28
Егіндібұлақ – село. Егіндібұлақ атауын екі жақты түсінуге болады: 1) «бұлақтың
басы»; 2) Көне түр. тілдерінің
егін<игін<иін түрлеріндегі байырғы түбіріне
–ді
қосымшасын жалғау арқылы қалыптасқан, қазіргі қазақ тілінде «иінді, иірімді, иілмелі»
тұлғасындағы сындық атау.
Едірей – тау.
Қаз. тілінің едірею етістігімен бәлендей байланысы жоқ атау.
Этим.:
көне түр. еді («жеті») және
әрей («арай») сөздерінен қалыптасқан атау.
Есенбай асуы – Тау қойнауына барар жолдағы Едірей
ауылының шыға берісінде
Есенбай асуы бар. Осы жерде Есенбай деген әулие кісі өмір сүрген. Атау да соған
байланысты қойылғанға ұқсайды.
Жақсы Абралы – тау.
Жақсы сөзі топообъектінің анықтауыш сыңары есебінде екі
түрлі қызмет атқарады: 1) қатар объектілердің бірінен-бірінің
биіктігін ажыратады; 2)
қатар объектілердің бірінен-бірінің табиғи артықшылығын ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: