Қожа Ахмет Яссауи қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам елдімекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде ол көне Сайрам (Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келіп, 1166-67 жылдары қайтыс болды деп жазылған. Жастық шағы да осы Сайрам қаласында өткен. Әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адам болған. Анасы Қарашаш (Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды да аяулы адам болған делінеді. Ел-жұрт бұл кісілер дүниеден өткенде, екеуіне де күмбез тұрғызып, белгі соққан көрінеді. Ол ескерткіштер әлі күнге дейін Сайрам елдімекенінде сақталған. Дегенмен, Қожа Ахмет Яссауидің Сайрамдағы жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың қасы. Тек кейінгі жылдары Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен ата-бабалары туралы қызықты деректері бар бір құнды шежіре табылды. Осы шежіре бойынша басылған «Шажараи-Саодат» атты кітапшада Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһимның арғы бабалары Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлидің (р.а.) Мұхаммед Ханафия атты ұлынан тарайтыны айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде Сайрам қаласындағы ескі, бұзылған үйдің қабырға жапсарынан табылған екен. Тапқан – Сайрамдық Саидикрам Саидакбаров деген кісі. Кейін бұл алты метрлік Қытай қағазына жазылған қолжазба Шымкент қаласында жеке кітапша болып басылды. Ахмет Яссауидің есімімен «Қожа» сөзінің қосарланып аталуы жөнінде де бұл «Шежіреде» берілген түсініктің мәні өте зор. Мұнда осыған орай: «Оның әкесі Шейх Ибраһим болса, арғы аталары Махмұд Шейх, Ифтиһар Шейх, Омар Шейх шежіресі Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы болған Хазірет Әлидің Ханифа есімді әйелінен туылған Мұхаммед Ханафияның әулет-ұрпақтарына барып тіреледі. Әнтәл хәди» сөзінің мағынасын ашып, тура жолдың мұсылмандар үшін маңызы қандай екендіӘнтәл хәди» сөзінің мағынасын ашып, тура жолдың мұсылмандар үшін маңызы қандай екендігін түсіндір? Зікір аты. Алладан медет тілеу зікірі.
Қожа руының шығу тарихы туралы не білесіз