54
8) Геннің құрамына кіретін ДНК-ның молекулалардың репродукциялану
қабілеттілігі
болады. Сондықтан
гендер
əрбір
кез-келген
зақымдануларын мутацияларға ұшырамайды.
9) Генотип – дискретті болса да (бөлек гендерден құралатын болып)
(дискретті-үзілмелі) – біртұтас болып қызметін атқарады. Геннің
қызметін атқаруына ішкі жəне сыртқы ортаның факторлары əсер етеді.
ДНҚ – бұл организмнің биохимиялық жəне клеткалық қызметін ұстап
тұратын жəне оны қалыптастыруға жауапты молекула. Екі процесс – реплика-
ция жəне экспрессия биологиялық жүйенің мəнін анықтайды. Бұл
екі процесс
кешенді түрде биологиялық əралуандылықты сақтап тұратын эволюциялық
жаңаруды енгізеді.
1. Д.Уотсон жəне Ф.Крик бойынша ДНҚ құрылымы:
1.1. Дезоксирибонуклеотид – ДНҚ молекуласының құрылымдық бірлігі, ол
үш компоненттен тұрады: дезоксирибозаның бес атомды көміртегі; пуринді (А,
G) немесе пиримидинді (C, T) азоттты негіз жəне фосфорлы топ. Бұл компонен-
ттер өз араларында ковалентті байланысқан.
ДНҚ интакты молекуласының құрамында организмнің түріне қарай бірнеше
мыңнан миллионға дейін нуклеотид болады.
1.2. ДНҚ – бұл
формасы дұрыс, спираль тəрізді екі тізбекті полимер,
тізбектері бірінің сыртында екіншісі оралған, жəне жалпы ось бойынша
оралған. ДНҚ тізбектері антипарпллелді.
1.3. ДНҚ дезоксирибонуклеотидтердің
құрамы Чаргаффтыңережесіне
бағынады (комплементарлық), мұнда пуриндер саны (A,G) пиримидиндер са-
нына (T,C) сəйкес, жəне керісінше. Дезоксирибонуклеотидтердің қатаң тəртібін
ген деп аталатын жеке генетикалық элементтің ақпараттық құрамы анықтайды.
Тірі материяда генетикалық материалға байланысты тіршілік үшін негізгі екі
процесс жүзеге асады. Біріншісі дəлдіктің жоғары дəрежесімен (репликация)
өндіріледі, ал екіншісі – ақуызды өндіру үшін ақпаратты кодтайды.
2. ДНҚ репликациясы.
ДНҚ синтезі (түзілуі) – бұл күрделі биологиялық механизм. Уотсон жəне
Крик бойынша ДНҚ əр бір екі тізбегі жаңа тізбекті түзуші шаблон болып
есептеледі. Репликация өнімі ДНҚ қос тізбекті молекулалары болып табылады.
Оның əр қайсысы бастапқы жəне қайта түзілген тізбектен тұрады.
Репликацияның мұндай əдісін
жартылай консервативтіге жатқызады.
ДНҚ репликациясы генетикалық ақпаратты беруде үлкен рөл атқарады.
55
7.1 - сурет. ДНҚ екі тізбекті молекуласының химиялық құрылымы.
Сахарофосфаттар сыртында орналасқан жəне теріс зарядталған; азотты
негіздер ішінде орналасқан. Екі тізбектің спиралдануы көрсетілмеген.
3. Ген экспрессиясы.
Ген экспрессиясы – геннің
өзін көрсетуі, ол клетка үшін ақуызды
синтездейді.
Экспрессия транскрипция жəне трансляция арқылы жүзеге асады. Транс-
крипция – бұл ДНҚ молекуласында РНҚ синтезделуі. Бір полипептидті
тізбектегі амин қышқылдарына ақпаратты беретін РНҚ-мен санасатын ДНҚ
бөлімшесі
транскрипциялық
бірлік
деп
аталады. Транскрпцияның
эукариоттардағы құрылымдық геннің функционалды
өнімі алғашында РНК,
соңынан – мРНК болып табылады.
Трансляция – бұл полипептидті тізбектің амин қышқылдарына мРНҚ ко-
дондарында орналасқан ақпараттың аударылуы. Бұл үрдіс рибосомаларда өтеді.
Бірнеше рибосомалар мРНК молекуласына жіпке тізілген моншақ тəрізді
тізіліп, полисомалар құрай алады. Рибосомалар жалпы қалыңдығы 1,5 нм жіпке
тізілген, жəне бұл мРНК1 тізбегінің қалыңдығына сəйкес келеді. Əр рибосома
екі суббірліктен – кішкене жəне үлкен құралған жəне олардың арасында мРНК
орналасады. мРНК магний иондарының қатысуымен кіші суббірліктің үстіне
қайтымды түрде орналасады. Бұл жағдайда оның бірінші тасымалданған екі
кодоны үлкен сіббірлікке қаратылады. Бірінші кодон тРНК молекуласын
байланыстырады. Оның құрамында полипептид
синтезделінетін оған
комплементарлы антикодонды алып жүретін бірінші аминқышқыл бар.
56
рибосомалар функциясы – көрші аминқышқылдарының арасында пептидті
байланыс пайда болғанша трансляция процесіне қатысатын мРНК, тРНК жəне
ақуыз факторларын қажетті қалыпта ұстап тұру. Трансляция генотиптің
функционалды түрде шоғырлануына бірден-бір мүмкіндік беретін мықты
фактор, осы
процеске орай, клетка барлық ақуыздармен қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: