Сүлеймен Бақырғани (Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата) (XII ғ-дың 2-жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті. Еңбектері – Бақырған кітабы (қыпшақ тілінде жазылған өлеңдер жинағы), Хазрет Мариям кітабы, Ақыр заман кітабы. Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Дамаск қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Хакім Ата деген атпен белгілі. Зеңгі баба туралы не білесіз?
Дүниеге іңгәлап келгенде ата-анасының Зеңгі бабаға азан шақырып қойған аты Айқожа екен. Талайға аңыз болған бұл кісінің түсі тумысынан қап-қара болған соң халық оны Зеңгі ата деп атап кетіпті.
Оның төрт атасын білмеген жан тәкбірге күмәндар болады. Яғни, ол адам тәкбір айтуды дұрыс білмейді деп есептеледі. Зеңгінің әкесі – Тасқожа, атасы Мәлекқожа, бабасы Мансұрқожа (Мансұр ата) арғы бабасы Арыстан бап.Зеңгі ата бақташы болып, елдің падасын жиып баққан көрінеді. Оның өз меншігінде де қара малы аз болмапты. Баба сиырдың тұқымын молайтып, топ-тобымен жайып,асылдандарып көбейткен екен «Мединеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» сөзіне талдау жасаңыз---------
Қожа Ахмет Ясауидің арғы ата-бабалары туралы баяндаңыз Түрік мемлекеттерінің саяси әрі мәдени-дүниетанымдық негізде қалыптасуы мен ондағы адам санасының құндылықтық-құбылыстық рухани жаңғыруының көш басында алғаш түркілік руханият мектебінің іргетасын қалаған ұстаз Қожа Ахмет Яссауи тұрды. Оның ілімі традиционалист ғұламалардың формализміне, сыртқы ғибадат феноменологиясына қарсы мән, мазмұнға маңыз берген, шынайы парасаттылық пен адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырды.