ІV ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ, ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР Білім, икемділіктер, дағдылар: танымдық қызмет негізін – есте сақтау, ойлау және елестетуді дамытуды жалғастыру; есте сақтау, ойлау, елестету элементтеріндегі кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі: Есте сақтауды дамыту ойындары:
Ауладағы әткеншекте екеуіңнің де бірінші болып тепкілерің келгендіктен досыңмен ренжісіп қалдың. Сен өз кезегіңді досыңа беруге, өзіңді қалай үгіттер едің?
Ата-анаң қонаққа кетті, ал үйдің іші былығып жатыр. Сен үй ішін жинауға, өзіңді қалай үгіттер едің?
Үзілісте сен абайсызда парталас көршіңді итеріп қалдың, ол құлап қалды. Ары қарай не болады?
Әңгімені аяқта: «Балалар таңертең мектепке қарай асықты, олар көшенің жолаушылар жүрмейтін жерінен, жүгіріп өте бастады ...».
Кішкентай балаларға ертегі ойлап тап және оны бейнеле.