24
Жұманай – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданындағы өзен аты. Жұман деген кісі
аты, ол араб тілінде «қымбат», «асыл зат» дегенді білдіреді.
Кенжебай (Кенжебайсай) – өзен. Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл. Оның ұзындығы 76
шақырым. Басын Шұбароба аталатын таудың оңтүстігінденгі бұлақтар алып,
Бескөл
қыстауына үш шақырымдай жетпей тартылып қалады. Кенжебай ру атымен аталған ба,
жоқ кісі есіміне байланысты аталған ба, оны дәл басып айту қиын.
Қазақ шежіресі бойынша Кіші Жүз Жетіру бірлестігіндегі Тама руының бір атасы –
Есенгелдіден Атамшал, Қызылқұрт,
Кенжебай, Дәулеткелді ұрпақтары тарайды. Олар
Жамбыл облысының Сарысу бойын мекендеген. Аты аталған өзенге жоғарыдағы ру
атының берілуі әбден мүмкін
Көптамасай – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы
Көптамасай өзенінің
атауы Кіші жүз Жетіру бірлестігіндегі Тама руының атымен байланысты болу керек.
Көптамасай атуындағы алғашқы
көп бөлшегі анықтауыштық қызмет атқарса, соңғы –
сай
бөлшегі географиялық термин болып табылады.
Қазықұрт – Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Қазықұрт деген өзен ағады.
Қазықұрт – Оңтүстік Қазақстандағы көне замандардан әйгілі тау атауы. Қазықұрт – көн
түркілердің тайпа аттарымен байланысты қос этнонимнен құралған атау. Этим.:
қаз және
құрт этнонимдерінің қосарланған түрі.
Қаз және
құрт түркілері б. з. VII–VIII ғасырларда
өмір сүрген тайпалар.
Достарыңызбен бөлісу: