Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Жалғызқұдық – Көктал ауылының учаскесі. Атау өзінің тура мағынасында.  Жаңақала



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
toponimkaz

Жалғызқұдық – Көктал ауылының учаскесі. Атау өзінің тура мағынасында. 
Жаңақала – село. Атау «жаңа ауыл» деген мағынаны білдіреді. 
Жаңа талап – Амангелді ауылының елді мекені. Атау «жаңа талап, ынта» деген 
мағынаны білдіреді. 
Жарқұдық – Волын селосының қазақша аты. Атау «жары бар құдық» деген 
мағынаны білдіреді. 
Жартас – тау. Атау «тасты жар» деген мағынаны білдіреді. 
Жастілек – Колхоздың бұрынғы аты. Атау «жаңа ниет, ой» деген мағынаны 
білдіреді. 
Жауыр – таулы мекен. «Жауыр» атауы сол бір мекен-жайдың кедір-бұдырлығын 
меңзейді. 
Жосалы – «Қызыл Октябрь» ауылының учаскесі. Атау «жосасы көп жер» деген 
мағынаны білдіреді. 
Жындысу – Буденный атындағы ауылдың үшінші бөлімшесінің учаскесі. Атау өзінің 
тура мағынасында. 
Керегетас – таулар. Атау қаз. кереге және жартас деген сөздерден құрылған. 
Керней – тау. Елді мекен аты. Кейін Корнеевка деп атаған. Корнееевка елді мекенін 
Украина, Беларуссиядан келгендер 1907 жылдан бері қоныстана бастаған. Келген 
қоныстаушылар қазақтың Керней деген сөзін орысшаға бұрып, өз тілдеріне ыңғайлап 
Корнеевка деп атаған. 
Керней сөзіне келетін болсақ бұл қазақтың төл сөзі, осы аттас үрмелі музыка аспабы 
да болған. 
Көкпекті – село, Свердлов атындағы ауылдың орталық мекені, Нұра өзенінің сол 
саласы. Атау «көкпек (эллипсис) өсімдігі мол жер» деген мағынаны білдіреді. 
Көктал – елді мекен аты. Көне атауларының бірі. Тал және көк сөздерінің біріне-бірі 
қарама-қарсы тіркестері қатысты мағынадағы «бел-белестер» ұғымын береді. 
Қайындыкөл – Көлдің жағасында көп қайын өскен. Сондықтан Қайындыкөл деп 
атаған. 


19
Қайнар – елді мекен аты. Қайнар – атау тұлғадағы немесе түбір тұлғалы топоним 
(«көз» мағынасында). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет