КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 2-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ 1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: сөйлеу тілі емес және сөйлеу тілі қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру; мінездің жағымсыз жақтарын түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі: Мимикалық қимылдарды (қасты көтеру, түсіру, түю; ерінді бұртиту, созу, бұрыштарын түсіру, күлімсіреу; мұрнын тыжырайту және т.б.) дамытуға арналған жаттығулар.
«Таны және жина!» кесілген эмоциялық түрлердің көмегімен мимикаға қарай эмоциялық жағдайды тани білуге жаттықтыру ойындары.
Ерекше ишыраттарды дамытуға берілген этюдтар: «Сиқырланған бала», «Бер!», «Кет!», «Мен білмеймін!», «Қар лақтырысып ойнау».
Қуаныш, қайғы, мұң, қиналу, қанағаттану және т.б. әр түрлі сезімдерді беруге арналған этюдтер («Досыңмен кездесу», «Тәтті кәмпиттер», «Тұзды шәй», «Ой, ой, ішім ауырып тұр!» және т.б.).
«Мен деген не?», «Айналайын, айна, айтшы маған!» ойындары.
Жағдаятты-рөлдік ойындар: «Менің жанұямның кеші», «Жанұяға».
Шапшаң қимылды ойындар: «Ұстап алушы».
Ұялшақтықты жеңуге арналған ойындар: «Сабалақ ит», «Күлкілі тышқандар» және т.б.
Ертегілерді ойнауға ойын конкурстар: «Менің сүйікті ертегім» және т.б.
ІІ ТАРАУ. ҰСАҚ ҚИМЫЛДЫ, ҚОЛДЫҢ КӨРУ-ҚИМЫЛ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР Білім, икемділіктер, дағдылар: қолдың ұсақ қимылын және қолдың көру-қимыл үйлесімділігін, сондай-ақ оқушылардың еркін зейіндерін дамытуды жалғастыру; «көз-қол» жүйесі бойынша, сондай-ақ зейіннің кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі: Ойындар – «Не өзгерді, тап», «Жапырақтың түсі қандай, тап», «Ұшады – ұшпайды?».
Этюдтер: «Мен – ағаш», «Сиқырланған патшалық».
Ойындар: «Түймелер», «Кішкентай маймылдар».
Қозғалыс автоматизмін жеңуге берілген ойындар – «Мархабат», «Тыйым салынған қимыл», «Жаса да қатып қал» және т.б.
Графикалық диктант (Д.Б.Эльконин әдістемесі бойынша).
Зейінді дамытуға берілген ойындар – «Не естіледі?», «Баспа машинасы», «Бір, екі, үш – айт!», «Тығылмақ», «Менің сңымнан қайтала» және т.б.