28- тақырып. Менің ойлау қабілетім. Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау қызметін өзі жетілдіруге деген талабын қолдай отырып, ойлауды, оны іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Сайыс ойыны: «Мен және менің ойлау қабілетім».
Тапсырмалар: 1. Жаттығулар: «Дәл сондайды іздеу», «Ортақты іздеу», «Мақалдарды түсіндір». 2. Есепті құрастыр, «Жағдаятты тап». 3. «Махъаббат дегеніміз не?» тақырыбына шағын шығарма.
Пікір талас: «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүремін».
29- тақырып. Қиял әлемі: еріксіз елестету Білім, икемділіктер, дағдылар: еріксіз елестетуді, оны іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Тыныштық минуты: Өзіңді сиқырлы «Қиял» еліндемін деп, көз алдыңа елестетші.
Ойындар: «Қиялшылдар», «Сиқыршылар».
Тапсырмалар: «Көрген түсіңнің суретін сал» (суреттер вернисажы).
Ойын тесті: «Түс көруді қалай оралтуға болады?»
Тапсырмалар: Ұйықтар алдында өзіңе түсті қалауға тырыс. Сен шынайы жағдайларды түсіңде жалғастыра аласың. Егер бірден болмаса, ренжіме. Содан кейін бәрі де болады. Сен бір түске қайта-қайта орала аласың, немесе жаңасына саяхат жасай аласың. Не шықты?
Қалауың бойынша түс көру:
қолымнан келмейді – 1 балл
болады, бірақ үнемі емес – 5 балл
әрқашанда қолымнан келеді – 10 балл.
30-31- тақырыптар. Ерікті елестету: қайтадан еске түсіру және шығармашылық Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті елестетуді, оны іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Ойындар: Ойнаушылардың жағдайын талдай отырып, «Айналу» ойынын ойнау (құсқа, жануарға, затқа).
Шығармашылық тапсырмалар: 1. Ертегі, әңгіме, оқиғаны ойлап табыңдар және бейнелеңдер. 2. Адам тұрмайтын аралдағы өзіңді және жолдастарыңды сипатта немесе суретін сал (ұжымдық сурет, оқиға). Көрсету. 3. «Мен ғимаратпын», «Мен сақинамын», «Мен ағашпын» жаттығулары (босаңсуға таңдау бойынша).