Ойын терапиясы


ІV. Өзіне және басқаларға деген қарым-қатынасы



бет40/93
Дата24.01.2024
өлшемі0.74 Mb.
#489632
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ НА ДОМУ(1)

ІV. Өзіне және басқаларға деген қарым-қатынасы.
Суретті тесттер: «Менің жанұям», «Менің арманым», «Мен неден қорқамын» және т.б.
Өзінің жанұясының, неден қорқатынын, не туралы армандайтынын және т.б. суретін салуды ұсынады (бірден барлық тақырыпты бермей, бірізділікпен ұсынылады).
Нәтижесі: Жанұя құрамының бұрмалап салынуы – эмоциялық жайсыздықтың, жанжалдың белгісі. Фигуралардың орналасу орны мен көлемі жанұядағы өзара қарым-қатынасты білдіреді. Кімнің бойы биік, сол жанұяда басты, балаға кім жақын орналасса, сол балаға жақын. Егер бала өзін жеке салса, онда ол оқшауланған. Өзін өзі бағалауы төмен бала өз суретін қағаз бетінің кішкентай бөлігіне салады. Дене мүшелерінің суреттері: бас – ақыл және бақылау, дене – сезім, құмарлық, мойын – эмоцияны ақылмен бақылау мүмкіндігі, қол – жақындарымен қатынас орнату, аяқ – шынай жағдайдағы тірек және қозғалыс еркіндігі. Бетәлпетте: көз – мұң, алаңдаушылық және бақылау мүшесі, құлақ – ақпаратты тыңдау мүмкіндігі (тіптісынды да), ауыз – сөйлеу, тамақ жеу және ... шабуылдау мүмкіндігі.
Секемшіл және өздеріне сенімсіз балалар – жарты қағаз бетін ала, қайта-қайта салынған суреттерді жиі өшіреді. Ашық бояулар (жасыл, сары, көгілдір) жағымды жағдайды білдіреді, ал «көңілсіз» бояулар (қара, қара көк) – эмоциялық аясының төмендігін көрсетеді.

  1. Баланың тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктері (Рене Жиль әдістемесі).

  2. Розенцвейг тесті (баланың жанжалды жағдайдағы тәртібінің ерекшелігін зерттейді).

  3. Адамгершілік түсініктердің сауалнамасы (Т.А. Репина әдістемесі).



Ұсақ қимыл, көру-қимыл үйлесімділігінің даму деңгейін диагностикалау



  1. Корректуралық сынаулардың әдістемесі.

Нәтижелерді бағалау:
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 1-2 қате жіберсе, онда «+» белгісімен бағаланады – 1 деңгей (жоғары).
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 3-4 қате жіберсе, онда «+» белгісімен бағаланады – 2 деңгей (орташа).
Егер бала 5 немесе одан да көп қате жіберсе, онда тапсырма орындалмады деп есептеліп, «–» белгісімен бағаланады – 3 деңгей (төмен).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет