28-5-бап. Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді соттың бекітуінің салдары
Берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдарлар басталады:
1) борышкер берешегінің барлық түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлдарды, айыппұлдарды) есептеу және сыйақы (мүдде) тоқтатылады;
2) борышкердің шоттары бойынша мемлекеттік органдар қойған барлық шектеулер оларды қойған тиісті органдардың шешім қабылдауынсыз алып тасталады;
3) төлеу мерзімі берешекті қайта құрылымдау туралы келісім жасасқаннан кейін басталған, моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есепке алмай, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, соттардың бұрын қабылданған шешімдерін, төрелік шешімдерін орындау тоқтатылады;
4) борышкердің мүлкіне жаңадан тыйым салуға және оның мүлкіне билік етуге өзге де шектеулер қоюға мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен алуды талап ету туралы борышкерге қойылған талап қоюлар бойынша ғана жол беріледі.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ОҢАЛТУ РӘСІМІ
Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. ОҢАЛТУ НЕМЕСЕ БАНКРОТТЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕРДI СОТ ТӘРТIБIМЕН
ҚАРАУ
38-бап. Оңалту және банкроттық туралы істі қозғау тәртiбi
1. Сотта оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 5-1-бабында көзделген негіздер болған кезде, салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредиторды, мемлекеттік органды немесе мемлекет қатысатын заңды тұлғаны қоспағанда, борышкердің немесе кредитордың (кредиторлардың) өтініші негізінде қозғалады.
Борышкердің банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымының көшірмесін алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті сотқа жіберуге де құқығы бар.
2. Сотта банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған кезде борышкердiң, кредитордың (кредиторлардың), осы Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда прокурордың, осы Заңның 83-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда оңалтуды басқарушының өтiнiшi негiзiнде қозғалады.
3. Сот оңалту рәсiмiн қолдану туралы немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi іс жүргiзуге қабылдау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалды деп есептеледі.
4. Борышкер, оңалтуды басқарушы берген, банкрот деп тану туралы өтiнiш соттың тиiстi шешiмiнсiз қайтарып алынбайды. Кредитордың (кредиторлардың), прокурордың өтiнiштерін олар борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар
Мыналар:
1) борышкер;
2) кредиторлар;
3) кредиторлардың еңбекақы төлеу жөнiндегi өкiлi;
4) прокурор;
5) борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы);
6) уәкiлеттi орган;
7) әкімші оңалту немесе банкроттық туралы iске қатысушы тұлғалар бола алады.
8) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
40-бап. Борышкердiң өтiнiшi
1. Борышкер:
1) заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген органының;
2) борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешiмi негiзiнде оңалту рәсімін қолдану немесе өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнеді.
2. Борышкер осы Заңның 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген жағдайда өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.
Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
41-бап. Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны
1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берiледi. Оған борышкер – заңды тұлғаның басшысы не құрылтай құжаттарына сәйкес оны алмастыратын адам, не борышкер – дара кәсіпкер қол қояды.
2. Борышкердiң өтiнiшi:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауын;
2) кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесiн;
3) онда бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы (жалға алудағы) және (немесе) лизингідегі мүлiк, банктік шоттардағы ақша, шоттардың нөмiрлерi және банктердiң орналасқан жерi туралы мәлiметтердi, орналасқан жерлерi мен берешек сомалары көрсетiлген дебиторлар тiзбесiн;
4) орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi;
5) қызметiнiң табиғи монополия саласына қатысы туралы ақпаратты;
5-1) өзімен уақытша басқарушының немесе уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тұлғаның атауын, жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін;
6) қоса берiлетiн құжаттар тiзбесiн қамтуға тиiс.
Борышкердiң өтiнiшiнде, егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшін қажет болса, өзге де мәлiметтер, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтінішхаттар көрсетiлуi мүмкiн.
Борышкер сотқа өтініш берумен бір мезгілде уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмелерiн жiберуге мiндеттi.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн құжаттар
1. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын орнықты төлем қабілетсіздігін;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
2. Борышкердi банкрот деп тану туралы оның өтiнiшiне сондай-ақ:
1) борышкердің өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);
3) еңбекке ақы төлеу бойынша кредиторлардың (осындай кредиторлар бар болған кезде) банкроттық туралы iске қатысу үшiн олардың өкiлi жасырын дауыс беру арқылы сайланған жиналысының (конференциясының) хаттамасы;
4) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi;
5) егер борышкер табиғи монополия субъектiсi болып табылса, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа жүгiнуi туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынатын қорытындысы;
6) алып тасталды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты талап қоюлар, сот бұйрығын шығару туралы өтініштер, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
8) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
3. Оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішіне кредиторлар жиналысының хаттамасы, сондай-ақ борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жататындығы және оны банкрот деп тану үшін негіздердің бар екендігі туралы қорытынды қоса беріледі.
4. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) борышкердің осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағына сәйкес оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен жүгінуіне негіз болып табылатын уақытша төлем қабілетсіздігін;
3) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге де мән-жайларды растайтын құжаттар қоса берiледi.
5. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне сондай-ақ:
1) борышкердің оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылатын, борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) шешімі;
2) өтініш берілген күнге және өтініш берілген жылдың басындағы, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайда, өтініш берілген жылдың алдындағы жылдың басындағы қаржылық есептілік, тиісті берешектің сомалары мен түзілген күні көрсетіле отырып, барлық кредитор мен дебитордың тізбесі (жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) толық атауы, заңды мекенжайы);
3) соттар iс жүргiзуге қабылдаған, борышкерге қатысты қуынымдар туралы, сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы мәлiметтер;
4) құрылтайшылық құжаттарының көшiрмелерi;
5) борышкер мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
6. Осы Заңның 95-1-бабы 4-тармағында көзделген жағдайда борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану туралы өтiнiшiне:
1) осы Заңның 95-1-бабында көзделген тәртіппен келісілген оңалту жоспары;
2) оңалту жоспарын келiсу туралы кредиторлар жиналысының хаттамасы;
3) оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру ескеріле отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы банкроттықты басқарушының қорытындысы қоса берiледi.
Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 399-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-бап. Борышкер өтiнiшiнiң қаралмай қайтарылуы
Ескерту. 43-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
44-бап. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi
1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитордың (кредиторлардың), сондай-ақ Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің өтiнiшi негiзiнде қозғалуы мүмкiн.
2. Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiнде:
1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;
2) борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы, тұрған жері;
3) кредитор (кредиторлар) – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері немесе кредитор (кредиторлар) – заңды тұлғаның атауы, тұрған жері;
4) борышкердiң кредитор (кредиторлар) алдындағы оның талабы туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;
5) осы кредитордың (кредиторлардың) борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;
6) мiндеттеме бойынша берешектің және осы сомаға есептелген сыйақының (мүдденің), борышкерден өндiрiп алуға жататын тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) және залалдың сомасы;
7) кредитор (кредиторлар) талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісі немесе атқарушылық құжат, борышкердің борышты мойындауы, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор өтініш беруші болып табылған жағдайда – Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында көзделген тәртіппен салықтық берешекті, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасын қабылдау туралы мәліметтер);
8) борышкердегі мүлiк туралы кредиторға (кредиторларға) белгiлi мәлiметтер;
9) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) қоса берілетiн құжаттар тiзбесi;
11) уақытша басқарушының немесе уақытша әкімшінің өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасасқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетілуге тиіс.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының кандидатурасын таңдау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;
12) егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
3. Кредитор (кредиторлар) сотқа өтініш берумен бір мезгілде өтiнiштiң және оған қоса берілетiн құжаттардың көшiрмелерiн борышкерге, уәкiлеттi органға жiберуге мiндеттi.
4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Кредитордың өтінішіне қоса берілетін құжаттар
1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiппен және мөлшерде төленгенiн;
2) кредитордың өтiнiшi мен оған қоса берілетін құжаттар көшiрмелерінiң борышкерге және уәкiлеттi органға жiберiлгенiн;
3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерiн, сондай-ақ осы мiндеттемелер бойынша берешектiң бар екендігін және сомасын;
4) кредитор талаптарының (атқару құжаттары, соттың шешiмi немесе кредитор талаптарын борышкердiң жазбаша түрде тануы) негізділігін;
5) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) кредитордың өтiнiшi негiзделетін өзге де мән-жайларды (бар болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледi.
Кредитордың өтiнiшiне кредитор мен әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлға арасында жасалған, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісімнің көшірмесі қоса беріледі.
Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, уақытша басқарушының өкілеттіктерін жүзеге асыру туралы келісім жасалмайды.
2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Оңалту рәсімін қолдану туралы кредитордың (кредиторлардың) өтінішіне:
1) белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін;
2) борышкерге өтініш пен оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің жіберілгенін;
3) борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін, сондай-ақ осы міндеттемелер бойынша берешектің бар екендігін және сомасын;
4) алып тасталды - ҚР 22.04.2015 № 308-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) кредитор өтініші негізделетін өзге де мән-жайларды (болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледі.
4. Кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің өтінішіне осындай қатысушылардың Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған борышкерді банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы арызбен сотқа жүгіну туралы шешімі қоса беріледі.
Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |