Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Ақши – айрық. «Ақотты, шилі» жер мәніндегі атау.  Ақшоқы



Pdf көрінісі
бет21/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51
toponimkaz

Ақши – айрық. «Ақотты, шилі» жер мәніндегі атау. 
Ақшоқы – төбе аты. Шоқы бастарының ағарып көрінуімен байланысты атау. 
Алашбай – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Алашбай атты өзен бар. Бұл 
қазақтың алаша руының атына байланысты қойылса керек. Халық аңызында Алаша 
ханның Үйсін, Арғын, Алшын деген балалары қазақтың үш Жүзін құрғаны айтылады. 


23
Алтуайт – тау, биік. 560,1 м. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында. 
Е.Қойшыбаев бұл атауды көне түркі тіліндегі ал-ту-ай [т] элементтерінен құралған “алтай 
айлары” этнотопонимі мәнінде екенін жазады (1985, 46). Ал жергілікті халық аңызы 
бойынша, Ақтоғай ауданы жеріндегі биік құз, терең аңғарлы осы таудың озық бір сайында 
Алтыуайт деген батырды жаулар өлтіріп, тау сол батырдың атымен аталған көрінеді (Эксп. 
мат. 1982 ж. ақпар беруші Ахметов Қабыл, 81 жаста). 
Біздің бақауымызша, халық аңызы материалы шындыққа жанасымды әрі анық, нақты 
сияқты. 
Алшағыр – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы сай. Ол әйгілі 
«Қобыланды батыр» эпосындағы қалмақ ханы Алшағыр есімімен бірдей аттас. 
Атасу – өзен, жұмысшы кенті, ауыл, аудан орталығы. Жаңаарқа ауд., Қарағанды обл. 
Атасу өзенінің ұзындығы 184 км, алкабы 5715 км2. 
Әуел баста осы атау өзенге, кейіннен сол жерде пайда болған ауыл, жұмысшы 
кенттеріне қойылған болу керек. Мағынасы, өзі айтып тұрғандай, «басты, негізгі, үлкен 
өзен» дегенді білдіреді. 
Балта – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында, Талдыманақа өзенінің 
батысында құрғап қалатын Балта деген өзен бар. Бұл өзеннің аты қазақ халқының 
құрамындағы балта, балталы руларының атымен байланысты болу керек. 
Бестамақ – село, Қарағанды обл., Жаңаарқа, Шет ауданында. Осы атаудың 
құрамындағы «тамақ» сөзі арқылы жасалған геграфиялық атаулар басқа түркі тілдерінде 
де кездеседі. Түркі тілдеріндегі «тамақ» сөзінің топонимдік термин ретінде мағынасы – 
«өзен сағасы, сай аңғары, кішігірім сайлар» (Мурзаев, 1984, 542). Бұған қарағанда, 
«Бестамақ» топонимінің «кішігірім бес сай, бес аңғар» деген мағынаны білдіретінін 
көреміз. 
Білеуті – өзен, тау, биік. 196,8 м. Жаңаарқа ауд., Қарағанды обл. Атаудың бірінші 
сыңарындағы «біле» сөзі Таулы Алтай тілінде кездесіп, Беле//Беля//Бэлэ//Пеля тұлғалы 
топонимдерді жасауға негіз болған. О.Т.Молчанованың айтуынша: беле – «шетен». Бұған 
қарағанда, «Білеуті» атауының құрамындағы «білеу» сыңары сол сөздің қазақша өзгеріп 
айтылған түрі болса, -ті қосымшасы жалғану арқылы «шетенді, шетені қалың, көп өскен» 
(тау) деген мағыналы атау екендігін аңғартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет