Күшін жойған
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы N 85 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.09. N 212 Заңымен.
Мәтін
Ресми жарияланым
Ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Көшіру
Басқа
Жинақталған:
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Мәтiндегi "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдары", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
Осы Заң басқарушылық, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмiрi мен денсаулығына терiс әсер етуiне жол бермеу мақсатында экологиялық сараптама саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Терминдер мен анықтамалар
Экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерi мен экологиялық талаптарға сәйкестiгiнiң, осы қызметтiң қоршаған ортаға жасауы ықтимал терiс әсерлерiнiң және соларға байланысты зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектiсiн iске асыруға қол жеткiзiлетiндiгiнiң анықтамасы.
Экологиялық сараптама жасалуға жататын құжаттаманың тапсырысшысы - жоспарланып отырған қызметтi жобалауға тапсырма берген және сараптама объектiсiн қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
Сараптаманың бастамашысы - жобаның тапсырысшысын қоса алғанда, мемлекеттiк немесе қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң қажеттiгi туралы мәселе қойған заңды немесе жеке тұлға.
Сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттамада көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң құрылысын салу, пайдалану, тарату, қызмет көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымына түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы мен барысы, сондай-ақ заң актiсiнiң күшiне енуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты пайдаланылуы.
Экологиялық қауiптi қызмет - адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзетін немесе тигiзуi мүмкiн басқарушылық және инвестициялық қызметтi қоса алғандағы тiкелей және жанама қызмет.
Экологиялық қауiптi объект - iске асырылғанда адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн сараптама объектiсi.
Экологиялық тәуекел - табиғат объектiлерi мен факторларының кез келген антропогендi өзгерiстерiнiң қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына (қасақана немесе кездейсоқ жасалған, бiртiндеп болатын және апатты) қолайсыз зардаптар тигiзу ықтималдылығы.
Стратегиялық объект - iске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндiру, тасымалдау, өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым мен энергетика, аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс саласындағы қызметпен байланысты сараптама объектiсi.
Трансшекаралық объект - iске асырылуы адамдар денсаулығына және екi және одан да көп облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және (немесе) шектес мемлекет аумағындағы қоршаған ортаға - керi әсер ететiн немесе керi әсер етуi ықтимал сараптама объектiсi.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық сараптама
Достарыңызбен бөлісу: |