Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Ағаштыкөл – көл. Қаз. ағаш тұлғасына көл сөзін қосу арқылы қалыптасқан атау.  Ағдым



Pdf көрінісі
бет40/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
toponimkaz

Ағаштыкөл – көл. Қаз. ағаш тұлғасына көл сөзін қосу арқылы қалыптасқан атау. 
Ағдым – өзен аты, Түр. «ақдым» немесе «ағыны мол өзен» мағынасын беретін атау. 
Ақбұйрат – мекен аты. «Ақ отты бұйрат» мәніндегі атау. 
Ақдің – тау. «Ақ отты таулар» мәніндегі атау. 
Батпақ – село. «Батпақты, тарпалы жер» мәніндегі атау.
Богучар – село. Богучар өзенінің жағасында 1717 жылы құрылған Воронеж 
облысында Богучар қаласы бар. Бұл селоның атауын жер аударушылар қойған. 
Бұйрат – төбе. Түбірден жасалған жалқы есім деуге болады. «Ойлы-қырлы белестер, 
созылып жатқан қырқа, адыр» мәніндегі атау. 
Ерейментау – таулар. 4 нұсқау бар. 1) Ерейментау – кезінде бұл жерде тұрған кісінің 
құрметіне аталған Ереймен таулары. 2) Қаз. ер+емен сөздерінен қалыптасқан атау. 
«Еменді, күшті ер» мәніндегі атау. 3) Аңыз. Жоңғар жаулап алушыларға қарсы күрес 
кезеңіне байланысты Ерейментау таулары туралы аңыз бар. Бұл тауларға Бөгенбай батыр 
кезінде жауды айдап кіргізіп, тау шатқалында Бөгембай мен жоңғар арасында жекпе-жек 
айқасы болған. Жоңғар ұтылып қалған. Бөгенбай жауынгерлері жаудың атын ұстауға 
ұмтылған. Көп кешікпей таулар арасында «Ермен, ермен» деген шаттық айғайлар естілді. 
Содан бері ел ішінде бұл тауларды Ерейментау деп атап кеткен. 4) Е.Қойшыбаевтың 
нұсқауы: Түр. - монғ. тілдері негізінде арайман сын. шырай («шұғылалы, арайлы») сөзіне 


42 
қазақтың тау сөзінің қосылуымен жасалған атау. Мағынасы: «арайлы, үздік-создық, көз 
талдыратын көрікті тау».
Есіл – Осакаров ауданының ең атақты өзені. (Орыс тілінде өзен Ишим деп аталады,) 
Ол Қазақстанның орталық, солтүстік облыстарын басып өтіп, Ертіс өзеніне қосылады да 
әрі қарай Объ өзеніне барып құяды. Белгілі топономист Г.К.Қонқашпаевтың пікірінше 
«Есил» – «скрученно-волнистое течение» дегенді білдіреді. Яғни өзен суының бұралып
арқан сияқты есіліп ағатынын байқатады. 
А.Әбдірахмановтың 
топшылауынша 
жоғарыдағы 
Есіл 
өзенінің 
аты 
йашыл>йасыл>йешіл >йесіл>есіл түрінде біртіндеп өзгеріске түсе отырып қалыптасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет