151. Ауа араластыру камерасы бар айналмалы құрғату барабанының және жүктемелі камералы оттық газдардың бөлімшелері герметизацияланған.
152. Құрғату барабандарының тиеу және түсіру камералары қарау терезелерімен және герметикалық лазалармен жабдықталған.
153. Құрғату барабандарында жанатын отын жобада қарастырылады.
154. Шихта тиеу машиналарын (әрі қарай - ШТМ) орталықтандырылған басқару конструкциясы машинаның негізгі бөлшектерін және оның қозғалысын сырттан қадағалауды қамтамасыз ететін операторлық немесе машинист кабинасына шығарылған.
155. ШТМ басқару сызбасы машинист кабинасынан барлық механизмдердің электрдвигательдерін автоматты, дистанционды және жергілікті басқаруды қамтамасыз етеді.
156. ШТМ машина жүрісін шектеушілермен және қопсытушы көтеру-түсіру қондырғыларымен жабдықталған.
3-параграф. Қорғасын концентраттарын күйдіру
157. Агломерациялық машина оның түсіру бөлігінде орналасқан машинаны автоматты сөндіру батырмасымен жабдықталған.
158. Агломерациялық машина орталықтандырылған майлаудың түсуін бақылайтын қондырғысы бар автоматты жүйемен жабдықталған.
159. Агломерациялық машинаның тиеу бөлігі жағындағы ойық металл табақшамен жабылған.
Агломерациялық машинаның тиеу бөлігі жағында лентаның бүктелуі орнында қоршау орнатылған.
160. Агломерациялық машинаның бос тармағы, соның ішінде тиеу жағындағы бүйірі сақтандырғыш щиттермен жабылған.
161. Ауа сорғышпен жұмыс істейтін агломерациялық машинаның бос тармағының алмалы немесе жылжымалы секция түрінде жасалған қабығы болады.
162. Төмен жағынан ауа үрлейтін агломерациялық машинаның жұмыс тармағы тұтас герметикалық қабықпен жабылған.
4-параграф. Шихта материалдарын балқыту.
163. Балқыту шығаруға арналған науаның 0,06 кем емес еңкіші болады және аспирацаиялық жүйемен жабдықталған. Жабу конструкциясы науаларды мұз қатып қалулардан тазартуға мүмкіндік береді.
164. Қорытпа құрғақ ожаулар мен қалыптарға құйылады. Ожаулар мен қалыптарды құрату үшін сәйкес құрылғылары қарастырылады.
165. Қорытпа қабылдау үшін ожауларды орналастыру орны тартпа жүйелерімен жабдықталады.
166. Қорытпаларды шығару кезінде өткелдер бойынша науалар арқылы шығуға болады.
167. Қорытпаларды шығару және қабылдау жұмыс орындары қиыстырылған желдеткішпен жабдықталған.
5-параграф. Шахта пештері
168. Шахта пештерінің колошниковты аумағының екі шығысы болады.
169. Шихта жеткізу көлігіне энергия берудің троллейлі сымдар аумағында жұмыс жүргізу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
170. Шахталық пештер кессондар, тұндырғыш жанған уақытта жедел сөндірілуі тиіс.
171. Газ тәріздес отында жұмыс істейтін шахталық пеш пешті пайдалану жөніндегі технологиялық регламентте көзделген жағдайда газдың берілуін тоқтатылуын қамтамасыз ететін автоматты қорғаныспен жабдықталады.
6-параграф. Электр пештері және электр
жылынатын тұндырғыштар
172. Электр пештері және электр тұндырғыштар конструкциялары «Электртермикалық қондырғылар қауіпсіздігі. 1-бөлім. Жалпы талаптар» ГОСТ 12.2.007.9-93. сәйкес келеді.
173. Кернеулікте болатын электр пештері және электр тұндырғыштар қабықтары мен металл конструкциялары жерге қосылған. Агрегаттардың ток жүргізуші бөліктері қоршалған және оқшауланған.
174. Электродтардың көтеру және түсіру механизмдері ұштық сөндіргіштермен жабдықталған.
175. Электродтарды өсіру және қайта қосу, қорытпа деңгейін өлшеу пеш сөндірілген уақытта жүргізіледі.
176. Электр пештері және электр тұндырғыштардың жұмыс алаңдарында агрегат кернеулікте тұрғаны туралы хабарлайтын жарық сигнализациясы қарастырылған. Пешті іске қосу, оның қызмет көрсетуінің барлық белгілерінде естілетін ескерту дыбыс сигнализациясымен сүймеленеді. Арық сигнализациясы жоғары вольтты сөндіргішпен блокировкаланған.
177. Қысыммен жұмыс істеуші электр пештерінің тиеу бункерлерінен шихтанын толық алуға болмайды. Тиеу бункерлерінде қалдырылатын щихта деңгейі технологиялық регламентпен белгіленеді.
178. Қысқа желі элементтеріне және кернеулікте болатын элементтерге суытатын су беру, оны алып шығу электрлі емес сымдармен жүргізіледі.
179. Электр пеші сөндіріледі:
1) әртүрлі фазадағы ток жүргізуші бөлімшелердің тұйықталуы кезінде;
2) металл конструкциялы ток жүргізуші бөлімшелердің тұйықталуы кезінде;
3) суытуға арналған судың берілуі тоқтатылған кезде;
4) қорытпаның ағып кетуі кезінде;
5) электродтар үзілген кезде;
6) пештің әрі қолдануы апатқа әкеліп соғуы мүмкін кезде.
7-параграф. Оттекті-өлшенген циклонды электротермикалық балқыту пештері (әрі қарай - ӨЦЭБП)
180. Оттекті-өлшенген циклонды электротермикалық балқыту агрегаттары шихта-оттек қатынасын автоматты бақылау және реттеу және шихта берілуі тоқтатылған кезде үрлеуді сөндіру жүйесімен жабдықталады.
181. ОӨЦЭТ агрегатының электртермикалық бөлігінің конструкциясы электр бақылау пештеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
182. Пештің балқыту камерасының кессонирленген қалқасы, кивцетті пештің шлакты белдігінің кессондары, және қазандық утилизатордың бумен суыту элементтері монтаждау алдында гидравликалық сынауға жатады. Кессонирленген қалқаның, кивцетті пештің шлакты белдігі кессондарының, және қазандық утилизатордың бумен суыту элементтері жағдайын тексеру ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестегі сәйкес жүргізіледі. Тексеру нәтижесі актімен ресімделеді.
183. Электр сүзгішке кіру кезіндегі көміртек оксидінің болуын бақылау үшін шихтаның жұмыс алаңы көміртек оксидінің болуын анықтау үшін газ талдаушымен жабдықталған.
184. Шлак айдау құрылғысы кессондардағы ауа температурасын өлшеу, қалпына келтіруші шығындарын және ауа мен қалпына келтірішу қатынасын өлшеу аспаптарымен жабдықталады.
185. Үрлегішті немесе отын беруді тоқтату кезінде шлак айдау пеші қорытпаны шығару арқылы тоқтатылады.
186. Пеш конструкциясында немесе жанып болу камерасында шығатын газдардың жанып болуына арналған ауа беру көзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |