187. Көмір шаңын дайындау жөніндегі құрылғылардағы жобалау, салу, монтаждау және пайдалану «Жылу беру және шаң тәріздес отындарды дайындау және жандыру құрылғыларының жарылыс қауіпсіздігі ережелерінің» талаптарына сәйкес жүргізіледі. Шаң дайындаушы қондырғы жерге қосылған және жылумен оқшауланған. Оқшаулау жанбайтын материалдардан жасалған.
188. Шаң дайындау және шаң құбырлары желісінің қондырғыларының конструкциясы оларға шаң жиналуын болдырмайды.
189. Шаң дайындаушы құрылғы диірменін іске қосу алдында барлық жүйе қыздырылады. Диірменнен шығатын газ-ауа ортасының температурасы технологиялық регламентпен белгіленген шамадан артық емес.
190. Шаң дайындаушы құрылғылардың бункерлері олардың ішіндегі көмірдің немесе көмір шаңының деңгейін дистанциялық анықтауға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталған.
191. Бункерлердің жоғарғы жағындағы шаңдар температурасын бақылау үшін кедергі термометрлері немесе термопарлар орнатылады.
192. Қондырғы ішіндегі әлсіз жанатын от ошақтарын сыпыру немесе су ағынымен немесе шаңды сыпырып әкетуді тудыратын басқа да әдістермен сөндіруге жол берілмейді.
193. Ащы әлсіз жанатын от ошағы құммен сөндіріледі. Кішкентай себелеу немесе шаңын басу кезінде сумен сөндіруге жол беріледі.
194. Бункерлерде әлсіз жанатын от ошақтарын сөндіру және оның жануын басу үшін инертті газды, азот немесе 1,5 МПа артық емес қысымдағы қаныққан буды енгізу көзделеді инертті газды, азот немесе қаныққан бу шаңдардың құйындауының алдын алу үшін бункердің жоғарғы жағына енгізіледі.
195. Шаң дайындаушы қондырғылар өлшеуге арналған көрсеткіш аспаптары басқару щитіне орналастырылған келесі көрсеткіштерді өлшеуге арналған аспаптармен жабдықталады:
1) оттықтағы құрғату агентінің және диірмен алдындағы температурасын;
2) диірменнен және сүзгіш камерасынан шығар алдындағы шаңгаз ауа қоспасының температурасын;
3) оттықтағы құрғату агентінің қысымы;
4) диірменнен және диірмен желдеткішінен кейінгі шығар алдындағы шаңгаз ауа қоспасының қысымын;
5) диірмен желдеткішінен кейінгі шаңгаз ауа қоспасындағы оттегінің болуы;
6) табиғи газдың (жану алдында) қысымы мен шығыны;
7) алғашқы және қайталамалы ауа шығыны (оттық алдында);
8) диірменге материал беруді реттейтін шибер жағдайы.
196. Шаң дайындаушы құрылғы құрғату агентінің температурасын реттеушімен және диірменге материал беруді реттейтін шибер жағдайының көрсеткішімен жабдықталады.
Құрылғы сигнализациямен жабдықталады:
диірмен сыртындағы құрғату агентінің температурасы;
бункердегі шаңның жоғарғы және төменгі деңгейі;
диірменге көмір берілуінің тоқтатылуы;
диірмен желдеткішінен кейінгі шаңгаз ауа қоспасындағы оттегі шамасының технологиялық регламентпен белгіленген шамадан артық болуы;
диірменге үрлегіш желдеткіштен суық ауа берілуі қарастырылады.
197. Шаң дайындаушы құрылғылар сақтандырғыш клапандармен жабдықталған.
Клапандардың конструкциясы, саны және орнату орны жобада қарастырылады.
198. Сақтандырғыш клапандардың дұрыс жұмыс істеуі ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.
199. Қабырғалар, трубақұбырлар, қондырғылар, едендер, алаңдар, сатылар және басқа да құрылыс конструкцияларындағы шаңдарды жинау ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі. Қолмен жинастыру кезінде шаңды алдын ала сумен себелеу арқылы ылғалдандыру жүргізіледі.
10-параграф. Шлакты түйіршіктеу
200. Түйіршіктеу бассейні цехтың сыртында орналастырылады және қоршалады.
201. Шлакты түйіршіктеуге беретін науа науадан будың үздіксіз шығуын қамтамасыз ететін аспирациялдық құрылғыға қосылатын жабумен жабдықталады.
202. Түйіршіктеуге түсетін су қысымы мен шығыны шлак ағынының түйіршіктелуін және түйіршіктелген шлактың оның бассейінге дейінгі науа бойынша үздіксіз тасымалдануын қамтамасыз етеді.
203. Персоналды шлакты түйіршіктеу үшін төгу туралы ескерту үшін құрылғы жарық дыбысты сигнализациямен жабдықталады.
204. Түйіршіктелу режимі бұзылған кезде шлакты пештен шығару тоқтатылады.
205. Төгу учаскесінде ағаш шпалдарды қолдану кезінде олар жанбайтын материалдармен (құм, саз, майда грави, түйіршіктелген шлак және тағы басқа) қорғалады.
206. Шлакты шлакты чашадан төгу кезінде қызмет көрсетуші персонал үйіндінің қарама-қарсы жағында тұрады және төгу процесін қадағалайды.
207. Үйінді жиналатын орын стационарлық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
208. Үйінділерді өңдеу жобаға сәйкес біріккен жұмыстардың қауіпсіздік шаралары бар жобаға сәйкес іске асырылады.
11-параграф. Технологиялық ыдыс
209. Технологилық ыдыс (ожау, шлак чашкалары, қалақ, кюблель және тағы басқа) завод – орындаушының ОСТ сәйкес келеді.
210. Технологиялық ыдыс (ожау, шлак чашкалары, қалақ, кюбель және тағы басқа) дайындау және жөндеуден кейін тексерілуге жатады.
211. Ыдыстар жүк көтергіштігі нөміріне көрсетіле отырып, белгіленеді және мақсатына қарай қолданылады.
212. Ыдыстар мен траверлер дайындау ОСТ (ТШ) сәйкес келеді, технологиялық регламентпен анықталған мерзімдерде олардың пайдаланылуына жауапты тұлғамен мерзімді тексеріледі.
Тексеріс нәтижесі журналға жазылады.
213. Ожаудың шұлықтары, оның бүгілуінен төмен және жанбайды.
214. Цапфтардың тозуы барлық өлшеулерде оның алғашқы мөлшерінен 10 % артық емес. Ожаулар цапфтары жылына бір реттен кем емес бұзылмаған бақылау әдісімен тексеріледі.
215. Раковиналары, қабырғаларында және армен ожаулардың бекітілу орындарында жарықтары бар, деформация арқылы қалпын жоғалтқан және ожау тәріздес качкалары бар ожауларды қолдануға болмайды.
216. Ожауларды оның сыйымдылығын арттыру үшін үлкейтуге болмайды.
217. Ожауларды жүк көтеруші крандармен тасымалдау оларды дайындауға арналған ОСТ (ТШ) сәйкес келетін траверстер арқылы жүргізіледі. Траверсті ожауда қалдыруға немесе оны ожауға сүйеп қоюға жол берілмейді.
218. Ыдыстар, орналастыру жоспарына сәйкес арнайы арналған орындарда орнатылады. Ыдыстар қоюға арналға алаңдар тегіс, көлденең және таза.
219. Ыдыстарды борттардан биік тиеу, оны сыртқы жағына шыққан материалдармен тасымалдауға жол берілмейді.
220. Шаңданатын материалдарды тасымалдау және сақтау герметикалық.
221. Ыдыстарды строповкалау жұмыстар жүргізілетін көрінетін орындарда ілінген сызбалаға сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |