Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


Жаманкөл – көл. Қаз. жаман + көл сөздерінен құралған атау. «қауіпті, жаман көл»  мәніндегі атау.  Жартас



Pdf көрінісі
бет41/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
toponimkaz

Жаманкөл – көл. Қаз. жаман + көл сөздерінен құралған атау. «қауіпті, жаман көл» 
мәніндегі атау. 
Жартас – поселке. Мекен аты «тасты жар» деген мағынаны білдіреді. 
Жуантөбе – төбе. Қаз. жуан және төбе сөздерінен қалыптасқан атау. «Жуан төбе» 
мәніндегі атау. 
Жыланды – өңір. Қаз. жылан және –ды жұрнағы арқылы қалыптасқан атау. 
Кондратовка (Кондратьевка) – село. Орыс-жапон соғысының батыры, өжет генерал 
Кондратенко Роман Исидорович құрметіне аталған. 
Крещенское – село. Бұл атау крещение деген христиандардың дін мерекесімен 
байланысты. 1909 жылы крещениеде мерекелік түскі тамақ кезінде ауылдастар селоны 
Крещенский деп атын қоюды шешкен. Әлібек ауылының территориясында орналасқан. 
Алғашқы үйлер 1907 жылы пайда болған. Шаруалар құрған басқа поселкелерге қарағанда, 
бұл ауылға әрбір жерден яғни, Белояровка, Константиновка, Тургеневка, Вешневка 
селоларынан келген. Бірақ Қарабұлақ жер аударушылар учаскесіне біртіндеп орналасқан. 
Қаракөл – көл. Түр. «көзді көл» мағынасындағы атау. Олай аталу себебі бұл 
тіркестегі қара сөзі «жер» мағынасында. Яғни, «жер көлі» (грунт) деген мағынада. 
Құндызды – өзен. «Құндыздар мекендейтін өзен» мағынадағы атау. 
Құрайлы – бұрынғы жер адарушылар учаскесі (қазір Вольск селосы). «құрай көп 
жер» мәніндегі атау. 
Қушоқы – тау. «Айналасы елсіз төбе» мәніндегі атау. 
Маржанкөл – көл. «Маржандай мөлдір таза көл» мәніндегі атау. 
Нияз – тау. Осакаров ауданының солтүстік-шығысында аралары бірнеше жерден 
үзілген тау, ұзындығы 50 км, ені 15 км болып солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле 
созылып жатыр. Бұрынғы Шідерті тауының кейінгі тұста қойылған атауы болыу ықтимал. 
Қаз. этноним бойынша қойылған атау, бірақ иран тілі негізіндегі сөз. Нияздың баурайынан 
Есіл өзені, Шідерті өзенінің салалары бастау алады. 


43
Осакаровка – Осакаров ауданының орталығы, темір жол стансасы. Атаудың екі 
нұсқасы бар: 1) «Аса қарлы мекенжай» деген қазақша сөйлемшеден шыққан сөз. 2) 
Наурызек руынан Асқар деген кісі осы мекеннің иесі болған дейді. Оның қыстағы кейін 
осы жерге салынған Ералы ауылының жерінде орналасқан. 90-шы жылдары столыпин 
реформасы кезінде, бұл өлкеге орыс қоныс аударушылар келіп, өздерінің селенияларын 
құрған. Олар қазақша сөйлеу білмегендіктен, қазақша атауларды өздерінің 
транскрипциясына өзгертіп айтқан. Сөйтіп, «Аса қарлы» және «Асқар» елді мекені 
«Осакаровка» болып аталып кеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет