20-параграф. Бумен суыту жүйесінің қазандық – утилизаторлары
280. Бумен суыту қондырғыларының қазандық утилизаторлары мен барабан - сепараторларының орнату, дайындау және пайдалану «Бу және су жылыту қазандықтарының құрылысы және қауіпсіз пайдалану Талабына» жауап береді.
281. Газ жүретін орындардың пештен қазандық – утилизаторға дейінгі учаскесінің конструкциясы шаң тұруына және оны тазартуға арналған люктер мен алаңдардың болуына жол бермейді.
282. Қазандық утилизаторлардың шаң бункерлері мен жинақтау бункерлері шаңдарды мерзімді шығарып отыру үшін герметикалық бітегіштермен жабдықталады.
283. Қазандық – утилизаторлардың механизмдерін іске қосу және тоқтату тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.
284. Сумен суыту жүйесі қолданылатын цехтарда сумен суыту жүйесінің қауіпсіз пайдаланылуына және дұрыс жұмыс істеуін бақылайтын тұлға тағайындалады.
285. Бумен суыту жүйесін іске қосу бақылау тұлғасының жетекшілігімен іске қосылады. Бумен суыту жүйесінің жағдайы ауысым сайын тексеріледі. Тексеру нәтижесі журналға жазылады.
286. Барабан сепаратор сақтандырғыш клапандармен, су деңгейінің және оның қысымының сигнализаторларымен, мерзімді үрлеу желісімен, бу және су бужинаушысымен және басқа да құралдармен жобаға сәйкес жабдықталған.
287. Қазандық – утилизаторлар мен бумен суыту құрылғыларын іске қосу және тоқтату жобада көрсетілген талаптарды сақтай отырып, технологиялық регламентпен белгіленеді.
288. Қазандық-утилизаторлар мен бумен суыту жүйелері көзделген цехтарда қауіпсіз пайдалану мен дұрыс жұмыс істеуіне жауапты тұлғалар тағайындалады.
21-параграф. Металлургиялық агрегаттарды жылыту
289. Металлургиялық агрегаттардағы отын жобаға сәйкес келеді. Табиғи газды отын ретінде пайдалану кезінде «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік талабы» сақталады.
290. Мазуты бар бақтарды пештер, қазандықтар және жоғары температурадағы басқа да қондырғылар үстінен қоюға болмайды.
Ғимараттарда орналастырылатын отын бактарының сыйымдылығы жобамен анықталады және өртке қарсы нормалардан артық емес.
291. Металлургиялық қондырғыларды пайдалану жөніндегі технологиялық регламентте агрегаттардың жылыту жүйесіне қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін талаптар көзделеді.
292. Отын шығындары бактары бактардағы жылу деңгейін автоматты реттейтін мазут температурасын бақылайтын деңгей өлшеуіштер приборлармен, отын буларын шығаруға арналған сақтандырғыш латун шынылы тартпа трубаларымен, отынды резервтік ыдыстарға апаттық төгу және қайта құю трубақұбырларымен және басқалармен жабдықталған.
293. Мазутқұбырлары, жылуқұбырлары, буқұбырлары және арматуралар жылу оқшауланған.
294. Бактарда мазутты жылыту, мазуттың берілген түріне жобада арналған бу немесе ыстық су температурасына дейін жүргізіледі.
295. Отын бактарының жанында және осындай ыдыстар орналастырылған ғимараттарда ашық отты қолдануға жол берілмейді.
22-параграф. Шаңдарды ұстау және газдан тазарту
296. Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалыс жылдамдығы және жұмыс аумағындағы ауадағы зиянды заттардың болуы «Жұмыс аумағындағы ауаға қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптары» ГОСТ 12.1.005-88 сәйкес келеді.
297. Шаң, газ ұстаушы құрылғыларды, газдан тазарту қондырғылары КСРО Химиялық және мұнай машина құрылысы министрлігі 11.12.1983 бекіткен «Газдарды тазарту құрылғыларын пайдалану ережелері» талаптарына сәйкес келеді.
298. Кернеуліктегі электро сүзгіштердің барлық сыртқы металл бөліктері қоршалған және қорғаныс қақпақтарымен жабылған.
299. Жұмыс кезінде кернеулікте болмайтын электр сүзгіштердің барлық металл бөліктері электр сүзгішпен байланысты металл конструкциялар (газ жүретін орындар, шнектер және тағы басқа) ЭОЕ сәйкес жерге қосылған.
300. Электр сүзгіштері ғимараттарында арнайы рұқсаты жоқ қызмет көрсетуге қатысты тұлғалар мен еріп жүрушілердің болуына жол берілмейді.
301. Электр сүзгіштері, газ жүретін орындар мен басқа да осыған ұқсас қондырғылар ішіндегі барлық жұмыстар технологиялық регламент талаптарын орындай отырып, наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі. Соның ішінде келесі талаптар орындалады:
1) электрсүзгіштерді ішкі қарау, жөндеу және тазарту бақылау тұлғасын тікелей қатысуы және бақылау арқылы іске асырылады;
2) электр сүзгіш газдан екі жағынан тығыз және дұрыс жұмыс істейтін шибермен және немесе бітегішпен ажыратылған;
3) кернеуліктен алынған;
4) басты электродтарды жерге қосу және басты және отырғызу электродтары сілкілеу жүргізіледі;
5) бункердегі шаңдар толық тазартылған және ал электрсүзгіштер-суытылған;
6) электрофильтр корпусы газ қалдығы толық шыққанға дейін желдетілген.
302. Электр сүзгіште шаңдар қалып қойған уақытта басты элементтерден кернеулік алынып, олар жерге қосылғаннан кейін оларды шнуровкалауға жол беріледі. Бункерлі шнуровкалау электр сүзгіштері бойынша кезекшінің бақылауы бойынша жүргізіледі. Шнуровка жүргізетін жұмыскерлер жеке қорғаныс құралдарын қолданады.
303. Сілкіндіруші механизмінің жұмыс істеу кезінде жеңұшы сүзгіштерінің сілкілеу механизмдеріне ревизия жасауға және тексеруге жол берілмейді.
304. Түсіру шнегінің сымдарының апаттық тоқтатуға арналған «Тоқта» жергілікті бастырмасы болады.
305. Жарылыс қауіпті шаңдарды ұстау циклондары сақтандырғыш клапандарымен жабдықталған.
306. Батареялық циклондар мен коллекторларды бірнеше бункерін бір уақытта тазартуға жол берілмейді.
307. Орталық шиберлерді жабу және ашу механизацияланады.
308. Жер асты газ жүретін орындар газ өткізбейді, ал ызботтар жинағы жылумен оқшауланған.
309. Жер асты газ жүретін каналдарды қарау үшін мөлшері 0,65х0,65 м кем емес түсуі ыңғайлы орналасқан лазалар орналастырылған.
310. Газ жүретін орындардан шаңдарды түсіру, тасымалдау және шаң ұстау құрылғыларын орнату зиянды заттарды бөлуді болдырмайтын әдістермен жүргізіледі.
311. Шаң камераларын, ызботтар мен газ жүретін орындарға қызмет көрсету және жөндеу үшін алаңдар мен өтпелі өткелдер қарастырылады, жинаулар бойынша жүруге жол берілмейді.
312. Шаң ұстау және газдан тазарту жүйелерінде шаңдардың жануы кезінде қызмет көрсетуші персоналдың әрекеті технологиялық регламентпен анықталады.
313. Технологиялық қондырғысы бар желдету құрылғыларының автоматты блокировкалануы кезінде желдеткіш құрылғысын тікелей іске қосатын құрылғы қарастырылады.
314. Аспирациялық жүйенің автоматты блокировкалауы болмаған жағдайда технологиялық қондырғы жұмысы басталуға дейін 5 минут бұрын қосылады, ал ол тоқтағаннан кейін 10 минуттан кейін сөндіріледі.
315. Қоса тіркелген камераларды тазарту айына бір рет жүргізіледі, сүзгіштер жуу олардың ластануына байланысты, калориферлерді үрлеу және тазарту жылына бір рет жүргізіледі. Қоса тіркелген камералардың есіктері құлыппен жабылады.
316. Жең ұштары сүзгіштері камераларының герметикалығын тексеру жең ұштарының әрбір тексерісінен кейін, ал тиеу және үрлеу клапандары ай сайын тексеріледі.
317. Жең ұштары сүзгіштері әрекетінің тиімділігін бақылау үшін олар бақылау - өлшеу приборларымен жабдықталған.
318. Шаң бөлуші бункерлер олардың толуына байланысты тазартылады. Бункерлердің толып кетуіне жол берілмейді.
319. Ортадан тепкіш скрубберлерді пайдалану кезінде оларға түсетін су (ерітінді) шығыны мен қысымын бақылау осы мақсатқа арналған бақылау өлшеу приборлары арқылы іске асырылады. Скуббер сусыз (ерітінді) немесе оның жеткіліксіз шығыны кезінде жұмыс істеуіне жол берілмейді.
320. Токсикалық заттар орналасқан өндірістік ғимараттарда жұмыс алаңындағы ауа ортасының жағдайы автоматты газ талдаушылар арқылы бақыланады.
Автоматты газ талдаушылар сериялы түрде шығарылмайтын ауадағы токсикалық газдардың, булар мен шаңдардың болуына бақылау жасау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кесте бойынша ауа сынамасын алып талдау арқылы іске асырылады.
Осы мақсатта ұйымдарда зертханалар қарастырылады.
321. Тартпа жүйелері және аспирациялық құрылғылар жұмыс алаңындағы зиянды заттар шектік жіберілетін концентрациядан (әрі қарай - ШЖК) артық болмайтын етіліп, шаңдардың, газдардың булар мен аэрозольдердің олардың жиналу орнынан алынуын қамтамасыз етеді.
322. Жергілікті тарпа желдеткіші сөндірілген кезде өндірістік қондырғыны (процессті) тоқтату мүмкін емес немесе қондырғыны (процессті) тоқтату кезінде жұмыс алаңына ШЖК артық мөлшерде зиянды заттар бөліну жалғасқан жағдайда жергілікті соруға арналған резервті желдеткіштер қарастырылады.
323. Атмосфераға тасталатын аспирациялық құрылғылардың ауасы санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
автоматизация құралдары
324. Щиттерде, басқару пульттері мен панельдерінде орналасқан басқару, сигнализация және қоректендіру сызбалары оларды кернеуліктің болуы туралы сигнализациямен қамтамасыз етеді. Бақылау-өлшеу приборлары бақылау мен реттеуге ыңғайлы және қауіпсіз орындарда орналастырылады.
325. Электр приборлары мен щиттер ЭОЕ талаптарына сәйкес жерге қосылады.
326. Бақылау-өлшеу приборлары жарықтандыру нормаларына сәйкес жарықтандырылады.
327. Автоматты басқару, сигнализация, дистанциялық басқару приборлары және қорғаныс блокировкалау құрылғыларына олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұрақты бақылау орнатылады.
328. Өндірістік қондырғыларда басқарудың электр тізбектері сызбаларында іске қосу және басқару құрылғыларының кездейсоқ іске қосылуын болдырмау мақсатында басқарудың барлық электр тізбектерінің қоректендіруші желілерден орталықтандырылған ажыратылуы қарастырылған.
329. Автоматизация приборлары мен құралдарын реттеу және жөндеуге бақылау-өлшеу приборлары мен автоматизация құралдары қызметінің (әрі қарай – БӨПА) қызметкерлері жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |