Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар


Құрылмалар мен материалдарға қойылатын талаптар



бет3/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.71 Mb.
#205981
1   2   3   4   5

4.5. Құрылмалар мен материалдарға қойылатын талаптар

      48. Құралма материалдары қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердi орындау түрiн, орналастыру шарттарының ерекшелiгiн ескерiп таңдалуға тиiс.

      49. Қауiпсiздiктiң көлемдi белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң құрылмалары барлық қосылу тұрқыларының тығыздығы мен берiктiгiн, бекiтпелердiң сенiмдiлiгiн, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезiнде жинақтау мен бөлшектеудiң жеңiлдiгiн қамтамасыз етуге тиiс; электрлiк қосылыстар орындарына оңай қолжетiмдiлiгi болуы керек.

      50. Сыртқы немесе iшкi электрлiк жарық беруi бар қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң құрылмаларын ЭОЕ 6-бөлiмiнiң талаптарын есепке ала отыра орындау керек.

      51. Iшкi жарық беруi бар қауiпсiздiк белгiлерi электрмен жабдықтаудың апатты көзiне, ал өрт гидранттарының белгi-көрсеткiштерi - сыртқы жарық беру желiсiне қосылған болуы және жарық бейненiң барлық өрiсi бойынша бiркелкi таралатын болуы керек.
      Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе жақсы көрiнбейтiн жағдайларда пайдаланылатын қауiпсiздiк белгiлерi жарықтандырылуы керек немесе жарық қайтаратын бетi болуы қажет. Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде қауiпсiздiк белгiлерiнiң, қосымша белгiлердiң көрiнуiн қамтамасыз ететiн барлық құрылғылар олардың түстерiн өзгертпеуге және тәулiктiң жарық мезгiлiнде көрiнуiн нашарлатпауға тиiс.

      52. Түсi, формасы өзгерген, бұзылған және (немесе) осы техникалық регламенттiң талаптарына сәйкессiздiгi кезiнде объектiлердiң белгiленуiн сигналдық түстерге және қауiпсiздiк белгiлерiнiң түстiк өңдеуiне жаңарту немесе жаңасына ауыстыру қажет.

      53. Жоғарғы ылғалдылық жағдайларында пайдаланылатын қауiпсiздiк белгiлерiнiң барлық бөлшектерi мен жинақтау бiрлiктерi жегiдеге тұрақты материалдардан жасалуы немесе қорғаныш қабаты болуы қажет.

      54. Түстiк графикалық бейнелер мен түсiндiрме жазулар тасымалдаушы-материалдың бетiне тұрақты бояулардың, өздiгiнен желiмделетiн, жарық сүзгiш қабыршақтардың көмегiмен түрлi технологияларды қолдану жолымен салынуға тиiс.


      Қауiпсiздiк белгiлерiнiң түстiк графикалық бейнелерiн трафареттердiң көмегiмен салған кезде жиегiнiң жалпы ауданының 4% астам ауданын немесе қауiпсiздiк белгiсiнiң жалпы ауданының 1,5% астам далдашаларын боямай қалдыруға жол берiлмейдi.

      55. Өздiгiнен желiмденетiн материалдар мен желiм қабатының типтерiн таңдау орналастыру жағдайларына байланысты жүргiзу қажет, сонымен қатар жабысқақтық көрсеткiшi:

      1) 0,3 кг желiм қабатын жабыстыру жүктемесi кезiнде iшкi орналастыру материалдары үшiн - 200 с;

      2) 0,6 кг желiм қабатын жабыстыру жүктемесi кезiнде сыртқы орналастыру материалдары үшiн - 1000 с кем болмауға тиiс.

      56. Желiм қабатының қорғаныш негiзiн алғаннан және материалды желiм қабатымен жоғары ұстаудан кейiн өздiгiнен желiмденетiн материалдардың ашуы бөлме температурасында:
      10 мин бойы 0,5%;
      1440 мин бойы 1,5% аспауы керек.

      57. Қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулер судың, қышқылдар мен сiлтiлердiң су ерiтiндiсiнiң, жуу құралдарының су ерiтiндiлерiнiң, майлардың, бензиндердiң әсерiне тұрақты болуы қажет.



4.6. Белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлердi өндiруде қолданылатын лак-бояу материалдарына, жабындарға және сигналдық және қарама-қарсы түстердiң басқа материалдарына қойылатын талаптар

      58. Лак-бояу материалдары және жабындары сигналдық және қарама-қарсы түстердiң қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң түрiне және орындалуына, оларды орналастыру шарттарына сәйкес келуге тиiс.

      59. Жабын мен материалдың беттерi тегiс, бiртектi болуы керек, құрамында бөтен қосылыстар мен ластанулары болмауы керек. Көпiршiктердiң, қопсулардың, сызаттардың, кратерлер мен үзiлулердiң болуына жол берiлмейдi, жабынның қабаттануына жол берiлмейдi.

      60. Жабын созымтал болуы және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тасымалдаушы-материалдың бетiне 2 баллдан аспайтын тұтасуы болуға тиiс.

      61. Лак-бояу жабынының тасымалдаушы-материалдың бетiнде кебу деңгейi сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiн реттеп салу мүмкiндiгi болатындай болуы керек.

      62. Колометрлiк сипаттамалары техникалық регламенттiң 2 және 3-қосымшаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн материалдар мен жабындарды сигналдық және қарама-қарсы түстердi салу мен сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiн жасау үшiн пайдалануға тыйым салынады.

      63. Жарық қайтарғыш материалдар мен жабындардың сыртқы ортаның әсерiнен қорғалған элементтерiнiң жабық жүйесi болуы керек.

      64. Фотолюминесценттi материалдар мен жабындар мөлдiр полимер қабаттың көмегiмен ылғалдың әсерiнен қорғалуы қажет.

      65. Сигналдық және қарама-қарсы түстердiң лак-бояу материалдары мен жабындарының жарыққа жақсы тұрақтылығы болуға тиiс.

4.7. Климаттық факторлардың әсерiне тұрақтылығы бойынша белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар

      66. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi мына температура аумағында:


      минус (40 + 2) о С бастап плюс (60 + 2) о С дейiн - сыртқы орналастыру үшiн (1 санат);
      плюс (5 + 2) о С бастап плюс (60 + 2) о С дейiн - iшкi орналастыру үшiн (4 санат) және ауаның 98% салыстырмалы ылғалдылығында УХЛ климаттық орындауында орындалуы қажет.
      67. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес ауа атмосферасының жегiделiк агенттерiнiң ықпалына шыдауы қажет.
      68. Сыртқы орналастыруға арналған сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi атмосфералық жауын-шашынның (қар, шық, жаңбыр), күн сәулесiнiң, сор тұманының, шаңның әсерiне тұрақты болуға тиiс.

4.8. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiн таңбалау мен орауға қойылатын талаптар

      69. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiн таңбалау және орау Қазақстан Республикасының "Орауға, таңбалауға, этикеткiлеуге және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптар" техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.

      70. Орналастыру орындарында жинақтаған кезде (орнатқан) қауiпсiздiк белгiлерiн бағдарлау үшiн оның жоғарғы қалпына тiк жазықтықта таңбалауды орындау ұсынылады.
      Жоғарғы қалпын таңбалауға Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес "Жоғары" деген манипуляциялық белгiнi қауiпсiздiк белгiсiнiң керi бетiне салу жолымен орындауға рұқсат етiледi.

      71. Iшкi және сыртқы электрлiк жарық беруi бар сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiнiң Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қосымша таңбалаулары болуы қажет.

      72. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi жалпы салмағымен 25 кг-нан аспайтын тақтай, картон немесе фанер жәшiктерге салынуы керек.
      Орауда сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiнiң өзара орын ауыстыруы және беттерiнiң қажалуы болмауы керек.
      Сигналдық белгiлеулер мен жарық қайтаратын қауiпсiздiк белгiлерiн жәшiкте тек қана тiк орналастыру қажет.

      73. Өздiгiнен желiмденетiн материалдар негiзiндегi сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi желiм қабатының кеуiп қалуынан аулақ болу үшiн полиэтилен орауларға салынуға тиiс.

      74. Сигналдық белгiлеулер мен жарық қайтаратын қауiпсiздiк белгiлерiн орау беткi жағын балауыз жағылған қағазбен және пенопласт қалқандардан жасалған төсемдермен орай отыра орындалады.

      75. Iшкi немесе сыртқы электрлiк жарық беруi бар сигналдық белгiлеулер мен жарық қайтаратын қауiпсiздiк белгiлерiн орау Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес орындалуы қажет.

      76. Тасымалдау ыдысын таңбалау, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес "Ылғалдан сақтаңыз" және "Жоғары" деген манипуляциялық белгiлермен орындалуға тиiс.

4.9. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiн тасымалдау мен сақтауға қойылатын талаптар

      77. Орап-буылған күйдегi сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi көлiктiң барлық түрлерiмен жабық вагондарда, кемелердiң трюмдерiнде немесе жабық палубаларында, жабық автомашиналарда тасымалдануы керек.

      78. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiн тиеген және түсiрген кезде ықтимал соққылар мен бүлiнулерден қорғалуы қамтамасыз етiлуi қажет.

      79. Тасымалдаған және сақтаған кезде сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiнiң су болуына жол берiлмейдi.

      80. Орап-буылған күйдегi сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi минус 5 о С бастап плюс 30 о С дейiнгi температурада және ауаның 45% бастап 60% дейiнгi салыстырмалы ылғалдылығында жабық қойма орындарында сақталуы қажет.

      81. Iшкi немесе сыртқы электрлiк жарық беруi бар сигналдық белгiлеулер мен жарық қайтаратын қауiпсiздiк белгiлерiн тасымалдау мен сақтау Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.



5. Сәйкестiк презумпциясы

      82. Үйлес стандарттардың талаптарына сәйкес дайындалған және объектiлерде орнатылған сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi осы техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес деп есептеледi.

      83. Талаптары осы техникалық регламентте аталған талаптардан кем болмаса, өрт автоматикасы жүйелерi мен қондырғылары стандарттау саласындағы өзге де нормативтiк құжаттар бойынша жасалуы мүмкiн.

6. Өнiмнiң сәйкестiгiн растау тәртiбi

      84. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерi оларды Қазақстан Республикасының нарығына жеткiзгенге дейiн сәйкестiктi растау процедураларынан өтуi қажет.

      85. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, олардың функциялары, құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ өнiмнiң сәйкестiгiн анықтау тәртiбi "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады.

      86. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiн бiрдейлендiру олардың сәйкестiгi расталған және мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылған жағдайда жүргiзiледi.

      87. Сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiн бiрдейлендiрудi:
      сынақ зертханалары;
      сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар;
      өз құзыретiнiң шегiнде бақылауды жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi органдар жүргiзедi.

7. Үйлес стандарттардың тiзбесi

      88. Үйлес стандарттардың тiзбесi:

      1) ҚР СТ ГОСТ Р 12.026-2002 "Сигналдық түстер, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулер";

      2) ГОСТ 14202-69 "Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың құбыржолдары. Таным бояуы, ескерту белгiлерi мен таңба қалқаншалары";

      3) ГОСТ 17925-72 "Радиациялық қауiп белгiсi";

      4) ISO 17398:2004 "Қауiпсiздiк түстерi мен белгiлерi. Қауiпсiздiк белгiлерiнiң жiктелуi, пайдаланылуы сақталу ұзақтығы";

      5) ISO 7010:2003 "Графикалық символдар. Қауiпсiздiк түстерi мен белгiлерi. Жұмыс және қоғамдық орындарда пайдаланылатын қауiпсiздiк белгiлерi".

8. Қолданысқа енгiзу мерзiмдерi және шарттары

      89. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      90. Қазақстан Республикасының аумағында ережелерi осы техникалық регламенттiң талаптарына сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қолданысы сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiне қатысты бөлiгiнде сақталады.

      91. Осы техникалық регламенттiң қолданысқа енгiзiлуiне байланысты осы техникалық регламенттiң талаптарын қайталайтын немесе сәйкес келмейтiн сигналдық белгiлеулер мен қауiпсiздiк белгiлерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлер мен құжаттардың ережелерi белгiленген     тәртiпте түзетiлуге немесе жойылуға жатады.

Техникалық регламентке
1-қосымша     

      Мағыналық мәнi, сигналдық түстердiң қолданылу


       аясы және оларға сәйкес қарама-қарсы түстер

Сигналдық
түс

Мағыналық мәнi

Қолданылу аясы

Қарама-қарсы түс

Қызыл

Тiкелей қауiп

Қауiптi тәртiптiң немесе әрекеттiң тыйым салынуы

Ақ

Тiкелей қауiптiң белгiсi

Апатты немесе қауiптi жағдай

Жабдықтың (технологиялық процестiң) апатты ажыратылуы немесе апатты жағдайы туралы хабар

Өрт техникасы, өртке қарсы қорғаныш құралдары, оның
элементтерi

Өрт техникасы, өртке қарсы қорғаныш құралдары, оның элементтерiнiң белгiленуi және орналасқан жерiн анықтау

Сары

Ықтимал қауiптiлiк

Ықтимал қауiптiлiктiң, қауiптi жағдайдың белгiленуi

Қара

Ықтимал қауiптiлiк туралы ескеру, сақтандыру

Жасыл

Қауiпсiздiк, қауiпсiз жағдайлар

Жабдықтың қалыпты жұмысы, технологиялық процестiң қалыпты жай-күйi туралы хабар

Ақ

Көмек, құтқару

Эвакуация жолының, қобдишалардың, кабинеттердiң, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының белгiленуi

Көк

Қауiптен аулақ болуға ұйғарым

Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында мiндеттi әрекеттердiң талаптары

Нұсқау

Белгiлi бiр әрекеттерге рұқсат беру

Техникалық регламентке 
2-қосымша        

Жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдардың сигналдық және қарама-қарсы түстерiнiң колориметрлiк және фотометрлiк сипаттамалары

(суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)

Жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдардың сигналдық және қарама-қарсы түстерiнiң колориметрлiк сипаттамалары

      1. Материалдардың, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң х, у сигналдық және қарама-қарсы түстiлiгiнiң координаттары бұрыштық нүктелерiнiң мәндерi 1-кестеде келтiрiлген стандартты графигiнiң рұқсат етiлген түстiк аудандарының х, у түстiлiгiнiң координаттарына (1-сурет) сәйкес келуге тиiс.

      2. Материалдардың, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң B сигналдық және қарама-қарсы түстерiнiң жарықтылық коэффициенттерi 1-кестеде айтылған мәндерден төмен болмауы керек.

      3. Олардың негiзiнде жасалған сигналдық және қарама-қарсы түстердiң, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдары үшiн 2-кесте бойынша шағын түстiк аудандардың х, у түстiлiгiнiң координат белгiлерiне сәйкес шағын түстiк аудандар белгiленген.


      Артығырақ шағын түстiк аудандар сигналдық және қарама-қарсы түстердiң колориметрлiк сипаттамаларына қойылатын талаптарды арттыру, олардың көзбен қабылдануын жақсарту және пайдалану жағдайларында түстi көзбен қабылдау сәйкестiгiн сақтау мақсаттарында белгiленген.

       4. х, у түстiлiгiнiң координаттарын өлшеудi және жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдардың, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң B жарықтылығының коэффициенттерiн анықтауды спектрфотометрмен немесе колориметрмен жүргiзген дұрыс.

      5. Iшкi электрлiк жарықтануы бар қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң түстерiнiң х, у түстiлiгiнiң координаттары бұрыштық нүктелерiнiң мәндерi 1-кестеде келтiрiлген стандартты графигiнiң рұқсат етiлген түстiк аудандарының х, у түстiлiгiнiң координаттарына (1-сурет) сәйкес келуге тиiс.

      6. Iшкi электрлiк жарықтануы бар қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң B жарықтылығының коэффициенттерi жарқырамайтын материалдарға арналған 1-кестеде келтiрiлген мәндерден төмен болмауға тиiс.

      7. Iшкi электрлiк жарықтануы бар қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулерге арналған х, у түстiлiгiнiң координаттары мен B жарықтылығының коэффициенттерiн өлшеудi жарқырауды сәйкес өлшеуi бар фотометрмен жүргiзу керек.

      8. Жарқырамайтын және жарық қайтарғыш материалдардың сигналдық және қарама-қарсы түстерiнiң фотометрлiк сипаттамалары.

      9. Iшкi электрлiк жарықтануы бар қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң к жарықтылық контрасты 3-кестенiң мәндерiне сәйкес келуi қажет.

      10. Түрлi типтi қабыршақты жарық қайтарғыш материалдардың R ' ж арық қайтару коэффициенттерi 4-7-кестелерде көрсетiлген мәндерден кем болмауы қажет.

       11. R' жарық қайтарудың коэффициентiн жарық қайтарғыш материалдың беттерiн А жарығының стандартты көзiмен жарықтандырған кезде өлшеу қажет, B жарықтандыру бұрыштары мен а бақылау бұрыштары бiр жазықтықта жатуға тиiс.
      Жарық қайтару коэффициентi мына формула бойынша анықталады

                        I


      R'(a, B, E) = ---------- ,   кд/(лк*м 2 )               (3)
                     E | * A

      мұндағы а - бақылау бұрышы;


      В - жарықтандыру бұрышы;
      Е - бұру бұрышы.

      12. Ақ жабында мөлдiр сия немесе жарық сүзгiш қабыршақтарды қолдану нәтижесiнде алынған түстiлiк беттерiнiң R' жарық қайтару коэффициенттерi:

      1) 1-типтi материалдарға арналған түстiк жабынның жарық қайтару коэффициенттерiнiң шамасынан 50% кем болмайтын;

      2) 2-типтi материалдарға арналған түстiк жабынның жарық қайтару коэффициенттерiнiң шамасынан 70% кем болмайтын;

      3) жасыл және көк түстi 3-типтi материалдарға арналған ақ жабынның жарық қайтару коэффициенттерiнiң шамасынан 20% кем болмайтын;

      4) қызыл түстi 3 типтi материалдарға арналған ақ жабынның жарық қайтару коэффициенттерiнiң шамасынан 6% кем болмайтын құрауы қажет.

      13. Жинақтау және пайдалану талаптарын сақтаған кезде 1-типтi қабыршақты жарық қайтарғыш материалдардың кепiлдiк мерзiмi жетi жылдан кем болмауы керек.

      14. Жинақтау және пайдалану талаптарын сақтаған кезде 2-типтi қабыршақты жарық қайтарғыш материалдардың кепiлдiк мерзiмi он жылдан кем болмауы керек.

      15. Жинақтау және пайдалану талаптарын сақтаған кезде 3-типтi қабыршақты жарық қайтарғыш материалдардың кепiлдiк мерзiмi он жылдан кем болмауы керек.

      16. Iшiнде ақ және сары түстi оптикалық элементтерi бар жарық қайтарғыш лак-бояу материалдарының (ерiтiндiлер немесе балқымалар), а = 1,5 о бақылау бұрышында, B 1 = -86,5 о , B 2 = 0 о жарықтандыру бұрыштарында және Е = 0 о бұру бұрышында 13 мкд/(лк*м 2 ) кем болмайтын R' жарық қайтару коэффициенттерi болуға тиiс.


      Ескертпе

      1. Жарықтандыру (түсу) бұрышы 0 о бастап 180 о дейiнгi шамада анықталады;

      2. Құрылғының кеңiстiктегi қалпын толық анықтау үшiн жарықтандыру бұрышы екi құраушымен: B 1 және B 2 сипатталады.

Сигналдық және қарама-қарсы түстердiң, қауiпсiздiк
белгiлерi және сигналдық белгiлеулердiң жарқырамайтын және
жарық қайтарғыш материалдарына арналған рұқсат етiлген
түстiк аудандардың х, у бұрыштық нүктелерi мен B жарықтылық
коэффициентiнiң ең төменгi мәндерiнiң түстiлiк
координаттарының мәндерi

                                                          1-кесте



Түсi

Түстi-
лiк
коорди-
натын
белгi-
леу

Бұрыштық нүктелердiң нөмiрлерi мен түстiлiк координаттарының мәндерi

B жарықтылық коэффициентi

Жарқы-
рамайтын
мате-
риалдар,
кем бол-
майтын

Жарық қайтарғыш материалдар

1
типтi,
кем
бол-
майтын

2 және
3
типтi,
кем
бол-
майтын

1

2

3

4

Қызыл

х
у

0,735
0,265

0,681
0,239

0,579
0,341

0,655
0,345

0,07

0,05

0,03

Сары

х
у

0,545 0,454

0,494 0,426

0,444 0,476

0,481
0,518

0,45

0,27

0,16

Жасыл

х
у

0,201
0,776

0,285 0,441

0,170
0,364

0,026
0,399

0,12

0,04

0,03

Көк

х
у

0,094 0,125

0,172 0,198

0,210 0,160

0,137 0,038

0,05

0,01

0,01

Ақ

х
у

0,350 0,360

0,305
0,315

0,295
0,325

0,340
0,370

0,75

0,35

0,27

Қара

х
у

0,385 0,355

0,300 0,270

0,260 0,310

0,345 0,395

-

-

-

      Ескертпе:
      1. 1-сурет пен 1-кестеде келтiрiлген мәндер ХҮZ стандартты колориметрлiк жүйеде D 65 жарықтың стандарты көздерiмен жарықтандырудың 0 о бастап 45 о дейiнгi өлшеу геометриясы кезiнде берiлген.
      2. B жарықтылық коэффициентiн Ү координатының Ү о (B = Ү/Ү о ) мiнсiз шашыратқыш түсiнiң координатына қатынасындай анықтайды.

                                                        2-кесте

Түсi

Түстiлiк
коорди-
натын
белгiлеу

Бұрыштық нүктелердiң нөмiрлерi мен түстiлiк координаттарының мәндерi

Жарқырамайтын материалдар

Жарық қайтарғыш материалдар

1 типтi

1

2

3

4

  1

Қызыл

х
у

0,638
0,312

0,690
0,310

0,610
0,340

0,660
0,340

0,660
0,340

Сары

х
у

0,494
0,505

0,470
0,480

0,493
0,457

0,522
0,477

0,494
0,505

Жасыл

х
у

0,230 0,440

0,260
0,440

0,260 0,470

0,230
0,470

0,110
0,415

Көк

х
у

0,140 0,140

0,160 0,140

0,160 0,160

0,140
0,160

0,130
0,086

Ақ

х
у

0,305 0,315

0,335 0,345

0,325 0,355

0,295
0,325

0,305
0,315

       Ескертпе - 1-сурет пен 1-кестеде келтiрiлген мәндер ХҮZ стандартты колориметрлiк жүйеде D 65 жарықтың стандарты көздерiмен жарықтандырудың 0 о бастап 45 о дейiнгi өлшеу геометриясы кезiнде берiлген.

кестенiң жалғасы

Түсi

Бұрыштық нүктелердiң нөмiрлерi мен түстiлiк координаттарының мәндерi.

Жарық қайтарғыш материалдар

1 типтi

2 және 3 типтi

2

3

4

1

2

3

4

Қызыл

0,610
0,340

0,638
0,312

0,690
0,310

0,660
0,340

0,610
0,340

0,700
0,250

0,735
0,265

Сары

0,470 0,480

0,493
0,457

0,522
0,477

0,494
0,505

0,470 0,480

0,513
0,437

0,545
0,454

Жасыл

0,150
0,415

0,150
0,455

0,110
0,455

0,110
0,415

0,170
0,415

0,170 0,500

0,110
0,500

Көк

0,160
0,086

0,160 0,120

0,130 0,120

0,130
0,090

0,160 0,090

0,160
0,140

0,130
0,140

Ақ

0,335 0,345

0,325 0,355

0,295
0,325

0,305 0,315

0,335 0,345

0,325
0,355

0,295
0,325

       Ескертпе - 1-сурет пен 1-кестеде келтiрiлген мәндер ХҮZ стандартты колориметрлiк жүйеде D 65 жарықтың стандарты көздерiмен жарықтандырудың 0 о бастап 45 о дейiнгi өлшеу геометриясы кезiнде берiлген.

                                          3-кесте

Сигналдық түс

Қарама-қарсы түс

Жарықтылық контрасты k

Қызыл

Ақ

5 бастап 15 дейiн

Сары

Қара

Қара қарама-қарсы түс жарық өткiзгiш болмауға тиiс

Жасыл

Ақ

5 бастап 15 дейiн

Көк

Ақ

5 бастап 15 дейiн

                                              4-кесте

Бақылау
бұрышы а

Жарықтандыру
бұрышы В

1 типтi қабыршақты жарық
қайтарғыш материалдарға
арналған R', жарық қайтарудың
ең төменгi коэффициенттерi
кд/(лк*м 2 )

Түсi

Ақ

Сары

Қызыл

Көк

Жасыл

0,2 0

5 0
30 0
40 0

70 30 10

50
22
7

14,5
6
2

4
1,7
0,5

9,0
3,5
1,5

0,33 0

5 0
30 0
40 0

50
24
9

35
16
6

10
4
1,8

2
1
0,4

7
3
1,2

2,0'

5 0
40 0
40 0

5
2,5
1,5

3
1,5
1,0

0,8
0,4
0,3

0,2 0,1 0,06

0,6 0,3 0,2

                                              5-кесте

Бақылау
бұрышы а

Жарықтандыру
бұрышы B

2 типтi қабыршақты жарық
қайтарғыш материалдарға
арналған R', жарық қайтарудың
ең төменгi коэффициенттерi
кд/(лк*м 2 )

Түсi

Ақ

Сары

Қызыл

Көк

Жасыл

0,2 0

5 0
30 0
40 0

250
150
110

170 100 70

45
25
16

20
11
8

45
25
16

0,33 0

5 0
30 0
40 0

180 100 95

122 67 64

25
14
13

14
7
7

21
11
11

2,0 0

5 0
30 0
40 0

5
2,5
1,5

3
1,5
1

0,8
0,4
0,3

0,2
0,1
0,06

0,6
0,3
0,2

                                                         6-кесте

Түсi

3 (А) типтi қабыршақты жарық қайтарғыш материалдарға арналған R', жарық қайтарудың ең төменгi коэффициенттерi кд/(лк*м 2 )

0,1 0 тең а бақылау бұрышы мен мынаған тең B 1 жарықтандыру бұрышында

0,2 0 тең а бақылау бұрышы мен мынаған тең B 1 , жарықтандыру бұрышында

5 0

20 0

30 0

40 0

5 0

20 0

30 0

40 0

Ақ

850

600

425

275

625

450

325

200

Сары

550

390

275

175

400

290

210

130

Қызыл

170

120

85

55

125

90

65

40

Жасыл

85

60

40

25

60

45

30

20

Көк

55

40

28

18

40

30

20

13

      Ескертпе - B 1 р = 5 0 (B 2 = 0 o ) жарықтандыру бұрыштарында а = 0,33 0 бақылау бұрышы үшiн жарық қайтарудың ең жоғарғы және ең төменгi коэффициенттерiнiң қатынасы 25 0 аралықта минус 75 0 бастап плюс 50 0 дейiн Е бұру бұрышында айналған кезде 2,5:1 аспауға тиiс.

кестенiң жалғасы

Түсi

3 (А) типтi қабыршақты жарық қайтарғыш материалдарға арналған R', жарық қайтарудың ең төменгi коэффициенттерi кд/(лк*м 2 )

0,33 0 тең а бақылау бұрышы мен мынаған тең B 1 , жарықтандыру бұрышында

5 0

20 0

30 0

40 0

Ақ

425

300

225

150

Сары

275

195

145

95

Қызыл

85

60

45

30

Жасыл

40

30

20

15

Көк

28

20

15

10

    Ескертпе - B 1 р = 5 0 (B 2 = 0 o ) жарықтандыру бұрыштарында а = 0,33 0 бақылау бұрышы үшiн жарық қайтарудың ең жоғарғы және ең төменгi коэффициенттерiнiң қатынасы 25 0 аралықта минус 75 0 бастап плюс 50 0 дейiн Е бұру бұрышында айналған кезде 2,5:1 аспауға тиiс.

                                                           7-кесте

Түсi

3 (Б) типтi қабыршақты жарық қайтарғыш материалдарға арналған R', жарық қайтарудың ең төменгi коэффициенттерi кд/(лк*м 2 )

0,33 0 тең а бақылау бұрышы мен тең B 1 жарықтандыру бұрышында

1 0 тең а бақылау бұрышы мен мынаған тең B 1 , жарықтандыру

5 0

20 0

30 0

40 0

5 0

20 0

Ақ

300

240

165

30

35

30

Сары

195

155

110

20

23

20

Қызыл

60

48

33

6

7

6

Жасыл

30

24

17

3

3,5

3

Көк

19

16

11

2

2,5

2

      Ескертпе
      1 B 1 р = 5 0 (B 2 = 0 o ) жарықтандыру бұрыштарында а = 0,33 0 бақылау бұрышы үшiн жарық қайтарудың ең жоғарғы және ең төменгi коэффициенттерiнiң қатынасы 25 0 аралықта минус 75 0 бастап плюс 50 о дейiн Е бұру бұрышында айналған кезде 2,5:1 аспауға тиiс.
      2 Кестенiң бағандарындағы "-" деген белгi R жарық қайтару коэффициенттерiнiң мәндерi осы уақытқа дейiн анықталмағанын бiлдiредi.

кестенiң жалғасы

Түсi

3 (Б) типтi қабыршақты жарық қайтарғыш материалдарға арналған R', жарық қайтарудың ең төменгi коэффициенттерi кд/(лк*м 2 )

1 0 тең а бақылау бұрышы мен мынаған тең B 1 , жарықтандыру

1,5 0 тең а бақылау бұрышы мен мынаған тең B 1 , жарықтандыру бұрышында

30 0

40 0

5 0

20 0

30 0

40 0

Ақ

20

3,5

15

13

9

1,5

Сары

13

2

10

8

6

1

Қызыл

4

1

3

2,5

2

0,5

Жасыл

1

0,5

1,5

1

0,5

-

Көк

1,5

0,5

1

0,5

0,5

-

      Ескертпе
      1 B 1 р = 5 0 (B 2 = 0 o ) жарықтандыру бұрыштарында а = 0,33 0 бақылау бұрышы үшiн жарық қайтарудың ең жоғарғы және ең төменгi коэффициенттерiнiң қатынасы 25 0 аралықта минус 75 0 бастап плюс 50 о дейiн Е бұру бұрышында айналған кезде 2,5:1 аспауға тиiс.
      2 Кестенiң бағандарындағы "-" деген белгi R жарық қайтару коэффициенттерiнiң мәндерi осы уақытқа дейiн анықталмағанын бiлдiредi.

Техникалық регламентке 
3-қосымша         


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет