауыр­тпа­лық­тың бә­рін «тағ­дыр­дың сал­ға­ны­на» жо­ри­ды. Оның жа­ны түр­ші­ге қор­қа­ты­ны — жал­ғыз­дық. Осы­ны ес­ке ал­ған­да ға­на мұз­дап қал­ған жан са­райы бір селк ет­кен­дей бо­ла­ды. «Ол диуана кем­пір­мен осы­лай­ша қо­сар­ла­нып жү­ре бер­мей­ті­нін, ер­те ме, кеш пе, оның қа­на­ты­ның ас­ты­нан шы­ғып өз бе­тін­ше бө­лі­ніп ке­те ба­ра­рын бі­ле­тін-ді. Бі­рақ «ажы­ра­сар­мын-ау» деп ой­ла­ған сайын бү­кіл жа­рық дү­ние­де жал­ғыз өзі ға­на қа­ла­тын­дай, кү­ні бұ­рын жа­ны құ­ла­зып, же­тім­дік жа­па­сын нақ бір ен­ді ше­ге­тін­дей іш­тей үгі­ті­ліп, мү­сә­пір хал­ге тү­се­тін. Тұң­ғыш диуана­ның аузы­нан «ен­ді айы­ры­лы­сайық» де­ген су­ық сөз­ді ес­ті­ген­де тыр­на­ғы­ның ас­ты­на әл­де­кім ине сұ­ғып ал­ған­дай бір селт ете түс­ті де, ба­сын тұғ­жи­тып, тө­мен қа­рап оты­рып қал­ды»6.

Тұң­ғыш­тың ба­сын­да­ғы қия­нат­тың бә­рі оның жа­нын­да емес, тек тә­нін­де ға­на се­зі­ле­ді. Ең бас­ты­сы он­да тағ­дыр­ға де­ген на­лу жоқ. Өй­тке­ні кейіп­кер­дің ба­сын­да ерік пен бос­тан­ды­ғы жоқ. Тра­ге­дия­ның үл­ке­ні де осын­да. Ол өзі­мен ісі жоқ, өз­ді­гі­нен тоқ­та­май су­сып өтіп жат­қан өмір ағы­сы­ның (эк­зис­тен­ция­ның) қақ­па ­қы­лы ға­на. Осы дәр­мен­сіз­дік оны бел­сен­ді­лік­тен айыр­ған.

Қа­ра­пайым ға­на жан­ның кө­кі­ре­гін­де­гі құ­пия­ға үңі­лу­ге ты­ры­са­тын Ду­лат­тың Тұң­ғыш ар­қы­лы көр­сет­пек бол­ға­ны — адам­ның мы­на өмір­де­гі ке­рі ке­ту про­це­сі. Бұл жер­де Тұң­ғыш­тың Үн­де­мес­ке ай­на­лу про­це­сі. Ал бұл ке­рі эво­лю­ция адам­дар­дың адам­дар­дан жат­сы­нуы­ның нә­ти­же­сін­де бе­лең ала­ды. Тұң­ғыш өмір­ден мейі­рім­ді­лік, адам­дар та­ра­пы­нан жы­лы ықы­лас пен қам­қор­лық көр­мей-ақ қой­ды. Өмір­ден өз сы­ба­ға­сын ала ал­май, жа­рық дү­ние­ге елеу­сіз ке­ліп, елеу­сіз кет­ті.

Адам­дар бір-бі­рі­не не­ге тас­бауыр? Осы сауал­ға жауап із­дей­тін Д.Иса­бе­ков «Сүйек­ші» по­ве­сін­де өз кейіп­кер­ле­рі­нің өмір сү­ру ке­ңіс­ті­гі­не тра­ге­дия­лық әуен­де ба­ға бе­ру­ді ны­са­на­ға ал­ған. Сон­дық­тан да Тұң­ғыш мы­нау жал­ған­да еш­кім­нің ша­па­ға­ты­на, жы­лы ала­қа­ны­на жа­ры­май өт­ті. Тұң­ғыш тағ­ды­ры бас­қа­лар­дың та­ра­пы­нан ұмы­тыл­ған тағ­дыр. Оның ата-ба­ба­сын­да жоқ кә­сіп — көр қа­зу­шы­лық­пен ай­на­лы­суы­ның өзі көп жай­ды аң­ғар­та­ды. Өй­тке­ні ол іс-әре­ке­ті­не ба­ға бе­ре ал­мас­тай хал­ге жет­кен, Үн­де­мес­ке ай­нал­ған. Шы­ғар­ма­да­ғы тра­ге­дия­лық па­фос­тың те­рең­деп кет­ке­ні сон­ша­лық, жа­зу­шы­ның по­вес­ті оп­ти­мис­тік рух­та аяқ­тауына мүм­кін­дік бер­ме­ген. Олай дей­ті­ні­міз, шы­ғар­ма­да­ғы қа­ны­пе­зер Үкі­тай­дың өмі­рі­нің со­ңын­да Тұң­ғыш­қа іс­те­ген қы­сас­тық­та­ры­на өкі­ніп, адам­шы­лық се­зі­мі­нің аяқ ас­ты­нан оянып, оған із­деу са­луы на­ным­сыз шық­қан. Рас, жа­зу­шы Үкі­тай­дың бұл ше­ші­мі­нің пси­хо­ло­гия­лық дә­лел­де­ме­сін оның төрт ба­ла­сы­ның ше­шек­тен қай­тыс бо­лып, со­ны Тұң­ғыш­тың оба­лы­на қал­ған­ды­ғы­нан деп көр­се­ту­ге ты­ры­са­ды. Алай­да, бұл су­рет шы­ғар­ма­ның тра­ге­дия­лық си­пат­та­ғы фа­бу­ла­сын­да өте елеу­сіз.

Жа­зу­шы өмір­дің тра­ге­дия­лық су­ре­тін жа­сай оты­рып, сол өмір­ге же­ке адам­ның па­на­сыз­ды­ғы мен қор­ған­сыз­ды­ғын, жал­ғыз­ды­ғын, тағ­ды­ры­ның та­лай­сыз­ды­ғын мең­зей­ді. Био­ло­гия­лық, фи­зио­ло­гия­лық қа­сие­ті бір адам­дар­дың бір-бі­рі­не де­ген қас­көй­лі­гі­нің өзі өмір ма­ғы­на­сыз­ды­ғы­на алып ке­ле­тін тә­різ­ді. Бұл жер­де аме­ри­кан ға­лы­мы С.Фин­кел­стай­нның «Че­ло­век не мо­жет поз­нать дру­го­го — вот что вы­да­ет­ся за веч­ную ис­ти­ну жиз­ни. Сов­ре­мен­ная эк­зис­тен­циа­лис­ти­чес­кая ли­те­ра­ту­ра по­ка­зы­ва­ет, как лю­ди тер­за­ют друг дру­га в хао­ти­чес­ком аб­сур­дном ми­ре на­си­лия»7 де­ген ойы Ду­лат Иса­бе­ков шы­ғар­ма­сы­на да қа­ты­сы бар.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі



  1. Кос­сак Е. Эк­зис­тен­циа­лизм в фи­ло­со­фии и ли­те­ра­ту­ре / Пер. с пол. — М.: По­ли­тиз­дат, 1980. — С. 5.

  2. Хай­дег­гер М. Вре­мя и бы­тие: Ст. и выс­т. / Пер. с нем. — М.: Рес­пуб­ли­ка, 1993. — С. 212.

  3. Са­ха­ро­ва Т.А. От фи­ло­со­фии су­ще­ство­ва­ния к струк­ту­ра­лиз­му. — М.: Нау­ка, 1974. — С. 23.

  4. Ер­гө­бе­ков Қ. Тағ­дыр­лар тол­ғауы // Сөз­стан: Әде­би-сын ма­қа­ла­лар, қа­лам­гер­лік кес­кін­де­ме­лер, ин­тервью. 6 к. / Құ­раст. Б.Сар­ба­ла­ев. — Ал­ма­ты: Жа­лын, 1985. — 3–23-б.

  5. Бө­пе­жа­но­ва Ә. Бол­мыс­пен бет­пе-бет // Па­ра­сат. — 1990. — № 12. — 18–19-б.

  6. Иса­бе­ков Д. Екі том­дық таң­да­ма­лы шы­ғар­ма­лар. 1-т.: По­вес­тер. — Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1993. — 227-б.

  7. Фин­кел­стайн С. Эк­зис­тен­циа­лизм и проб­ле­ма от­чуж­де­ния в аме­ри­кан­ской ли­те­ра­ту­ре / Пер. с англ. Э.Мед­ни­ко­вой. — М.: Прог­ресс, 1967. — С. 231.

ӘОЖ 894.342.574

Ә.Д.Әміренов

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



МАҚЫШ ҚАЛТАЕВТЫҢ ТАТАР ТІЛІНЕН АУДАРҒАН КІТАПТАРЫ ЖАЙЫНДА

В статье исследуются казахско-татарские литературные связи начала ХХ века на материале книг Макыша Калтаева, переведеных с татарского языка.

The Kazakh-Tatar literary relations in the beginning of the twentieth century are inestigated on the material of Makysh Kaltaev’s books translated from the Tatar language.
Б.Кен­же­ба­ев ал­ғаш­қы зерт­теу­ле­рін­де М.Қал­та­ев­тың та­тар ті­лі­нен аудар­ған «Ай­на» жә­не «Сақ уа сұқ хәл­де­рі» кі­тап­та­рын ата­са1, кейін­гі ең­бек­те­рін­де атал­ған екі кі­тап­тан бас­қа екі бө­лім­нен тұ­ра­тын «Бұл­бұл құс» кі­та­бын қо­сып бар­лы­ғы төрт кі­тап аудар­ған де­ген мағ­лұ­мат бе­ре­ді2. Сон­дай-ақ 1995 жы­лы «Ата­мұ­ра» бас­па­сы шы­ғар­ған «Ақ­мо­ла» эн­цик­ло­пе­дия­сы­ның бір же­рін­де Ма­қыш Қал­та­ев та­тар ті­лі­нен екі кі­тап аудар­ды деп жаз­са3, ен­ді бір­де төрт кі­тап аудар­ған деп бір-бі­рі­мен сәй­кес­пей­тін әртүр­лі де­рек кел­ті­ре­ді. Ен­ді бір зерт­теу ең­бек­те­рін­де Ма­қыш­тың бір аудар­ма кі­та­бы ға­на сөз бо­ла­ды. Ал зерт­теу­ші­лер­дің көп­ші­лі­гі Ма­қыш Қал­та­ев та­тар ті­лі­нен екі кі­тап аудар­ды де­ген пі­кір­ді қу­ат­тай­ды4.

Ма­қыш Қал­та­ев аудар­ма кі­тап­та­ры­на қа­тыс­ты осын­дай әртүр­лі қай­шы­лық­ты пі­кір­лер­дің орын алуы­ның бас­ты се­бе­бі — жо­ға­ры­да Б.Кен­же­ба­ев­тың Ма­қыш аудар­ма­сы деп атап өт­кен «Бұл­бұл құс» кі­та­бы­на қа­тыс­ты ту­ын­дап отыр­ған жайт. Бұл кі­тап­тың бі­рін­ші бө­лі­мі 1910 ж. Қа­зан­да Н.М.Чи­жо­ва бас­па­ха­на­сын­да, екін­ші­сі 1911 ж. «Үміт» бас­па­ха­на­сын­да ба­сыл­ған.

Ал ен­ді атал­мыш кі­тап­қа қа­тыс­ты та­тар зерт­теу­ші­сі Әб­рар Кә­ри­мул­лин­нің пі­кі­рі мүл­де өз­ге­ше. Оның ай­ту­ын­ша: «В на­ча­ле ХХ ве­ка та­тар­ские из­да­те­ли прис­ту­па­ют к пе­ре­во­ду и из­да­нию про­из­ве­де­ний ка­зах­ско­го фолькло­ра, акын­ской поэ­зии на та­тар­ском язы­ке, хо­тя та­та­ры, бла­го­да­ря боль­шо­му сход­ству язы­ков, мог­ли зна­ко­мить­ся с про­из­ве­де­ния­ми ка­зах­ской ли­те­ра­ту­ры не­пос­ред­ствен­но. Из­да­те­ли стре­ми­лись до­вес­ти их до ши­ро­ко­го кру­га та­тар­ских чи­та­те­лей. Сре­ди пе­ре­вод­ных из­да­ний ука­жем... «Был­был кош» (Пти­ца пев­чая; 1910, 1911) За­ри­фа Ак­са­кии в пе­ре­во­де вы­даю­ще­го­ся та­тар­ско­го пи­са­те­ля и прос­ве­ти­те­ля Фа­ти­ха Ха­ли­ди. Из­да­ние — за его счет»5.

Яғ­ни «Бұл­бұл құс­ты» ке­рі­сін­ше қа­зақ ті­лі­нен та­тар ті­лі­не Фа­тих Ха­ли­ди аудар­ды де­ген­ге сая­ды. Бұл жер­де Ә.Кә­ри­мул­лин­нің пі­кі­рін­де нақ­ты­лық жоқ. Се­бе­бі «Бұл­бұл құс­тың» бі­рін­ші бө­лі­мі­нің мұ­қа­ба­сын­да «Ши­ғыр Бұл­бұл құс. Қа­зақ­ша әр­кім үшін оқу­ға же­ңіл, жа­ңа­дан тас­хих (кор­рек­ти­ров­ка, тү­зе­ту — Ә.Ә.) етіл­ді. За­риф Аса­кий. Өт­кір­бай Ал­ма­сов (ауда­ру­шы бо­лу ке­рек, мұ­қа­ба­да жа­зыл­ма­ған?! — Ә.Ә.). Нә­ші­рі: Мах­дум Фа­тих Ха­ли­дов» деп жа­зыл­са, екін­ші бө­лім­нің ти­туль бе­тін­де «Әсәр: З.Кә­ри­ми. Қа­зақ­ша. Бұл­бұл құс­тың екін­ші пә­ре­сі. Мұх­та­рам қа­зақ қар­даш­та­ры­ма ху­су­сан үш­бу за­ма­ны­мыз­да бол­ған жас зат­тар­ға Бұл­бұл құс ши­ғыр кі­та­бі­міз­дің бі­рін­ші пә­ре­сін оқып қа­рап пай­да­лан­ған­дай екін­ші пә­ре­сін оқып қа­рап пай­да­ла­нуы­ңыз­ды өті­не­міз. Нә­ші­рі: Мах­дум Фа­тих Ха­ли­ди» деп көр­се­тіл­ген. Яғ­ни кө­ріп отыр­ға­ны­мыз­дай, кі­тап та­тар­лар­ға емес, қа­зақ оқыр­ман­да­ры­на ар­нал­ған. Екін­ші­ден, кі­тап ав­тор­ла­ры: З.Аса­кий жә­не З.Кә­ри­ми — екеуі де та­тар қа­лам­гер­ле­рі. Үшін­ші­ден, Фа­тих Ха­ли­ди кі­тап­ты ауда­ру­шы емес, бас­ты­рып шы­ға­ру­шы (нә­ші­рі) ре­тін­де көр­се­тіл­ген.

Со­ны­мен бір­ге «Бұл­бұл құс­ты» кім қа­зақ­ша­ла­ға­ны жө­нін­де де нақ­ты мә­лі­мет бе­ріл­ме­ген. Он­да Ма­қыш Қал­та­ев­тың ныс­пы­сы мүл­дем атал­май­ды да. Сон­дық­тан да бұл жер­де «Бұл­бұл құс­ты» Ма­қыш Қал­та­ев аудар­ды деу­ге еш­қан­дай дә­лел де, не­гіз де жоқ.

Ал ен­ді қал­ған екі кі­тап­тың бі­рі — З.Кә­ри­ми­дің «Ай­на» кі­та­бы да, екін­ші­сі — Ғ.Ра­ши­ди­ден аудар­ған «Сақ уа сұқ хәл­де­рі» кі­та­бы. Мұн­да­ғы та­тар қа­лам­гер­ле­рі кім­дер де­ген­ге кел­сек, Ә.Кә­ри­мул­лин жо­ға­ры­да­ғы ең­бе­гін­де Зә­риф Кә­ри­ми жө­нін­де мы­на­дай де­рек­тер кел­ті­ре­ді: «Та­тар­ские му­гал­ли­мы-учи­те­ля, ра­бо­тав­шие в ка­зах­ских мек­те­бах, от­дель­ные та­тар­ские прос­ве­щен­ные лю­ди во вре­мя ра­бо­ты в ка­зах­ских зем­лях за­ни­ма­лись сбо­ром про­из­ве­де­ний ка­зах­ско­го фолькло­ра... Не­ко­то­рые из этих со­би­ра­те­лей ка­зах­ско­го фолькло­ра су­ме­ли из­дать свои ма­те­риа­лы в Ка­за­ни, Орен­бур­ге, Уфе... Та­тар­ский пе­да­гог З.Ка­ри­мов сов­мес­тно с ка­зах­ским пи­са­те­лем под­го­то­вил и из­дал та­кой же сбор­ник под наз­ва­ни­ем «Қа­зақ­ша ай­на» (1913)5. Бұл жер­де З.Кә­ри­ми­дің «Ай­на» кі­та­бы қа­зақ фолькло­ры үл­гі­ле­рі­нен тұр­ды де­ген Ә.Кә­ри­мул­лин пі­кі­рі­мен ке­лі­се қою қи­ын. Өй­тке­ні кі­тап­та «Қа­тын­дар­дың ба­ла уатуы» ат­ты бе­сік жы­ры­нан бас­қа ауыз әде­бие­ті­не қа­тыс­ты еш­те­ңе кез­дес­пей­ді. Ал, З.Кә­ри­ми­дің қа­зақ са­ха­ра­сын­да ба­ла оқы­тып, ұс­таз­дық қыз­мет ат­қар­ға­нын то­лық қу­ат­тау­ға бо­ла­ды. Оны ақын­ның өз өлең­де­рі­нен де кө­ре­міз. За­риф Кә­ри­ми өлең­де­рі­нің ба­сым бө­лі­гі қа­зақ тұр­мыс-тір­ші­лі­гі­не ар­нал­ған. Қа­зақ­тар­мен ете­не ара­ла­сып кет­кен­ді­гі сон­дай, ақын өз өлең­де­рін­де қа­зақ­тар­дың тұр­мыс-сал­тын, мә­де­ни өмі­рі­нің, жал­пы тір­ші­лі­гі­нің кей­бір тұс­та­рын ба­тыл, өт­кір тіл­мен сы­нап та оты­ра­ды. «Ши­ғыр-жыр» ат­ты өле­ңін­де ақын:



Ба­сыл­ған қа­зақ тіл­де та­лай жыр­лар.

Қа­лам­ға қа­рыс бол­ған қо­лы қур­лар.

Пі­кір­ді тұт ал­ды­рып шер­ту үшін,

Қа­рас­ты­рып кі­тап жаз­ған қан­дай сұм­дар.

Жаз­ға­ны бәйіт емес, өлең емес,

Мұн­дай­ды әдет қы­лу өнер емес.

Хия­ли пі­кір­ме­нен ші­рі­ген жү­рек,

Ай­да­саң ту­ра жол­ға кө­нер емес.

Көр­ген жан мұ­нан ғиб­рат шы­ғар де­мес,

Жыр емес, жаз­ған сө­зі ро­ман емес6, —

деп қа­зақ ті­лін­де тас­қа ба­сы­лып шы­ғып жат­қан өлең-жыр кі­тап­та­ры­на қа­тыс­ты өз ойын ай­тып сөз қоз­ғай­ды да, со­лар­дың бір-екеуіне тоқ­та­ла­ды:



Оқы­ды құр­бы­ла­рым са­тып алып,

Хил­ли бір қис­са­ға таң­ға қа­лып.

Қа­ра жер­ді кө­тер­ген Әли ба­тыр,

Арыс­тан бол­ған дей­ді дү­ние­ні алып.

Дию­ме­нен Әли­ді са­лыс­ты­рып,

Жа­зық­сыз қан тө­гу­ге бе­рер ке­ңес.

Бұл — Кәш­ша­фут­дин Шаһ­мар­да­нұ­лы­ның «Ха­зі­рет Әли­дің Жә­нә­біл ша­һа­рын­да тө­бе­лес­ке­ні һәм қис­са­сы» (Қа­зан, 1899) деп ата­ла­тын ді­ни қис­са-дас­та­ны.

Ба­тыр­лық жыр­дан Шо­ра ба­тыр ту­ра­лы бы­лай дей­ді:

Бо­лып­ты бір нән ба­тыр аты Шо­ра,

Қан ішіп ләз­зәт ал­ған шы­бын-со­на.

Со­ғы­сып қан тө­гіс­те қа­зақ жең­се,

Оқу­шы құр­бы­лар­ға мақ­суд бо­ла.

Яғ­ни, бұл сол уақыт­та қа­зақ са­ха­ра­сы­на кең та­ра­ған «Нә­рік­тің ұлы Шо­ра ба­тыр» қис­са­сы (Қа­зан, 1884). Кі­тап­тың ав­то­ры — Мұ­хам­мед­нә­жиб Ға­ли­әк­ба­ров.

Ли­ро-эпи­ка­лық жыр­лар­дың іші­нен «Қыз Жі­бек­ті» де оң­дыр­май сө­ге­ді:

Мақ­тау­лы жыр «Қыз Жі­бек-Тө­ле­ге­ні»

Өті­рік хия­ли сөз сөй­ле­ге­ні.

Оқу­шы­ға не ғиб­рат бо­лар екен,

Жі­бек­тің бұ­қа із­деп күй­ле­ге­ні6.

Мұ­ны­сы Жү­сіп­бек Шай­хис­ля­мов Қа­зан­да бір­не­ше мәр­те бас­тыр­ған «Қыз Жі­бек­тің хи­кая­сы» бо­луы ке­рек.

«Мил­ләт» ат­ты өле­ңін­де қа­зақ хал­қы­на ар­най оты­рып өзі­нің ұлт бос­тан­ды­ғы, мил­ләт тәуел­сіз­ді­гі жайын­да­ғы сая­си ас­та­ры бар ойын жет­кі­зе­ді. «Мил­ләт» ұлт сө­зі­нің сая­си мә­ні­не те­рең ден қойып со­ны қа­зақ­тар­ға жет­кіз­бек бо­ла­ды.

Ғұ­мы­рым ұзақ бо­лып мың жыл тұр­сам,

Ақыл­ды, ашық көз­ді біл­гіш бол­сам.

Мил­ләт де­ген бір сөз­дің ма­ғы­на­сын,

Қа­за­ғы­ма мың жыл­да біл­гі­зе ал­ман...

Дем ал­май жақ тал­ды­рып сөз сөй­ле­сем

Бір сөз­дің ма­ғы­на­сын мың жыл сөй­леп,

Қа­за­ғы­ма мил­ләт ха­лін біл­гі­зе ал­ман...

Мың түр­лі мы­сал­ме­нен жол көр­се­тіп,

Ми­ләт­тің ма­ға­на­сын сөй­ле­сем де

Сон­да да қа­за­ғы­ма біл­гі­зе ал­ман6, —

деп ақын мил­ләт ұлт мүд­де­сі­не нем­құ­рай­ды қа­рап, жай­ба­ра­қат жат­қан қа­зақ­тар­ға өзі­нің өк­пе-на­зын жет­кі­зе­ді. Өлең­де ХХ ға­сыр ба­сын­да пат­ша­лы Ре­сей­дің отар­шыл­дық ез­гі­сі­не қар­сы өріс ал­ған тү­рік­шіл­дік идея анық кө­рі­не­ді.

Жал­пы Ре­сей отар­шыл­ды­ғы­на қар­сы тү­рік­шіл­дік ба­ғыт­ты ұс­тан­ған азат­тық қоз­ға­лыс­тың ба­сы-қа­сын­да кө­бі­не та­тар зия­лы­ла­ры бол­ға­ны бел­гі­лі. Өй­тке­ні «Пат­ша­лық Ре­сей­дің сая­си, эко­но­ми­ка­лық, әлеу­мет­тік жә­не мә­де­ни-ру­ха­ни отар­лауына қар­сы азат­тық қоз­ға­лыс­тың та­тар­лар ара­сын­да қа­лып­та­суы заң­ды құ­бы­лыс еді. Ер­те отар­лан­ған та­тар ұл­ты­ның зия­лы­ла­ры жа­ңа­ша кү­рес ба­ғы­тын қа­лып­тас­ты­ру­да зор рөл ат­қар­ды. Сон­дық­тан да пат­ша үкі­ме­ті та­тар­лар мен қа­зақ­тар­ды ара­лас­тыр­мау­ға ба­рын са­лып бақ­ты. Мы­са­лы, 1909 ж. 5-ақ­пан­да Түр­кіс­тан ге­не­рал-гу­бер­на­то­ры өзі­не қа­рас­ты бес об­лыс­тың әс­ке­ри гу­бер­на­то­ры­на жол­да­ған нұс­қау-ха­тын­да жер­гі­лік­ті ха­лық­тар­дың кө­ңіл-күйі мен бо­л­мы­сын ба­қы­лап оты­ру­ға қа­тыс­ты тап­сыр­ма­лар бе­ре оты­рып, та­тар­лар­ға қа­тыс­ты мы­нан­дай нұс­қау бе­ре­ді: «Түз­дік тұр­ғын­дар­дың ара­сы­на өз ай­на­ла­сы­на ха­лық­ты оқы­ту үшін не­ме­се жа­ңа тұр­пат­ты үз­дік мек­теп­тер­ге қа­тыс­ты пі­кір ал­ма­су үшін топ­тас­ты­ра­тын та­тар мис­сио­нер­ле­рі кі­ріп жат­қан жоқ па?

Та­тар­лар ту­ра­лы бар­лық мә­лі­мет­тер­ді бі­лу ке­рек: олар қай­да тұ­ра­ды, не­мен ай­на­лы­са­ды жә­не жер­гі­лік­ті тұр­ғын­дар­ға қан­дай ық­пал жа­сай­ды». Осы­лай­ша, та­тар­лар бар­лық жер­де қа­таң ба­қы­лау­ға алы­нып, олар­дың емін-ер­кін жү­ріп-тұ­руы­на, қа­зақ же­рі­не ке­луі­не бар­лық ке­дер­гі­лер жа­сал­ды»7.

Мі­не, Зә­риф Кә­ри­ми де қа­зақ ара­сын­да ба­ла оқы­тып ұс­таз­дық ету­мен қа­тар өз өлең­де­рі ар­қы­лы тү­рік­шіл­дік, жә­дит­шіл­дік идея­ны да уағыз­да­ған та­тар зия­лы­ла­ры­ның бі­рі бол­ған. Оған жо­ға­ры­да­ғы өле­ңін­де «мил­ләт» сө­зі ар­қы­лы жал­пы түр­кі­лік ұлт идея­сын кө­те­ре оты­рып:

Ши­ғыр жа­зып, атақ ал­ған ша­ғир бо­лып,

Әр сө­зім се­зіл­ген­дей әсер бе­ріп.

Жыр­ла­ған­да тау­ды-тас­ты қоз­ға­сам да,

Сон­да да қа­зақ­қа дым біл­гі­зе ал­ман, —

деп жал­пы­түр­кі­шіл­дік мил­ләт­шіл­дік­ті қа­зақ са­на­сы­на жет­кі­зе ал­ма­ға­ны­на на­ли­ды.

Жал­пы­түр­кі­лік идея­ға ақын қа­зақ тұр­мы­сын­да­ғы ке­лең­сіз­дік­тер­ді ай­тқан­да, оны бір ұлт­тың ба­сын­да­ғы кем­ші­лік ре­тін­де қа­ра­май, бү­кіл түр­кі мил­лә­тін ке­рі ке­ті­ре­тін қо­ғам­ның ауыруы ре­тін­де қа­рай­ды, сол тұр­ғы­дан сы­най­ды. Сон­дай сын­шыл­дық са­рын­да­ғы өлең­нің бі­рі — «Иғ­лән» (жа­рия ету, әш­ке­ре­леу — Ә.Ә.) өле­ңі. Мұн­да ақын қа­зақ­тар­да­ғы дін­нің на­шар­лы­ғын, дін бұ­зар дүм­ше­лер­дің кө­бейіп, мил­ләт ір­ге­сі­нің сө­гі­ліп, ке­рі ке­тіп жат­қа­нын әш­ке­ре­лей­ді.

Өк­пе­сі­не құрт­тар түс­ті,

Қо­ра­сы­на сырт­тан түс­ті.

Кім бол­са сол тар­тып же­ген

Біз­дің мил­ләт кең бір мил­ләт

Бақ­сы, тас­шы бас­та қал­ды

Дін, ша­ри­ғат әс­те қал­ды.

Со­лар мил­ләт до­ңыз­да­ры...

Жал­ғыз емес, дін көп мұн­да,

Жем қыл­ған­ға жем көп мұн­да...

Біз­дің мил­ләт жан­сыз мил­ләт,

Дер­ті би­ік, зор, хәл­сіз мил­ләт...

Өле қал­са кө­ме­рі жоқ

Біз­дің мил­ләт бір мил­ләт6, —

деп қа­зақ қо­ға­мын­да­ғы ауру­ды жал­пы­түр­кі мил­ләт­шіл­ді­гі тұр­ғы­сы­нан сол на­мыс­та сы­най­ды.

Ал ен­ді бір до­сы­ның қа­зақ­тар­ды бас­қа дүм­ше мол­да­лар си­яқ­ты — өті­рік ба­ла оқы­тып, ақ­ша­сын, ма­лын алып байып ал­май­сың ба де­ген ке­ңе­сі­не («Бір-екі сөз») бы­лай жауап бе­ре­ді:

Бай бо­лу­ды мен де әб­ден жа­ра­тар­мын,

Жа­ны­ма жақ­пас кә­сіп­тен жай жа­тар­мын...

Ба­ла­ның ба­сын бай­ла­май, ба­та сат­пай,

Сон­да да жер ба­сып та­ғам та­тар­мын.

Қа­лам­мен қай­ғы­рып қа­мын же­сем де,

Қа­зақ­ша біл­мей­мін кім­мен қа­тар­мын

Бір сө­зім­нен мың адам пай­да­лан­са,

Их­ти­мал сауаб­қа мен де ба­тар­мын

Мың сө­зім­нен бі­реу пай­да көр­ме­ген

Ша­мам­ша қа­лам­мен со­ны атар­мын6, —

деп қа­зақ қа­мын, ұлт бо­ла­ша­ғын ой­лап тол­ға­на­ды. «Ауыру­лық­та» өле­ңін­де (бұл өлең­ді кей­бір зерт­теу­ші­лер Ма­қыш Қал­та­ев­ті­кі деп жаң­сақ пі­кір­де бол­ға­нын ай­тқан­быз — Ә.Ә.) ақын за­ман­ның өз­ге­ре­ті­ні­не, отар­лық ез­гі­ден құ­ты­лып, түр­кі мил­лә­ті­не бос­тан­дық та­ңы ата­ты­ны­на зор үміт­пен қа­рай­ды.



Өсер көк шөп, жер үс­тін­де тол­қын­дап,

Сай­рар құс­тар не­ше түр­лі мұң­да­нып,

Бо­лар ол күн­де әр­кім­ге бос­тан­шы­лық

Тек мен жа­тар­мын то­пы­рақ­қа был­ға­нып...

Біз­дің дос­тар ол күн­дер­де қуа­нар,

Ке­зіп ерік­ті бос­тан­дық­та жұ­ба­нар,

Үмі­тім жоқ ол ра­хат­ты кө­ру­ге,

Емес­пін ол уақыт­қа же­те алар6.

Өлең­нің «Ауыру­лық­та» деп аты­нан кө­рі­ніп тұр­ған­дай жә­не өлең маз­мұ­нын­да­ғы күй­зе­ліс­ті кө­ңіл-күйі­не қа­ра­ған­да ақын­ның қат­ты нау­қас­та­нып жүр­ген­де жаз­ған ту­ын­ды­сы еке­ні бай­қа­ла­ды.

Қыс­қа­сы, за­ты та­тар З.Кә­ри­ми қа­зақ ті­лін же­тік біл­ме­се де («қа­лам­мен қай­ғы­рып қа­мын же­сем де, қа­зақ­ша біл­мей­мін кім­мен қа­тар­мын»), өлең­де­рін­де кө­бі­не­се, қа­зақ хал­қы­ның ба­сын­да­ғы ауыр хәл­ді ай­тып қай­ғы­ра­ды, ке­рі ке­ті­рер ке­лең­сіз тұс­та­рын сын без­бе­ні­не са­ла­ды, сөй­тіп жал­пы мил­ләт тағ­ды­рын ой­лай­ды, оның жар­қын бо­ла­ша­ғы­на, ерік­ті, мә­де­ни­ет­ті ел бо­ла­тын­ды­ғы­на се­не­ді, сол уақыт­ты шын кө­ңіл­мен ті­лей­ді.

Осы­дан кө­рі­ніп тұр­ған­дай З.Кә­ри­ми өмі­рі­нің кө­бін қа­зақ ара­сын­да өт­кі­зіп, қа­зақ­тар­мен қо­ян-қол­тық ара­ла­сып, бір­ге тір­ші­лік ет­кен. Со­дан Ма­қыш Қал­та­ев­пен де өте жа­қын та­ныс бол­ған. Екеуінің ел ішін­де жү­ріп ба­ла оқыт­қа­ны, өлең жа­зып ақын­дық­пен ай­на­лыс­қа­ны да ұқ­сас, яғ­ни екеуі де мол­да-ақын. Со­ның нә­ти­же­сін­де Ма­қыш­тың көп­те­ген өлең­де­рі мен З.Кә­ри­ми өлең­де­рі ара­сын­да маз­мұн, идея жа­ғы­нан бір-бі­рі­не өте жа­қын. Өзі­нің ел тағ­ды­ры, жер тағ­ды­ры ту­ра­лы ай­тқан­да­ры, ағар­ту­шы­лық ой-пі­кір­ле­рі, сын­шыл­дық са­рын­да­ғы өлең­де­рі, жә­дит­шіл­дік, мил­ләт­шіл­дік­ке қа­тыс­ты ұс­та­ным­да­ры жө­ні­нен қа­зақ ақы­ны М.Қал­та­ев пен та­тар ақы­ны З.Кә­ри­ми шы­ғар­ма­ла­ры бір-бі­рі­мен үн­де­сіп жа­тыр.

Ма­қыш Қал­та­ев­тың та­тар ті­лі­нен тәр­жі­ма­ла­ған екін­ші аудар­ма­сы — Ғ.Ра­ши­ди­дің «Сақ уа сұқ хәл­де­рі» деп ата­ла­тын кі­та­бы. Ғ.Ра­ши­ди­дің өмі­рі, шы­ғар­ма­шы­лы­ғы жө­нін­де та­тар зерт­теу­ші­ле­рі мар­дым­ды еш­те­ңе ай­тпай­ды. Ал, қа­зақ зерт­теу­ші­сі Тоқ­тар Ары­нов­тың де­ре­гі­не сүйен­сек: «ХІХ ға­сыр­да та­тар ақы­ны Ғ.Ра­ши­ди де­ген адам «Сүйін­би­ке» ат­ты кө­лем­ді поэ­ма жаз­ған. Ол поэ­ма араб жа­зуы­мен же­ке кі­тап­ша бо­лып ба­сыл­ған. 24 бет­тік осы поэ­ма­ның бір да­на­сы Қа­зақ ССР-нің Ор­та­лық ар­хи­він­де сақ­тау­лы тұр»8, — де­ген қыс­қа­ша мә­лі­мет бе­ре­ді. Со­ған қа­ра­ған­да Ғ.Ра­ши­ди­дің өз өлең­де­рін, көр­кем шы­ғар­ма­ла­рын жи­нақ­тап, кі­тап етіп бас­ты­рып отыр­ған. Со­ның бі­рі — «Сақ уа сұқ хәл­де­рі» деп ата­ла­тын кі­та­бы.

Ен­ді осы аудар­ма кі­тап­қа кел­сек, бі­рін­ші бет­те ең ал­ды­мен Ма­қыш Қал­та­ев­тың «Оқу па­рыз ба­ла­лар­ға» деп бас­та­ла­тын өле­ңі ба­сыл­ған. Со­дан кейін ба­рып «Әсәр: Ғ.Ғ.Ра­ши­ди. Му­са­хих: Ма­қыш Қал­та­ев. «Сақ уа сұқ хәл­де­рі» де­лі­ніп, ары қа­рай хи­кая бас­та­ла­ды.

Ай­та ке­те­тін бір жағ­дай — ха­лық ара­сын­да кең та­ра­ған осы аңыз не­гі­зін­де ке­зін­де та­тар­дың клас­сик ақы­ны Ғаб­дул­ла То­қай да ұзақ хи­кая жа­зып­ты. Осы хи­кая­ға бай­ла­ныс­ты Ғ.То­қай бы­лай деп мә­лі­мет бе­ре­ді: «Сақ сұқ» ха­лық қия­лы­нан шық­қан бір хи­кая. «Сақ сұқ­тың» мұң­ды, зар­лы хи­кая­сын оның шер­лі, мұң­ды жы­рын «пә­лен­дей адам ай­тқан... Пә­лен­дей жер­де шы­ға­рыл­ған...» деп ту­ра ай­ту­ға, не­гіз­деу­ге мүм­кін емес. Тек өзі­нің екі ба­ла­сын «Сен­дер Сақ-Сұқ бо­лың­дар», — деп ше­ше­сі­нің ті­ле­гі­нен ту­ған ер­те­гі. Сөй­тіп, екі ба­ла­сы «Сақ-Сұқ» де­ген екі құс бо­лып ұшып ке­тіп­ті...» де­ген қи­ял­ды хи­кая. Ше­ше­сі ба­ла­ла­рын қар­ға­ған уақыт­та әке­сі үй­де жоқ екен; со­дан кейін ше­ше­сі де ба­ла­ла­рын із­деп, екеуі қо­сы­лып жы­лай­ды. «Сақ-сұқ» де­ген құс бо­лып ор­ман­ға ұшып кет­кен ба­ла­лар да соқ­қан жел­мен, жау­ған бо­ран­мен ға­на өз­де­рі­нің са­ғы­ныш­ты, мұң­ды сә­лем­де­рін ата-ана­сы­на жет­кі­зе­ді екен...

Осы хи­кая­ны көп­тен із­дес­ті­ріп, әр­кім­нен сұ­рас­ты­рып жүр­ге­нім­де, бұл жыр­ды Қа­зан сау­да­ге­рі Мұ­хам­мет Фа­тих Му­син де­ген адам өті­ну­ім бойын­ша ма­ған жа­зып әке­ліп бер­ді. Со­нан кейін, осы «Сақ-сұқ» жы­рын өзім­ше­леп кей жер­ле­рін тү­зе­тіп (тәр­тіп­ке са­лып), қо­сың­қы­рап жи­на­ғы­ма кір­гіз­дім. Ха­лық ара­сы­на көп та­рал­ған бұл жыр­дың «Сақ-сұқ» ат­ты күйі де жә­не өзі­не ар­нал­ған әні де бар.

«Сақ-сұқ» күйі — аяныш­ты күй. «Сақ-сұқ» жы­ры — мұң­ды жыр. Бұл — ха­лық қия­лы­нан ту­ған хи­кая»9.

Мі­не, Ғ.Ра­ши­ди жыр­ла­ған «Сақ уа сұқ хәл­де­рі» хи­кая­сы да осы Ғ.То­қай ай­тқан сю­жет­ке құ­рыл­ған. Маз­мұн, идея жа­ғы­нан да екі ақын жыр­ла­ған жыр бір-бі­рі­нен ал­шақ­та­май­ды. Мұн­да екі жақ­ты мә­се­ле қа­рал­ған: бі­рін­ші­ден, ба­ла­ға дұ­рыс тәр­бие бер­мей, олар­ды ұрып-со­ғып, қар­ғап-сі­ле­ген ата-ана­ның өкі­ніш­ті хә­лі бол­са, екін­ші­ден — әке-ше­ше­нің ті­лін ал­май, дұ­рыс жол­ға түс­пе­ген ті­ла­зар ба­ла­лар­дың құс бо­лып ұшып кет­кен қай­ғы­лы жағ­дайы ай­ты­ла­ды. Осы ар­қы­лы тәр­бие мә­се­ле­сі кө­те­ріл­ген.

Тек, Ғ.То­қай­дың жы­ры түр­кі ха­лық­та­ры­на ор­тақ фольклор­лық үл­гі­де­гі 7 бу­ын­ды ша­лыс ұй­қас тү­рін­де бо­лып кел­се, Ғ.Ра­ши­ди хи­кая­сы бу­ын са­ны жа­ғы­нан бір­де 7, бір­де 8 бо­лып ал­ма­сып тү­сіп оты­ра­ды да, ара­лас ұй­қа­са­ды. Екі жыр да қа­зақ ті­лі­не ауда­рыл­ған: Ғ.Ра­ши­ди­дің «Сақ-сұ­ғын» Ма­қыш Қал­та­ев тәр­жі­ма­ла­са, Ғ.То­қай жыр­ла­ған жыр­ды Жа­қан Сыз­ды­қов аудар­ды. Атал­мыш кі­тап­та Ғ.Ра­ши­ди­дің осы хи­кая­сы­нан бас­қа баш­па­ғын жо­ғал­тып ал­ған та­тар шә­кір­ті­нің аяныш­ты хә­лі су­рет­те­ле­тін «Бей­ша­ра шә­кірт ма­лай» дей­тін ұзақ оқи­ға­лы өле­ңі мен ке­дей­лі­гі­нен оқу оқи ал­май өмі­рі қор­лық­та өтіп жат­қан та­тар жі­гі­ті­нің мұң­ды мо­но­ло­гы­на құ­рыл­ған «Бей­ша­ра жі­гіт» өле­ңі жә­не ал­ғаш рет са­мауыр­ды кө­ріп, ішін­де қай­нап тұр­ған су­ын ішіп көр­мек­ші бо­лып аузын күй­ді­ріп ал­ған мұ­жық­тың ер­сі қы­лы­ғын сөз қы­ла­тын «Бі­рін­ші са­мауыр» дей­тін мыс­қыл өле­ңі бар.

Ен­ді осы екі кі­тап­тың ауда­ры­луы­на кел­сек, екеуін де М.Қал­та­ев есі­мі ауда­ру­шы (му­тәр­жим) деп емес, «му­са­хих», яғ­ни араб ті­лі­нен аудар­ған­да — тү­зе­ту­ші-кор­рек­тор деп көр­се­тіл­ген. «Му­са­хих­қа» қа­тыс­ты Ма­қыш өмі­рі жайын­да сөз қоз­ға­ған­да бі­раз мә­се­ле­нің ба­сын ашып ай­тқан­быз. Осы­ған бай­ла­ныс­ты ен­ді бір мә­се­ле — та­тар мен қа­зақ хал­қы­ның ара­сын­да­ғы ру­ха­ни ту­ыс­тық бай­ла­ныс. Екі ха­лық­тың ту­ыс­тық қа­ты­на­сы­ның түпта­мы­ры со­нау кө­не та­рих қой­науын­да жат­қа­ны мә­лім. Осын­дай тү­бі бір ту­ыс­тық (екеуі де түр­кі ті­лі­нің қып­шақ бұ­та­ғы) та­ри­хи тағ­дыр­лас­тық (Ре­сей им­пе­рия­сы бо­да­нын­да өмір сү­руі) Қа­зан төң­ке­рі­сі­не дейін­гі ке­зең­де екі ел­дің әде­би, мә­де­ни өмі­рін бұ­рын­ғы­дан да жа­қын­дас­ты­рып, ны­ғай­та түс­ті. Әсі­ре­се «ХХ ға­сыр ба­сын­да та­тар мә­де­ние­ті мен әде­бие­ті ерек­ше өр­леу жо­лын­да бол­ды. Бұл кез­де та­тар мә­де­ние­ті түр­кі тек­тес ха­лық­тар мә­де­ние­ті­нің кө­бі­нен жо­ға­ры тұр­ды. Осы­ған бай­ла­ныс­ты та­тар мә­де­ние­ті өзі­мен көр­ші ту­ыс­тас ха­лық­тар әде­бие­ті­не, оның ішін­де қа­зақ әде­би­еті­не, де өз әсе­рін ти­гіз­ді»10.

Осын­дай жағ­дай екі ел әде­бие­тін, мә­де­ние­тін, жал­пы ру­ха­ни өмі­рін бір-бі­рі­мен то­ғыс­ты­рып, ор­тақ­тас­ты­рып та жі­бер­ді. Сон­дық­тан да Ма­қыш Қал­та­ев екі ел әде­бие­тін бір-бі­рі­нен бө­ле-жа­ра қа­ра­май, ту­ыс­тас екі тіл ара­сын­да­ғы бі­раз айыр­ма­шы­лық­тар­ды ес­ке­ріп, кі­тап­тар­ды та­тар­ша­дан қа­зақ­ша­ға сәй­кес­тен­ді­ріп «тү­зет­тім», яғ­ни, бас­па тер­ми­ні­мен ай­тқан­да, кор­рек­ти­ров­ка жа­са­дым, деуі де осы се­беп­ті бол­са ке­рек. Осы се­беп­тен аудар­ма кі­тап­тар­да М.Қал­та­ев есі­мі мү­тәр­жим (ауда­ру­шы) ор­ны­на му­са­хих (тү­зе­ту­ші-кор­рек­тор) бо­лып жа­зыл­ған.

Әде­би­ет­тер ті­зі­мі



  1. Кен­же­ба­ев Б. Ма­қыш Қал­та­ев // Әде­би­ет жә­не ис­кус­ство. — 1950. — № 12. — 72-б.; Кен­же­ба­ев Б., Ес­на­за­ров Ө. XX ға­сыр ба­сын­да­ғы қа­зақ әде­бие­ті. — Ал­ма­ты: Мек­теп, 1966. — 29-б.

  2. Кен­же­ба­ев Б. Әде­би­ет бе­лес­те­рі. — Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1986. — 261-б.; XX ға­сыр ба­сын­да­ғы қа­зақ әде­бие­ті. — Ал­ма­ты: Мек­теп, 1993. — 51-б.; Қа­зақ әде­бие­ті та­ри­хы­ның мә­се­ле­ле­рі. — Ал­ма­ты: Ғы­лым, 1973. — 145-б.

  3. Ақ­мо­ла: Эн­цик­ло­пе­дия. — Ал­ма­ты: Ата­мұ­ра, 1995. — 112-б.

  4. Қа­ли­жа­нұ­лы У. Қа­зақ әде­бие­тін­де­гі ді­ни-ағар­ту­шы­лық ағым. — Ал­ма­ты: Бі­лім, 1998. — 112-б.; Қа­зақ­тың тә­лім­дік ой-пі­кір­лер ан­то­ло­гия­сы. — Ал­ма­ты: Рауан, 1999. — 201-б.; ҚСЭ. — 6-т. — Ал­ма­ты, 1975. — 434-б.

  5. Ка­ри­мул­ли А. Кни­ги и лю­ди. — Ка­зань, 1985. — С. 189.

  6. Ка­ри­ми З. Ай­на. — Қа­зан: Дом­бров­ский мәт­бу­ға­сы, 1913. — 34-б.

  7. Шіл­де­бай С.Қ. Тү­рік­шіл­дік жә­не Қа­зақ­стан­да­ғы ұлт-азат­тық қоз­ға­лыс. — Ал­ма­ты: Ғы­лым, 2002. — 45-б.

  8. Боз­да­ғым. — Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1990. — 287-б.

  9. То­қай Ғ. Таң­да­ма­лы шы­ғар­ма­ла­ры. — Ал­ма­ты: Жа­зу­шы, 1975. — 288-б.

  10. Ыс­қа­қов Б. Қа­зақ-та­тар әде­би бай­ла­ны­сы. — Ал­ма­ты: Ғы­лым, 1976. — 8-б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет