Сабақтың тақырыбы: Ұлпалардың құрылысы мен қызметтері
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды ұлпалардың түрлерімен құрылысымен таныстыру .
2. Оқушылардың ұлпа құрылысын ажырату
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:Интерактивті
Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.
Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. ДНК -моделі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау §4.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
Жасушалар мен жасушалар аралығын толтыратын жасушааралық заттардан ұлпалар түзіледі. Ұлпа дегеніміз — құрылысы, түзілуі және атқаратын кызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық. заттардың жиынтығы. Адам организмінде ұлпалардың жүйкелік дейтін төрт типін ажыратады.
Эпителий ұлпалары терінің беткі қабатын, ішкі мүшелердің (ас қорыту жолы, тыныс жөне несеп жолдары) сілемейлі қабығын жөне көптеген бездерді түзеді
Терінің, кездің қасаң кабығының (роговица) эпителийі оларды колайсыз сыртқы өсерлерден корғайды, ал асқазан, ішек эпителийі олардың кабырраларын ас корыту сөлінің қорыту әсерінен сақтайды. Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар қанға сіңіріледі, ал өкпеде эпителий жасушалары арқылы газ алмасу іске асырылады.
ұлпа
Көп қабатты эпителий
Эпителий
ұлпаларыныд
Тыңыс жолының эпителийі Қарын безінін шығару өзегі
Асказан әпителийі Несепағар эпителийі
Көп
турлері
безді эпителий жасушалары зат
(секрет) беледі. Безді эпителий бездер түзеді. Сыртқы және ішкі секреция без-дерін ажыратады. Сырткьі секреция бездерінде түзінділер (секреты) арнайы өзек арқылы дененін бетіне немесе дене қуысына (тер, сілекей, сүт) бөлінеді. Ішкі секреция бездерінің өзегі болмайды, олардын гормондары тікелей қанға
Эпителий ұлпаларына кызметінің әр түрлілігіне қарамастан бірқатар ерекшеліктер тән. Олардың жасушалары бір немесе бірнеше қатарға орналасып, бір-біріне тығыз жанасады, жасушааралык заттары нашар дамыған. Жабын жасушалары зақымданганда, тез арада жаңасымен алмасады.
Эпителий ұлпаларының негізгі кызметі: организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау (гомеостаз), қорғағыш, зат алмасуды реттеуге катысу.
Дәнекер ұлпалары. Адам организмінде дәнекер ұлпаларының бірнеше түрі бар: шеміршекті, сүйек, май, қан ұлпалары болады. Олардың құрылысы мен қызметі өр түрлі, ) және жаксы дамыған жасушааралык заттарыныц болуымен біріктірілген. Жасушааралык заттар кызметіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, канда ол сүйык, сүйекте — катты, шеміршекте серпімді, созылмалы болады.
Талшықты дөнекер ұлпасы шеміршекті
Дәнекер ұлпалары әр түрлі кызмет атқарады. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасы мүшелер арасындағы аралықты толтырады; қан тамырларың жүйкелерді, бұлшық ет шоғырын қоршайды. Тері астындағы май клетчаткасы қабаты осы ұлпадан тұрады. Сүйек және шеміршек ұлпалары тіректік әрі механикалық қызмет аткарады. Қан мен лимфа қоректік, тасымалдау және Қорғаныш қызметтерін жүзеге
Қан және лимфа
ІІІ. 1.Ұлпа дегеніміз не?
2. Ұлпаларды қандай топтарға бөледі?
3. Эпителий үппасы не тузеді?
4.Эпителий ұлпасына қандай ерекшеліктер тән?
5. Жасушааралық зат дегенімІз не?
6. Дәнекер уппасының қандай типтері бар?
7. Денекер ұлпасына қандай ерекшепікгер тән?
8. Сүйек Жйне шеміршекті ұлпаның қызметі қандай?
9. Қан мен лимфа қандай қызмет атқарады?
ІV. §7
V. . 1. Макроэлементтер деп нег атаймыз,оларға қай элементтер жатады.? (O,H,C,N - мөл-і 98%)
2. Қай элементтерді био элементтер дейміз неліктен ?( p,s)
3. Жасуда қандай иондар кездеседі,олардың мөлшері қандай,қандай қызметтер атқарады.(К, Na,Ca, Mg,Fe,CI сиқты- 1%
4. Мироэлементтерге қайсы жатады олардың клеткадағы атқаратын қызметіқандай?
5. Жасушадағы судың мөлшері?
6. Судың қасиеттері.
7.Нәруыз құрамы касиеттері кандай?
8. Майлар құрамы атқаратын қызметі қандай?
9. Көмірсулар құрамы атқаратын қызметі қандай?
Тест.
1. Дәнекер ұлпасы не түзеді?
а) тыныс мүшелерінің сілемейлі қабығын; ә) қанды;
б) жүрек қабырғасын.
2.Эпителий ұлпасына тән ерекшеліктер:
а)бір-біріне тығыз жанасатын жасушалар мен жасушааралық заттың аз мөлшері; ә) ядро саны көп ұзын жасушалар;
б)жасушааралық заттың мөлшері көп селдір орналасқан жасушалар.
3. Қанға тән ерекшеліктер:
а) бірдей қызмет аткаратын бірдей жасушалар;
ә) жасушааралык заттары — кальций фосфаты мен
карбонаттары;
б) қоректік заттар мен оттек тасымалдау.
2. Ұлпалардын суретін караңдар.
ҮІ. Қорытындылау
Күні : Пәні: Биология. 8-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет және жүйке ұлпалары
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды ұлпалардың түрлерімен құрылысымен таныстыру .
2. Оқушылардың ұлпа құрылысын ажырату
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:Интерактивті
Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.
Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. ДНК -моделі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау §4.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
Бұлшық ет ұлпалары — құрылысы мен шығу тегі әр түрлі, бірақ ортақ белгілерімен біріктірілген (жиырылу қабілеті, ұзындығын өзгерту) ұлпалар тобы.
Көлденең жолаңты бұлшық ет ұлпалары қанқа сүйектеріне бекітілген және оның кимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін қанқа бұлшык етін түзеді. Көз алмасын козғалтатын бұлшык еттер көз алмасының солға, онға, жоғары, төмен қозғалысын камтамасыз етеді. Жұту бұлшык еттері де көлденең жолақты бұлшық етке жатады.Көлденең жолақты бұлшық еттердін маңызды қасиеттері — адамның еркіне сай жиырылуға қабілеттілігі.
ұлпа ұзындығы 1—45 мм, кейбір бұлшық еттерде 12 см-ге дейін жететін көп ядролы бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Микроскоппен қарағанда талшыктардың көлденең сызыктары көрінеді. Көлденең жолақты талшықтар тез жиырылады да, осы күйінде ұзақ уакыт сақталады.
Миокард (жүрек еті) — көлденең жолақты жасушалардың бір-біріне жанасып орналасуынан түзілген жүрек бұлшык еті Жасушалардың пішіні сопақтау (ұзындау), бір, кейде екі ядросы болады. Осы жасушалардың тығыз тұтасуына орай жүрек бұлшық еті қаңқа блшьіқ еті сияқты жеке шоғыр болып емес, тұтас ең алдымен жүрекше, содан кейін қарынша бұлшық еттері жиырылады.
Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары ішкі мүшелер (өңещ, асқазан, ішек, несепағар, қуық), кан және лимфа тамырларының, без өзектерінің қабырғаларының құрамына кіреді. Оны мөлшері үлкен емес, бір ядролы, ұршык тәрізді бұлшық ет жасушалары түзеді. Оның жырылуы адам еркіне байланысты болмайды
Жүйке ұлпасы барлық жүйке жүйесін түзеді. Ол негізгі жасушаларынан — нейрондардан және қосалқы жасуишлардан — нейроглиялардан тұрады. Нейроглиялар нейрондарға беріктік қасиет беріп, қорғаныш рөлін атқарады жүйке жасушаларының коректенуіне және жүйке талшыктары мен жүйкелердің регенерациясына қатысады. Нейрондар тітіркенуді кабылдап, қозуға байланысты жүйке импульстерін тудырады жөне таратады. Нейрондар жады-дан (ее) акдараттарды өндеуге, сақтауға және естен шығару-ға қатысады. Өрбір нейронның денесі, жүйке ұштары бар ұзын жөне кысқа өсінділері болады. Өсінділер күрылысы, пішіні жөне кызметі бойынша ерекшеленеді. Қыска, жиі тармақталған өсіндісі нейрон денесіне жақын орналасқан, бүлар дендриттер деп аталады. Ал ұзын өсіндінің тек ұшы тармақталған және жіңішке болады, оларды аксондар (1,5 м дейін) деп атайды Жүйке жүйесін түзетін жүйке ұлпасының маңызы зор. Жүйке үлпасы организм бөлігі ғана емес, ол дененің қалған барлық бөліктерін біртүтас организмге біріктіруді камтамасыз етеді
ІІІ. | 1-зертханалық жүмыс
ІV. §8.
V. .
1.Ұлпа дегеніміз не?
2. Ұлпаларды қандай топтарға бөледі?
3. Эпителий үппасы не тузеді?
4.Эпителий ұлпасына қандай ерекшеліктер тән?
5. Жасушааралық зат дегенімІз не?
6. Дәнекер уппасының қандай типтері бар?
7. Денекер ұлпасына қандай ерекшепікгер тән?
8. Сүйек Жйне шеміршекті ұлпаның қызметі қандай?
9. Қан мен лимфа қандай қызмет атқарады?
1-зертханалық жүмыс
Адам организмінің жасушалары мен ұлпаларының қүрылысын микроскоп арқылы зерттеу
Жұмыстың мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп аркылы карап, жасушалар және ұлпалар құрылысымен танысу.
Керекті құрал-жабдықтар: микроскоптар, әр түрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек, бірыңғай салалы бүлшық ет, эпителий (эпителийдің әр түрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.
Жұмыс реті
1. Әр түрлі ұлпа жасушаларының күрылысының дайын препараттарын қараңдар. элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін көрсетіп, жасушаның суретін салыңдар.
2. Микроскоп арқылы:
а) көлденен жолакты бұлшык ет; ә) көлденең жолакты жүрек;
б)тегіс салалы бұлшық ет; в) эпителий (өр түрлі эпителий);
г) сүйек;ғ) жүйке ұлпаларын караңдар.
Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдык бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналаскан ба?
Көрген үлпаларыңның суретін салындар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.
Дөптерлеріңе кестені толтырыңдар.
Ұлпалар және олардың қызметі
ұлпа атауы
|
Құрылысы
|
Қызметі
|
Организмде орналасуы
|
Көлденен жолақты
|
|
|
|
Бірынғай салалы
|
|
|
|
Дәнекер
|
|
|
|
Эпителий
|
|
|
|
Жүйке
|
|
|
|
Күні : Пәні: Биология. Сыныбы: -8 .
Сабақтың тақырыбы: МҮШЕЛЕР ЖӘНЕ МҮШЕЛЕР ЖҮЙЕЛЕРІ
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысымен таныстыру .
2. Оқушылардың мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысын ажырату және атқартын қызметтерін қысқаша сипаттау.
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:Интерактивті
Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.
Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам мүшелерінің құрылысы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру
Мүшелер ұлпалардан түзіледі. Мүше дегеніміз — нақты пішіні бар, организмде белгілі орын алатын бір немесе бірнеше кызмет аткаратын дене бөлігі. Жүрек, өкпе, бүйрек, қол, кез — денеміздің, мүшелері. мүшенің түзілуіне ұлпалардын барлық түрлері қатысады, бірақ олардың біреуі ғана негізгі рөл аткарады. Мысалы, сүйектің негізгі үлпасы — сүйек ұлпасы, бездің негізгі ұлпасы — эпителий ұлпасы, бұлшық еттің басты ұлпасы — бұлшық ет ұлпасы, мидың негізгі ұлпасы — жүйке ұлпасы. Әрбір мүшеде дәнекер, жүйке және эпителий ұлпалары, қан тамырлары болады.
Мүше біртұтас организмнің бөлігі болып табылады, сондықтан организмнен тыс жұмыс істей алмайды. Мүшелер жүйелері. Белгілі бір физиологиялык қызметі бойынша біріктірілген, шығу тегі бір, бірақ құрылысы әр түрлі мүшелер жүйе құрайды. Мынадай физиологиялық жүйелерді ажыратады: жабын (тері), тірек-қимыл, ас қорыту, жүрек-қан тамырлары, тыныс, зәр шығару, эндокриндік, жыныс, жүйке жүйелері.
Тірек-кимыл жүйесі Ас қорыту жүйесі
Бұлшық ет Сілекей безі
Ауыз қуысы
Жұткыншақ
Өнеш
Бауыр
Асқазан Ұйқыбез
Ішек
Тыныс алу жөне зәр шығару жүйелері Жүрек қан тамырлары жүйесі
Мұрын қуысы
Эндокриндік жүйе
Гипофиз
Қалқанша без
Бүйрек үсті без
ұйқы-без
Жыныс бездері
Жабын ұлпалары жүйесіне тері және сілемейлі қабқк кіреді. Тері денені сыртынан жабады. Сілемейлі қабық ауыз қуысының, тыныс жолдарының, ас қорыту жүйелерінің ішкі жағын астарлайды. Тері мен сілемейлі қабық организмді сырткы әсерлерден — құрғап кетуден, температуралык өзгерістен, зақымданудан, организмге ауру туғызатын әр түрлі қоздырғыштар мен улы заттардыңенуінен сақтайды.
Тірек-қимыл жүйесі сүйектер мен бүлшык еттерден тұрады. Сүйектер өзара байланысып, дененің сәйкес белігінің қаңқасын құрайды.
Қаңңа ішкі мүшелер орналаскан қуысты қорғаныш кызметін де атқарады. Мысалы, қабырғала омыртқалар, төс сүйегі жүрек, өкпе сиякты мүшел орналасатын кеуде куысын түзеді. Қаңка мен бұлшық еттер дене қимылын камтамасыз етеді. Өзара байланысқан сүйектер бекітілген бұлшык еттердің жиырылуы арқы қозғалысқа келеді.
Ac қорыту жүйесіне ауыз қуысының мүшелері тістер, сілекей бездері, жұтқыншак, өңеш, ішектер, асқаза бауыр, ұйкыбез кіреді. Ас қорыту мүшелерінде ас майдаланып, сілекеймен шыланады, құрамында ас қорыт ферменттері бар ас қорыту сөлінің әсерінен химиялы ыдырайды. Нәтижесінде организмге қажет қоректік заттар түзіледі. Олар ішекте сіңіріліп, қан арқылы организмні барлық жасушалары мен ұлпаларына жеткізіледі.
Жүрек-қан тамырлары жйесі жүрек пен кдн тамырларынан тұрады. Жүрек жиырылып, қанды қан тамырлары арқылы зат алмасу үздіксіз жүретін мүшелер ме ұлпаларға айдайды. Осындай алмасуға байланыст жасушалар үнемі оттек пен басқа қажетті заттарды ал организмге зиянды заттардан айырылады.
Тыныс алу жүйесі организмді оттекпен қамтамасыз етді және одан көміркышқышл газын шығаруға қатысады. Ауа алдымен мұрын қуысына, одан мұрын-жұтқыншаққа (носоглотка), көмекейге, әрі қарай кенірдек пен өкпеге түседі де, өкпе және қан капиллярлары арасында газ алмасу жүзеге асады.
Зәр шығару жүйесі организмнен зат алмасудың сұйық өнімдері — организм тіршілік әрекетінің заттарын шығару қызметін аткарады. Бүйрек зәр шығару жүйесінін негізгі мүшесі болып табылады. Оларда несепағармен қуыққа ағатын зәр түзіледі. Зәр қуыққа жиналып, зөр шығаратын түтік арқылы сыртқа шығарылады.
Жыныс жүйесі көбею қызметін атқарады. Жыныс бездерінде жыныс жасушалары қалыптасады. Бұл жүйеге аталык жыныс безі — аталык бездер (семенник) және аналык жыныс бездері — аналык без (яичник) жатады. Жатырда ұрық дамиды.
Эндокриндік жүйеге ішкі секрецияның әр түрлі бездері жатады. Әрбір без табиғаты химиялық биологиялық белсенді заттарды өндіріп, қанға бөліп шығарады. Бұл заттар барлық жасушалар, организм ұлпалары мен тұтас организм кызметін реттеуге катысады.
Жүйке жүйесі барлык жүйелерді біріктіреді, олардың әрекетін реттейді және үйлестіреді. Жүйке жүйесі мен
Мүше арасындағы байланыстың бұзылса қалыпты қызмет тоқтатады. Жүйке жүйесі организмнің ортанның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына сезім мүшелері арқылы бейімделуін қамтамасыз етеді.Адамның психикалық іс-әрекеті, мінез-құлқы жүйке жүйесіне байланысты. Көптеген мүшелерден тұратын, жүйелер мен аппараттарға біріктірілген тірі организм біртүтас болып қызмет етеді.
ІІІ. Перфакартамен жұмыс.
ІV. §9.
V. Сұрақтарға жауап.
3. Көлденең жолақты ұлпа дегеніміз не?
4. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы дегеніміз не?
5. Жүйке ұлпасының құрылымдық бірлігі қалай аталады?
6.Жұйке ұлпасының қандай қасиеттері бар?
Биология. 8-сынып.
Сабақтың тақырыбы: ГУМОРАЛЬДЫҚ РЕТТЕЛУ
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды организмнің гуморалдық реттелуідің биологиялық процестерімен таныстыру .
2. Оқушылардың организмнің гуморалдық реттелуінің маңызын білу. .
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:Панарамалық
Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.
Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам мүшелерінің құрылысы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
Мысалы, сергек кезде мүшелердін барлық жүйелері бір мезгілде қызмет етеді: адам қимылдайды; тыныс алады; жүрек, бұлшық еттері жиырылады да, қанның тамырлармен қозғалуы қамтамасыз етіледі; асқазан мен ішек ас қорытуды жүзеге асырады және т.б. Ауа райы суық кезде организм суықпен, ал жылы жайға кіргенде организмнің қатты қызуымен күресуі керек. Түскі ас кезінде ас қорыту мүшелерінің жұмысы едәуір күшейеді. Ал шаңғы тепкен кезде аяқ бұлшық еттері жақсы жұмыс істейді. Қиын есепті шығарған кезде мидың жұмыска қабілеттілігі артады. Енжар (пассив) демалыс кезінде организмнің, барлық мүшелер мен жүйелер белсенділігі төмендейді. Осы физиологиялык процестердің түрақты реттелуі гуморальдык және жүйкелік механизмдермен жүзеге асырылады.
Гуморальдык реттелу. Физиологиялык процестердін гуморальдык реттелуі биологиялық белсенді химиялық заттар — гормондар көмегімен жүзеге асырылады. Гормондарды арнайы бездер бөліп шығарады, олар қан мен лимфаға түсіп, содан кейін бүкіл организмге таралады Қызметті реттеудің осы әдісінің артыкшылығы — химиялык заттар барлык ұлпалар мен дене мүшелеріне жеткізіледі. бірак өте аз мөлшерде де өте белсенді әрекет етеді. Таралу барысында жартылай ыдырап, организмнен шығарылады. Гормондар мүшелер мен ұлпаларга түсіп, оларға белгілі бір әсерін тигізеді. Мысалы, сүйектердід өсуіне, жүрек жиырылуының ырғағына (ритм) әсер етеді және т.б.
Гормондардың ерекше қасиеті бар, яғни белгілі бір
ұлпаларға немесе мүшелерге әсер етеді. секреция бездері де бар, олардың секреті (сөл) (ауыз, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға бөлінеді қас, май, сүт бездері ж\е т.б.
Іиікі секрецияның маңызды беэіне гипофиз (массасы 0,5— 0,7г) жатады.
Ол анатомиялық әрі қызметтік тұрғыда мимен байланысты. Гипофиз баска бездердің қызметін реттеуге әсер ететін гормондар өндіреді. Гипофиздің арткы бөлігінің гормондары организмнен зәрдің бөлінуін азайтады, зат алмасуды өзгертеді, ұсак, артериялардың жиырылуын күшейтеді, артериялық қысымның жоғарылауына септігін тигізеді. Арткы бөлік гормондарының жеткіліксіз бөлінуі бүйрек кызметінің бұзылуына апарып соғады, соның нәтижес-де көп мөлшерде зәр бөлінеді (тәул-е 20 л
Гипофиздің алдыңеы бөлігінің гормондары жынысбездерінің дамуы мен өсу процестерін реттейді; сүт бездерінде сүттің түзілуін (лактация) реттейді, қалқанша бездің дамуы мен бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының өсуіне өсер етеді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің басқа гормондары өсу гормонын түзеді де, көмірсулар, майлар мен нәруыздарды қаркынды синтездеу арқылы өсуді реттейді.
1921 жылы америкалык ғалымдар гипофиздің өсу Ормонын бөлетіні туралы ен алғаш пікір айткдн еді. Өсу Ормонының жеткіліксіздігі шеміршектід сүйектенуінің баяулауына, кейде ергежейлілікке апарып соғады. Осы гормоннын артық мөлшері алыптыққа (гигантизм) әкеледі. Адамның бойы жасына байланысты Бой 18—23 жаска дейін өседі де, шамамен 50 жасқа сақталады, содан кейін әрбір 10 жыл сайын 1—2 см кемиді.
Өсу керсеткіші өзгеріп тұрады. Әйелдердін орташа бойы, 160 см, ал ерлерде 170 см деп қабылданған. Бойы 140 см-ден төмен адам аласа, ал 195 см-ден жоғары адам бойы биік деп саналады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің төмендеуі өсудін тоқтады. Кейбір адамдардың бойы, мысалы, 60 см-ден 1 м-ге дейін болады, оларды гипофиздік ергежейлілік деп атайды
Гипофиз
Эпифиз
Қалқанша без Айырша без
Бүйрек үсті бе зі
ұйқыбез
Жыныс бездері
. Египеттік ергежей Агибаның бойының биіктігі 38 см ғана болған. Алып адамдар Рим императоры Максимилианның бойы 2,5 м, ал орыс шаруасы Махновтың бойы 2,85 м болтан. Ең биік әйелдің бойы 2,35 м болғаны тіркелген.
Жас үлғайган кезде өсу гормонының артық синтезі акромегалия ауруына — дененің кейбір бөліктерінің өсуіне (қол, аяк басы, төменгі жақ сүйек, мұрын және т.б Алыптық Акромегал ауруымен ауатын адам
ІІІ.1. Ішкі секрецияның қандай бездерін білесіңдер?
2. Ішкі секреция бездері қайда орналасқан?
3. Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?
4. Ішкі секреция бездері бөпетін гормондар қайда түседі?
ІV. §10.
V. Биологиялық диктант.
Биология. 8-сынып.
Сабақтың тақырыбы: ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды қалқанща без құрылысымен таныстыру .
2. Оқушылардың қалқанща без құрылысымен маңызын білу. .
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: сұбхат, топтастыру, жоба құру.
Сабақтың пән аралық байланысы: Информатика
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам мүшелерінің құрылысы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ.Мойында көмекейдің алдыңғы жағында пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратьш қалқаниіа без орналаскан. Оның массасы — 15—30 г. Ол біркатар гормондар бөліп шыгарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалык заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге катысады. Ұлпалардың бөлінуіне, жүйке және жүрек іс-әрекетінің козуын күшейтуге қатысады. Тироксин кұрамына йод кіреді. Йодтын жетіспеушілігі калканша бездін қызметін бұзады.Қалканша бездің кызметі бүзылган кезде адамда өр түрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда калканша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды Бүл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек іс-әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып, ойлауы мен сөйлеуі баяулайды. Бүл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гормонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Егер. тамақта йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады Бүл ауру суы мен топырак күрамында йод жетіспейтін аймакта кездеседі. Сондыктан йодты ауру адам йодты калий жене натрий арқылы алады. Адам төулі-гіне тамақпен бірге 0,15—0,20 мг йод алуы керек. Біздің республикамызда йодтың тәуліктік мөлшерін толтыру үшін йодталған түз, йодталған су, йодталған нан сатылады. Эндемияльщ зоб ауруының белгілері: калканша бездің 1 кг-ға дейін үлгайып өсуі, жүйкенің жоғары козғыштығы байкалады, адам ентігіп калады. Бүл аурумен ауыратын адам балык тағамдарын, теңіз кырықкабатын (ламинария) пайдаланып, тағамға йодталған түз косуы керек. Окушылар мен балабакша балалары йодомарин ішуі керек.
Балаларда калқанша бездің кызметі жеткіліксіз болғанда ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары кыртысының кызметі бұзылады, есу және жыныстық жетілу тоқтайды.
Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдары-нан арылуға болады.
Қалқанша бездің кызметі шамадан тыс жоғарыласа және организмде гормондар артык мелшерде болса, зат алмасу' қарқындылығы артады, жүрек кағуы жиілейді, жүйке жүйесінің козуы жоғарылайды. Адам көп тамак ішсе де, катты арыктайды. Сонымен катар өте ашуланшак, катты
рЛегіш болады. Коз карась: бейжай болса да, көзі бады-
Тироксин бөлінуі мен синтезін гипофиздің алдыңғы бөлігінін гормондарының бірі реттейді. Егер тироксин ^еткілікті болса, гипофиз гормонынын мөлшері кемиді де, организмнің калыпты кызметі камтамасыз етіледі. Бұл кезде зат алмасу карқындылыгы, ұлпалар мен мүшелердің оттекті пайдалану денгейі артады.
ІІІ. Бекіту. Тест
1. Инсулин жетіспегенде болатын ауру
А) Базедов ауруы В) Қант ауруы С) Алдисон ауруы Д) Микседема ауруы Е) Кретинизм ауруы
2. Барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі
А) Ұйқы безі В) Қалқанша безі С) Жынысбезі Д) Эпифиз Е) Гипофиз
3. Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігер
А. Терапевт В) Эндокринология С.Окулист Д.Невропатолог Е. Антроп
4. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл-есі кем болады
А) Базедов В) Микседема С) Кретинизм Д) Аддисон Е) Акромегалия
5. Қалқанша безінен бөлінетін гормондар жетіспегенде болатьш ауру
А) Акромигалия В) Кретанизм С) Микседема Д) Базедов Е) Аддисон
ІV. §12.
V.
г 1, Ңалқанша без қызметінің бузылуы оргаиизмде қандай езгерістер
2. Микседема ауруының бепгіпері қандәй?
3. Зндемияпық зоо оелплерін атаңдар.
4. Кретинизмді емдеуге немесе оның апдын апуға бола ма?
Қандай без гормондары жүрек-қан тамырлары йесінің іс-әрекетіне tvdtki (слт**™
^и^мондары жүрек-кан тамыр. жүйесінің іс-әрекетіне түрткі (стимул) болады?
21-сурет. Бады
көз ауруы
ауыратын б
Биология. 8-сынып. 12.10.2009.
Сабақтың тақырыбы: ҚАЛҚАНШАМАҢЫ БЕЗДЕРІ, ТИМУС ЖӘНЕ БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІ
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды организмнің гуморалдық реттелуідің биологиялық процестерімен таныстыруды жалғастыру .
2. Оқушылардың қалқаншамаңы без, тимус безі, бүйрек үсті безі.нің аиқаратын қызметтерін құрылысын биологиялық ролін маңызын білу. .
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: Баяндау, конспектілеу.
Сабақтың пән аралық байланысы: Химия
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам мүшелерінің құрылысы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ.Қалңашиамаңы бездері қалқанша бездің артқьі бөлігінде орналаскан. жалпы массасы 0,1—0,13 г, мөлшері өте кішкентай, екі жұп. Осы бездердің гормондары қандағы Р ж\е Са тұзды реттейді, ішекте Са сіңуін және кальцийдің бүйректерде кері сінуін қамтамасыз етеді. Бұл гормондар жетіспегенде сүйектердің, тістің өсуі бұзылады, оларда бор тәрізді дақтар пайда болады, қанда Са мөлшері кемиді. Сүйектер сынғыш жене нәзік болады, жүйке жүйесінің қозғыштығы артады, тырыспа (судороги) байқалады.
Қалқаншамаңы безінің гормондары артқанда сүйектегі Са мөлшері ↓. Сүйек майысқыш болады әрі оңай қисаяды. Са қанда, бүйректе, бауырда, мида жинақталады.
Тимусты (айырша без) жасөспірім безі деп те атайды. Ол төссүйек артында орналаскан. Балалық шақта без үлкен болады да, жыныстық жетілуден кейін кішірейе бастайды. Тимуста тимозин гормоны түзіледі. Ол гормон өсу про-цестеріне қатысады, организмнің қорғаныштық реакциясын, иммунитетті қамтамасыз етеді. Бұл безде лимфоциттер — антидене түзуші жасушаның иммунитет реакциясына және басқа лейкоциттер қызметін реттеуге жауапты кан жасушалары жетіледі.
Бүйрек үстінде жұп мүше — бүйрек үсті бездері орналаскан. Бүйрек үсті бездерінің пішіні әр түрлі: оң жақтағысы — үшбұрышты, сол жақтағысы — жарты ай тәрізді болады. Бүйрек үсті бездері мен бүйректерді май қабаты жауып тұрады. Бүйрек үсті бездерінің құрылысы сырткы қабаты — қыртысты, ішкісі — ми қабаты. Олар көмірсулар, майлар, нәруыздар және су-түз алмасуын реттейтін, жүрек-қан тамырларына әсер ететін бірнеше гормон түзеді.
Бүйрек үсті бездерінін кыртысында нәруыздар мен көмірсулардың энергия бөле ыдырауын күшейтетін, нәруыздардың көмірсуларға, ал көмірсулардың майларға айналуына өсер ететін гормондар бөлінеді. Сонымен катар олар су-түз алмасуын, кан мен баска ұлпалардағы натрий, калий» хлор алмасуын реттейді.
Бүйрек үсті бездері қыртысының гормондары жыныс мүшелерінің дамуы мен қальштасуына әсер етеді.
Бүйрек үсті бездерінің милы затында артериялық қысымды арттыратын, жүректің жиырылу ырғағын жиілететін адреналин гормоны түзіледі. Оның артуы есебінен қан арнасында қандағы глюкоза мөлшері көбейеді, себебі бауырда гликоген мөлшері азайып, қанның ұюы жылдамдайды, ұлпалардын оттекті пайдалануы жоғарылайды, куық пен бронх бұлшык еттері босаңсиды. Адреналиннің түзілуі жүйке жүйесі арқылы бақыланады.
ІV.12
V. Гипофиз қызметі, құрылысы және атқаратын қызметі қандай?
Биология. 8-сынып. 17.10.2009.
Сабақтың тақырыбы: АРАЛАС БЕЗДЕР
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды организмнің гуморалдық реттелуідің биологиялық процестерімен таныстыруды жалғастыру .
2. Оқушылардың аралас безі.нің аиқаратын қызметтерін құрылысын биологиялық ролін маңызын білу қабілетін дамыту.
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі:Дәріс
Сабақтың әдісі: Баяндау, конспектілеу.
Сабақтың пән аралық байланысы: Химия
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам мүшелерінің құрылысы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ.Оларга ұйқыбез бен жыныс бездері жатады.
Ұйқыбездің басы, денесі, құйрығы болады және екі кызмет атқарады. Онын жасушаларының бір бөлігі ферменттері бар ас қорыту сөлін түзеді. Ас корыту сөлі ұлтабарға түсіп, ас қорытуға қатысады, бұл — оның сыртқы секреторлық қызметі. Сонымен қатар безде көмірсу алмасуын реттеуде маңызды рөл атқаратын инсулин жене глюкагон гормондарың өндіретін секреторлы жасушалар жинакталған. Инсулин үздіксіз түзіледі де, аз-аздан қанға түседі. Инсулиннің жаңа мөлшерінің (порция) бөлінуіне организмде биологиялық отын рөлін аткаратын қанттын, бір түрі — глюкоза әсер етеді. Инсулин әсерінен дененің. барлық ұлпаларының глюкозаны пайдалануы артады. Сонымен бір мезгілде глюкозаның бір бөлігі бауыр мен бұлшық еттерде жинақталатын қор затына айналады. Нәтижесінде глюкоза мөлшері калыпты мөлшерге (норма) дейін төмендейді. Организмде инсулин тез бұзылады, соңдыктан ол қанға үнемі түсіп отыруы тиіс. Инсулин өндірілуінің төмендеуінен көмірсулардың көп бөлігі организмнен зәрмен бірге шығарылады. Бұл қантты диабеті сияқты аурудың дамуына себепші болады.
Гликоген — жануар крахмалы. Ол суда ермейді, сондыктан қан құрамында болмайды. Бірақ қандағы глюкоза денгейі төмендегенде, глюкагон гормоны гликогенді ыдыратып, қандағы глюкозанын мөлшерін жоғарылатады. Жыныс бездері организмнің өсуі мен жетілуін, екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуын реттейтін гормондар өндіреді. Аталық жыныс гормондары организмнің ер адамға тән қалыптасуына әсер етеді: сақал-мұрт пайда
ІІІ. Тест жұмысы.
ІV. §13.
V. 1. Ішкі секрецияның қандай бездерін білесіңдер?
2. Ішкі секреция бездері қайда орналасқан?
3. Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?
4. Ішкі секреция бездері бөпетін гормондар қайда түседі?
5. Өсу гормоны жетіспесе не болады?
6. Гормондардың негізгі қасиеттерін атаңдар.
7. Организмде жүретін процестері гуморапьдық реттелуінің мәні неде?
8. Қалқанша маңы, бүйрек үсті, тимус бездердің атқаратын қызметі қандай?
Биологиялық диктант .
Биология. 8-сынып. Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін қорытындылау, білім деңгейін білу,
өткен тақырыптар бойынша материалдарды жинақтап есте сақтау қабілетін дамыту, ойлауға дербес шешім қабылдауға, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Қорытынды сабақ
Сабақтың түрі: тест жұмысы
Сабақтың әдісі: сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың көрнекілігі: тест парақтары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Тест жұмысы.
ІІІ. Бағалау.
ІV. Үйге тапсырма беру.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ. І тоқсан. 8 –сынып. Тест жұмысы.
1. Адамның сыртқы пішінін, ішкі құрылымын зерттейтін ғылым:
а) физиология ә) анатомия б) антропология
1. Шығу тегі, құрылыс және атқаратын қызметі ұқсас мүшелер
А) Ішкі мүшелер В) Мүше
С) Мүшелер жүйесі Д) Аппарат Е) Эндокриндік аппарат
2. Жүрек пен қантамырлар ағзада қанайнаымды қамтамасыз етеді
А) Тірек-қимыл жүйесі В) Жүрек-қантамырлар жүйесі
С) Эндокриндік жүйе Д) Тыныс алу жүйесі Е) Асқорыту жүйесі
3. Дәнекер ұлпасының сұйық түрі
А) Сүйек В)Қан С) Шеміршек Д)Май Е) Сіңір
4. Эпителий ұлпасының қызметі
А) Қорғаныштық В) Мықтылық С) Жиырылғыштық Д) Қозғыштық
5. Бұлшықет ұлпасының қызметі
А) Мықтылық В) Қорғаныштық С) Тітіркенгіштік
Д) Жиырьшыштық Е) Қозыштық
6. Шығу тегі, құрылыс және атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы
А) Мүше В) Жасуша С) Ұлпа Д) Мүшелер жүйесі Е) Аппарат
7. Белгілі пішіні, құр-сы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі
А) Жасуша Б) Мүше С) Ұлпа Д) Аппарат Е) Мүшелер жүйесі
8. Қоғыштықты және қозуды өткізетін
А) Эпителий ұлпасы В) Дәнекер ұлпасы С) Бұлшықет ұлпасы
Д) Жүйке ұлпасы Е) Сұйық дәнекер ұлпасы
9. Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі
А) Аксон В) Нейрон С) Денесі Д) Дендрит Е) Түйіндер
10. Жүйке жүйесінің қысқа өсіндісі
А) Аксон В)Нейрон С) Денесі Д) Дендрит
11. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық
А) Гилофиз В) Гормондар С) Эпифиз Д) Тимус Е) Қалқанша
12. Инсулин жетіспегенде болатын ауру
А) Базедов ауруы В) Қант ауруы С) Алдисон ауруы Д) Микседема ауруы Е) Кретинизм ауруы
13. Барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі
А) Ұйқы безі В) Қалқанша безі С) Жынысбезі Д) Эпифиз
Е) Гипофиз
14. Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігер
А. Терапевт В) Эндокринология С.Окулист Д.Невропатолог Е. Антроп
15. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл-есі кем болады
А) Базедов В) Микседема С) Кретинизм Д) Аддисон Е) Акромегалия
16. Қалқанша безінен бөлінетін гормондар жетіспегенде болатьш ауру
А) Акромигалия В) Кретанизм С) Микседема Д) Базедов Е) Аддисон
17. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының әр түрлі аурудан және жарақатануынан туатын ауру
А) Микседема В) Акромигалия С) Базедов Д) Алдисон Е) Кретинизм
18. Бүйрек үсті бездерінен түзілетін негізгі гормон
А) Паратгормон В) Адреналин С) Тироксин Д) Тимозин Е) Инсулин
19. Алқым ісуі ауруына жетіспейтін химиялық элемеігг
А) Кальций В) Йод С) Калий Д) Темір Е) Фосфор
20. Ұйқы безінен бөлінетін гормон
А) Адреналин В) Тироксин С) Паратгормон Д) Тимозин Е) Инсулин
21. Гипофиздің салмағы мен бөлдімдері қанша:
А. 0,5-0,7г, 3 бөлімнен б. 0,1-0,2г, 1бөлімнен, в. 5-12г, 5 бөлімнен
22.Қалқанша безі гормоны жетіспесе қандай ауру пайда болады:
А. микседема б. бақшаңкөз в. алыптылық г. ергежейлілік
23.Гормон дегеніміз –
А. химиялық заттардың катализаторы
в. дененің түрлі әрекетін реттейтін химиялық зат
б. тамақтағы дененің түрлі әрекетін реттейтін күшті биологиялық зат
6. Инсулин жетіспеуінен қандай ауру пайда болады:
А. қант диабеті б.алыптылық в. микседема г. бақшаңкөз
24.Алыптылық пен ергежейлілік қандай гормонның әсерінен пайда болады.
А. кортизон б. тимозин б. өсу гормоны г. норадреналин
25. Ішкі секреция бездерінің гормондары қайда бөлінеді ?
А. ішекке б. ұлпа сұйықтығына в. қанға г. тері үстіне
26.Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатады:
А. сілекей, бауыр б.бүйрек үсті безі в.гипофиз г.ұйқы безі
27. Қарын, қуық, ішек және қан тамырларының қабырғалары қандай?
А) эпителий ұлпасы, ә) дәнекер ұлпасы, б) бұлшықет ұлпасы
26. Дәнекер ұлпалар:
А) жасуша аралық заттары күшті дамыған құрылымнан
В) өсінділері бар жасушалар жиынтығынан
С) бұлшық ет талшықтарынан Д) бір –біріне тығыз орналасқан жасушалардан
27. Адам ағзасындағы жасуша неше хромосомадан тұрады?
А. 46 хромосом в.48 хромосом с.24 хромосом д.20 хромосом
28. Митохондрияның атқаратын қызметі-
А. Жасушаның ішіндегі заттарды тасымалдау. Б. Энергия қорын ситездейді.
С. Тұқым қуалаушылық ақпараттарды сақтайды. Д. Ақуызды синтездейді.
29. Рибосоманың атқаратын қызметі-
А. Жасушаның ішіндегі заттарды тасымалдау. Б. Энергия қорын ситездейді.
С. Тұқым қуалаушылық ақпараттарды сақтайды. Д. Ақуызды синтездейді.
30. ДНҚ-ның атқаратын қызметі-
А. Жасушаның ішіндегі заттарды тасымалдау. Б. Энергия қорын ситездейді.
С. Тұқым қуалаушылық ақпараттарды сақтайды. Д. Ақуызды синтездейді.
ІV. Үйге Өткен тарауларды қайталап оқып келу.
7. Ac қорыту жүйесінін, организмдегі рөпі қандай"1
1. Мүше дегеніміз не?
2. Мүшепер жүйепері дегеніміз не?
3.Сүйек жәие бүпшык, ет жүйесі қандай қызмет атқарады?
4.Эндокриндік жүйе қандай рөп атқарады?
5. Зәр шығару жүйесін қандай мүшепер қүрайды?
жүйесінің мүшелерін атаңдар.
8. "Жүике жүиесі жүмысын үйпестіреді
барпық мүшепердің деген дәлеп дүрыс
қүра Тыныс any
7. Непіктеи етеді?
организм біртүтасбопь.пқь.змет
Дүрыс жауабын табыңдарүйесі неден түрады?
1. Жүрек-кан тамырлары ж а) тек тамырлардан түрады; ә) тамырлар мен жүректен түрады.
2. Бүлшык ет жүйесі кандай кызмет аткарады?
а) біздш, денеміздегі мүшелер арасындағы байланысты
камтамасыз етеді;
ә) дене кимылын және оның кещстікте орын ауыс-
тыруын орындайды;
б) мүшелер жүмысынын үйлесуін жүзеге асырады.
3. Кеңірдек кандай жүйеге жатады?
а) бүлшык ет жүйесіне; „ ,,';1 ә) тыныс алу жүйесіне;
б) жүрек-қан тамырлары жүйесіне.
4. Нейрон кандай жүйенің жасушасы?
а) жүйке жүйесінің;
ә) тыныс алу жүйесінің;
б) эндокриндік жүйенін.
1. "Мүшелер жүйесі" деген суретті қарандар. Мүшелер жүйелерін атап, олардың организмдегі рөлін айтыңдар.
Мүшелер жүйелерін атап, олардын организмдегі рөлш көрсетіндер.
2. Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар.
Мүшелер жүйесі
Жүйе атаулары
|
Жүйелерді күрайтын мүшелер
|
Қызметтері
|
|
|
|
Биология. 8-сынып. .2009.
Сабақтың тақырыбы: ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жүйке жүйесінің құрысы мен қызметтерімен таныстыруды жалғастыру .
2. Оқушылардың адамдарда болатын биологиялық процестерді ғылыми тұрғыда түсіндіре алу
3.Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Ұжымдық ойлау.
Сабақтың әдісі: Баяндау, трек-сызба құру.
Сабақтың пән аралық байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар « тізе рефлексінің құрылысы»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын сұрау
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ.Жүйке үлпасының негізін жүйке жасушалары — нейрондар түзеді. Олар акпаратты қабылдау, беру жөне сақтау қызметін атқарады. Жүйке жасушалары дене, өсінді жөне жүйке ұштарынан тұрады. Дене пішіні әр түрлі: қыскалары — дендриттер, ұзындары — аксондар деп аталады. Нейрон денелері мен қысқа өсінділерінің жиналуы ми мен жұлынның сұр затын құрайды. Ал май қабығымен қапталгған ұзын өсінділер ақ затты түзеді. Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын — рецепторларды құрайды. Нейрондар сезімтал (орталыкка тепкіш), қимыл- қозгалыс (орталықтан тепкіш) және аралық болады.
Нейрон импульстерді қысқа өсінділер аркылы алады, сигналды жүйке талшықтарын түзетін ұзын өсінділермен береді. Сезімтал талшықтар бойынша импульс орталык жүйке жүйесіне беріледі, ал козғалғыш нейрон талшыктары аркылы керісінше орталык жүйке жүйесінен бұлшық ет синапсы — қозғалғыш талшыктың бұлшық етпен түйісуі арқылы жұмыс мүшесіне беріледі.
Жүйке жасушаларының қыска өсінділері қосылып, жүйке синапсын түзеді. Қимыл-қозқалыс нейрон талшык тары безге баратын жерде безді синапс түзіледі.
Нейронный бұлшың ет талшығымен түйісуі Синапс
Кысқа есінділер
Синапс арқылы Нейрон сигналдардың берілуі химиялық заттар — медиатор көмегімен іске асырылады. Жүйке талшықтары бойынша 0,5-тен 120 м/с-ке дейінгі жылдамдьщпен таралатын жүйке импульстері — әлсіз биоэлектрлік ток.
Синапстардын бірі — қоздырғыш, ал басқалары — тежеуші.
Жүйке жүйесі мүшелер мен мүшелер жүйесінің жұмысын реттейді; бүкіл организмнің өзара үйлесімді жұмысын реттейді, организмнің қоршаған ортамен байланысын қам-тамасыз етеді. Адамның саналы мінез-құлқы, ойлауы мен сөйлеуі жүйке жүйесінін күрделі дамуына байланысты.
Рефлекс және рефлекс доғасы. Организм әр түрлі тітіркендіргіштерге үнемі жауап қайтарады. Организмнің тітіркендіргііпке жауап реакциясы рефлекс (лат. reflexus — кері бұрылған) деп аталады. Рефлекс дегеніміз — О:Ж:Ж іске асырылатын және бақыланатын, сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіпітерге жауап реакциясы. Рефлекс рефлекс догасы арқылы іске асырылады. Ал рефлекс доғасы — жүйке импульсі өтетін жол. Рефлекс доғасын рецепторлар — тітіркенуді кабылдайтын жүйке ұштарынан, импульсті орталык жүйке жүйесіне өткізетін сезімтал жүйке талшықтарынан, түскен акдарат анализі жасалатын орталык жүйке жуйесінің бөлігінен, импульс жұмыс мүше-сіне (бұлшык етке) синапс арқылы берілетін қозғалгыш жүйке талшықтарынан тұрады. Осыған жауап ретінде бүлшық ет жиырылады.
Ми дан келетін талшықтар
Жұлын
Аткарушы нейрондар
.
Тізе рефлексі кезіндегі аяқ
Аяқтың бастапкы калпы
тізе рефлексі - сезімтал, бір немесе бірнеше аралык және аткарушы нейрондар тізбегінен түзілген. Ыстық затка жанасу ауыру сезімін туғызады да, адам қолын тартып алады. Бұл бугу (иілу) рефлексіне байланысты. Осы кезде ауыру сигналдары жүлынға жетіп, аралык нейрондарға беріледі. Олар қол бұлшық еттеріне нұскау беретін аткарушы нейрондарды қоздырады. Бүлшык ет жиырылады да, қол бүгіледі.
Рефлекс доғасының бір бөлігі орталык жүйке жүйесінің белгілі бөлігінде орналасады да, аралык және аткарушы нейрондардан түрады. Бұл — осы рефлекстін жүйке орталығы. жүйке орталыгы — белгілі бір рефлекс әрекетін (акт) орындауға қатысуға, яғни қандай да бір мүшенің немесе мүшелер жүйесінің іс-әрекетін басқаруға арналған нейрондардың бірігуі.
Достарыңызбен бөлісу: |