талаптар, жарықтандыру. Сигнализация және байланыс
330. Өндірістік және қосымша ғимараттар мен имараттар, ұйымның аумағын жасанды жарықтандыру ӨЭҚ, ӨТЭ және ТҚЕ талаптарына сәйкес келеді.
331. Өндірістік ғимараттарда электржарықтандырудың келесі түрлері қолданылады:
1) жұмыс;
2) апаттық (немесе эвакуациялық).
Апаттық электр жарықтандыру көздері ӨЭҚ талаптарына сәйкес таңдалады.
332. Жұмыс және апаттық жарықтандыру шамшырақтары олардың бекітілуі, қауіпсіздігі және қызмет көрсету ыңғайлығы қамтамасыз етілетін болып орналастырылады.
333. Жұмыс орындарын мостылы крандардың көлеңкелеуі жою үшін кран астындағы, кран фермаларына ілінетін қосымша шамшырақтар көзделеді.
334. Мырышты электролиздеу цехында металл алаңдарда және металл ыдыстары (бақтар, диірмендер, құрғату барабандары және басқалар) ішінде жұмыс істеу кезінде тасымалданатын шамшырақтарды қоректендіру үшін 12 В артық емес кернеулік қолданылады. Бұл шамшырақтарды қоректендіру алғашқы және қайталамалы кернеуліктегі жеке орамды электр трансформаторларынан іске асырылады.
335. Электролиз корпустарының жертөлесі, хлорқұбырларының туннельдері, өтетін желдеткіш және кабельдік каналдардың 42 В артық емес тұрақты жұмыс істейтін электр жарығы болады.
Жарықтандыру желісі сымдармен немесе оқшауланған қабығы бар кабельдерден жасалады.
Электролиз корпустарындағы және хлорқұбырларының туннельдеріндегі тасымалданатын жарықтандырғышты қоректендіру үшін 12 В артық емес кернеулік қолданылады.
Тасымалданатын жарықтандырғыштарда ұзындығы 10 м кем емес сымдар болады.
Оларды желіге қосу үшін розеткалар орнатылады. Барлық көрсетілген жағдайлар үшін жарықтандырғыштарды қоректендіру таратушы трансформаторлар арқылы жүргізіледі.
336. Кернеулігі 42 В артық жарықтандырғыштарды бекітуге арналған конструкциялар ғимараттар конструкцияларынан оқшауланған және жерге қосылған.
337. Технологиялық қайта жасауларда апаттық, алдын алу және технологиялық сигнализациялар мен блокировкалау көзделеді.
338. Барлық өндірістік ғимараттар қатты сөйлейтін және телефон байланысымен жабдықталады.
339. Қауіпсіздік туралы ескерту үшін жекелеген жағдайларда дыбыс және жарық сигнализаторларын параллель қолдану ұсынылады. Шудың деңгейі жоғары болатын орындарда пульттер соғып тұратын немесе бағытталған сигналдарын қолдануға болады.
340. Автоматты, жөндеу және қолмен жасау режиміндегі қондырғыларда сигнализация осы жұмыс режиміне қоспай жұмыс істеуге жол берілмейді.
341. Максимальдық көру және есту аумақтарында байланыс және сигнализация құралдары қызмет көрсетуге оңай қол жетімді және қауіпсіз орындарда орналастырылады.
8-тарау. Жылыту, сумен қамтамасыз ету
және кәріздер жүйесі
342. Жылыту, желдету, сумен қамсыздандыру және кәріздер жүйесін жобалау «Ішкі су құбырлары және кәріздер» СНиП 2.04.01-85, «Жылыту, желдету және кондиционерлеу» СНиП РК 4.02-05-2001, «Сумен қамсыздандыру. Сыртқы желілер мен ғимараттар» СНиП РК 4.01-02-2001 талаптарына сәйкес орындалады.
343. «Жылыту, желдету және кондиционерлеу» СНиП РК 4.02-05-2001 талаптарына сәйкес жобада бақылау, реттеу, басқару және сигнализация көлемі қарастырылады.
344. Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерге арналған сулардың сапасы (соның ішінде душ құрылғыларында) «Ауыз сулар. Гигиеналық талаптар және сапасын бақылау» ГОСТ 2874-82 сәйкес келеді.
345. Ауыз суларды тарату үшін фонтандар орнатылады. Өндірістік ғимараттардың жылу бөліну мөлшері едәуір көп орындарда жұмыскерлер газдалған тұзды сумен жабдықталады.
Газдалған суларды дайындау және оны тарату үшін сатураторлар орнатылады. Электролиз корпусында сатураторлар мен фонтандар қосылатын дәліздерге қоса салынған ғимараттарда орнатылады және кәрізге ағатын орнымен жабдықталады.
346. Шаруашылық ауыз су суқұбырларын техникалық су беру су құбырларымен қосуға жол берілмейді.
347. Химиялық күйіп қалу мүмкіндігі бар өндірістік ғимараттарда фонтандар мен апаттық су себезгіштері орнатылады. Бұл құрылғыларды оңай баратын орындарда орналастыру және шаруашылық ауыз су суқұбырларын қосу ұсынылады.
348. Су құбыры кәріздері ғимараттары мен желілерді пайдалану «Су құбыры кәріздері ғимараттары мен желілерді пайдалану. Жалпы қауіпсіздік талаптары» ГОСТ 12.3.006-75 және осы Талапқа сәйкес келеді.
349. Өндірістік және қосымша ғимараттар мен имараттардың ішкі кәріздері мен қорғасын және мырыш магний өндірісі ұйымдарының сыртқы кәріздерінің құрылысы қолданыстағы нормаларға және осы Талапқа сәйкес келеді.
350. Технологиялық апараттар жанындағы кәріздік төгулер апараттар жөндеуге тоқтатылған кезде бітегіш орнату үшін гидравликалық бітегіштермен және фланецті қоспалармен жабдықталады. Гидравликалық бітегіштер бағандар алдынан ластанған ағындар кәріздерінде орналастырылады. Бітегіштердің орналасу орны және олардың конструкциясы оларды ыңғайлы және қауіпсіз тазарту мен жөндеуді қамтамасыз етеді.
351. Кәріздік желі мен құдықтарды қарау және тазарту бекітілген кесте бойынша газ қауіпті жұмыстар жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
352. Су айдындарына төгілетін ағынды сулардың су ресурстарын ағынды сулардан ластануынан қорғау жөніндегі нормативті - техникалық құжаттарға сәйкес келуі қамтамасыз етіледі. Ұйымдар өндірістік дәне тұрмыстық ағынды сулардың тазартылуының тиімділігін жүйелі бақылаумен қамтамасыз етіледі.
353. Ұйымдар қарамағындағы ағынды суларға арналған тазарту ғимараттары, станциялар және басқа да құрылғылар таза және дұрыс жұмыс істеу қалпында ұсталады.
9-тарау. Жұмыскерлердің қорғау құралдарын қолдануына қойылатын талаптар
354. Арнайы киімдерді, аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да құралдарын қолдану ережесі олардың нақты пайдаланылатын нақты шарттарды ескере отырып, технологиялық регламентте баяндалады.
355. Арнайы киімдерді, аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да құралдарын беру тәртібін қолданыстағы нормаларға сәйкес жұмыс беруші анықтайды.
356. Персоналдың өндірістік ғимараттарда жеке қорғану құралдарынсыз болуына немесе дұрыс жұмыс істемейтін құралдарды пайдалануына жол берілмейді.
357. Жоғары арнайы киім жұқа мақта маталардан немесе отырғызуы минимальды болатын синтетикалық материалдардан жасалады.
358. Респиратор магний өндірісінде дем алу органдарының негізгі жеке қорғану құралы болып табылады.
359. Ауаның жоғары зиянды заттармен ластану көзі болып табылатын қондырғыларға қызмет көрсететін мамандар, бокстарда, каньондарда, оқшауланған ғимараттарда қондырғыларды жөндеумен айналысатын жұмыскерлер оқшаулаушы жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
360. Медицина қызметкерлерінің ұсынысы бойынша қолды өндірістік өнімдердің әсерінен сақтау үшін резина қолқаптарын міндетті қолдану кезінде қосымша қорғаныс құралы ретінде қолданылатын қорғаныс кремдерін (мазь) қолдану қажет.
361. От жарылыс қауіпті ғимараттардағы жұмыстарда жеңіл жанатын және жанатын заттарды қолдану кезінде статикалық электрленудің жиналуын және ұшқын шығуының алдын алатын қызмет көрсетуші персонал тиісті арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
362. От жұмыстарын орындау кезінде қызмет көрсететін персонал отқа шыдамды арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
363. Технологиялық қондырғылардың кенеттен герметизациялануы мүмкін учаскелерде персоналға күнделікті мақсаттағы жеке қорғаныс құралдарымен қатар персоналды тиімді қорғауды қамтамасыз ететін қосымша апаттық комплектілер беріледі.
364. Магний өндірісінің өнімдерімен ластанған жұмыс киімдерін жуу, өнеркәсіп кәсіпорындары жанындағы жеке механизацияланған кір жуу орындары көзделеді. Қалалық кір жуу орындарында магний өндірісінің арнайы киімдерін жууға жол берілмейді.
365. Өндіріс учаскесіндегі технологиялық процесстердің бұзылу (апаттық жағдайлар) жағдайында жеке қорғаныс құралдарының апаттық қоры болады.
Цехтың барлық қызмет көрсетуші персоналына жеке қорғаныс құралдарының апаттық қоры тұратын шкафтардың, алғашқы көмек көрсетуге арналған аптечкалардың, фонтандар мен апаттық душтардың орналасу орындарын білу қажет.
Қолданылған қысқартулар
БӨПА - бақылау-өлшеу приборлары мен автоматизация құралдары;
ҚҚ – қайнайтын қабат;
ҚП - қабат пештері;
ТҚТ - тұтынушылардың электрқұрылғыларын пайдалану кезіндегі
техника қауіпсіздігі талабы;
ТПТ – тұтынушылардың электрқұрылғыларын техникалық пайдалану
кезіндегі талабы;
ШТМ - шихта тиеу машиналары;
ШЖК – шектік жіберілетін концентрациялар;
ЭҚТ -электрқұрылғыларының құрылысының талабы;
ЭОЕ - электрқұрылғыларын орнату талабы;
ӨЦЭБП - өлшенген циклонды электротермикалық балқыту пештері.
Қорғасын және мырыш
өндірісі кезіндегі өнеркәсіп
қауіпсіздігінің Талабына
қосымша
жіберілетін концентрация (ШЖК) және
Заттардың атауы
|
Қауіптілік класы
|
Адам организіміне әсер ету сипаты
|
12.1.005-88 ГОСТ шектік жіберілетін концентрация
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Қорғасын
|
I
|
Жүйке, қан тамырлар және жүйесініе басымды әсер ететін политроп. Созылмалы
ауруларды тудырады.
|
0,01 мг/м3
|
Мырыш
|
II
|
Бумен дем алу кезінде – «құймалы лихорадка»
|
0,5 мг/м3
|
Мышьяк
|
I
|
Жүйке жүйесіне, қан тамырларына, үлкен мөлшерде ес тану жәнн талма арқылы жансыздандыру тудырады. Организмге ауамен, ауыз сумен енеді.
|
0,01 мг/м3
|
Мышьяк тәріздес сутегі
|
II
|
гемолиз эритроциттерді тудырады, метгемоглобин қалыптасады.
|
0,1 мг/м3
|
Мыс
|
II
|
Жалпы токсикалық «металл лихорадка» тітіркендіргіш (сілекейлер, тері) әсер етеді
|
1 мг/м3
|
Кадмий
|
I
|
Кадмий қоспалары дем алу, ас қорыту, органдарына, бауыр, бүйрекке әсер етеді.
|
0,05 мг/м3
|
Кремнийдің екі қышқылдануы
|
III
|
Дем алған кезде силикоз тудырады
|
2,0мг/м3
|
Күкірт ангидрид
|
III
|
Тыныс алу органдарын тітіркендіреді, демігу және талу арқылы асқынған улану, өкпенің ісінуін тудырады
|
10 мг/м3
|
Күкірт қышқылы
|
II
|
Тыныс алу органдарын тітіркендіреді, қан аралас қақырық тудырады, көп ашып, ауыр жағдайда құсу шақырады. Теріге тигенде химиялық күю болады.
|
1 мг/м3
|
Оксид көміртегі
|
IV
|
Асқынға бағыттаушы әркеттері бодады. Органзимнің оттегі жетіспеушілігіне, есінен тануға, талуға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғатын қан құрамынан оттегін шығара отырып, қан гемоглобинімен қосылады. Ауыр уланудан кейін орталық жүйке жүйесін зақымдаумен байланысты қалдық құбылыстар болуы мүмкін.
|
20 мг/м3
|
Азот қышқылы
|
III
|
Тітіркендіру типі немесе нитратты типтер бойынша (тамырлар кеңеюі, қан қысымының түсуі, метгегемоглобиннің қалыптасуы) улану
|
5 мг/м3
|
Хром қоспалары (VI)
|
I
|
Улы қоспалар тыныс алу органдарын, бүйрек, бауырды, жүрек қан тамырларын зақымдау.
|
0,02 мг/м3
|
Кальцинирленген сода
|
II
|
Тыныс алу органдарын және кілегейлерді тітіркендіру
|
2 мг/м3
|
Магнезит
|
III
|
«Құймалы лихорадкағы» ұқсас құбылыстар
|
10 мг/м3
|
Барий көмір қышқылы
|
I
|
Мидың және оның жұмсақ қабықшаларын мишықтар мен ұзын миды басыңқы зақымдай отырып, асқыну ауруларын тудырады.
|
0,5 мг/м3
|
Өндірістік шу
|
|
|
£5 ДБА
|
Жалпы вибрация
|
|
|
£6 дБ
|
Қорғасын және мырыш өндірісі келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлармен сипатталады:
1) жұмыс алаңындағы ауаның шаңдануы мен газдалуының арту мүмкіндігі;
2) жұмыс алаңындағы ауа температурасының артуы (төмендеуі);
3) қондырғының, материалдың жоғары температурасы;
4) вибрацияның жоғары деңгейі;
5) аэрозольдер, булар, және газдардың токсикалылығы;
6) металл қорытпасының сумен немесе ылғалмен қосылған кезде жарылу мүмкіндігі;
7) тұйықталу адам денесі арқылы өтетін, электр тізбегіндегі кернеуліктің жоғары мәні;
8) қозғалатын машиналар мен механизмдер, қондырғылардың, материалдардың қозғалмалы бөліктері;
9) жұмыс алаңын жағы шудың жоғары деңгейі.
Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.
Мазмұны
Бөлім, тарау,
параграф
|
Мазмұны
|
Беті
|
1-тарау
| Жалпы ережелер |
|
2-тарау
| Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға,
имараттарға қойылатын талаптар
|
|
3-тарау
| Бастапқы материалдарға, дайындап қойылған және жартылай дайындалған материалдарға қойылатын талаптар |
|
4-тарау
| Бастапқы материалдарды, дайындап қойылған, жартылай дайындалған және дайын материалдарды сақтау және тасымалдауға қойылатын талаптар |
|
5-тарау
| Өндірістік қондырғыларға, оларды орналастыруға және жөндеуге қойылатын талаптар |
|
6-тарау
| Өндірістік (технологиялық) процесске қойылатын талаптар |
|
1-параграф
| |
|
2-параграф
|
Шихта материалдарын дайындау
|
|
3-параграф
| Қорғасын концентраттарын күйдіру |
|
4-параграф
| Шихта материалдарын балқыту. Жалпы талаптар |
|
5-параграф
| Шахта пештері |
|
6-параграф
|
Электр пештері және электр жылынатын
тұндырғыштар
|
|
7-параграф
|
Оттекті - өлшенген циклонды
электротермикалық балқыту пештері
|
|
8-параграф
| Шлак айдау құрылғысы |
|
9-параграф
|
Көмір шаңын дайындау
|
|
10-параграф
| Шлакты түйіршіктеу |
|
11-параграф
| Технологиялық ыдыс |
|
12-параграф
|
Қорғасынды шақпақтау
|
|
13-параграф
| Қорғасын концентраттары мен шихталарды күйдіру |
|
14-параграф
| Қорғасын өндірісінің гидрометаллургиялық қайта жасалуы. Жалпы талаптар |
|
15-параграф
| Тұқыл, щаң және оксидтерді сілтісіздендіру |
|
16-параграф
| Ерітінділерден мырышты электро отырғызу |
|
17-параграф
|
Вельцевание
|
|
18-параграф
|
Кадмий өндірісі
|
|
19-параграф
| Металлургиялық агрегаттарды суыту |
|
20-параграф
| Бумен суыту жүйесінің қазандық – утилизаторлары |
|
21-параграф
| Металлургиялық агрегаттарды жылыту |
|
22-параграф
|
Шаңдарды ұстау және газдан тазарту
|
|
23-параграф
| Бақылау - өлшеу приборлары және автоматизация құралдары |
|
7-тарау
| Электр құрылғыларына қойыл++атын талаптар, жарықтандыру. Сигнализация және байланыс |
|
8-тарау
|
Жылыту, сумен қамтамасыз ету және кәріздер жүйесі
|
|
9-тарау
| Жұмыскерлердің қорғау құралдарын қолдануына қойылатын талаптар |
|
|
Қолданылған қысқартулар
|
|
Қосымша
| Қорғасын және мырыш өндірісі кезінде шектік жіберілетін концентрация (ШЖК) және қауіпті өндірістік факторлар деңгейі |
|
| Мазмұны |
|
Достарыңызбен бөлісу: |