Серіктері «төрт жүз жылға дейін өміріміз жетпей қалады-ау» деп күмәнданып тұрғанда, пайғамбар сөзін қайта жалғап: – Егер кімде кім бұл аманатты менің үмбетіме жеткізер болса ол адам пейіште Алла жамалын көреді, – депті. Сол кезде ортаға жақын серіктерінің бірі Арыстан сахаба шығады да пайғамбарға қарап: – Иә, Алланың елшісі. Аманат-құрманы жеткізуді маған тапсырыңыз. Құдай қолдаса, аманатыңызды жеткізермін, – депті. – Бәрекелді! – Бәрекелді! – Жарайсың Арыстаным менің! – Дегеніңе жет! – Алла жар болсын! – Алла жар болсын! – деп отырған барлық сахаба қуанысып қалады. Сонда Мұхаммед пайғамбар: – Уа, менің құрметті серігім. Тәуекелге бел байлағаныңа ризамын. Алла жолыңды оңғарсын, мақсатыңа жет! – деп батасын беріпті. Мұнан соң Арыстан баб: – Уа, Алланың елшісі, менің сізге айтар датым бар! – депті. – Датың болса айт! – Бұл құрманы жеткізу үшін маған ұзақ ғұмыр керек. Тәңірден менің өмір жасымды ұзартуын сұрап, дұға қылсаңыз, – дейді. Пайғамбар: – Иә, Алла, Арыстан сахабаның ғұмыр-жасын ұзақ қыл! Оны рақымың мен игілігіңе бөлей көр! – деп дұға жасапты. Сол кезде Жебірейіл періште: – Уа, Алланың елшісі! Сүйінші! Сүйінші! Алла сенің бұл тілегіңді қабыл етті. Арыстан бабтың өмірін ұзартты, – деген екен. Мұхаммед пайғамбар мұны естіп, қуанып қалады. Ол құрманы беріп тұрып: – Аузыңды аш, Арыстан баб! Мына құрманы тіліңнің астында сақтағайсың. Таңсәріден тұрып, менің Ахмет атты үмбетімді іздеп сапар шегесің. Арып-ашып, жердің жүзін шарлайсың. Бармаған жерің, баспаған тауың қалмайды. Ақыры бір мекенге келіп жетерсің. Түркілер мекендеген Сайрам шаһарына кез боларсың. Осы шаһарда үлкен бір медресе бар. Аманаттың иесі – осы медресенің шәкірті. Оның медресеге кірген ізі болса да, шыққан ізі болмайды. Аманатты өзі келіп, сенен сұрап алады. Оған Құдай сондай артықша қасиет берген, – депті. Арыстан баб: – Иә, Расул! Бұл аманатты аман-есен барып тапсырып, міндетіңізден құтылармын, – дейді. Арыстан баб ұзақ жыл сапар шегіп, Сайрам шаһарына ақыры жетіп жығылады. Қашық жолдан қажыған ол дем алмақ болып, ілім ордасының маңында ағып жатқан Сайрам суының жағасында сәл аялдайды. Сол кезде медреседен жас бала шығып, бұған қарай аяңдапты. Әлгі бала Арыстан бабқа жете бере сәлемдеседі. – Ассалаумағалейкум, Арыстан баб! Жоғың болса, кешікпей тап! – дейді тақылдап. Арыстан баб та іздеген адамының осы екенін білу үшін: – Балам, есімің кім? – деп сұрайды. – Атымды қайтесіз, аманатымды беріңіз, ата? – Балам, атың Ахмет екен. Ішің тола хикмет екен. Аманатыңды ал, аузыңды аш! – дегенде, төрт жүз жыл бойы сақтаған құрма ұшып барып, шәкірттің аузына кіреді. Бала Ахмет құрманы жұтып жібереді. Сонда Арыстан баб: – Аманатыңды осынша жыл сақтағанда, еңбегімді елемегенің қалай? Маған сүйегі ғана қалыпты, – дейді. – Ата, онда жұрт, алдымен сізге түнесін, бізден тілесін, – депті. Құл Қожа Ахмет Ясауиге «аманат құрманы» жеткізген Арыстан баб осылайша халық арасында оның ұстазы ретінде айтылады. Ел ішінде «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз содан қалыпты-мыс. Қожа Ахмет Ясауидің Сайрамдағы алғашқы ұстазын атаңыз.
Сайрам қаласында «Ақата баба» атты кесене бар. Жергілікті халық Ақата бабаның шын есімі Шахабатдин Исфиджаби екенін айтады. Тақуалығына байланысты жұрт оны «Ақ ата» деп атаған көрінеді. Сайрамдық осы Ақ Ата бабаны Қ.А. Ясауидің алғашқы ұстазы болған деседі Ясауидің Баба Машынмен пікірсайысы туралы баяндаңыз
ожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанынан ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар да хабардар болады. Күншілдік шіркін қойсын ба, көре алмаған кейбірі Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да тосқауыл қоюды ойластыра бастайды. Солардың бірі — Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің ілімі мықты деген 400 шәкіртімен Ясы қаласына Қожа Ахметті іздеп келеді. Ясыға келген соң, Қожа Ахметке жолығып, «Елді бүлдіріп, жолдан шығарып жүрген жасыл шапанды сенбісің?» деп, дүрсе қоя береді. Күн сайын барлық адамның көзінше жиырма төрт миль қашықтыққа ұшып барып келетін ол қол жеткізген рухани дәрежесінің әсерінен көкіректеніп, тәкаппарлық көрсетіп, Қожа Ахмет Ясауидің мәжілісінде әйел-еркек бірге отырғанын көріп кінәләмақшы болады. Оңайлықпен басыла қоймаған Баба Машынды Қожа Ахметтің бұйрығымен шәкірттері Хакім ата мен сопы Мұхаммед Данышпан теккенің (сопылардың, дәруіштердің мәжіліс құратын жері) тіреуіне мықтап байлап тастайды. Жүз кісінің шамасы келмейтін ердің екі кісіге әлі келмеді, Хазірет өзінің дүрешісіне: «Сен бұған бес жүз қамшы дүре соқ!» деп бұйырды. Жүсіп бес жүз қамшыны санап ұрды.