4. Мұнай өнiмдерiн қамтамасыз ету
кәсiпорындарын ұстау тәртiбi
Жалпы ережелер
-
Мұнай базаларының, құю және айдау станцияларының аумақтары биiктiгi кемiнде 2,0 метр жанбайтын қоршаулармен қоршалады.
-
Кәсiпорынның бос алаңшаларына ағаштар мен жапырақты бұталарды отырғызуға, сондай-ақ гүлзар орналастыруға жол берiледi. Резервуарлардың топырақ үйілген жерлерiне ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берiлмейдi.
-
Объектінiң аумағында от жағуға, қоқыс, қалдықтарды өртеуге, факел, керосин фонарьларын және басқа да ашық от көздерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
-
Объектінiң аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруi бекiтiлген қозғалыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
-
Темекi шегуге арналған орындарда «Темекi шегуге арналған орын» деген жазу iлiнедi, суы бар сыйымдылықпен немесе құмы бар жәшiкпен, сондай-ақ 5 литрлiк өрт сөндiргiшпен жабдықталады.
-
Мұнай базалары мен мұнай, мұнай өнiмдерiн айдау станцияларында осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетiлген мөлшерде (өрт сөндiру автомобильдерiнде қолда бар жабдықтан басқа) өрт сөндiру жабдықтарының қоры жасалады. Өрт сөндiру құралдарының техникалық жай-күйі үнемi бақыланады. Өрт сөндiру жабдығы мен құралдарын мақсатынан тыс қолдануға жол берiлмейдi.
-
Құбыр жолдарында қатып қалған мұнай өнiмiн, мұзды, кристалл гидратты және басқа да тығындарды жылыту ыстық сумен, бумен және басқа да қауiпсiз әдiстермен жүргiзiледi.
-
Жарылыс-өрт қауiптi аймақтарда жұмыстар ұшқын шығармайтын құрал-сайманмен орындалады. Жездi кiлттер мен құрал-саймандарды қолданған кезде жезбен қапталған бетiнiң тұтастығына және оның уақтылы қалпына келтiрiлуіне бақылау жүргізіледі.
-
Статикалық электр зарядтарының пайда болуын болдырмау үшiн соққан кезде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған және жерге тұйықтау өткiзгiшiмен жабдықталған үлгi iрiктегiштер қолданылады. Жерге тұйықтау өткiзгiштерi резервуардың төбесiндегi жерге тұйықтау қысқыштарына жалғанады.
-
Резервуарлардың понтондарын пайдаланған кезде понтонды статикалық электрден қорғауға арналған иiлмелi шағын бөгеттердiң (ток қайтарғыштардың) дұрыс жағдайда болуы қамтамасыз етiледi.
Резервуарларды өздігінен тұтанатын пирофорлы шөгiндiлерден тазарту тәртiбi
-
Резервуарлардың iшкi қабаттарын пирофорлы шөгiндiлер мен коррозия өнiмдерiнен тазарту объектiнiң басшысы бекiткен кестеге сәйкес жүргiзiледi.
-
Резервуарды пирофорлы шөгiндiлерден тазарту (мұнай өнiмдерiнен босатқаннан кейiн) және жөндеу алдында ауа кеңiстiгi су буымен толтырылуы тиiс. Бумен үрлеудi төменгi люк жабық және жарық, өлшегiш люктерi ашық болғанда жүргiзу керек. Резервуарды булау процесінде мөлшерлеу құрылғысы болғанда пирофорлы шөгiндiлер ақырын қышқылдану үшiн iшiне кiшкене ауа жiберген жөн (булы ауалы қоспасында оттегiнiң
6 % дейiнгi есебiнен). Мөлшерлегiш құрылғысы болған жағдайда, булауды аяқтағанда резервуарды жоғарғы деңгейiне дейiн сумен толтыру керек,
содан кейiн пирофорлы шөгiндiлердің баяу қышқылдануы үшiн су
деңгейi сағатына 0,5-1 метрден аспайтын жылдамдықпен
төмендетіледі.
-
Резервуарды тазартқанда iшiнен шыққан лас заттар және шөгiндiлер мұнай өнiмдерiн сақтау аймағынан шығарылғанша дымқыл күйiнде ұсталады.
-
Резервуарлардағы пирофорлы шөгiндiлердiң сынамаларын тек объект басшысының рұқсаты бойынша арнайы дайындалған тұлғалардың ғана алуына жол берiледi.
Электр техникалық құрылғыларды, автоматтандыру және байланыс құралдарын ұстау тәртiбi
-
Кәсiпорындардың аумағы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз етiледi, оны қосу қызмет көрсету персоналы үнемi болатын жерлерде көзделеді.
-
Мыналарға:
1) дайындаушы зауыт қоятын жарылыстан қорғау белгiсi жоқ электр жабдығын жарылыс қауiптi аймақтарда пайдалануға;
2) қорғау жүйесi бұзылған жарылыстан қорғалған электр жабдығын пайдалануға;
3) жарылыстан қорғалған электр жабдығы құрылымын өзгертуге;
4) жарылыс өрт қауiптi аймақтардың аумағының үстінен және осы аймақтардан электр беру желiлерi тiреуiштерінiң биiктiгi 1,5 кем қашықтықта электр беру желiлерiн төсеуге;
5) сырты бұзылған (тесiктер, жiктерi кесiлген) шланг кәбілдерін қолдануға;
6) жанғыш газдары, сұйықтықтары бар технологиялық құбыржолдарын, сондай-ақ коррозиядан қорғау үшiн оқшауланған құбыржолдарын жерге тұйықтағыштар және жерге тұйықтағыштың өткiзгiшi ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
-
Электр жабдығын, жерге тұйықтау, найзағайдан қорғау, статикалық электрден қорғау үшiн жерге тұйықтаудың жалпы нұсқасы көзделеді.
-
Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру найзағай маусымы басталмас бұрын жылына кемінде бір рет жүргізілуі тиіс. Бұл ретте жерге тұйықталатын құрылғылардың қарысуы өлшенеді, ал тексерулер мен өлшеулердің нәтижелері найзағайдан қорғау құрылғыларын пайдалану журналына жазылады.
-
Найзағайдан қорғау құрылғыларына тексеріс жүргізетін адамдар тексеру және сынақ нәтижелері бойынша акт, ал ақаулар анықталған жағдайда хаттама дайындап, құжаттардың бір данасын кәсіпорын басшысына береді.
-
Электр энергиясын беруде үзiлiс болған жағдайда, кәсiпорын сыртқы электр желiлерiнен ажыратылады. Қайтадан қосу жарылыстан қорғалмаған электр жабдығы орнатылған үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларда газ талдағыш арқылы бу мен газдардың қауiптi концентрациясы жоқ (жарылыс қауiптi бу мен газдың төменгi концентрациялық шегiнің 20 %-ын қамтитын орта қауiптi деп есептеледi) екенi анықталғаннан кейiн ғана жүргiзiледi.
-
Жарылыс және өрт қауiптi цехтарда дәнекерлеудi және от немесе жоғары температураны қолданумен байланысты басқа жұмыстарды қолданбай құралдарды тек суық әдiспен жөндеуге рұқсат етiледi. Жұмыс iстеп тұрған технологиялық аппараттармен және құбыржолдармен байланысты, автоматты бақылау және реттеу құралдарын шағын, ағымдағы жөндеуді тек құралдарды технологиялық қондырғылардан ажыратқанда және қысымды түсiргенде ғана рұқсат етiледi. Бұл ретте, сондай-ақ ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.
-
Жөндеуден өткен әр аппарат дайындаушы зауыттың техникалық жағдайларға қойылатын талаптарына сәйкес жөнделiп, бақылау сынақтары көлемiнде сынақтан өткiзiлдi.
-
Жарылыс қауiптi үй-жайларда орнатылған автоматика құралдарын жөндегенде, сынақтан өткiзгенде және тексергенде қалыпты (жарылыстан қорғалмай) орындалған жабдықты қысқа мерзiмде қолдануға тек от жұмыстарын жүргiзуге қойылатын барлық талаптар орындалған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
-
Бақылау-өлшеу құралдарының үй-жайына бақылау-өлшеу құралдарының үй-жайларына орнатылатын құралдар мен аппаратурасы
бар, артық қысымдағы технологиялық аппараттар мен
құбыржолдарын байланыстыратын және жанғыш буларды, газдар
мен сұйықтықтардың жағдайын ауыстыратын импульстi желiлер
енгiзуге рұқсат етiлмейдi. Жеке жағдайларда (қажет болғанда) –
бақылау-өлшеу құралдары үй-жайларынан тыс, сондай-ақ импульстi құбырлар жарылған жағдайда, бақылау-өлшеу құралдары
үй-жайларының iшiне жанғыш газдар мен булардың кiруiн болдырмайтын кесу құрылғыларын орнатқан жағдайда импульстi құбырларды енгiзуге рұқсат берiледi.
-
Импульстi желiлердi бөлу ыдыстарынан құралдар
мен аппараттарға дейiн тек бақылаудағы өнiммен араласпайтын және оның iшiнде ерiмейтiн, инерттi қатып қалмайтын сұйықтық толтыруға рұқсат берiледi.
Магистральды мұнай өнiмдерi құбырларының желiлік бөлiмiн ұстау тәртiбi
-
Мұнай өнiмдерi құбырлары трассасының кез келген нүктесіне көлiктiң, жөндеу және авариялық бригадалардың еркiн өтуi қамтамасыз етiледi.
-
Магистральды құбыржол трассасында мұнай өнiмiнiң жер бетiне шығуы анықталғанда желiдегi тексерушiлер ол туралы айдау станцияларындағы диспетчерлерге дереу хабарлап және олардың нұсқаулары бойынша әрекет етеді. Сұйықтық шыққан жер 20 метр радиуста қоршап қойылады және оның жанына белгiленген үлгiдегi сақтандыратын қауiпсiздiк белгiлерi қойылады. Түнгi уақытта авария орны қызыл жарық сигналдармен (жарылыстан қорғалып орындалған шамдармен) жарықтандырылады.
-
Елдi мекендерге, темiр жолға, тас төселген жолға және басқа құрылыстарға жақын жерлерде жер бетiне сұйықтықтың шығуы байқалғанда желідегі тексерушiлер жөндеу-қалпына келтiру бригадасы келгенше сұйықтықтың таралуын айналып өтуді ұйымдастырып, жергiлiктi әкiмшiлiкке, өрт сөндiру күзетi органдарына, полицияға хабарлауы тиiс және олардың көмегiмен халыққа ашық отты пайдалануға тыйым салынғаны туралы хабарлап, сондай-ақ мұнай өнiмi төгiлiп қалған жерге бөгде адамдарды жiбермейдi.
-
Авария орнын өрт сөндiру құралдарымен қамтамасыз етедi, қажет болған жағдайда өрт сөндiру машиналарының кезекшiлiгiн ұйымдастырады және мұнай өнiмдерiнiң басқа коммуникациялар мен желiлерге өтуiне жол бермейтiн шаралар қабылдайды.
-
Аварияны жою орны 5 метр радиуста шөптен тазартылып, ал топыраққа мұнай өнiмдерi сiңiп кеткен жерлер тазартылады және топырақ себіледі.
-
Тракторлардың, автомобильдер мен басқа да iштен жану қозғалтқышы бар агрегаттардың тұрақтарына мұнай өнiмдерi төгiлген жерден кемiнде 30 метр қашықтықта ғана рұқсат етіледі.
-
Құбыржолдың төбесiнен 0,3 және одан да кем тереңдiкте, сондай-ақ газдалған траншеяларда немесе құдықтарда оларды ашу жөнiндегi жұмыстар соққанда ұшқын шығуды болдырмайтын құралдармен ғана атқарылады.
-
Елдi мекендегi мұнай өнiмдері құбырының трассасы «Мұнай өнiмі құбыры» деген жазуы бар белгiлермен белгiленiп, мұнай өнiмi сыртқа шыққан жағдайда хабарланатын телефон нөмiрi көрсетiледi.
-
Мұнай өнiмі құбырының жағдайына үнемi көзбен көрiп, сондай-ақ құбыржолдарды пайдалану процесінде пайда болған құбыржолдардың ақауларын анықтауға мүмкiндiк беретiн арнайы құралдармен және құрылғылармен бақылау жүзеге асырылады.
Мұнай өнiмдерiн айдауға арналған сорғы станцияларды
ұстау тәртiбi
-
Сорғы станциялары үй-жайларында сорғылар мен құбыржолдардың герметикалығы үнемi бақыланады. Сорғылардың тығыздамаларындағы және құбыржолдардың қосылыстарындағы мұнай өнiмдерiнiң тамшылап шығуы дереу жойылады.
-
Iштен жану қозғалтқыштарын орналастыруға арналған үй-жайлар сорғыларға арналған үй-жайлардан өртенбейтiн қабырғалармен бөлінеді. Тез тұтанатын сұйықтықтарға арналған сорғылар орнатылған үй-жайларда тегiс қайыс белдiк берiлiстерiн қолдануға жол берiлмейдi.
-
Сорғы үй-жайларының едендерi мен науалары жүйелі түрде сумен жуылып тұрады. Мұнай өнімдерінің жиналуына жол берілмейді. Төгiлiп қалған мұнай өнiмдерiн жою үшiн сорғы үй-жайлары резеңке шлангiлерi бар су бағандарымен жабдықталады. Сорғы үй-жайларының сарқынды су каналдарының кәрізге қосылатын жерлеріндегі гидравликалық бекiтпелер жүйелі түрде тексеріледі.
-
Қажалатын бөлшектердiң майлануына, мойынтiректерi мен тығыздамаларының температурасына және сорғыларға байқау орнатылады. Сорғылардың әдеттегi жұмыс тәртiбiн бұзатын қандай да бiр ақаулықтар анықталғанда, соңғысы тоқтатылып, ал ақауы жойылады.
-
Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн айдау жөнiндегi сорғы үй-жайларындағы тұрақты автоматты газ талдағыштар авариялық желдеткiшпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай өнiмдерiнiң қауiптi бу концентрациясының бар болуы туралы дыбыспен және жарықпен сигнал беретін қондырғылармен бұғатталады.
-
Тұрақты газ талдағыштар болмаған жағдайда, мұнай өнімдері буларының қауіпті концентрациясының бар-жоғын анықтау үшін тиiстi кестелер бойынша кезең сайын жылжымалы газ талдағыштармен ауа ортасына талдау жүргiзiледi.
-
Мұнай өнiмдерiн уақытша жылжымалы айдау станцияларымен айдаған кезде мынадай шаралар сақталады:
1) станция магистральды құбыржол трассасынан кемінде 25 метр алшақ орналастырылуы және ашық, тегiстелген алаңда орнатылуы тиiс, ал айдау агрегаттары дiрiлдеуді және жұмыс барысында олардың қозғалуын болдырмайтын металл рамаларға бекiтiледі;
2) мұнай өнiмдерiнiң iштен жану қозғалтқыштарына түсуiн болдырмау үшiн сорғыларда тамшылап шығуы байқалғанда қозғалтқыштар сорғылардан металл қаптамалармен бөлiнуi тиiс;
3) қозғалтқыштардың газ шығаратын құбырларын өртенбейтiн, жылу өткiзбейтiн материалмен жауып, ал олардың шеттерiн жерге көмiлген бункерлерге түсiру қажет;
4) мұнай өнiмдерiнiң тамшылап шығуы ықтимал жерлерін (құбыржолдардың қосылған тұстары және сорғылардың тығыздама қосылыстары) төгiлiп қалған мұнай өнiмiн қауiпсiз жерге шығаруға арналған дренаж құрылғысымен жабдықтау қажет;
5) станция орманды жерде орналасқанда айдау агрегаттарының айналасындағы аумақ 20 метр радиуста жапырақты ағаштардан, ал қылқан жапырақтылардан – 50 метр радиуста тазартылады және енi кемiнде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады, оның аумағы ағаштардан, ағаш кесу түбірлерінен, шыбық отынынан, кеуiп қалған шөптен тазартылады;
6) резервтi жанар-жағармайды сақтау орны айдау станциясынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналастырылады, өсiмдiктерден тазартылады және енi кемiнде 4 метр минералдандырылған жолақпен қоршалады.
-
Уақытша айдау станциясын пайдалану кезінде мынадай шаралар сақталады:
1) мұнай өнiмдерiнiң кемуiн болдырмау үшiн құбыржолдар үнемi тексерiліп, алдын ала жөндеу жүргiзіледі;
2) құбыржолдар мен сорғы айдау станцияларында мұнай өнiмдерiнiң кемуi дереу жойылады;
3) кемуді жою мүмкін болмаған кезде айдау жұмыстары тоқтатылады.
-
Уақытша айдау станциясы жұмыс iстеп тұрған кезде:
1) сөндiргiштерi ақаулы қозғалтқыштарды пайдалануға;
2) жарық беру үшiн ашық түрдегi шамдарды қолдануға (бұл мақсатқа жарылысқа қауiпсiз күйде орындалған электр аккумуляторлы шамдарды қолданған жөн);
3) ашық отты қолдануға, темекi шегуге, дәнекерлеуге және басқа да өрт қауiптi жұмыстар жүргiзуге;
4) соғылған кезде пайда болған көбiктi шығаратын құралды пайдалануға жол берiлмейдi.
-
Магистральды құбыржолдардың трассаларындағы әрбiр уақытша айдау станциясында өрт сөндiру жағдайына су қоры мен өрт сөндiру мотопомпасы көзделеді.
Темiржол төгу-құю эстакадаларын ұстау тәртiбi
-
Мұнай базалары мен құю пункттерінің магистральды өнiм жолдарының (станцияларының) төгу-құю құрылыстары орналастырылған алаңқайларында авария жағдайында жинағышы немесе өндiрiстiк кәрізі бар гидравликалық бекiтпелерi арқылы қосылған шығару науалары мен орларға сұйықтықтың кедергiсiз құйылуы көзделеді.
-
Төгу-құю құрылғыларының немесе темiржолдарда жеке тұрған тiреуiштердiң екi жағынан (екi осьтi екi немесе төрт осьтi бiр вагондар қашықтығында) сигналды белгi – бақылау бағаналары орнатылуы қажет, тепловоздардың олардың артына кіруіне жол берiлмейдi.
-
Бос темiржол эстакадаларына төгуге (құюға) маршруттарды жiберудi мұнай базасының (құю бекетiнiң, станциясының) персоналы бақылайды. Тежеуiш табандықтарын темiржол көлiгiнiң жұмыскерлерi орнатады. Төгу-құю құрылғылары орналасқан темiржолдар бойынша тепловоздардың қозғалуына жол берiлмейдi.
-
Төгу-құю құрылғылары, құбыржолдар және құбыржол арматурасы үнемi тексерiледі және жоспарлы алдын ала жөндеуге тартылады. Анықталған ақаулықтар мен тамшылап ағып тұрған жерлер дереу жойылады. Төгу құрылғысының (немесе құбыржол учаскесiнiң) бұзылған бөлiгi ажыратылады.
-
Темiржол цистерналарын iрiктеудi және тiркеуден ағытуды төгу-құю эстакадасы шегiнен тыс жүзеге асыру керек. Бу қысу температурасы 610C кем мұнай өнiмдерiн төгу-құю операциялары кезiнде эстакадада маневрлiк жұмыстарды жүргiзуге және бос жолға келесi маршрутты жiберуге жол берiлмейдi. Герметикаланған құю құрылғысы арқылы жүргiзiлетiн құю операциялары кезiнде мұнай өнiмдерi бар темiржол цистерналарын бос эстакадаларға жiберуге жол берiледi.
-
Төгуге және құюға темiржол цистерналары баяу, соқпай, жұлқымай жiберiледi және шығарылады. Төгу-құю құрылғыларының аумағында темiржол цистерналарын металл табандықтарымен тоқтатуға және бекiтуге рұқсат берiлмейдi. Бұл мақсаттарға ұшқын шығаруды болдырмайтын ағаш төсемдер мен металлдан жасалған табандықтар қолданылады.
-
Тез тұтанатын сұйықтықтарды төккенде немесе құйғанда, цистерналар люктерiнiң қақпақтарын жапқанда, темiржол цистерналарына шлангілерді және басқа да құралдарды қосқанда соққылауға жол берiлмейдi. Төгу және құю операциялары кезеңiнде қолданылатын құрал соққанда ұшқын шығармайтын материалдан жасалады. Құйғанда шлангiнiң бастиегi цистернаның түбiне түсiрiледi; шашырауды болдырмау үшiн құю сұйықтық деңгейiмен жүзеге асырылады. Цистерналар люктерiнің қақпалары резеңкеден жасалған төсемдермен жабдықталады.
-
Атмосфералық электр разрядтарында мұнай өнiмдерiн төгуге және құюға жол берiлмейдi; темiр жол цистерналарының люктерi жабылады.
-
Төгу, құю операциялары кезеңiнде жергiлiктi жарық беру үшiн жарылыс қаупi жоқ аккумуляторлы шамдар қолданылады.
-
Темiржол төгу-құю эстакадасында тез тұтанатын мұнай өнiмдерi үшiн өткел көпірлер жасырын бұрандамасы бар ағаш тіректермен жабдықталады.
-
Орнынан қозғалту және темiржол цистерналарын төгу-құю орындарына жылжыту үшiн иiнтiректер ретiнде құрыштан жасалған сүймендердi немесе басқа да құрыштан жасалған заттарды қолдануға жол берiлмейдi. Темiржол цистерналарын тек жүкшығырлар арқылы ғана жылжытуға болады.
-
Техникалық тексерiп-қарау белгiсi жоқ, сондай-ақ тамшылап ағып кету белгiсi анық немесе мұнай өнiмдерiн құюға кедергi жасайтын басқа да ақаулықтары бар темiржол цистерналарын құюға, қабылдауға жол берiлмейдi.
-
Мұнай өнiмдерiн төгу немесе құю алдында барлық айырып-қосқыш вентильдер, ысырмалардың дұрыс ашылған, төгу-құю құрылғыларының дұрыстығы, шлангілері мен телескоп құбырларының қосылу тығыздығы тексерiледi.
-
Темiржол цистернасының люгiн ашқанда және шлангілерді толтырғанда осы операцияларды орындайтын тұлғалар люктiң жел жағына орналастырылады.
-
Құю процесінде темiржол цистернасында тамшылап ағып кету байқалғанда, ол цистернаға құю ақау жойылғанша дереу тоқтатылады. Егер ақауды жою мүмкiндiгi болмаса, цистернаны iшiне құйылған мұнай өнiмiнен босатып, жөнелткен станциясына қайтару керек.
-
Темiржол цистерналарының төменгi жақтағы ақаулы төгу құралдарын олардың конструкциясында қарастырылмаған, ұшқын шығаруы мүмкiн құралдардың көмегімен ашуға жол берiлмейдi. Цистернаның төменгi төгу құралын төгу-құю коллекторына тек цистернаның доңғалақтарының астына табандықтарды (тiреуiштердi) орнатқаннан кейiн және осы жолдан локомотивтi шығарғаннан кейiн ғана қосуға болады.
-
Темiржол цистерналарына мұнай өнiмдерiн құюды аяқтағаннан кейiн құю эстакадаларының жоғарғы жағында орналасқан шлангілер, тiреуiштер және коллекторлар мұнай өнiмдерiнен босатылуы, ал темiржол цистерналарының люктерiнiң қақпақтары герметикалық түрде жабылуы тиіс.
-
Темiржол цистерналарының төгу-құю құрылғыларында қатып қалған мұнай өнiмдерiн тек бумен, сондай-ақ осы мақсаттарда пайдалануға жол берiлген арнайы жылытқыштармен ғана жылытуға рұқсат берiледi. Ашық отты қолдануға жол берiлмейдi.
-
Темiржол цистерналарында жабысқақ мұнай өнiмдерiн булы шиыршық түтiктерi арқылы жылытқанда соңғыларды мұнай өнiмдерiне кемінде 0,5 метр тереңдiкке толық батырғаннан кейiн ғана iске қосуға болады. Жылыту кезiнде оның температурасы көтерiлiп, мұнай өнiмi көтерілгенде цистернадан атып шығып кетпеуі қадағаланады. Цистерналардағы сұйықтықты жылыту температурасы осы сұйықтық буының шығу температурасынан 150C төмен болмауы тиiс.
Электр жылытқыштармен жылыту кезiнде вагон-цистерналардан мұнай өнiмдерiн ағызуға рұқсат етiлмейдi.
-
Тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн герметикаланған ағызу құралдары арқылы ғана төменгi жағынан ағызуға жол берiледi.
-
Электрлендірілген темiржолдарда орналасқан төгу-құю эстакадаларының темiржолдарында екi оқшаулау жiгiн орнату қажет: бiрiншiсi – ағызу фронтының шегiнен тыс, екiншiсi – тұйық көрсеткiшiнiң жанында.
-
Температуралары төмен жағдайларда жүзеге асырылатын темiржол жүйелерiне құю осы цистерналарды ауа температурасы аса жоғары аудандарға тасымалдағанда мұнай өнiмi көлемiнiң көтерілуі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
-
Темiржолдар, эстакадалар, құбыржолдар, телескоптық құбырлар және шлангілердің ұштықтары жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау құрылғыларының қарсылығы кәсiпорынның бас инженерi бекiткен кесте бойынша жылына кемінде бiр рет тексерiледi.
-
Темiржол эстакадаларындағы жұмыс және эвакуациялау сатылары жарамды жағдайда ұсталады.
-
Эстакадалардың темiржол тұйықтарының соңында орнатылған жүкшығырлары жарамды жағдайда ұсталады. Мұнай өнiмдерiн төгу-құю операцияларын жүргiзгенде шығырдың арқаны тарқатылып тұрады.
Төгу-құю айлақтары мен жағалаудағы құрылыстарды ұстау тәртiбi
-
Төгу-құю айлақтары мен пирстер жанбайтын материалдардан жасалады. Өрт сөндiру автомобильдерiне арналған өту жолдары мен өткел көпiрлер жарамды күйде және әртүрлi заттар үймеленбей ұсталады.
-
Мұнай өнiмдерiн төгуге-құюға арналған жағалаудағы құбыржолдар айлақтан 30 метр қашықтықта орнатылатын авариялық тиектермен жабдықталады. Құбыржолдар арқылы өту орындарында жанбайтын материалдардан жасалған шағын көпiрлер көзделеді.
-
Жылжымалы төгу-құю құбыржолдардың фланецтерi мен жылжымалы түтіктердiң жалғау муфталары палубаға соғылғанда ұшқынның пайда болуына жол бермейтін металлдан жасалады.
-
Тез тұтанатын мұнай өнiмдерi бар кемелердi шынжырлап байлап қою және оларды айлаққа бекiтiп қою металл емес арқандармен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда металл арқанды пайдалануға болады, мұндай жағдайда палубаның жұмыс орындары мен арқандап байлап бекiту кнехтерiнiң битенгтерi ұшқынның пайда болуына жол бермейтін төсенiшпен немесе оқшаулау материалдарымен жабылады.
-
Мұнай құю кемелерi құбыржолдардың мұнай өнiмдерiн айдап қотаруға арналған түтіктерi жалғанған орынға дейiн жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау қондырғылары тек төгу-құю операциялары аяқталғаннан кейiн және құбыржолдардың кеме жанындағы айлақтың түтіктерiнен ажыратылғаннан кейiн ғана алынады.
-
Кеме құбыржолдарын жағалаудағы төгу-құю қондырғыларына жалғайтын түтіктерi кеме айлақта еркiн қозғала алатындай ұзындыққа сәйкес болуға тиіс. Түтіктер жұмсақ арқандар немесе ағаш тiреулер арқылы ұсталады. Кеме түтіктерiнiң асқышы мен бекiтпесi олардың құлауына, үзiлуiне және қажалуына жол бермейтiндей бекiтiледi.
-
Мұнай базасының айлақтарында орнатылған жүк көтергiш құралдарын пайдалану кезінде жүк көтергiштер жүйелi түрде майланып тұруады, ал шынжыр мен палубаның түйiсетін тұстары матпен немесе ағаш қалқандарымен жабылады.
-
Кеменi жағалаудағы құрылғылармен жалғайтын қосқыш құбыржолдар мен түтіктердi құрастырғанда және бұзғанда соғылудан ұшқынның пайда болуына жол бермейтiн құрал пайдаланылады.
-
Төгу-құю жұмыстары кемiнде екi адамның қатысуымен жүргiзіледі.
-
Айлақ пен кемедегi қызмет көрсетуші персонал төгу-құю жұмыстарын және жабдықтардың жағдайын үнемі қадағалауды жүргiзуге мiндеттi. Мұнай өнiмдерiнiң тамшылап ағуы дереу жойылады; ал ол мүмкiн болмаған жағдайда, мұнай өнiмдерiн төгу-құю жөнiндегi операциялар жабдық толық жөнделгенше тоқтатылады.
-
Найзағай жарқылдағанда мұнай өнiмдерiн төгуге және құюға жол берiлмейдi.
-
Төгу-құю операцияларын жүргiзген кезде су айлақтарында, кемелерде, айдап қотару станцияларында және оларға 20 метрден жақын жерлерде:
1) отпен жүргізілетін жұмыстарды орындауға, темекi шегуге және ашық отты пайдалануға;
2) бұзылған электр жарық беру құралдарын пайдалануға;
3) жарық беру үшiн жылжымалы және басқа (жарылу қаупi жоқ аккумуляторлы шамдардан басқа) шамдарды қолдануға;
4) мұнай өнiмдерiн төгу-құю жөнiндегi операцияларға қатысы жоқ адамдардың болуына;
5) + 450C жоғары температураға дейін қыздырылған мұнай өнiмдерiн кемеге қабылдауға және құюға жол берiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |