ҚОҒамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы



бет8/27
Дата30.06.2016
өлшемі3.67 Mb.
#167846
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Көкөністен жасалған жартылай өңделген өнімге арналған жүктеменің орташа мөлшері – 180...220 кг/м2, ал еттен, балықтан жасалынған және кондитерлік өнімдікі 80...100 кг/м2 [1, б. 203]. Жартылай өңделген және дайын өнімдерді қозғалмалы сөрелерде СП-125, СП-230 сақтайды.

Экспедициялық ыдысты қабылдау және зерттеуге арналған бөлменің ауданы жартылай өңделген, кондитерлік және кулинарлық өнімдер үшін қалыптасқан жабдықтау бойынша есептеледі. Қондырғыға тауар астына қоятын сөрелер, қозғалмалы сөрелер СП-125 және СП-230 қабылданады..

Жартылай өңделген, кулинарлық және кондитерлік өнімдерге арналған жуғыш ыдыстар бөлек жобаланады. Ыдысты өңдеу және оны өндірістік цехтарға беру процесінің жүйелігін ескере отырып, ыдысты қабылдау, зерттеу, жуу және сақтау бөлмелерін,аралас – құралас орналастыру қажет. Ыдысты жууға арналған бөлменің ауданы ас үй ыдысының жуғышы сияқты тәулік бойы өңделетін ыдыстың 50...60% үлесінен шыға отырып есептеледі («Бөлмелердің көмекші топтарының есептеулері» бөлімін қара).

Басқа экспедициялық бөлмелер ауданының есептеулерін, ВНТП-04-86-да келтірілген кәсіпорынның 1 т қуаттылығына аудан мөлшерін ескере отырып жүргізіледі.

Үлкен кәсіпорындарда жартылай өңделген өнімдердің және дайын өнімдердің жабық, жылытылатын, теңестірілген бөлмелермен жабдықталған бокс-бөлмелерден шығарылуын қарастыру қажет. Тәулігіне 15 т-ға дейін дайын өнімді және жартылай өңделген өнімдерді шығарған кезде автокөлікті жүктеуге арналған экспедициядағы бокстардың саны – 2...3.

Жоспарда бокстардың өлшемдері автокөліктің жүк түсірілетін платформаға артқы борттың қабысуы ескерілуі керек. Автокөліктің және құрылыстың қалған үш жазықтықтың арасындағы қажетті саңылаудың әрбір жақттарынан 0,5 м-ге тең деп қабылданады.

Қуаттылығы аз кәсіпорындарда биіктігі көліктің астау биіктігіне сәйкес келетін, ені екі арбаның қозғалысы бос болатындай орналасқан автокөліктік рампаны ескеру керек.

Рампаның ұзындығы бір уақытта рампаға жүк тиеу үшін жақындаған автокөліктер санымен анықталады

(22)
мұндағы Lавтокөлік рампасының ұзындығы, м;

bмавтокөліктің орташа ені, м;

п – бір уақытта жүк тиеп жатқан көлік саны, дана.
Автокөліктер арасындағы арақашықтық автокөліктің орташа енінің жартысына тең деп қабылдайды.

Дайындау кәсіпорындарды өндіретін жартылай өңделген өнімдерді, кулинарлық және кондитерлік өнімдерді тасымалдауға арналған автокөлік саны, бір уақытта жеткізілетін өнімдердің көлемі, тасымалдау қашықтығы, көліктің жүк көтергіштігі мен жылдамдығы бойынша анықталады.

Автокөліктің қажетті санын есептеу (А) мына формуламен анықталады
(23)
мұндағы Q жалп – жеткізелетін жартылай өңделген өнімнің, кулинарлық және кондитерлік өнімнің жалпы мөлшері, кг;

gавтокөліктің жүк көтергіштігі, кг;

j - жүк көтергіштікті пайдалану коэффициенті; j = Q/g,

a жолға шыққан жылжымалы құрам коэффици­енті (a = 0,8);

р – тасымалдау саны;

Qыдысты ескере отырып, бір апарып келген тасымалдау кезіндегі, жартылай өңделген өнімнің, кулинарлық және кондитерлік өнімдердің салмағы, кг.
Жетілдіру кәсіпорындарын қуаттылығы 1-ден 5 т-ға дейін кулинарлық комбинаттардағы жартылай өңделген өнімдермен, кулинарлық және кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған көліктің шамалы саны 62-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 62 – Кәсіпорындарды қамтамасыз етуге қажетті автокөліктердің үлгі саны

Кулинарлық комбинаттың қуаттылығы, т/тәулік

Автокөліктің қажетті саны

ИЖ-2715

УАЗ-452

1

2

3

1

2

1

2

4

2

3

6

3

4

8

5

5

10

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет