Баба Машын болса соққан дүрені шыбын шаққан ғұрлы көрмей, қаперіне де алмады. Бес жүз дүрені ұрып болған соң, Хазірет: - Тағы бес жүз дүре соқ! — деді. Мырза Жүсіп алғашқы қамшы ұрғаны сол, Баба Машын құлындай шыңғырып, ойбайын салды. «Енді босатыңдар» — деді, Хазірет. Отырған жарандар таңдана Хазіреттен сұрады: - Бес жүз қамшы ұрғанда даусы шықпады, ал бір қамшы ұрғанда құлындай шыңғырды, мұның себебі не?, Мұның арқасында Ифрит диюы орналасып алған еді, ол тосып тұрып, қамшыны мұның денесіне дарытпады. Мен айтқан бес жүз қамшы ұрылып болған соң, ол дию: - Енді ұрмайды, — деп кетіп қалған еді. Оның кеткенін көріп, енді қайтер екенсің деп қасақана дүре соқтырып едім, — дейді Хазірет. Соңғы дүре Баба Машынға әсер етіп, жыннан құтылды. Енді тіреуден босатыңдар. Қол-аяғы босаған Баба Машын Қожа Ахмет Ясауиді пір тұтып, аяғына жығылды. Одан кейін Хазірет ата есін жиған Баба Машынға қарап: - Өзіңнің қайдан екеніңді білдің бе? — деп сұрады. Ол көз жасы көл болып, әдепсіздігі үшін Ясауиден кешірім сұрап, тәубесіне келді. Атаның шәкірті атанды. Үш рет қылуетке бірге түсіп, Хазіреттің сүйікті шәкірттерінің біріне айналды. Ясауидің шәкірті Имам Марғозы туралы хикаяны және оның кесенесі орналасқан жерді атаңыз
ХІХ ғасырда шикі кірпіштен салынған дәстүрлі сәулеттік құрылыстардың бірі. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Бұл әулиенің кесенесі Түркістаннан 7 шақырым қашықтықта Шобанақ ауылының оңтүстігіндегі биіктеу төбеде, ескі қорымда орналасқан. Қорымды жергілікті халық «Көктонды ата әулие қорымы» деп атайды. Бұл күмбезделінген және мұнаралы құрылыс. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән, сәулеттік шешіммен тұрғызылған. Тарихи ескеркіштің алғашқы келбетінің бір жағы кейіннен қосылған шілдехана құрылысынан көрінбей қалған. Бас фасады қос мұнарасы бар порталдан тұрады. Сонымен қатар мұнараларының ішінде шатырға көтерілетін айналмалы баспалдақтар орналасқан. Кесененің жалпы көлемі 10 х 12 метр. Кірер есігі алдында оң мен солға жүретін бір метрлік кіші дәліз бар. Оң дәлізбен жүріп айналмалы баспалдақ арқылы төбеге шығады, сол қанаттағы дәліз арқылы 4 х 3 метрлік бөлмеге, одан 6 х 3 метрлік шілдехана бөлмесіне өтеді. Бөлменің ортасына 1 метрлік темір торлы терезе қойылған. Терезе арқылы Имам Марқозының қабірі қойылған қабірхана бөлмесін көруге болады
Ясауидің шәкірті Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата) туралы баяндаңыз