32
Сарышоқы – өңір. Атау «кең шоқы» деген мағынаны білдіреді.
Саумалкөл – Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ селосының солтүстігінде
Саумакөл деген көл орналасқан. Ұзындығы – 3,6 км., ені – 2,7 км. Көлдің жағалауы
саумалдық, сүттіген, қымыздықтарға толы болады. Көлдің
атауы онда өсетін өсімдігіне,
саумалдыққа байланысты қойылған.
Семізбұғы – тау. Атау «семіз бұғы» немесе «шөптің түрі» деген мағынада.
Сиректас – таулар. Атау өзінің тіке мағынасында.
Сирек + тас компоненттерінен
құралған атау.
Суықбұлақ – өзен. Атау өзінің тіке мағынасында.
Суық + бұлақ компоненттерінен
құралған атау.
Достарыңызбен бөлісу: