3-тарау. Құрама жем зауыттарының жабдықтарын пайдалану тәртiбi
1076. Ұнтағыштарда жүктеменi автоматты түрде реттеуге арналған құрылғы қарастырылған жағдайларда ол құрылғы ұнтағыштың электр қозғалтқышымен бұғатталады.
1077. Ұнтағыштардың балғаларында сызаттар мен басқа да ақаулықтардың болмауына жол берiлмейдi.
1078. Ұнтағыштардың балғалары ұшқындауды болдыртпау үшiн дека мен елеуiшке тиюiне жол берiлмейдi.
1079. Ұнтағыштарды iске қосу, iшi бөгде заттар мен ұнтақтау өнiмдерiнен ұқыпты тазартылғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Ұнтақтағышты iске қосар алдында жиынтығын, ротор балғаларының бекiткiшi мен қосылуын және елеуiштердiң тұтастығы тексерiледi.
1080. Ақаулықтар анықталғанда ұнтақтағыш ақаулық себептерiн орындау және жою үшiн дереу тоқтатылады. Iске қосылғанда ұнтақтағыш алдымен бос қосылады, ал содан кейiн оның қосылуы талап етiлетiнге дейiн жеткiзiледi.
1081. Ұсақтатқышты iске қосар алдында:
1) ұсақтағышқа металлды заттарды түсiп кетуiн болдырмау үшiн магниттi қорғауының болуы мен жағдайын тексеру;
2) машинада бөгде заттардың болмауын, механизмдер мен құралдардың дұрыстығын тексеру қажет.
1082. Ұсақтатқыштар үшiн тек зауытта шығарылған сақтандырғыш шрифттерi қолданылады.
Оларды көлемдерi және механикалық сипаттамалары белгiсiз металлды стерженьдермен ауыстыруға қатаң жол берiлмейдi.
4-тарау. Ұн және жарма зауыттарын пайдалану тәртiбi
1083. Бiлiктi станоктармен жұмыс iстегенде:
1) механизмнiң жұмысының бiр қалыптылығын (автоматы түрде басқарылатын бiлiктi станоктары үшiн), сондай-ақ жарық сигнализациясының дұрыс жағдай болуы;
2) бiлiктердiң барлық ұзындығы бойынша дәндi немесе өнiмдi жеткiзудiң үздiксiздiгi мен бiр қалыптылығы қамтамасыз етiледi.
1084. Өнiмi жоқ, бiлiктерi қысылған, белағаштары бойымен ауытқып және жылжып кеткен станоктармен жұмыс iстеуге жол берiлмейдi.
1085. Елек-суырғы машиналарының себу шанақтарының, тас iрiктегiштердiң, сепараторлардың барлық иiлмелi қосулары тозаң, өткiзбейтiн материалдан жасалуы және олардың сыртқа шығаратын келте құбырлары бар иiлгiш қосқыштар қолданылады.
1086. Үгiту, қамшылау және щетка машиналарындағы тарамдалғыш және ұзына бойына қамшыларды бiлiктер мен розеткаларға бекiту берiк, олардың үзiлуiн болдырмайтындай болуы тиiс.
1087. Бастиегi түсiрiлiп тұрғанда, тарту құрылғылары дұрыс болмаған, қажақ дискiлерi нашар бекiтiлген немесе кептiргiш дөңгелектерi болмаған жағдайларда аршу машиналарын iске қосуға жол берiлмейдi.
1088. Аршу машиналары мен ажарлау машиналарының дискiлерiнде, пiшiмбiлiктерiнде және декаларында сызаттар мен ақаулықтардың болуына жол берiлмейдi. Олар болған жағдайда, сондай-ақ үйлесiмсiздiк болғанда аршу машиналарын пайдалануға жол берiлмейдi.
1089. Иiлткiш дека станогының жұмыс саңылауын және барабанының орнатылуы тексерiледi.
1090. Электр магниттi сепараторларының бұғаттағышы электр энергиясы тоқтаған кезде электр магниттерiне өнiмнiң жетуiн болдырмайтындай етiп орындалады.
5-тарау. Нан пiсiру кәсiпорындарын ұстау тәртiбi
1091. Сұйық отынмен жұмыс iстейтiн пештерге отын беру от жағу бөлiмшесiнен тыс, бөлек үй-жайларда орналасқан жұмсау бактарынан жүргiзiледi.
1092. Пештердi тұтату және пайдалану қатаң түрде кәсiпорынның техникалық директоры бекiткен нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi.
1093. Каналдық пештердiң газ құбырлары мен жоғарғы от жағу бөлiктерiнде жарылыстан сақтандыратын клапандар орнатылуы тиiс, бiр жарылыс клапанының ең кем алаңы 0,05 м2 .
1094. Пештер жылу мен газ тәрiздi заттарды шығаруға арналған желдеткiш құрылғыларымен жабдықталады. Тарту желдеткiш шахталарының тазарту кәсiпорынның техникалы директорымен бекiтiлген кесте бойынша жүргiзiледi.
1095. Газ тәрiздi және сұйық отындарда жұмыс iстейтiн пештерде авариялық жағдайларда отын жеткiзудi автоматты түрде тоқтататын:
1) пештiң оттығына сұйық отын және жандыруға арналған құрылғыларға ауа жеткiзудi тоқтату (сұйық отында жұмыс iстейтiн пештер үшiн);
2) жылыту жүйесiнде жылытатын газдардың шектеулi температурасынан асуы;
3) конвейердi тоқтату құрылғылары қарастырылады.
1096. Пештер авариялық жағдайларда пiсiрiлген өнiмдердi шығаруға арналған резервтi механизмi бар қол жетегiмен қамтамасыз етiлуi қажет.
1097. Пеш толық жүктелмегенде қатты қызып кетуiне жол бермей, температуралық режимiн қатаң байқап тұру керек, барлық өнiм шығарылғанша пештi байқаусыз қалдыруға жол берiлмейдi.
1098. Қауiпсiздiк ережелерiн сақтағанда түсiп қалған қамыр дайындамаларын немесе дайын өнiмдердi пештен дереу алып тасталуы тиiс.
Ауысым сайын пеш конвейерiн (бесiкшелерiн) қоқымдардан тазартып тұру керек.
1099. Нан пiсiру формалары мен табақтары қызудан механикалық жолмен тазартылуы тиiс, ал содан кейiн нан пiсiру өнеркәсiбiнiң санитарлық ережелерiне сәйкес шайылуы тиiс.
Тазарту машинасының шаң бөлшектерiн жинауға арналған құрылғысы болуы тиiс.
Майлау құрылғысының тоң майдың шашырауын болдырмайтын құрылғысы болуы тиiс.
Металл формалары мен табақтарын күйдiруге (босаңдату) тек арнайы сол үшiн арналған пештерде ғана жол берiледi. Өндiрiстiк пештерде формаларды босаңдатуға (күйдiруге) жол берiлмейдi.
6-тарау. Технологиялық үдерiстердi ұстау тәртiбi
1100. Жабдық өндiрiлiмi мен мақсаты бойынша технологиялық сызбаның талаптарына сәйкес қолданылады.
1101. Цехтiң iшiндегi пневматикалық көлiктен шлюз бекiтпелерiнiң немесе жүк түсiргiштерiнiң бекiтпе топтарының шеткi бiлiкшелерiнде жылдамдықты бақылау релесi орнатылуы тиiс (бұл талап өндiрiлiмi жоғары жабдық жиынтығының шлюз бекiтпелерiне қолданылмайды).
1102. Дәндi емес өнiмдердi (шрот, күнжара, түйiршiктелген шөп ұнын) астықты элеваторлардың сүрлемдерi мен бункерлерiнде қабылдауға және сақтауға жол берiлмейдi.
1103. Дәндi жүгерiнi тек ғимараттан тыс орнатылған шахта түзу ағынды кептiргiштерде ғана кептiру керек.
1104. Жүгерi дәнiн сақтағанда оның ең аз алмасып тұруын қарастыру керек.
1105. Күрiш, тары, қарақұмық қабықтары жарма зауыты жұмысының 1-2 тәулiкке сыйымдылығы бар бункерлiк типтi қоймаларда сақталуы тиiс.
Қабықтарды ашық алаңдарда, төбе астында сақтауға жол берiлмейдi.
1106. Кәсiпорынға келiп түскен шрот партияларынан белгiленген ережелерi бойынша зертхана үлгi түрлерiн iрiктеу жүргiзедi және iрiктелiп, қалдық бензиндi бақылау жүргiзiледi.
Бензин иiсi бар шроттарды тиеуге жол берiлмейдi.
1107. Дән, күнжара және шроттарды сақтау жүзеге асырылатын барлық сүрлемдер мiндеттi түрде температурасын қашықтықтан бақылау қондырғыларымен (тұрақты термометр жүйелерiмен) жабдықталады.
1108. Күнжара мен шроттарды сақтау температурасын тәулiк сайын анықталады.
1109. Сақтауға салғанда күнжара мен шроттардың температурасы сыртқы ауа температурасынан 50C аса аспайтындай етiп қарастырылады.
1110. Сақтауға қабылданатын және сақталудағы шроттардың ылғалдығы құрама жем кәсiпорындарында күнжара мен шроттарды сақтау жөнiндегi уақытша нұсқаулығымен белгiленген шектерде орындалады.
1111. Температурасы мен ылғалдығы аса жоғары күнжара мен шроттарды ең алдымен, ал басқа жағдайларда күнжара мен шроттарды өңдеу кезектiгiн кәсiпорынға келiп түсуiне байланысты өңделедi.
1112. Өз бетiмен тұтануға икемдi күнжара, шрот және басқа да ұнтақты шикiзатты олар тұрған ыдыстардан бос ыдыстарға үнемi ауыстырып тұру керек. Аталған ауыстыруларды шикiзатты бункерлер мен сүрлемдерде үздiксiз сақтаудың рұқсат етiлген мерзiмдерi негiзiнде зауыттың бас технологымен немесе технологиялық зертхананың меңгерушiсi әзiрлеген жоспар-кестелер бойынша жүзеге асырылады.
1113. Үйменiң астында сақталудағы, түйiршiктелген шөп немесе азықтық ұнның өздiгiнен тұтану белгiлерiмен байланысты температураның көтерiлуi анықталған жағдайда бұл партияны тексерiсiн күн сайын жүргiзедi. Ұнның бұл партиясын бiрiншi өткiзедi.
1114. Өндiрiстiң қалдықтарын тасымалдау үшiн үй-жайға шаң шығуды болдырмайтын бағытсыз, механикалық көлiк пен пневмокөлiк (норийлер, шынжырлы транспортерлер, жабық қаптамалардағы ленталы және роликтерi жоқ конвейерлер) қолданылады.
1115. Жатып қалған өнiмдi шығаруды қамтамасыз ету үшiн және оны сақтау үшiн силостардың (бункерлердiң) арнайы конструкциялық шешiмдерiн және оны шығаруды жеңiлдететiн жүк түсiретiн механизмдердi қолдану керек.
1116. В1-В4 санатындағы өрт қауiптi үй-жайларда өндiрiс қалдықтарын ыдысқа шығаруды орналастыруға жол берiлмейдi.
7-тарау. Дәндi дақылдарды жинау және азық дайындау тәртiбi
1117. Астық жинау кезеңi басталмас бұрын, оған қатыстырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерiн алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (комбайндардың барлық типтерi – екi өрт сөндiргiштермен, екi iстiк күрекпен және екi сыпырғышпен, тракторлар – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр iстiк күрекпен), дұрыс ұшқыш өшiргiштерiмен жабдықтау және қоректендiру, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi.
1118. Масақты егiстер пiсер алдында олардың орман және шымтезек алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темiр жолдарына iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылады және жыртылады.
1119. Дәндi дақылдарды жинауды астықты алқаптарды алаңы 50 гектардан кем емес учаскелерге бөлуден бастау қажет. Учаскелер арасына кендiгi 8 метрден кем емес шалғы жолы жасалады. Шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналады. Шалғы жол ортасында енi кемiнде 4 метр жер жыртылады.
1120. Уақытша қыр орындарын астықты алқаптар мен токтардан 100 метр жақын емес жерге орналастырылады. Қыр орындарының, жем тогы алаңшаларының енi кемiнде 4 метр жолақпен жыртылады.
1121. Көлемi 25 гектардан астам жиналып жатқан астық алқаптарына тура жақын жерлерде өрт шыққан жағдайда өртенген зонаны жыртуға арналған соқасы бар трактор дайын болып тұру керек.
1122. Астық токтарын ғимараттар мен құрылыстарға 50 метр, ал астық алқаптарына – кемiнде 100 метр етiп орналастыру керек.
1123. Қыр жағдайларында сақтау және мұнай өнiмдерiн құю кеуiп қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және енi 4 метр кем емес жолағы жыртылған, немесе токтардан, мая шөп пен сабандардан, астық алқаптарын 100 метр қашықтықта және құрылыстардан 50 метр кем емес қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөлiнген аудандарда жүзеге асырылады.
1124. Дән дақылдарын жинау және азық дайындау кезеңде:
1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзi жүретiн шассилердiң жұмыс iстеуiне;
2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдiру үшiн дәнекерлейтiн лампаларды қолдануға;
3) далада түнгi уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол берiлмейдi.
1125. Қозғалтқыштардың радиаторлары, битерлердiң, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен жинағыштардың бiлiктерi, шнектер мен басқа да тораптар және жинау машиналардың бөлшектерi шаңнан, сабаннан және дәндерден тазартылады.
8-тарау. Дәрумендi шөп ұнын дайындау және сақтау тәртiбi
1126. Шөптi ұнды жасауға арналған агрегаттар төбенiң астына немесе үй-жайға орнатылады. Жанғыш материалдан жасалған төбелер мен үй-жайлар оттан қорғайтын құраммен өңделедi.
1127. Шөптi ұнды дайындау бекетiнен бастап құрылыстар мен жанар-жағармай материалдары бар цистерналарға дейiнгi өртке қарсы аралықтар кемiнде 50 метр, ал құнарсыз азықтар сақталын ашық қоймаларға дейiн – кемiнде 150 метр етiп орындалады.
1128. Жұмсалатын отын багын агрегат үй-жайынан тыс орнату керек. Отын құбырлары кемiнде екi вентилмен (бiреуi – агрегатта, екiншiсi – отын багында) жабдықталады.
1129. Агрегаттар мен үй-жайлардың (алаңшалардың) электр жабдығы мен электр өткiзгiшiн орнатылған жерлерiнде электр құрылғыларын орнату ережелерi бойынша II – IIа классты өрт қауiптi аймақтарға арналғандай етiп орындалады.
1130. Кептiру барабанында өнiмнiң жануы анықталғанда, мөлшерi кемiнде 150 килограмм өртке дейiн дайындалған өнiмдi және өрт жойылғаннан кейiн, мөлшерi 20 килограммнан кем емес бiрiншi алынған өнiмдi жалпы қоймаға толтырмай, бөлек қауiпсiз жерге орналастыру және 48 сағаттан кем емес байқалады.
1131. Дайындалған және қаптарға толтырылған ұнды оның температурасын төмендету үшiн жабын астында кемiнде 48 сағат ұсталады.
1132. Ұнды бөлек тұрған қоймада немесе өртке қарсы қабырғалар мен жабындыларымен бөлiнген бөлiкте және берiк желдеткiшi бар, басқа заттар мен материалдардан бөлек сақтау керек.
1133. Қоймаға ылғал түсiруге жол берiлмейдi. Ұнды үйiп сақтауға болмайды.
1134. Ұны бар қаптар бiр қатарға екi қаптан биiктiгi 2 метр аспайтын қатарларға жиналады. Қатарлар арасындағы өту жолдарының кеңдiгi кемiнде 1 метр, ал қабырғалар бойында – кемiнде 0,8 метр етiп орындалады.
1135. Сақталып жатқан ұнның өз бетiнше тұтануын болдырмау үшiн мерзiм сайын оның температурасы бақыланады.
9-тарау. Зығырды, сораны және өзге де техникалық дақылдарды алғашқы өңдеуi тәртiбi
1136. Зығыр, сора және басқа техникалық дақылдар (бұдан әрi – зығыр) машина бөлiмшесiнен оқшауланады.
1137. Iштен жану қозғалтқышының шығару құбырларын ұшқын өшiргiштермен жабдықтау керек. Құбырдың шығу жерiнде жанғыш құрылғылар арқылы өртке қарсы аралық орнатылады.
1138. Зығыр шикiзаты (сабандар, трестер) маяларда, шохаларда (жабын астынан), жабық қоймаларда сақталады, ал талшықтар мен қалдық талшықтар – тек жабық қоймаларда сақталады.
1139. Техникалық дақылдарды алғашқы өңдегенде:
1) фермалар, жөндеу шеберханалар, гараж аумағында зығырды сақтауға және жармалауға жол берiлмейдi.
2) автомашиналарға, тракторларға өндiрiстiк үй-жайларына, дайын өнiмдер мен шоха қоймаларына кiруге жол берiлмейдi. Автомашиналардың кемiнде 5 метр, ал тракторлардың көрсетiлген ғимараттардан, маялардан және шохалардан кемiнде 10 метр қашықтықта тоқтаулары қарастырылады.
3) илеу-ұйпалақтау цехiнде пешпен жылыту жүйесiн орнатуға жол берiлмейдi.
1140. Зығыр өңдеу бекетiнiң аумағына кiретiн автомобильдердi, тракторларды және басқа да өзi жүретiн машиналарды дұрыс ұшқын өшiргiштерiмен жабдықталады.
1141. Маяларға (шохаларға) жақындағанда көлiк құралдары қозғалтқыштың шығу жүйелерiнен пайдаланылған газдардың шығу бағытына қарама қарсы жағымен қарап тұрады.
1142. Зығыр өңдеу бекетiнiң аумағында темекi шегуге арналған орындар өндiрiстiк ғимараттар мен дайын өнiмдi жинап қою орындарынан 30 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.
1143. Зығырды алғашқы өңдеу ғимараттарының төбелерi өртенбейтiн етiп қарастырылады.
1144. Тресталарды табиғи түрде кептiру арнайы бөлiнген учаскелерде жүргiзiледi.
Трестаны жасанды түрде кептiрудi тек арнайы кептiргiштерде, ригаларда (дегдiтпелерде) ғана жүргiзiледi.
1145. Өндiрiстiк ғимараттарда орналастырылған кептiргiштер басқа үй-жайлардан 1-типтiк өртке қарсы бөгеттермен бөлiнедi.
Кептiргiштер мен кептiргiш камералардың бөлек тұрған ғимараттарының жанғыш конструкцияларын екi жағынан сыланады.
1146. Тресталарды кептiруге тұрақты кептiргiштердi тек мынадай:
1) пеш оттығы мен циклонның күмбездерi және iшкi беттерi күйдiрiлген кiрпiштен орындалған, ал сыртқы жағынан пеш сыланып, iзбеспен ағартылғанда;
2) ауа арналары сыртқы жағынан 50 миллиметр қабатымен өртенбейтiн жылылықты өткiзбейтiн материалмен қорғалған, ал қосылған жерлерiнде асбест төсемдерi орнатылған;
3) желдеткiштiң сыртына жылылық тасығыштың температурасын бақылау металлды термометр арқылы жүзеге асырылады;
4) жер астындағы таратқыш каналының басында ұшқын өшiргiш орнатылған;
5) каналдың қабырғалары кiрпiштен орындалған, үстiнен темiр бетонды плиталармен және басқа да өртенбейтiн құрылғылармен жабылған;
6) түтiн құбыры өтетiн жерде шатырдың торлауы арқылы кемiнде 50 сантиметр көлемдi өңдеу орнатылған жағдайларда ғана қолдануға болады.
1147. Трестаны кептiруге арналған ригаларда орнатылатын пештердiң құрылымы үй-жайдың iшiне ұшқын түсу ықтималын болдырмайтындай орындалады.
Ригалар мен кептiргiштерде пештердiң үстiне зығырды төсеу үшiн жел тартқыш орнатуға рұқсат берiлмейдi. Пештен жанғыш құрылғыларға дейiнгi қашықтық 1 метрден кем емес болуы тиiс. Пеш жағынан жел тартқыштардың биiктiгi жабындыға дейiн қоршауы болады.
1148. Кептiргiштер мен ригаларда мынадай талаптарды сақтау керек:
1) трестаны кептiргенде жылу тасығыштың температурасы 80 0С аспауы, ал бастиектерiн кептiргенде - 500C аспауы тиiс;
2) пештiң оттығында отынның толық жануы қамтамасыз етiлуi тиiс, ал түтiн газдарында ұшқындар және отынның жанып кетпеген бөлшектерi болмауы тиiс;
3) желдеткiштi от жағуды бастағаннан кейiн бiр сағаттан бұрын қосуға болмайды. Кептiргiш камераларында түтiн белгiлерi бар жылу тасығыштың болуына жол беруге болмайды;
4) кептiргiштiң бiр ауысымдық жұмысынан кейiн от жағу кеңiстiгiн, тұнба камераларын, ұшқын өшiргiш циклондардан және араластыру камераларын күлден тазарту қажет. Түтiн құбырларын кептiргiш жұмыс iстегеннен 10 күннен кейiн тазарту керек;
5) жаңа трестаны кептiруге жүктер алдында арнашықтар мен кептiргiш камераларды үнемi iшiне түскен тресталардан және әр түрлi қалдықтардан тазартуды керек. Треста және химиялық талшықтар қорын кептiргiш үй-жайында сақтауға жол берiлмейдi;
6) трестаны ригаға жүктегеннен кейiн түсiп қалған және жел тартқыштардан салбырап тұрған өсiмдiк сабақтарын жинап, пештi, қабырғаларды, едендi ұқыпты түрде трестадан тазарту керек. Трестаны кептiргiш ғимаратына тақап жинауға жол берiлмейдi.
1149. Илеу-ұйпалақтау агрегаты тұратын үй-жайдың желдеткiшi болуы тиiс, ал ұйпалақтау агрегатының әрқайсысында шатыр орнатылуы тиiс. Станоктарды барлық жағынан үй-жайда шанның таралуына жол бермейтiн алмалы салмалы және қайырмалы қалқандарымен жабу керек.
1150. Желдеткiш құбырлары желдеткiштердiң алдында және олардан кейiн орнатылатын ысырмалармен (шиберлермен) жабдықталады. Оларға еркiн өтетiн жол қамтамасыз етiлуi тиiс.
1151. Өндiрiстiк үй-жайдағы тресталар санының ауысымдық қажеттiлiктен артуына жол берiлмейдi. Оны машиналардан кемiнде 3 метр қатарлап жиналады.
Дайын өнiм үй-жайлардан қоймаға бiр ауысымда екi реттен кем емес жиналады.
1152. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейiн илеу-ұйпалақтау цехiн талшық, шан және тал жiптерден ұқыпты түрде жиналады. Станоктарды, қабырғаларды және цех жабындысының iшкi беттерiн торлау, ал талшық жинағыштар тазартылады.
1153. Темекi кептiргiштердегi сөрелер мен этажеркалар өртенбейтiн материалдардан қарастырылады. Қыздыру құбырларының үстiндегi отты кептiргiштерде, оларға темекi түсуден қорғайтын металлдан жасалған күнқағар орнатылады.
Темекi сарайлары мен кептiргiштердiң сыртқы жарық беру прожекторларының тiреуiштерi үй-жайлардан тыс орнатылады.
10-тарау. Өңделмеген мақтаны жинау, тасымалдау, кептiру, сақтау және алғашқы өңдеу тәртiбi
1154. Мақта жинау науқаны басталғанға дейiн оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуi керек, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта тасуға арналған автомобильдер алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (мақта жинау машиналары - екi өрт сөндiргiшпен, екi найза күрекпен өлшемi 2х2 метр бiр киiзбен, тракторлар мен автомобильдер - бiр өрт сөндiргiшпен, бiр найза күректен) жарақталып, жарамды ұшқын өшiргiштермен жабдықталуы және реттелген тамақтану, тұтандыру мен майлау жүйесi қарастырылады.
Гидро жүйеден май, отын және эмульсия аққан кезде, сондай-ақ ұшқын өшiргiштер болмаса, ауыл шаруашылығы машиналары мақта жинауға және тасымалдауға жiберiлмейдi.
1155. Өңделмеген мақта пiскен бұрын олардың ормандарға, далаларға, тоғай алқаптарына, автомобиль және темiржол жолдарына iргелес жерлердегi егiстiктер енi кемiнде 4 метр жолақтармен жыртылады және шабылады.
1156. Мақта жинау кезiнде:
1) мақта егiстiгiнде темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;
2) бункерiне өңделмеген мақта толтырылған мақта жинайтын машинаны егiстiкте қалдыруға, отын құюға;
3) гидро жүйесi мен электр жабдығы ақаулы мақта жинайтын машиналарды пайдалануға;
4) мақта кептiруге арналған алаңдарда мақта жинайтын машиналардың тұруына жол берiлмейдi.
1157. Өңделмеген мақтаны ыдыссыз тасымалдау кезiнде брезентпен жабу қажет. Автомашина шанағының немесе тiркеменiң еденiнде саңылаулардың болуына жол берiлмейдi.
1158. Тракторлардың, автомобильдердiң, мақта жинайтын машиналардың тұрағы, оларды майлау және жанармаймен толтыру өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдардан кемiнде 50 метр қашықтықта жүргiзiледi.
1159. Өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдарды тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемiнде 150 метр, ал жоғары вольтты және төменгi вольтты электр беру желiлерiнен 1,5 тiрек биiктiгiнен кем болмауы керек.
1160. Өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдар сыртқы өрт сөндiру мақсаттары үшiн кемiнде 50 текше метр есептiк мөлшермен қамтамасыз етiлуi қажет.
1161. Өңделмеген мақтаны табиғи кептiруге арналған алаңдар асфальтталған немесе қалыңдығы кемiнде 5 сантиметр сазды топырақпен тегiстелген болуы керек. Мақтаны жолдың жүретiн бөлiгiнде кептiруге болмайды.
1162. Технологиялық жабдықтан тозаңның бөлiнуiне жол бермеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар (герметизациялау тораптары, жергiлiктi сорғыштар) жарамды күйде болуы керек.
1163. Жабдық пен құрылыс құрылымдарына қонған мақта тозаңын, сондай-ақ жиналған өңделмеген мақтаны қонған тозаңнан қажеттiлiгiнше, бiрақ ауысымына кемiнде бiр рет тазалап тұру керек.
1164. Тастарды, металды және басқа да бөгде заттарды ұстап қалуды қамтамасыз ететiн құрылғыларды жарамды күйде ұстау қажет.
1165. Агрегаттарды олар авариялық тоқтағаннан кейiн тек ақаулықтарды жойғанда ғана iске қосуға болады.
1166. Таспалы транспортерлердiң иiндi бiлiктерi мен сына белдiктi бергiштер айналатын бөлшектерге мақтаның түсуiн болдырмайтын жарамды қаптамалармен жабылуы тиiс.
1167. Мақта жинайтын машиналардың бiлiктерiнiң жылжымалы құрамдары мен мойындарын мақта тозаңы мен талшықтарынан тазарту қажет. Тазалау мерзiмдiлiгi ауыл шаруашылығы кәсiпорнының басшысы бекiткен нұсқаумен белгiленедi.
1168. Элеваторларда сатылары бар тұрақты алаңдар болуы керек. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 метр тұтас жапсырмалы биiктiгi кемiнде 0,9 метр болатын сүйенiшпен қоршалады.
1169. Элеватор жетегiнде таспа үзiлген жағдайда жарамды автоматты қорғағышының ақаулығының болуына, сондай-ақ жұмыс органдарының элеватор қорабының қабырғасына тиiп тұруына жол берiлмейдi.
1170. Элеватордың қаптамасын мықты тиектерi мен тұтас периметрi бойынша жабынның тығыздығын (герметикалығын) қамтамасыз ететiн жеңiл ашылатын люктермен жабдықталады.
1171. Транспортерлер төменгi таспадан өңделмеген мақтаны шығаруға арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықталуы керек.
1172. Таспалы транспортерлердi (ауыстырып тиегiштердi) ауыстыру электр қорегi ажыратылған кезде жүзеге асырылады.
1173. Пневмокөлiк жүйесiне кiретiн аппараттар мен машиналардың жерге қосқышы жарамды күйде ұсталады. Өңделмеген мақтаны желдеткiш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуге жол берiлмейдi.
1174. Топтағы бунттардың саны бiр бунтқа алаң мөлшерi 65х14 метр болғанда екеуден, алаң мөлшерi 25х14 метр болғанда төртеуден немесе бiр бунтқа алаң мөлшерi 25х11 метр болғанда алты бунттан артық болуына жол берiлмейдi. Бұл ретте бунттың биiктiгi 8 метрден аспауы қажет.
1175. Топтағы бунттар арасындағы өртке қарсы бөлiктер кемiнде 1,5 метр, бунттардың топтары арасында кемiнде 30 метр болуы керек.
1176. Бунттарды бөлшектеу кезiнде машиналарды, тетiктер мен автопоезд мақта тасығыштарды 30 метр аралықта орнатылады.
1177. Бунт бөлшектегiш қозғалған кезде ток өткiзу кабелiмен өтуге болмайды.
1178. Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды қалпына келтiрудi тек оларды өшiрiп, бунттан кемiнде 5 метр қашықтықта алыстатылған кезде ғана жүзеге асырылады.
1179. Кескiш құралдардың ұштары ұшқынға қауiпсiз етiп жасалады.
1180. Кескiш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигiзбес үшiн жебенiң төмен, жоғары түсiп тұруын шектейтiн қондырғылар орнатылады.
1181. Кептiру қондырғысын пайдалану кезiнде:
1) жылумен жабдықтау (жылу генераторлары) құралдарының жарамдылығы;
2) бақылау-өлшеу аспаптарының жылу өткiзу қондырғыларында қауiпсiздiк автоматикасының үздiксiз жұмыс iстеуi;
3) шнек тоқтаған кезде барабан жетегiн өшiрудi қамтамасыз ететiн барабан мен шнектiң электр қозғалтқышының жұмысының бұғаттау;
4) кептiру камерасы мен қоректендiргiш есiктерiнiң герметикалығы;
5) барабан мен шнек секциясын өңделмеген мақтадан жүйелi тазалау қамтамасыз етiледi.
1182. Өңделмеген мақтаны кептiру үшiн қолданылатын жылу өндiргiш қондырғылар жанбайтын құрылымдардан жасалған оқшау үй-жайларда орнатылады.
1183. Кептiретiн қондырғының жұмысы тұрақты бақыланады. Шығу жолындағы өңделмеген мақтаның температурасы 700С аспауы қажет. Кептiру барабанынан сарғайған өңделмеген мақта шыққанда, өңделмеген мақта мен жылу тасығышты дереу тоқтатып, тетiктердiң жұмысын тоқтату қажет, ал кептiру барабанынан келiп түсетiн мақта жанған жағдайда кептiргiштi дереу тоқтатып, бықсыған мақтаны сөндiрiп жою керек.
Кептiргiштiң жұмысын мұқият тексергеннен және мақтаның қызу немесе жану себебiн анықтағаннан кейiн ғана қайта келтiруге болады.
1184. Өңделмеген мақта тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшiн және перфорир тордың үстi қоқыс қоспалармен толып қалмас үшiн жел тартқыш тордың жағдайы қадағаланады.
Жел тартқышты тазалау мен талшық тазалағыштардың тiреуiш камерасындағы кенжарды қалпына келтiрудi тек ағаш заттармен (таяқшамен) ғана орындалады.
1185. Мақта талшығын тек бумамен ғана сақтауға рұқсат етiледi. Барлық сынған бумаларды әр ауысым соңында (бумалап) қайта өңделедi.
1186. Мақта талшығы бумасын ашық алаңдарда қатарлап сақтау кезiнде мақтаның стандартты қатарының өлшемi: ұзындығы - 22 метрден, енi - 11 метрден, биiктiгi - 8 метрден аспайтын болуы тиiс.
Қатарлардың мөлшерi қысқарғанда көршiлес қатарлар арасындағы бөлiктер қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болуына жол берiлмейдi, бiрақ ең жоғарғы қатардың екi есе биiктiгiнен кем болмауы тиiс.
1187. Ашық алаңдарда жиналған барлық мақта талшығының қатары брезентпен жабылады.
1188. Бума шатырының астында талшықты мақталар көлденеңiнен енi кемiнде 2 м қалдырылып бiрдей қашықтық арқылы, бiр өткелдiң алаңы еденнен - 300-ден - 600 м 2 ; екi өткел - еденнен 1200 м 2 ; төрт өткел - 1800 м 2 көлемiнде жиналуы тиiс. Мақта талшығының биiктiгi мен шатырдың арасы 1 метрден кем болмауы тиiс.
1189. Жабық қоймаларда мақта талшығының бумасы енi кемiнде 2 метр бiр бойлық өту жолын және енi дәл сондай көлденең өту жолдарын әрбiр есiкке қарама-қарсы қалдыра отырып, тауар орындарында орналастырылады. Периметрi бойынша қабырға бойымен енi кемiнде 1 метр өту жолын қалдыру қажет.
Қойма үй-жайларының iшiнде қандай да бiр қалқалар мен шағын кеңселердi орналастыруға болмайды.
1190. Жабық қоймалардағы және бастырмалардың астындағы едендер, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негiзi жанбайтын материалдардан жасалады.
1191. Автомашиналар мен тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаларға және мақта талшығы қатарларына пайдаланылған газды шығару құбырлары мiндеттi түрде ұшқын өшiргiшпен жабдықталған жағдайда бәсеңдеткiштiң пайдаланылған газды шығару құбырына қарама-қарсы жағымен келуi тиiс.
Барлық жағдайда автомашиналардың, мотовоздардың, автодрезиндердiң, автокрандар мен мотоциклдердiң бастырмалар мен мақта талшығы қатарларына 3 метр жақын өтуiне рұқсат етiлмейдi.
1192. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннадан артық өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде жоғары қысымды өртке қарсы су құбыры қарастырылады.
1193. Мақта зауыттары мен мақта бекеттерiнде 2400 тоннаға дейiн өңделмеген мақтаны сақтау кезiнде өрт сөндiрудi жұмыстары су айдындарынан жүзеге асыруға болады.
1194. Мақта тазалайтын зауыттарда, мақта дайындаушы бекеттерде өрт сөндiру бөлiмшелерi күзететiн жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |